Файл: Кіріспе Таырыпты зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 105

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Т.Шонанұлы : «Бұл күнгі педагогика - қоғам мен еңбек негізінде құралған. Ахаң әдііпби де осы негізге құрылған. Бұл күні педагогика-баланы белсендіріп, іс қылуға үйрет дейді. Жаңа Әліпби де белсенділікке үлкен ілтипат салады. Бұл күнгі педагогика баланы тапқыштыққа, өз бетімен жұмыс істеуге үйрет, балаларға қызықты қылып, әліне қарай үйрет дейді. Жаңа Әліп-би бұған да көп зейін салады. Кітапта әрі еңбек, әрі ермек көп»- дей келе : «Мемлекет баспасы әліп-би ішіндегі балаларға «ермек-еібек» деген жұмыстары н кітапқа қосымша қылып бастырғаны тіпті ұнамды болған. Мәселен, «Аш шал» мақаласы бар. Осындай әңгімелердің әр жолы бөлек карта секілді. Бір бетін ақ қылып қалың қағаз басқан. Балалар оқыып, мәніне түсініп болады да, әдгі карталарды кесіп, бір-біріне ұпай салып, қызықпен жалықпай тұтас әңгіме қылып шығарады, әр жол картада басулы. Тапқан картаны жабады, таппаған бала жазады. Әрі еңбек, әрі ермек болады. Осындай карталарды бір жарым баспа табақ қылып мемлекет баспасы Әліпбиге тіркеген»,-деген тұрғыда өз пікірін қосады.

Сонымен қоса әліппедегі практикалық дағдыларды «Ермек-еңбек» «Ойлаңдар! Ойнаңдар!» қалпында ұсынуы үлкен әдіскерлікті көрсетеді. Бір жағынан бұл әдіс оқушы ынтасын сабаққа еселеп арттырады. Бүгінгі тіл сабақтарында қолданып жүрген грамматикалық ойындарымызбек орайлас. Мысалы, «Сын атына зат аты» , «Кім жаңылтпаш жасайды», «Қайсысын қайда қоясың?», «Ойнаңдар!Ойлаңдар!» айдарымен берілегн тапсырмалар, әдіскер оқушыны жалықтырмау, қызықтыру ретінде ермек-еңбек түрінде берілген.

Жалпы, А.Байтүрсынұлының оқытуда ойын әдісін қыстыра жүргізуі аса құптарлық іс. Әліппеде берілген ойындар дыбыс әдісі жолымен сөздерді түрлендіру арқылы сөздер, сөйлемдер жасауға бағытталған. Бұл жерде әдіскердің балаларды оқуға ынталандыру, қызықтыру, шәкірт назарын оқуға жұмылдыру, ұйымдастыру мақсатын ұстанғаны сөзсіз.

Жалпы, (А.Байтұрсынұлы хаттаныту, сауаттандыру әдістемесін жетік білегн. Бұған әліппелердің құрылымы, ондағы материалдар, қолданған жоғарығыдай әдіс-тәсілдер, сүйінген ұстанымдары дәлел болады. Тұжыра келгенде, А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтары жоғарыдағыдай әдістемелік иірімдерге толы. Бұлардың бүгінгі оқыту ісімізге пайдасы шексіз. Оқу құралдарының өміршеңдігі де осында. Мұның бәрі айналып келгенде, тілді оқыту солардан бастау алатындығын толық айғақ.

А.Байтұрсынұлының әліппе, оқулықтары кейінгілерге үлгі болып қана қоймай, әдістемелік зерттеулерге ой салды, қорытынды, теориялық тұжырым жасауға тиімді негіз болды. А.Байтұрсынұлынан кейін әдіскер ғалымдардың ешқайсысы да өз зерттеулерінде А.Байтұрсынұлының әліппелерінде, оқулықтарында көрінген, жүзеге асқан әдістемедік идеяларына соқпай, қте алған жоқ. А.Байтұрсынұлы теориялық тұрғыда дәлелденгенімен, тәжірибеде әліппе, оқулықтары іс жүзінде көрсеткен әдістемелік ойларын, пікірлерін қазіргі ғалымдар дамытып жатқанына ешбір күмән жоқ.


Демек, қазақ атаулының шешен тілді, бейнелей айтсақ, от ауызды, орақ тілді болуы- ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Бұ іспеттес ұлттық құнды қасиет- ата-бабамыздан кейінгіге мирас болған тектілік белгісі. Марк Тулий Цицерон: «Ақындар туа пайда болады, шешендер жүре пайда болады» деген. Ал бұл қағидаттың қазақ топырағындағы көрінісін бабаларымыз: «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады» ,- деп ұлықтаған.

Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылатындығын ежелден білегн дана халқымыз, мұра мақалдарында; «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» , «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», - деп сөз айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Шешеннің ең негізіг құралы – сөз. Демек, сөз тыңдаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөленуі заңдылық.[37,18].

Ал, шешендік сөздерді ғылыми тұрғыда зерделеу ныаныан алу өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан басталған. Ұлттық шешендік өнер, шешендік сөздер теориясының дамуының бір кезеңі тікелей әдебиеттанушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінен айқындалады. Ғылым алғаш рет шешендік сөздерді ғылыми зерттеудің нысаны тұрғысында арнайы қарастырған, А.Байтұрсынұлының 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі – көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді алғаш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми зерттеу. Бұл зерттеудің «Шешен сөз» атты тарауында ғалым шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз; ә) билік шешен сөз; б) қошемет шешен сөз; в) білімір шешен сөз; г) уағыз.

Ғалым-лингвист А.Байтұрсынұлы шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдіріп, шешендіктану ғылымына қатысты алуан лингвориторикалық тұжырымдар жасай алған. Солардың біршоғыры төмендегі бағыттарда өріледі:

-Ғалым «шешен сөз мақсаты – негізгі пікірді баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндірумен қоймай, пікірге нандыру, сендіру, ұйыту, балқыту, иман келтіру», - дей келіп, шешендік сөздің халықтың тіл қазынасы, сан ғасырлар жұріп өткен тарихымыздың шежіресі екендігін баяндайды. Ал, Платон өз тұсында шешендік өнердің мәнін: «Шешендік – нандырудың шебері, оның маңызы мен мақсаты негізгі ой арқылы адамдарды нандыра, сендіре білу болса керек.

«Шешен сөздің тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүректі тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл болады»,-деген тұжырымында шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, кеңдігімен, мәнділігімен ерекшеленетіндігін көрсетіп отыр. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылуы қажет. Әр айтылған сөз адамды бейжай қалдырмай, ерекше сезімге бөлеуі шарт.



«Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып билеп алып кетуге ыждаһат етеді»,-деген тағы бір тұжырымында. Шешен сөз сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады. Кезінде А.Байтұрсынұлы: Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», - дейді. Демек, бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмай, қай кезде болса да халық жадында сақталады.

Ғылым шешен сөздің «қыздырма», яки «қоздырма» деген айрықшп бөлімі болатындығын айта келе, оның қызметі – адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру десе, шешен сөздің зор мүшелерін бастамасы, ұсынбасы, мазмұндамасы, қыздырмасы, қорытпасы деп бес топқа жіктейді. Яғни, шешен сөздің қызметінің өте маңызды орнын алатындығын, керек десеңіз, тыңдаушыны сан түрлі күйге түсіріп, шешен сөз арқылы адамның намысына тиіп, жүрегін билеуге дейін қауқары жететіндігін бір ғана сөйлеммен жеткізіп отыр.

«Пікірді баяндап, түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл-жағы қанағаттанғаннан кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту жеңіл болады», - деген түжырымында ғалым әр пікірдің әсерлі өңі, сұлулығы, татымдылығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салып, жүрек тебірентетіндігін, тыңдаушының еркі мен сезімін билеп, толғандыратындығын жеткізген.

«Жүйрік аттың сипаттары секілді асыл сөзде де белгілі сипаттар болады», - деген-ді. Шешендік мұраның өнегелік-тағылымдық қырларының сапына сөздің құдіретті күшке ие екендігін аңғартуын, сөздің өзіндік бояуы, дәмі, адам сезіміне әсер етерлік қоңыр иісі бар екендігін айтуға болады, сөзді көпшілікке таратудың, жұртшылықты сендірудің немесе тәрбиелеу құралы ретіндее қолданушы әрбір маман адам шешендік өнердің ғылыми негіздерімен сенімді де иланымды қалыпта сөз сөйлей білу дағдыларын меңгере білуі тиіс.

«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек,-деп ғалым сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі болатындығын, жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл екендігін аңғартады, т.б.


