ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 104
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Өткен ғасырдың алғашқы он жылдықтары – қазақ өркениетінің ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы. Олай дейтініміз ұлт мәдениеті, үлкен әдебиеті, қазақтың ғылым, білімі де – бәрі де шан мәнінде осы кезде ірге көтере бастады. Бәрінің де кейін қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына Ахмет Байтұрсынұлы тікелей мұрындық болды. Сондықтан да өткен ғасырдың алғашқы қырық-отыз жылын қазақ өркениетінің «Байтұрсынов ғасыры» десе де болады.
Ұлт ғылымының көшбасшысы ретінде А.Байтұрсынұлы рөлі, Елдес Омаров сөзімен айтсақ, «первый светоч науки»деп бағаланады.
А.Байтұрсынұлы – әдіскер ғалым, нағыз падагог, ірі ритор ұстаз, бастауыш мектепте ана тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы. Ол қазақ еліне ағартушылық және әдістемелік-риторикалық ой-пікірдің қалыптасып, дамуына барынша атсалысты. Оның есімі қазақ мектебінің тарихында алтын әріппен жазылып қалуы тиіс.
А.Байтұрсынұлының ағартушылық, әдістемелік ғылыми еңбектері – қазақ әдістемесі ілімінің тарихындағы тұңғыш ғылыми еңбектер. Сондықтан ол өз заманының қажетін өтегені үшін ғана құнды болып қалмай, осы ілімнің тарихы үшін де қажет. Әр ғылымның бастау көзі оның дамуында өз ізін қалдырады. Олай болса, оны зерттеу, түсіну, бағалау өте қажет. [1,47].
А.Байтұрсынұлының әдістемелік терең білімі, мұғалімдік тәрбиесі, оны қорыта білу қабілеті оқулықтардың әдістемелік негізде жазылуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, оның әдістемелік ғылыми еңбектер жазуына негіз болған. Мәселен, ғалымның әдістер туралы мақалаларын оқыған мұғалім оларды оқыту ісінде қолданып, тәжірибеде анықталған ұтымдысын әрі қарай қолдануға бағыт-бағдар беретіні сөзсіз. Әдістеме ілім бойынша оқулық жоқ заманда бұл мақалалардың мұғалімдерге үлкен жәрдемші болғаны ешбір күмән туғызбайды. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлының әліппе, оқулықтарында ең ұтымды әдіс-тәсілдерді ғалым өзі де қолданған. Сондықтан, әліппе, оқулықтарымен бала оқытуда мұғалімдер бұл әдістер туралы түсінігінің болғаны оның жұмысын жеңілдетеді. Бұл бағыттағы зерттеу еңбектер ертеңгі мұғалім, бүгінгі студент қауымына көп ой салары даусыз.
Ал әдістеме ілімінің мақсаты мұғалімді оқыту әдіс-тәсілдерімен қаруландыру, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқытула жақсы нәтижеге жету болса, осы ілімнің алғашқы адымын А.Байтұрсынұлы жасаған. Ендеше, ғылыми негізі қаланбаған, тың, соны істі бастау ғалымның сыбағасына тигенін, тілді оқыту әдістемесі ілімінің алғашқы соқпағын А.Байтұрсынұлы жасағанын естен шығармауға тиіспіз.
Сондай-ақ қазіргі таңда А.Байтұрсынұлының қолымызда бар әдістеме мәселелері жөніндегі еңбектерінің өзі ғалымды қазақ әдістемесі ілімінің ірге тасын қалаушы ретінде зор қызмет атқарғанымен, бұл бағытта әлі де арнайы зерттеулер жасалып жатса құба-құп. Әсіресе, мектеп мұғалімдеріне А.Байтұрсынұлының ағартушылық-риторикалық еңбектерінің ғылыми-әдістемелік табиғатын айқара аша түсетін, анықтай түсетін, електен өткізе саралай түсіндіріп беретін зерттеулердің қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Сондай-ақ, ғылымдағы ахметтану аталған ілім саласының зерделенуі, осы кезеңдегі Ахаң бастаған зерттеу еңбектердегі, әліппе, оқулықтардағы ғылыми-тәжірбиелік тұжырымдардың бүгінгімен сабақтастығын әлі айқындай түсуді керек етеді. Демек, мәселенің осы орайлас қыр-сырының зерттелуінің қажеттілігі диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі ахметтану іліміне үңілу, А.Байтұрсынұлының әліппе, оқулықтары мен әдістемелік еңбектеріне қатысты ағартушылық-риторикалық пікір-тұжырымдарды сараптай келе, ғалымның әдістемелік пікірлерінің арналарын ашып көрсету, ана тілін оқыту әдістемесінің ірге тасы болып қаланған ғылыми-тәжірибелік тұжырымдарды анықтауғ оларды ғылымның тәжірбиеде қолданғанын дәлелдеу, ағартушы оқклықтарының әдістемелік негізіне бойлай отырып, бүгінгімен сабақтастығын саралау.
