Файл: Кіріспе Таырыпты зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 107

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
т.б.

Ал ағартушы М.Жұмабайұлы «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі», «Қызыләскер әліппесі», «Сауатты бол» оқулықтарын жазған. Сөйтіп, М.Жұмабайұлы өз кезінде қазақ даласындағы бойы өсіп, бұғанасы қатпаған жас мектепті түзу, дұрыс жолға салып жіберуге де үлес қосқан. Мәселен, М.Жұмабайұлының «Бастауыш мектепте ана тілі», әдістемелік нұсқауы осыдан тоқсан алты жыл бұрын, 1923 жылы Ташкент қаласындағы Түркістан мемлекеттік баспасынан жарық көрді. Кейін 1925 жылы Ташкент қаласындағы Түркістан мемлкеттік баспасынан жарық көрді. Кейін 1925 жылы Мәскеу қаласындағы Қара Қырғыз автономиялық облысы Ревкомының тапсырмасы бойынша «Бастауыш мектепте ана тьілін оқыту жөні» деген атпен қырғыз тілінде басылды.

М.Жұмабайұлы – бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға қадам жасаушы. Бұл сөзімізге айтар дәлеліміз – М.Жұмабайұлының әдіскер ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілер жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар кешенін жасап ұсынуы. Автор: «Ұлт тілі ұлт мектебіне ана болуға тиісті», -деген білікті, қазық ой айтады. Қысқасы, М.Жұмабайұлы әдістемелік еңбегінде ұсынылған жаттығулардың қай қайсысы да үлкен ойға жетелейді. Еңбек осынысымен аса құнды. Сүйсінерлігі, еңбекте көбінесе бала тілін дамытуға орайлас жаттығулар кешені ұсынылған. Мәселен, басынан кешкен оқиғалары бойынша ойдан әңгіме шығару; бастағы әңгімені толық қылып жазу; бір әсердің тілінің рухын жоғалтпай баланы аяқтауы сықылды жұмыс түрлері, т.б.

М.Жұмабайұлы ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізде құрылмағанын айта келіп: «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі деп қарайды. Тілдің ережелерін бала өзінің сөйлеп жүрген тілінің ережелері емес, «Тіл құралдың» ережелері деп түсінеді»,- дейді. Бұл сөздердің мағынасы тереңде жатыр, бүгінде шәкірт санасына дұрыс жеткізе білмеудің салдарынан осындай құбылыс жетіп артылады. Бұдан келіп өз ана тілінің қадір-қасиетіне немқұрайлы қарайтындар туады.

Ағартушы-ғалым «бала не нәрсемен айналысса да ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білгенін, болмаса, тілі түзелмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмейтін балаға ешбір білім беру мүмкін еместігін дәл аңғарған. Айналып келгенде, бұлардың бәрі –М.Жұмабайұлының қазақ әдістемесі ғылымына қосқан озық та қомақты үлесі. Демек, М.Жұмабайұлы – бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тілдамыту әдістемесін негіздеуде өзіндік үлесі бар қазақ әдіскер ғалымы.


Қысқасы, жоғарыда аталған қазақтың ұлы ағартушыларының мұралары төңірегінде таратылып айтылар мәселелер жеткілікті. Ал бұтарлай үңіле түссек, ахметтану баспалдақтар сапына алғашқы кезекте төмендегі мәселелерді аша, анықтай түсуді қосар едік:

1.А.Байтұрсынұлы және оның ізбасарларының қоғам қайраткерлік қызметіне қатысты кезеңдерін қосымша деректермен толықтыра түсу қажеттілігі айқын сезіледі. Мәселен, Ахаңның қазақ мемлекеттілігін қамтамасыз етуге өлшеусіз еңбек сіңіргендігін кейінгі ұрпаққа таныту. Мәселен, қазақ автономиясын құру, бөлшектеліп кеткен қазақ жерін түгендеу, аштарға көмек ұйымдастыру, халық ағарту саласын жүйеге келтіру, қазақ мектептерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету, тіл саясаты мен қазақ тілінің мәртебесіне ден қою, т,б.