Бұл бағытта лингвориторикалық түйіндерді әрмен қарай жалғастыра беруге болады, бірақ осы айтылған тұжырымдардың өзі қазіргі таңда қазақ шешендіктану ғылымының тереңдетіле зерделенуіне алғышарт болатын ойлар. Осы ой-тұжырымдарында Ахаңның ой тереңдігі, тапқырлығы мәнді де мәнерлі сөздері шыншылдық үгіт-өнегесімен өзгешеленеді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Бүгінгі қолымыздағы жиналған мәліметтерді саралай келгенде Ахмет Байтұрсынұлының лингвориторикалық тұжырымдарының оқушыларды өз ойы мен пікірін еркін жеткізіп, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық биікте шешен сөйлеудің айла-амалдарын тиімді жұмсауда, шешендік өнердің сыр-сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіруде таптырмас тәрбие құралы екендігіне көз жеткіздік.

Шешен сөйлеу мәдениетіне үйретудегі мақсаттардың бірі – теориялық және қолданбалы пән ретінде шешендік өнер турасында жүйелі ұғым қалыптастыру, түсінік беру. Сол арқылы болашақ мамандардың қоғами маңызды шеберліктің негіздерін меңгеруге септесу. Ендігі міндет – ақыл-ой алыбы А.Байтұрсынұлының асыл сөз, таңғажайып құнды ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, іс қылу.

Қорытындылай келсек, Ахмет Байтұрсынұлының лингвориторикалық тұжырымдары – бастау алар қайнар бұлақтарын түркілік танымнан түптен тартып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерді, қасиеттерді бойына жинақтап, көркемдік қуатымен, ғибраттық сарынымен дараланған, сондай-ақ, аса бай тілімен өзгеше қалыпта көрінген, халқымыздың рухани азығына айналған көркемдік құбылыс дегіміз келеді [37,45-56].


Қ о р ы т ы н д ы

1.ХХ ғасырдың бас кезінде демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең белсенді көшбасшы көсемі А.Байтұрсынұлының қазақ ғылымы мен әдебиетіне, оның ішінде үлттық педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген еңбегі өлшеусіз мол. А.Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың реформаторы.

2.А.Байтұрсынұлының ағартушылық-риторикалық әдістемеге қатысты еңбектері мен ондағы айтылған мәселелерді төмендегіше топтап қарауға әбден болады: а) Оқулықпен қатар жазылған оқытудың әдістемесін көрсететін еңбектер; ә) Қазақша әліп-бидің, дыбыстың негізінде сауат ашу әдісін іске асыратын еңбектер; б)Ана тілін оқытудың әдістерін баяндайтын еңбектер; в)Тіл дамытудың көрнекілік әдіс арқылы дамытуды көздейтін еңбектер; г)Қазақша сауатты сөйлеудің, оқудың, жазудың әдістерін қарасытыратын еңбек; ғ) Әдістің түрлерін жіктеп көрсететін еңбектер.

3.А.Байтұрсынұлының тілді үйретуге қатысты ұсынған ағартушылық-риторикалық тиімді тәсілдері мен әдістемелік қағидалары мыналар: а) Тілдің материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек деген дидактикалық қағидатты өте тиянақты ұстаған, оны уағыздаған; ә)Кез-келген тілді үйретуші «қарыптан», яғни әріптен, әліп-биден бастау қажет; б)Тілді үйрету ана тілінің сөз, сөйлем жүйесін білгізумен қатар жүруі тиіс; в) Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер, мысалдар, өлең жыр, қызық әңгімелер орын алуы қажет; г)Тіл арқылы сауат ашуда суреттерге көп мән берілуі қажет; ғ)Оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт; д) Мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының, халықтың ұғымына таныс, жақын болуы тиімді; е) Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге ден қойған дұрыс; ë) Тілді үйрету үшін мұғалім бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанды өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білуі керек; ж) Мұғалім балаға білімді өз тәжірбиесі арқылы жинақтауға жағдай жаса, тілді тез үйренуге қарай үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыруы қажет.

4. «Тіл жұмсар» - ана тілін дұрыс қолданып, дұрыс таныту жолдарын үйрететін әдістемелік құрал.

5.А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Тіл-жұмсар» кітаптары бүгінгі «Әліппе», «Қазақ тілі» оқулықтарына көмекші құрал ретінде жазылған әдістемелік-практикалық еңбектердің басы, алғашқысы.

6.А.Байтұрсынұлының еңбектерінің үлкен ерекшелігі – дидактикалық материалдар жинағы да бола алуы. А.Байтұрсынұлы ұғымға жеңіл, айтуға оңай, күнделікті тіршіліктегі сөздерді ала отырып, қазақ тілі әдістемесінің тарихында жаңашыл дидактикалық қағидаттың негізін қалады.