ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда „мультимедиа” сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде „мультимедиалық” сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек  „мультимедиа” деп атауға болады.

2 сұрақ.

Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ. Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған.

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева (1945 жылы 1 мамырда ШҚО, Тарбағатай ауданы Жетіарал - 2014 жылы) — даңқты мұғалім. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1990). Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері.

Қанипа Омарғалиқызы 1945 жылы 1 мамырда ШҚО, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген.1968 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.1968 жылдан - 1980 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Жетіарал мектебінде мұғалім, оку ісінің менгерушісі болып жұмыс істеген.1980 жылдан - 1991 жылға дейін Өскемен қаласындағы Жамбыл гимназия-интернатында мұғалім.1991 жылдан Өскемен қаласында Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді.Жоғары оку орындарының студенттеріне арналған "Әдебиет оқыту әдістемесі" кітабы жары көрген.Іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген.


Ғылыми атақтары

Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрметті профессоры;

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры;

Қазақстан - Америка еркін университетінің құрметті профессоры;

Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті акдемигі;

ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру республикалық иниститутының профессоры;

Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері (құрметті атағы);

Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі

Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті төсбелгісінің иегері.

21 билет.

2 сұрақ

Қ.Н.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі

Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев (1925 - 1988)

Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу.

Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.

Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.

3 сұрақ.

Қазіргі қоғам бірте-бірте дамудың жаңа кезеңіне – ақпараттық кезеңге өтуде. Ғылым мен өндірістің барлық салаларында ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологияларды қолдануды көздейтін қоғамды ақпараттандыру процесі оның барлық деңгейінде білім беруге де әсер етеді. Білім беруді ақпараттандыру – білім беру саласын білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған заманауи АКТ құралдарын әзірлеу және оңтайлы пайдалану үшін әдістеме және тәжірибемен қамтамасыз ету процесі. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушының интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту, білімді өз бетінше меңгеру, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, беру және шығару бойынша әр түрлі өзіндік іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру ерекше өзектілікке ие. Мұндай білім, білік, дағдыларды дамытуда информатика маңызды рөл атқарады.


22. Билет

1сұрақ

Ақпараттық технологияның даму кезінде бір-бірін күшейтетін және бір-бірімен байланысқан бес ақпараттық тенденция пайда болады:

• Ақпараттық өнімдердің күрделенуі

• Сәйкестікті қамтамасыз ету

• Аралық есеп звеноларын жою

• Ауқымдылық

• Конвергенция

Ақпараттық өнімдердің күрделенуі

Ақпараттық технологияда екі бөлімді ерекше атап өтуге болады:

• ақпараттық өнімді сұраныс бойынша сұрыптау мүмкіндігі;

• осы ақпараттық өнімді қолайлы уақытта және пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізу әдістері.

Ақпараттық өнімнің өзі кейбір ақпараттық мазмұнды пайдаланушы қолдануына әкелетін спецификалық қызмет түрінде болады. Ақпараттық өнім – бұл жалпы түрде «жіберу» және ақпаратты жеткізу (компьютер экраны, қағаз, магнитті лента, магнитті диск, оптикалық диск және т.б.).

Хабарлаудың құндылығы – ақпарат және білім – олардың көмегімен табиғатта және қоғамда ағымды процестерде көрінетін шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қоғамның жинақталған ақпараттық ресурсы – оның тиімді экономикалық активтілігінің кілті.

Біріктіруді қамтамасыз ету

Ақпаратты ұсынушылар және пайдаланушылар үшін ең басты технологиялық мәселе біріктіруді қамтамасыз ету — әр түрлі ақпараттарды еркін алмастыру мүмкіндігі болып табылады Программалық, аппараттық және ақпараттық компоненттердің стандарттауына күш салу сыртқы формаларды бірыңғайлауды қамтамасыз етеді, бірақ олардың мазмұнын емес. Соның көмегімен программалық-техникалық әдістердің конфигурациясын өзгертуге және әр түрлі ақпараттарды жіберу мен сақтауды қамтамасыз етуге болады.

Бұл мәселенің шешімі толық сәйкестікті және телефония компонеттерінің екі жақты тартысын, мәліметтердің өңделуін, ақпараттардың енгізу-шығару әдістерін, мәліметтерді жіберу, сақтау және қайта құруды, аудио- және видео ақпараттарды талап етеді. Бірігу және әрекеттестік ақпараттың адамзаттық түрлерінен – сөз, мәліметтер, статикадағы және динамикадағы бейнелеу, қара-ақ және түрлі түстер – сонымен қатар адамның сезімдерді қабылдауының үш түрі – есту, ұстау және көруден басталады және аяқталады. Осыдан ақпараттық жүйелер жағынан әрекет ететін компонеттер күшейе түседі, олар механикалық діріл, тактильді әсерлер, ауа ағысы, иіс және т.б. Осы әсерлердің әдістері арқылы адам компьютер экранында (телевизордың) қандай да бір шындықты (виртуальды шындық) көріп қана қоймай, сонымен қатар осы «шындықты» шлем, перчатка, кресло костюмы арқылы дене ағзаларына әсерін сезеді. Осыдан адам үшін виртуальды шындықта болатын іс-әрекетке қарсыласу немесе алдану мүмкіндігі ашылады. Бірақ мұндай кері байланыс – кибернетикалық мүмкіндіктердің белгісі болып табылады.