Бұл мақсатты орындау үшін, алға мынадай міндеттер қойылды:
-Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құралдарындағы» ғылыми-тәжірибелік тұжырымдардың бүгінгі қазақ грамматикасымен сабақтастығын саралау;
-Ұлт ұстазының ағартушылық бағыттағы тұжырымдарын тану, бастау арнасына бойлау;
-А.Байтұрсынұлының тіл дамыту бағытындағы риторикалық тұжырым-түйіндеріне зерде салу, сөйлеу мәдениетіне арқау ету.
-Ахметтанудың тұтас бір кезеңдік таным тармағы екендігін айқындау.
-Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-ғылыми шығармашылық мұрасына барлау жасау;
-Ахмет Байтұрсынұлы әліппелерінің қазақ оқулықтану ілімінің басы, бүгінгі қазақ әліппесінің атасы екендігіне көз жеткізу;
Зерттеудің әдістері. Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық еңбектерді талдау, баяндау, аналитикалық, индуктивті, дедуктивті, салыстыру әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Диплом жұмысында А.Байтұрсынұлының қазақ халқының тарихында қазақ мектебіндегі ана тілін оқыту әдістемесінің түрлі мәселелері туралы алғаш рет ғылыми еңбектерт жазып, әдістемелік пікірлерін, тұжырымдарын әліппе, оқулықтар жазуда, тәжірбиеде қолданған ғалым екені жан-жақты, нақтылы деректермен дәлелденген. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы қазақ мектебіндегі ана тілін оқыту әдістемесінің ірге тасын қалаған тұңғыш әдіскер ғалым екені баса айтылып, ғалымның ағартушылық-риторикалық оқулықтарының әдістемелік негізі таразыланып, ахметтану іліміне қатысты ғылыми-тәжірибелік тұжырымдардың бүгінгімен сабақтастығына балау.
Жұмыстың практикалық маңызы. Біздіңше, аталмыш тақырыптағы диплом жұмысын әдістеме тарихынан практикалық материал ретінде пайдалануға толық болады. Жұмыстың мектеп мұғалімдеріне тигізер көмегі аз емес.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының жарияланымы. Зерттеу жұмысы бойынша М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың мәдениет және өнер факультетінің (көркем сурет-графика) құрылғанына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Көркем шығармашылық: заманауи қазақстандық мәдениеттің озық үлгілері, теория, әдіснама және тәжірибе синтезі» атты республикалық-тәжірибелік конференция материалдарының жинағында «Ахметтану: ғылыми еңбектері, ғылыми-тәжірибелік тұжырымдары» (278-279-б.б.) атты бір мақала жарияланды.
1. Ахметтану: зерттелуі; ғалымның әліппе, тіл-құралдарының басылым көруі, ғылыми – тәжірибелік тұжырымдарының топтастырылуы
1.1. Ахметтанудың тұтас бір кезеңдік таным тармағы екендігі
Қазақ өркениетінің ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы – өткен ғасырдың алғашқы қырық-отыз жылының үлесіне тиеді. Бұл кезең «Байтұрсынов ғасыры» делініп жүр. Бұлай делінуінің басты себебі – Ахмет Байтұрсынұлының ұлт ғылымының көшбасшысы болуы. Осыған орай кезінде оған Елдес Омаров «первый светоч науки» деп баға берген.
Сондай-ақ, Ахаң өз халқының, «ұлтының ар-намысы бола білген» (С.Сейфуллин) «қазақ жұртының алғашқы көсемі» (М.Әуезов) де.
Режиссер Т.Ахметовтың «Ахмет Байтұрсынов» телефильмінде сөйлеген сөзінде академик З.Қабдолов: «Ахаң туралы М.Әуезовтен атық айту қиын. Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көшбасшысы. Шоқан, Ыбырай, Абайдан кейін Ахметті қоямыз. Бұл – төрт бұрышымыздың түгелденгендігінің белгісіндей»,-деген-ді.
Белгілі ғалым Р.Сыздықованың: «Ахмет Байтұрсынұлы мен оның замандас-пікірлестері жайындағы қазіргі жүргізіліп жатқан ізденіс-зерттеулерімізді жинақы бір атаумен «ахметтану» деп айтар едім. Ахеттану – тек бір ғана қайраткерлерді танып-білу мақсатын көздемей, тұтас бір кезеңді қамтитын мәселелерге баратын таным тармағы болуға тиіс», - деуі құптарлық. Демек, Ахаң туралы сөз қозғау – қазақтың біртуар зиялылары, ерен тұлғалары Ғұмар Қараш, Телжан Шонанұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және тағы басқалары туралы іргелі де кең тынысты зерттеулерге ден қою да.
Уақыт көші ілгері озған сайын қазақ феномені Ахмет Байтұрсынұлының аяулы есімі әлемдік мән-мағына ала түсуде. Оған айғақ – әлемнің әр шалғайында, Орынбор мен Алматыда, Түркия мен Германияда өткен халықаралық симпозиумдер мен конференцияларда, басқа да алқалы жиындарда қазақ, орыс, нидерланд, қырғыз, түрік, неміс, қарақалпақ, өзбек сияқты өзге де түрлі ұлт ғалымдарының ол жөніндегі ой-толғамдары, ғылыми баяндамалары мен зерттеу мақалалары.