2.Аталған ғұламалардың мерейтойлары тұсында олардың мұраларын әр қырынан жан-жақты тани түсу де парыз іс болмақ. Мәселен, осы тұрғыдан келгенде Ахаң мұрасы әлеуметтік лингвистика ғылымы саласына арнайы зерделеуді қажет етеді. Бұл Ахаңның тілдік қарым-қатынас құралы ретіндегі орнына, тіл саясатына, тілдің әлеуметтік қызметіне (жазуды жетілдіру, қазақ тілін дамыту, ұлтты дамыту, терминдерді жаңарту, кірме сөздерге қатысты көзқарас, дұрыс емле түзу мәселесі, т.б.), қазақ тілінің таза сақталуына, тілдердің байланысына, тіл болашағын болжауға қатысты ой-түйіндерінің астарына үңілу деген сөз.

3.Академик З.Қабдолов Ахаңның әйгілі «Әдебиет танытқышын» (1926) біздің жыл санауымыздан 326 жыл бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотульдің «Поэтикасымен» теңдес сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ топырағындағы тұңғыш теориялық зерттеу ретінде бағалайды. Сөзсіз, бұлардың «бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері». Осы түйіндерге жапсарлас айтар болсақ, Ахаң қалыптастырған әдеби-теориялық терминдерге аса жауапкершілікпен қарау мәселесі күн тәртібінде. Яғни, Ахаң терминдерін жапа-тармағай жіпке тізе бермей, таңдау, талғау, талдау нәтижесінде екшеу, елеу, сұрыптаудың қажеттілігі.

4.Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінің маңызды бір саласы – қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты зерттеулерінің ғалымдар тарапынан аз ескерілетіндігі. Ендеше, А.Байтұрсынұлының өз заманындағы әлемдік дәрежедегі ірі әдістемеші ғалымдарының еңбектерімен жетік таныс болғандығын, әлемдік деңгейдегі әдістеме теориясымен қаруланып қана қоймай, оған сын көзімен қарап, пайдалысын әліппе, оқулық жазғанда қолдана білгендігін ескеру қажет. Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлы әліппесінің, оқулықтарының әдістемелік негізін талдап беру, оның қазіргі кездегі оқулықтарды жазуда қолдану орнын көрсету, пайдалы жақтарын анықтау, дәлелдеу келешекте оқулықтардың сапасын арттыруға әсер ететіндігін білу. А.Байтұрсынұлының әдістемелік терең білімі, мұғалімдік тәжірибесі, оны қорыта білу қабілеті оқулықтарының әдістемелік терең білімі, мұғалімдік тәжірибесі, оны қорыта білу қабілеті оқулықтарының әдістемелік негізде жазылуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, оның әдістемелік ғылыми еңбектер жазуына негіз болғандығын тану

.

Сөзсіз, ғылымның дамуына орай ахметтану сатыларын соза беруге болар. Бұл ретте жоғарыда есімдері аталған қазақтың ұлы ағартушыларының мұралары төңірегінде әлі де айтылар, зерттеу нысанына ілігер мәселелер жеткілікті. Мәселенің бұл қырын терең аша отырып, қазақ зиялыларының салмағын жөнімен лайықты көрсетеріміз даусыз. Ал, біздің тарапымыздан айтылғандары бірер бастылары ғана. Қалай десек те, дипломдық жұмысымыздың алғашқы тармағында айтылған бірер талдау түйіндері Ахметтанудың тұтас бір кезеңдік таным тармағы екендігін аңғартса керек.


1.2.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-ғылыми шығармашылық мұрасы туралы
ХIX ғасырдың соңғы кезі мен ХХ ғасырдың алғашқы отыз жылы ішінде қазақ халқының қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, өнімді еңбек еткен, артына құнды мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы Қазан революциясына дейін-ақ үлкен ағартушылық қызметімен бірге, ірі ғалым-лингвист, әдебиетжинаушысы – зерттеушісі, тюрколог, бірқатар оқулық пен оқу құралдарының авторы, дарынды ақын-аудармашы ретінде кеңінен танылған. Оның өмірі мен қоғамдық, шығармашылық қызметінде Қазан революцияциясы алдында қалыптасқан қазақ интелегенциясы өкілдерінің тынымсыз тынысы, әр саладағы рухани ізденістері, олардың бағыт-бағдары мен сәтті-сәтсіз нәтижелері, жеке өмірінің трагедиялық жағдайлары бой көрсетті. [3,57] .

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 25 қаңтарында Торғай уезінің Тосын болысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, намысшыл, батыл, сергек, адам болса керек.

Ақынның «Анама хат» өлеңіндегі мына бір жолдар жас кезінде көрген, түсінген сұмдық оқиғалар әсерінен жазылса керек.

...Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?!

