Файл: Кіріспе Таырыпты зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 108

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


А.Байтұрсынұлы дидактикалық материалдарда отандық сезімге, өзін-өзі тануға т.б. арналған тақырыптарды орынды қолданды. Олар мыналар: туысқан-туған іліктес; киімдер, ойыншықтар, тамақтар, сусындар, дене мүшелеоі, үй саймандары, ыдыс-аяқ, малдан басқа төрт аяқтылар, құстар, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жер түгінің аттары, жер жүзі аттары, сан, жаңылтпаш, жұмбақ, мақалдар, өтірік өлеңдер, шын өлеңдер.

А.Байтұрсынұлы пайдаланған мәтіндер өте маңызды, тәрбиелі, дыбыстауға, мағынасын қууға қиындық келтірмейтін тіл құралдарынан жасалған.

7. Бүгінгі қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінде А.Байтұрсынұлының әліппелері, «Тіл құралдары», «Баяншы», «Тіл жұмсар» секілді кітаптары- өміршеңдігін, сабақтастығын, құндылығын жоймаған еңбектер. Ал оқыту ісінде әдіскер ғалым еңбектерін керекті тұсында жүйелі қалыпта орынды пайдалану әр мүғалім ісі.

Шешендік сөздерді ғылыми тұрғыда зерделеу нысанына алу өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан басталған. Ұлттық шешендік өнер шешендік сөздер теориясының бір кезеңі тікелей әдебиеттанушы ғалым А.Байтұрсынұлы еңбектерімен айқындалады. Ғылым алғаш рет шешендік сөздерді ғылыми зерттеудің нысаны тұрғысында арнайы қарастырған. А.Байтұрсынұлының 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі – көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді алғаш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми зерттеу. Бұл зерттеудің «Шешен сөз» атты тарауында ғалым шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз а) саясат шешен сөз; ә) билік шешен сөз; б) қошемет шешен сөз; в) білімір шешен сөз; г) уағыз.

Ғалым-лингвист А.Байтұрсынұлы шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдіріп, шешендіктану ғылымына қатысты алуан лингвориторикалық тұжырымдар жасай алған. Солардың біршоғыры төмендегі бағыттарда өріледі:

-Ғалым «шешен сөз мақсаты – негізгі пікірді баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндірумен қоймай, пікірге нандыру, сендіру, ұйыту, балқыту, иман келтіру», - дей келіп, шешендік сөздің халықтың тіл қазынасы, сан ғасырлар жұріп өткен тарихымыздың шежіресі екендігін баяндайды. Ал, Платон өз тұсында шешендік өнердің мәнін: «Шешендік – нандырудың шебері, оның маңызы мен мақсаты негізгі ой арқылы адамдарды нандыра, сендіре білу болса керек.

«Шешен сөздің тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүректі тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл болады»,-деген тұжырымында шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, кеңдігімен, мәнділігімен ерекшеленетіндігін көрсетіп отыр. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылуы қажет. Әр айтылған сөз адамды бейжай қалдырмай, ерекше сезімге бөлеуі шарт.


«Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып билеп алып кетуге ыждаһат етеді»,-деген тағы бір тұжырымында. Шешен сөз сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады. Кезінде А.Байтұрсынұлы: Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», - дейді. Демек, бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмай, қай кезде болса да халық жадында сақталады.

Ғылым шешен сөздің «қыздырма», яки «қоздырма» деген айрықшп бөлімі болатындығын айта келе, оның қызметі – адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру десе, шешен сөздің зор мүшелерін бастамасы, ұсынбасы, мазмұндамасы, қыздырмасы, қорытпасы деп бес топқа жіктейді. Яғни, шешен сөздің қызметінің өте маңызды орнын алатындығын, керек десеңіз, тыңдаушыны сан түрлі күйге түсіріп, шешен сөз арқылы адамның намысына тиіп, жүрегін билеуге дейін қауқары жететіндігін бір ғана сөйлеммен жеткізіп отыр.

«Пікірді баяндап, түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл-жағы қанағаттанғаннан кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту жеңіл болады», - деген түжырымында ғалым әр пікірдің әсерлі өңі, сұлулығы, татымдылығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салып, жүрек тебірентетіндігін, тыңдаушының еркі мен сезімін билеп, толғандыратындығын жеткізген.

«Жүйрік аттың сипаттары секілді асыл сөзде де белгілі сипаттар болады», - деген-ді. Шешендік мұраның өнегелік-тағылымдық қырларының сапына сөздің құдіретті күшке ие екендігін аңғартуын, сөздің өзіндік бояуы, дәмі, адам сезіміне әсер етерлік қоңыр иісі бар екендігін айтуға болады, сөзді көпшілікке таратудың, жұртшылықты сендірудің немесе тәрбиелеу құралы ретіндее қолданушы әрбір маман адам шешендік өнердің ғылыми негіздерімен сенімді де иланымды қалыпта сөз сөйлей білу дағдыларын меңгере білуі тиіс.

«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек,-деп ғалым сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі болатындығын, жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл екендігін аңғартады, т.б.



Бұл бағытта лингвориторикалық түйіндерді әрмен қарай жалғастыра беруге болады, бірақ осы айтылған тұжырымдардың өзі қазіргі таңда қазақ шешендіктану ғылымының тереңдетіле зерделенуіне алғышарт болатын ойлар. Осы ой-тұжырымдарында Ахаңның ой тереңдігі, тапқырлығы мәнді де мәнерлі сөздері шыншылдық үгіт-өнегесімен өзгешеленеді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Бүгінгі қолымыздағы жиналған мәліметтерді саралай келгенде Ахмет Байтұрсынұлының лингвориторикалық тұжырымдарының оқушыларды өз ойы мен пікірін еркін жеткізіп, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық биікте шешен сөйлеудің айла-амалдарын тиімді жұмсауда, шешендік өнердің сыр-сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіруде таптырмас тәрбие құралы екендігіне көз жеткіздік.

Шешен сөйлеу мәдениетіне үйретудегі мақсаттардың бірі – теориялық және қолданбалы пән ретінде шешендік өнер турасында жүйелі ұғым қалыптастыру, түсінік беру. Сол арқылы болашақ мамандардың қоғами маңызды шеберліктің негіздерін меңгеруге септесу. Ендігі міндет – ақыл-ой алыбы А.Байтұрсынұлының асыл сөз, таңғажайып құнды ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, іс қылу.

Қорытындылай келсек, Ахмет Байтұрсынұлының лингвориторикалық тұжырымдары – бастау алар қайнар бұлақтарын түркілік танымнан түптен тартып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерді, қасиеттерді бойына жинақтап, көркемдік қуатымен, ғибраттық сарынымен дараланған, сондай-ақ, аса бай тілімен өзгеше қалыпта көрінген, халқымыздың рухани азығына айналған көркемдік құбылыс дегіміз келеді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы (юбилей) / Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылым, А., 1999, - 8 - 15 – б.б.

2. Дулатов М. Ахмет Байтурсунов (Биографический очерк) / Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылым, А.,1999. 17-25-б.б.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Ана тілі, А., 1992.

4.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: Ана тілі, 1991. 184 б.

5. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. А., Рауан, 1997.

6. Қыдыршаев А.С. Ахмет Байтұрсынов – әдістемеші // Жалын, 1993. №3.

7. Қыдыршаев А.С. Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу // Қазақ тілі мен әдебиеті. – А., 1993, №10-11-12.-23-34-б., 1994, №1. -39-43-б.б.


8. Қыдыршаев А.С. Ахмет Байтұрсынұлының әдіскерлігі // Бастауыш мектеп, 1994, №2.

9. Қыдыршаев А.С.Ахмет Байтұрсынұлының әліппелерінің әдістемелік ерекшеліктері // Бастауыш мектеп, 1994, №7-8.

10. Қыдыршаев А.С.Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы (монография) Орал, 1998.-132б.

11. Қыдыршаев А.С. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемеліктері // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1997, №9-10.

12. Қыдыршаев А.С. Ахмет Байтұрсынұлының әдіскер ізбасарлары // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1998, №1-2.

13. Қыдыршаев А.С. Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралдары» оқулығы туралы // Ізденіс. 1998, №2.

14. Қыдыршаев А.С. Ұлы ағартушылар сабақтастығы (Л. Толстой мен Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне жасалған салыстырмалы барлау нәтижелері) // Ғылыми жинақ, Орал, 1997.

15. Қыдыршаев А.С. Ахмет Байтұрсынұлы әліппелері // Ғылым Академиясы жинағы, Алматы, 1998.

16. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов, Алматы, «Білім» қоғамы, 1990.

17. Қайдаров Ә.Т., Сыздықова Р. Сан қырлы саңлақ дарын // «Соц. Қаз.», 1984, 4 қаңтар.

18. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. А., РБК., 2000.-208б.