Ахмет Байтұрсынұлының «Әліп-биі», «Тіл құралдары» - бүгінгі «Әліппе» «Қазақ тілі» оқулықтарының атасы. Сондай-ақ, ғалымның «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы» әдістемеліктері бастауыш сыныпта әліппені оқытуға арналған көмекші құралдардың басы.
Ахмет Байтұрсынұлы – халқымыздың дарабоз, бірегей тұлғасы. Демек, тұлғаны терең тануымыз керек. Ал, қазақ ғалымдарына сүйене айтсақ, тұлғаны тану дегеніміз алдымен оның туған халқын, өмір сүрген дәуірін, еңбек еткен ортасын, айналасын тану, буын-буын келер ұрпақ тәрбиесі үшін өнегелі мәні, маңызы зор халқына тұлға, тұтқа ретінде атқарған ұлы тарихи миссиясын ашып көрсету. Десек те, Ахаңның сом тұлғасы, атқарған қыруар ісі, халқына сіңірген еңбегі дәл осындай кең көлемді контексте, белгілі бір жүйеде әлі жете танылмай келеді. Жинақтай айтар болсақ, бұл ретте, біріншіден, таразылау нысаны болар замандастарының Ахмет Байтұрсынұлына берген бағалары десек, екіншіден, Ахаң мұрасының бүгінгі таңдағы зерттелу жайы, үшіншіден, А.Байтұрсынұлы еңбектерінің қазіргі таңдағы талдауларымен үндестігі, сабақтастығы.
Ал, А.Байтұрсынұлының ағартушылық, әдіскерлік саласындағы тұтас тұрғыластары, замандас-пікірлестері сапына Ғұмар Қарашұлы, Елдес Омарұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, К.Кемеңгерұлыларды қосуға болар еді. Бұлардың ішінде Т.Шонанұлының «Жаңа әліппесі», «Орысша қазақ тілін үйреткіші», «Кеспе әліпбиі», К.Кемеңгерұлының «Европалықтар үшін екі жылдық оқу құралы», «Әліппесі», Нәзір Төреқұловтың «Үлкендер үшін жаңа әліппесі», Ж.Аймауытұлының «Комплекспен оқыту жолдары» деген еңбектері әдістеме ілімінен мол мәліметтер береді. Бұларды білу, игеру арқылы білім-ғылымымыздың, оқу-ағарту ісіндегі өткен сүрлеуіміздің тарихымен де танысамыз. Мәселен, Ж.Аймауытұлы – педагогика, психология ғылымдары саласында қалам тартып, құнды ғылыми зерттеу еңбектер жазған жан-жақты білгір ғалым. Ол – бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» сияқты еңбектері бар. Ж.Аймауытұлының «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде балаға білімді жүйелі меңгертудің жолдарын қарастыратын дидактика мәселесін сөз етеді. Автор: «
Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі – дидактика», - деп дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқыту жайындағы жалпы мәселелер туралы сөйлейтін, ал жеке дидактика, яғни, әдістеме дидактиканың жалпы ережелерін жеке пәндерді оқытқанда, қалай жанастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Мұғалімнің өз ісіне жауапкершілікпен қарай отырып, оқытудағы әдіс-тәсілін түрлендіріп жетілдіру турасында: «Оқыту жүзінде білім мен тәжірибе бірімен-бірі астасып, айқасып (реакцияласып), бірін-бірі толықтырып, бірге өркендеуге бірге кемелденуге тиісті. Мұңалімнің айналысатын үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, алғашқы бір алған білім мен оған қосымша іс жүзінде тапқан біркелкі әдіспен қанағаттанып, табан аудармай, бір орында тұрып қалуы мүмкін емес», - деп жазады. Автор сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, оны үнемі жетілдіруді қажет ететін «үнемі жаңаны табатын өнер» деп бағалайды.
Сондай-ақ, Ж.Аймауытұлы ана тілімізге оқылатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қауыстырып орап алатын пән ретінде халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі ретінде қарайды. Бұған автор: «Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді», - деп қосады. Ал «Әр сабақ, әр пән бір жағынан өзіне тән мақсатын көздесе, екінші жағынан тіл түзетуге, тіл сабағының міндетін атқаруға тырысуы жөн», - деген тұжырымы елең еткізбей қоймайды.
Ж.Аймауытұлы оқытудың берік негізін салу үшін оқу деректеріне баланың ерікті ілтипатын оятуда төмендегідей жобаларды ұсынады. Мәселен, 1) Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағұлұматтарымен ұштастыру; 2) Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 3) Сабақта алдын-ала даярланған сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау; 4) Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету; 5) Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуды жандандыруға тырысу; 6) Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекті болу. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану; 7) Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді,