ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 110
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А.Байтұрсынұлы ауыз әдебиетінің бұл түріне де әліппелерінде кеңінен орын берген. Оқулықта табиғат құбылыстары, тұрмыста қажетті құрал-саймандар атауы, жыл мезгілдері, адамның дене мүшелері турасында жұмбақтар кездеседі.
Мысалы: «Ти десем тиеді,тиме десем тимейд», «Үш батыр қолдарына алды найза. Су ішіп бір шұқырдан қылды қайла. Найзамен қар үстіне суды шашып, адамдар сол суынан алды пайда», «Жеті ағайынды бала-жасы бірдей, аты ала» т.б.
А.Байтұрсынұлы жұмбақтарды да қалай болса солай емес , әліппелердегі мәтіндердің ішкі көріністерінің біріне, құбылыс, зат атауларына орай ұсынған.
Жалпы жұмбақ атаулыда белгісіз затқа немесе табиғат құбылсына иеленетін затты табуы тиіс. Бұл жерде оқушылар белгілі бір заттарды салыстыра қарап, өз тұжырымын дәлелдеудің қарапайым түріне үйренеді. Ендеше, жұмбақ баланың ақыл-ойын дамытады, қиялын шарықтатады, тапқырлыққа баулиды. Айналып келгенде , бұның бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытуға бағытталады. Бұл үдерісті К.Д.Ушинский : «Загадки я помещал не с тою целью, чтобы ребенок отгадал сам загадку, хотя это может часто случиться, так как многие загадки просты, но для того,чтобы доставить уму ребенка полезное упражнение: приладить отгадку, сказанную может быть учителем, к загадке и дать повод к интересной и полезной классной беседе, которая закрепиться в уме ребенка именно потому, что живописная и интересная для него загадка заляжет прочно в него памяти, увлекая собою все обьяснения, к ней привязанные...Словом, я смотрел на загадки как на картинное описание предмета»-деп жазды.
А.Байтұрсынұлы қарастырған әліппеден жаңылтпаштардың да шәкірт тілін дамтудың таптырмас, баға жетпес құралы екеніне көз жеткізуге болады. Ағартушы жаңылтпаштардың алуан үлгілерін ұсына отырып «Көсет атам ет асатар, ет асатса бес асатар», «Бай Тайқарбай , қойыңды ақ шалғынға жай,Тайқарбай!» т.б. көбін өзі құрастырған («Зор Ораз, ор Ораз! Ора Ораз , зор Ораз! Ораз орар, аз орар,Ораз озар, аз озар» т.б.) Әдіскер оқушы ойын ,тілін дамыту құралдарының даяр үлгілерін бере келе, жаңылтпаш жасауға арналған сөздерді,сөз тіркестерін ,сөйлемдерді де әдейі тапсырма ретінде ұсынған. «Қайсысын қайда қоясың?», «Кім жаңылтпаш жасайды?» деген дүниелер осы саланы қамтыған. Жалпы, А.Байтұрсынұлы әліппелерін құрастыруда, мәтін жазуда жаңылтпаш тәсілін жиі ескерген әрі шебер қолданған. Шәкірт тілін дамытудың басты амалдарының бірі деп есептеген. А.Байтұрсынұлының әліппелерінде жаңылтпаштарды қолдануында да орыс ағартушысы К.Д.Ушинскиймен үндестік бар. Орыс ғалымы жаңылтпаштарды оқулыққа енгізуді былайша түсіндіреді: «Поговорки, прибаутки и скороговорки ,иногда лишенные смысла, я поместил затем,чтобы вылометь детский язык на русский лад и развить в детях чутье к звуковым красотам родного языка. Особенно я рассчитывал на детей так называемого образованного класса, который испортил свой родной язык, лишив его цвета, красок поэзии и лсизни». Тап осындай мақсатты оқулықатарында А.Байтұрсынұлы да ұстанды. [19,71]
Сондай-ақ, әдіскер «Оқу құралында» (1912) әріптерді тегіс үйретіп біткеннен кейін алғашқы кезекте танымдық материалдар ұсынған. Әліппеде бұл әріптерді меңгеруін пысықтап бекітумен бірге, лексикалық сөздік қорын нақтылау бар. Ендеше ,олар шәкірттің сөздік қорын байытып, тілін дамытуға арналғанын да байқаймыз.