19. Байтұрсынов А. Баяншы. Қазақ, 6-шы мемлкеттік баспа, 1920.

20. Байтұрсынов А. Тіл құрал.I-тіл танытқыш. Қызылорда. Қазмембас, 1925.

21. Байтұрсынов А. Тіл құрал.II-тіл танытқыш. Қызылорда. Қазмембас, 1925.

22. Байтұрсынов А. Тіл құрал.III-тіл танытқыш. Қызылорда. Қазмембас, 1925.

23. Байтұрсынов А. Тіл құрал. Сөздің жүйесі мен түрлері. II-тіл танытқыш кітап. Қызылорда. 1927

24. Байтұрсынов А. Қай әдіс жақсы? // «Жаңа мектеп», 1928, №4.

25. Байтұрсынов А. Тіл жұмсар, I – кітап. Қызылорда, Қазмембас, 1929.

26. Байтұрсынов А. Тіл жұмсар, II – кітап. Қызылорда, Қазмембас, 1929.

27. Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ фонологиясы, А., Ғылым. 1998. – 216 бет.

28. Ахметтану тағылымдары (Ғылыми мақалалар жинағы). А. Ғылым, 1998. – 294 б.

29. Есенов Қ. Тіл тағылымы толғантады // Ана тілі, 1993, қаңтардың 28-і, №4.

30. Жұбанова М. Әліппе. А., 1994.

31. Әміров Р.С., Асылов Ұ., Жиенбаева У. Қазақ тілі (Төрт жылдық бастауыш мектептің төртінші класына арналған оқулық), А.,Рауан, 1993.

32.Балақаев М. Қазақ тілі (Бастауыш мектептің 2 класына арналған оқулық). А., Рауан, 1991.

33. Қордабаев Т., Бисенбаева З., Асқарбаева А., Ботабаева Ұ. Ана тілі (Бастауыш мектептің 2 класына арналған оқулық. Бесінші басылым), А.,Рауан, 1994.

34. Ә.Кекілбайұлы. Ұстаз тұлғасы (А.Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына) // Егемен Қазақстан. – 1998, 15 қазан.

35. Ахметтану және қазақ филологиясының өзекті мәселелері // Ахмет Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2005. – 210 б.


36. Құсайынова А.Қ., Асылов Ұ.Ә. Оқулықтанудың өзекті мәселелері. –Алматы: Рауан, 2000 – 144 б.

37.Қыдыршаев А.С. Шешендіктану. Орал, 2004. – 156 б.

38. Қыдыршаев А.С. Шешендік тағылымы. Орал, 2005. – 142 б.

39. Қыдыршаев А.С. Ұлт ұстазы, ірі әдіскер ғалым, нағыз педагог Ахмет Байтұрсынұлының туғанына - 133 жыл // «Өркен» газеті, 2006, №2, наурыз, - 14 б.

40. Байтұрсынов А. «Әдебиет танытқыш» ғылыми еңбек. http://kitap.kz/book/146-adebiet_tanytqysh/146-adebiet_tanytqysh#


I қосымша

А.Байтұрсынұлы афоризмдері
- Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын!

- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

- Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, ұүлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

- Жер мәселесі –қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

- Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу –адамшылық ісі.

- Мектептің жаны – мұғалім.

- Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақ.

- Адамға ең қымбат нәрсе –жұрт қамы, жұрт ісі.

- Заман сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

- Сөдің ең ұлысы – тарих!

- Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

- Көркем сөз –көңіл тілі, жалаң сөз –зейін тілі.

- Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

- Мақал – тәжірбиеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

-Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

- Білімнің бас құралы – кітап.

- Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге –күш керек, күшті жұмсуға – ес керек.

- Тән саулығы – тазалықтан, жан саулығың тамыры – тән саулығында.

- Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек.

- Ғылым мен өнер көбейген сайын – бейнет кемиді.

- Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

- Теңеу: ереуіл сөз.

- Дұрыстық-бұрыстықты білмеген жұрт азады.

- Алушы адам да, беруші де – өзіне ағымды жағынан іздейді.

- Әркім өз білгенін, өзінің қолынан келетінін істеу керек.

- Басқадан кем болмас үшін, білімді һәм күшті болу керек.

- Бәрін айт та, бірін айт – сөздің тұрар жерін айт!

- Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

- Өткенді қуғанды қойып – осы күйінде жөндеуге жөн іздеу керек.

- Жұрт керегін білетіндер – көп, іздейтіндер – аз.

- Біліді болуға–оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек!

- Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!