Аралық есеп звеноларын жою

Тұтынушының тез пайдалануына арналған ыңғайлы және қолайлы формада қайта құруды қамтамасыз ететін жаңа әдістердің құрылуы аралық есеп звеноларын жою тенденциясын қарастырады. Мысалы, бұрын телефон жүйелерінен телефонистер («байланыстырушылар») шығарылды, содан кейін кредитті телефондық карталарды тұтынушы есебінен болды. Банктік қызметте ақшаның жарты бөлігі кассир арқылы емес, банкомат арқылы беріледі.

Одан кең жоспарда өндірістегі (өндіріс-қамтамасыздандыру) қарым-қатынастың, өндірістер арасындағы (сатушы – делдал – сатып алушы), өндіріс және тұтынушы арасындағы өзгерістерді атап өту керек. Егер өндіруші және ақырғы тұтынушы бір-бірімен оңай байланысса және олардың ақпараттық білімділігі тегістелсе, онда делдалға қандай да бір жұмысты жүктеу қажет емес. Делдал (посредник) ақпарат есебіне бағаны қоса алмайды, өйткені тұтынушы оны тура бірінші өндірушіден ала алады. Сондықтан кең және жеке тапсырыс бойынша үлкен телеқызмет спектрі жеткізіледі: телемаркетинг, телеоқыту, теледиагностика, телеойындар, телемузыка, телефильмдер және т.б. Сонымен қатар бағалардың біршама төмендеуін күтуге болады, өйткені ұжымдық (қоғамдық) телематика әдістерін пайдалану бағасы коммуникацияның дәстүрлі әдістерін пайдалануға қарағанда төмен.

Шынында да, егер электрондық терминалмен туристік маршруттар мен зоналар, қонақ үйлер мен көліктер туралы «толық» ақпаратқа тура қол жеткізуді қамтамасыз етсе, онда саяхат бюросы және олардың агенттер жүйесі не керек?

Өндірістерде технология және жұмысшылар саны өзгертіледі: қағаздағы сызбалар мен қағазды технологиямен байланысқан барлық құжаттар жоғалады. Жобаны жетілдіру аяқталғаннан кейін электронды құжат сымдар (немесе басқа байланыс сымдары) арқылы өндіріске жібереді және өндірістік кибернетикалық роботтарға тура түсуі мүмкін. Осындай жағдайда өндіріс оның дайындығын ұзаққа созбай бастайды. Өнім моделі жаңа тапсырыстардың түсуіне байланысты және олардың электронды жүйеде жобалаудың «істен ұтылуымен» өзгертіледі. Сонымен қатар виртуальды киберкеңістікте өнімдер моделінің «сынағы» және тұтынушының жеке тілектері айқындалады.


2 сұрақ.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген

23 билет.

1 сұрақ

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру- қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр-ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Заманауи білім беру жүйесінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (AKT) енгізу, оқу орындарын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, телекоммуникацияларды, ғаламдық және жергілікті білім беру желілерін дамыту үдерісі жедел қарқын алуда. Себебі, ақпараттық сауаттылық пен мәдениет адамнын табысты кәсіби қызметінің кілтіне айналды. Ақпараттық технологиялар казіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда. Оларды меңгеру оқу мен жазу сияқты қасиеттермен катар қойылады. Технологиялар мен ақпаратты шебер және тиімді игерген адам жана ойлау стиліне не болады, туындаған мәселені бағалауға, онын кызметін ұйымдастыруға түбегейлі басқаша қарайды. Баланы ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету, Баланы ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету, оқуға үйрету -казіргі мектептің манызды міндеті. АКТ мұғалімнің оқушыларды өз бетімен ақпарат алу, талдау және басқаларға беруге болатын қызықты әлеммен таныстыру мүмкіндігін кеңейтеді. Студенттер AKT мүмкіндіктерімен неғұрлым тезірек танысса, соғұрлым олар ақпаратты алудың және оны білімге айналдырудың соны әдістерін тезірек пайдалана алады. Бастауыш мектепті ақпараттандыру казіргі білім сапасына қол жеткізуде және XXI асыр баласынын ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда манызды рөл атқарады.