Танымдық материалдарыдң тақырыптары мынадай: «Туысқан-туғансіліктес»(21 сөз), «дене мүшелері»(31 сөз), «үй саймандары» (20 сөз), «ыдыс-аяқ» (29 сөз), «малдар аты»(түйе – 10 сөз, жылқы -14 сөз, ешкі-6 сөз) , соңында – адам сөйлейді, ит үреді, мысық мияулайды, жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қозы маңырайды деген қысқа сөйлемдер берілген. Ал жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қандай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін жәйт танымдық, тілдік маңызы зор мәселе. Тегінде іс-әрекеттерді дұрыс сипаттай білу- тіл мәдениетінің бірінші шарты боолса керек. Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғанның санасына сіңіруді мақсат етуі өте орынды.
А.Байтұрсынұлы бұларға қоса оқулықта жеті сөйлемнен тұратын «Біздің үй», «Мен қалай оқуға бардым?» мәтіндерін ұсынған. Автор оқушылардыі жас ерекшелігіне орайлас мәтіндерді шығарма жазңыза білудің үлгісі ретінде ұсынған секілді. Алғашқысы шәкірттің өз отбасы жөінде баяндатса (бүгіндегі «Менің отбасым» («Наша семья») деген тақырыпта шағын шығарма жаз дегенге саяды), кейінгісі оқуға құмарту, ұмтылдыру сезімін қалыптастырады. Ал әрбір шәкірт отбасының және оқуға келуінінң бірдей еместігін ескерсек. А.Байтұрсынұлы ұсынған мәтіндер тек үлгі ғана. Әрбір мұғалімнің оұулыұ материалдарымен шектеліп қалмауының бір белгісі осында болса керек. Ал үш шумақтан құралған «Өтірік өлең» («Беріпті бақа қызын көбелекке») мен он алты тармақтан тұратын «Балалық күй» өлеңі («Жаратқан баршамызға адам қылып») осы іспеттес оқушының жүйрік қиялын дамытуға, ойлантуға сеп дүниелер.
А.Байтұрсынұлы әліппесінің 1926 жылғы нұсқасы туралы әдіскер ғалым С.Рахметова: «Дыбыспен және тұтас сөзбен оқыту әдісіне негізделген бқл жаңа құрал бұрынғы «Оқу құралымен» салыстырғанда, бастауыш класс балаларының ойлау деңгейіне лайық ойын түрлерінің молдығымен,көрнекті безердірілуімен, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар тәрізді ауыз әдебиеті нұсқаларының жиі пайдалануымен ерекшеленеді. Балалардың сөздік қорын дамытып, олардың назарын сөз мағыналарына аударуды көздейтін жұмыс түрлері де бұл жаңа құралда күрделене түскен. Әсіресе, берілген сөздерден оқушылардың өздеріне жаңылтпаш жасатуды немесе берілген күрделі жаңылтпашты айтқызуды көздеген жаттығуларды ұсынғандағы автордың бір мақсаты – балалардың тілін дамыту екендігі талас туғызбайды»,- деп орынды да салмақты пікір білдіреді.
Әдіскер ғалым Т.Әбдікәрімова: «Бастауыш класта оқушы тілін дамыту мәселесі қазақ халұының ағарту ісі тарихында ғылыми ізденістерден емес, іс-тәжірибеден басталды деуге болады, себебі сауат ашу, жаппай бастауыш білім беру ісі алдымен оқулықтар, оқу құралдарын жасау мәселелерін алға тартты»- деген түйін айтады. Ендеше тіл дамыту мәселесін сөз етушы әдіскерлердің алғашқы санында Ы.Алтынсарыұлы, А.Байтұрсынұлылар көрінері хақ.
Жалпы әліппеде, оқулықта ұсынылған материалдар мазмұны мен оқыту әдісінің арасында белгілі бір дәрежеде өзара байланыс болуы керек. Бұлай болудың өзі айналып келгенде оқыту, сауат ашу ісінің тиімді болуының бір шарты да. Тек мұғалім оқулықта берілген материалдарды мазмұнына,сипатына қарай оны меңгертудің қолайлы әдістерін белгілеуі тиіс. Ал оқулықта ол ескерілсе, мұғалімге көп жеңілдік туатыны сөзсіз. Бұл орайда А.Байтұрсынұлы әліппелеріндегі материалдар талдау – жинақтау әдісіне лайықты екені көзге қолданылғанын көру қиындық келтірмейді.
Талдау- жинақтау әдісі бойынша белгілі бір сөзде бар екені, әр буынның неше дыбыстан және қандай-қандай тұратынын талданып, ажыратылады. Талдау және жинақтау әдістері бір-бірімен байланысты түрде қолданылады. А.Байтұрсынұлы бұл әдістер турасында «Жалқылау (айырыңқы әдіс)», «Жалқылаушы-жалпылау әдіс» мақалаларында жазған. Бүгінде де бұл әдістер оқушыларға оқу жазуды үйретуде жақсы нәтижелер беріп келеді. Мұны мектеп тәжірибесі дәлелдеуде.
Әдіс табиғаты белгілі әдіскер ғалым Ғ.Бегалиев 1959 жылы «Талдау және жинақтау әдісі» мақаласында былайша түйіндейді: «Түсіндірейін деп отырған грамматикалық категорияның анықтамасын бірден айта салмай, алдымен түсіндіру үшін берілген мысалдарды талдай отырып, сонан соң соған байланысты анықтама шығаруға (қорытынды жасауға) мүмкіндік беретін әдісті пелагогикада талдау (аналитикалық) әдісі деп атайды. Екінші сөзбен айтқанда, бүтінді ажырата (бөлшектей) отырып танытатын әдіс-талдау әдісі». А.Байтұрсынұлы да өз әліппесінде әрбір дыбысты танытуда талдау әдәсән қолданғанына көз жеткізу қиын емес. Мәселен, әдіскер дыбысты шәкірттерге түсіндіру үшін, белгілі бір дыбыстың әрпін оқушыларға көрсетіп, мынау пәлен (мысалы «з») деген әріп, осыны айтсақ «з» дыбысы болып шығады демейді. Ол алдымен бірнеше суреттерді көрсетеді. Соларды атата және талдай отырып, «з» дыбысының бірде сөздің (буынның) басында, бірде ортасында,бірде аяғында естілетінін аңғартады. Содан кейін ғана жазғанда, «з» дыбысын былай белгілейміз деп тақтаға (не кете әліппеден) «з» әрпін көрсетеді. Мәне, осылай әліппенің басынан аяғына дейін талдау жасай отыра түсіндіріп , талдау әдісін қолданады. Демек, сөз я буын ішінен дыбыстарды ажыратқанда және кесте әліппеден сөздер, сөйлемдер құратқанда, мұғалім осы әдісті орынды, дұрыс қолдануы қажет. Сонда ғана ол балаларды сөз, буын құрамын шатастырмай дұрыс оқуға үйрете алады. Сөзді дыбыс жүйесімен талдату жұмысы дұрыс ұйымдастырылса, балалар сөз құрамындағы дыбыстарды ежіктемей, дұрыс оқуға төселіп кетеді. Жинақтау әдісін қара тану кезінде қолданғанда, дыбыстардан буын,буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрастырамыз» -дегенді айтады [20,28].
Ал әдіскер ғалым С.Рахметова: «Сауат ашу кезінде талдау және жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте,байланыста жүргізіледі; балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып, буын етіп оқитын болады»,-дейді. А.Байтұрсынұлы әліппелеріндегі материалдар жинақтау әдісіне де икемді.
А.Байтұрсынұлы «Тіл құрал», «Тіл жұмсар» оқулықтарына енген материалдарды меңгеруде индуктивтік және дедуктивтік әдістерді қолданады. Мұғалім бірде тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп,сонан соң тұжырым шығартып, материалды индувтивтік әдіспен ұғындырады. Мысалы «Тіл құралда» ,«Буын мен дыбыс» тақырыбын индуктивтік әдіспен түсіндіргенде, автор: «Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, «не?», «же!», «мә!»,»ат»,»аш» деген сөздердің ішінде бір буыннан бар. «Не?» (бірінші дыбыс «е»,екніші дыбыс «е»), «же» (бірінші дыбыс «ж», екніші дыбыс «е»), «ат» (бірінші дыбыс «а», екніші дыбыс «т»), «аш»(бірінші дыбыс «а»,екінші дыбыс «ш»)[21,22-б].
Қап, бас, жел, күл, мес, жау деген сөздер бір буынды, бірақ бұлардың әр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс бар: қ-а-с, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, т.б. Бұл дыбысты буындарда болады. Мәселен, а-ра, а-та, а-ғу,а-зу, а-сы деген сөздердің бірінші буындарында бір-бір дыбыстан, екніші буындарында екі-екі дыбыстан бар деген тұрғыда тіл құбылыстарын жеке-жеке ұғындырып алы, ақырында: «Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз, сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе, қарып көрінетін,естілмейтңн нәрсе»-деп жалпы қорытынды шығарады. Жоғарыда тіл құбылыстарын жекелеп түсіндіруге әдіскердің талдау және жинақтау әдістеріне сүйәнгені де анық көрінеді.
Енді бірде анықтаманы не ережені әуелі хабарлап алып, кейін соған сәйкес сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді талдауды ұсынады. Сөйтіп, осылайша берілген теориялық мәліметтіі дедуктивтік әдіспен меңгертеді. Мысалы, (Тіл құралында «Есімдік» тақырыбын дедуктивтік әдіспен түсіндіргенде, әуелі әдіскер ; «Кейбір сөздерді зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүргендіктен есімдік дейміз. Мәселен, «Нұрман отыр» дегеннің орнына «ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің орнына «мен» деймін, «шәкірт» дегенні орнына «сен» деймін. Мұндайй сөздер көбіне өзге есімдердің орнына жүретін болғандықтан есімдік деп аталады. Мәселен, есімдік сөздермен сен,ол,олар, кім, не, қайсы, қандай, өзім,өзің, өзі, мынау, ол, бірі, бәрі, менікі, өзінікі, басқанікі»,- деп береді де, сынау барысында сөйлемдерлің ішіндегі есімдік сөздерді айыртуды қиындық келтірмейді.
Ендеше, А.Байтұрсынұлының осы әдістерді сөз етіп қана қоймай, оқулықтарын жазуда сәтті қолдануының өзі үлкен әдіскерлікті аңғартады.
А.Байтұрсынұлы әліппелерінде жинақталған материалдарға сүйене айтсақ, әдіскер оқу үрдісін ұйымдастыруда әңгіме әдісін, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,берілетін білім көздерінің деңгейіне сейкес түсіндіру әдісін салыстыру, оқулықпен жұмыс істеу, көрнекілік,ойын әдістерін шебер қолданған. Мәселен, әңгіме әдісін бастауыш сынып оқушылары үшін қолданылатын негізгі әдістердің бірі ретінде білеміз. Бұл ретте сұрақ қоя білу ерекше рөл атқарады. А.Байтұрсынұлы сауалдың қысқа да, түсінікті, ауызекі сөйлеу түрінде бейімдеу болғанын тәуір көрген. Бұл дұрыс та. Өйткені , жете ойластырылмаған сұрақ шәкірттерге қиындық туғызады. Сабақ мазмұнын ашу орнына , оның мәнін кетіреді. Сол себептен де, әдіскер сұрақ қоюға аса жауапкершілікпен қараған. Бұған мысал ретінде А.Байтұрсынұлы әліппесіндегі «Ойнаңдар! Ойлаңдар!» тапсырмасынан кейін берілеген сауалдарды, не болмаса, «Тіл жұмсар» атты әдістемелік нұсқауының өн бойында берілген сұрақтарды айтуға болар еді. Жалпы әңгіме әдісі оқу материалының мазмұны ашылуына, баланың түсіну дәрежерсінің айқындалуына үлкен сеп. Бұған қоса оқушыларды сабақта еркін сөйлеу үдерсіне қатыстыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты да жүзеге асырылады. «Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық «грек сөзі «эврика-таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді»,- деп жазады. Әдіскер ғалым С.Рахметова.
А.Байтұрсынұлы тіліміздегі дауыстылардың жуан-жіңішке, ашық-қысаң, дауыссыздардың қатаң-ұяң болып жұптану табиғатына сәйкес салыстыру әдісін тиімді қолданған.
Сондай-ақ, әдіскер тіліміздің жалғамалық қасиетіне байланысты дыбыстар мен буындар санын үдету әдісін өнімді пайдаланған. Себебі тілімізде бір мағыналы сөзге біртіндеп қосымша қосу арқылы екніші мағыналы сөз шығаруғамол мүмкіншілік бар.
Әдіскер А.Байтұрсынұлы дыбыс таңбаларын танытқанна кейін шәкірттердің өздігінен орындайтын практикалық жұмыстарын ұйымдастыруға да елеулі мән бергендігіне әліппедегі «Ермек-еңбек» бағытындағы тапсырмадар дәлел. А өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар белгілі бір дағды алары сөзсіз. Бұл орайда