Әділетсіздік құрбаны болған ағалы-інілі Байтұрсын мен Ақтастың балалары енді Шошақтың кенжесі Ерғазының тәрбиесінде болады, оның көмегімен 1891 жылы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училещесінде оқиды. Кейін Ахмет Орынборға барып мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. Бұл жылдарда Торғай, Орынбор өлкесінде ұлы педагог әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин негізін қалап кеткен игі дәстүрлері бар мектептер жұмыс істегені белгілі. Осы үлгідегі мектептерде оқып, жүйелі білім, тәрбие алған Ахмет 1896-1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі ауылдық және болыстық мектептерде екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Ол орыс-қазақ мектептерінде, семинарияларда педагог бола жүріп, қоғамдық әлеуметтік өмірге үңілді, айналаға білім-ғылым таратудың тиімді жолдарын қарастырды, қазақ тілі және әдебиетінің тарихымен, теориясымен шұғылданды, алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, халықтың көркем сөз мұрасын жинау, жүйелеу, зерттеу ісіне араласты, баспасөзге мақалалар жазды, өлең шығарды, аударма жасады.

Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде әділетсіздікке, патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілер қатарында болғаны үшін Ахмет Байтұрсынұлы бақылауға алынады да, 1909 жылы шілде айында Семей түрмесіне қамалады. Кейін оны қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін Орынбор қаласында тұрады. Бірақ бұл кезеңде де өзінің қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өмірге араласуын тоқтатпады. 1911 жылы Орынборда оның «Маса» атты өлеңдер және аударма мысалдар жинағы басылады. 1913 жылдың наурызынан бастап «Қазақ» атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болып істейді.


«Қазақ» газеті бетінде қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдде-қажеттіліктерін батыл сөз еткен материалдар жиі басылған. Сондықтан да ол өз дәуірінің беделді органы саналған. Алғашқы шыққан жылының соңында-ақ оның 3000-нан астам жаздырып алушысы болған, ал жабылар алдында өзінің баспаханасы, кітапханасы жұмыс істегені және тарлымы 8 мыңға жеткен.

А.Байтұрсынұлы басқаруымен шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақ халқының рухани, мәдени тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы Мұхтар Әуезов: «...Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, «Маса» болып талай ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын», - деп жазған-ды.

А.Байтұрсынұлы заманы, қызметі қатарлас болған революцияшыл ақын С.Сейфуллин оның туғанына 50 жыл толуына байланысты «Еңбекші қазақ»газетінде мақала жариялап, онда: «...Өзі үшін ұлтшыл болған қулардан бөлініп, Ахмет сол ұлт қамы үшін коммунист партиясына кірді. Әрине, Ахмет коммунист партиясында да көп бола алмады. Көп бола алмайтыны белгілі еді. Ахаң байлардың құлдығына шіріген жарлылардың ағайыншысы емес, олардың шоқпаршысы емес, бірақ байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек ұлтжанды еді. Қалай болса да жазушысы аз, әдебиеті нашар қазақ жұртшылығына «Оқу һәм тіл құралдарымен» қылған қызметі таудай», - деп жазды. Ол мерейтой иесінің көзқарасындағы кейбір үстірттіктерді, осалдықтарды, қоғамдық күрделі таптық мүдделерді танып, айырудың әлсіздіктерін де ашып айтты.

Қазақ АССР-і құрылғаннан кейін А.Байтұрсынұлы екі жыл бойы республиканың Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып жұмыс істейді, одан соң Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті «Ақ жолда», Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етті.

Ал, 20-жылдардың соңы жалпы ел үшін, оның ішінде Қазақстан үшін аса ауыр болғаны мәлім. Жеке адамға табыну зардаптарының алғашқы нышаны біліне бастаған осы бір тұста интеллигенция өкілдері қудалауға түсті. Көп ұзамай 1936-1937 жылдардың құйыны басталды. А.Байтұрсынұлы да 1937 жылы 8 қазанда тұтқындалып, содан қайтып оралмады. Сөйтіп көрнекті ғалым, әдебиетші қасірет кездің құрбаны болып кете барды. Оның атына, еңбектеріне ұзақ жылдар бойы тыйым салынды. Бүгін елімізде іске асып жатқан жаңару, қайта құру, жариялылық заманында ғана А.Байтұрсынұлын аты қайта аталып, оның қоғамдық қызметі, ғылыми, әдеби мұрасы халқымыздың рухани қазынасына қайта қосылып отыр.