ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 359
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
62. Ғылым мамандық пен қызметтің ерекше түрі ретінде
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Ғылым (араб.: علم (ілім) — білім, тану; лат. scientia — білім) — ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Ғылым ерекше әлеуметтік институт және танымдық қызметтің ерекше формасы ретіңде XV—XVI ғасырларда пайда болды. Яғни, ол қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заманның мұқтаждығынан туған әлеуметтік құбылыс. Ендеше, ғылым,-жаратылыстану ғылымы ең алдымен капиталистік өндіріс тәсілінің нәтижесі. Оның қалыптасуына - үлкен үлес қосқан атақты ғалымдар Коперник, Галилей, Кеплер және басқалар болды. Осы жерде Галилей мен Ньютон жасаған классикалық механиканы айта кету керек. Өйткені, ол қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда бол,ан ең алғашқы теория
63. Ғылымның идеалдары мен нормалары- ғылыми қызметтің мақсаты мен мен оған жетудің тәсілдері туралы түсінік ретінде
Ғылым негіздерінің құрылымын сипаттайтын үш негізгі құрамдас бөлігі бар. Олар, біріншіден, ғылыми зерттеу идеалдары, нормалары мен критерийлері, екіншіден, дүниенің ғылыми бейнесі (көрінісі), үшіншіден, ғылымның философиялық негіздері. Ғылым негіздерінің бұл құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты және бір-бірімен әрекеттестіктікте өмір сүреді.
Ғылым негіздері оның теориялық базисін құрады да оның гипотезалары, заңдары мен теориялары сол базиске сүйенеді.
Әрбір іс-әрекет сияқты ғылыми қызмет те нақты ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты оқтын-оқтын туып отыратын белгілі мақсаттарды басшылыққа алады. Екіншіден, белгілі бір жалпы танымдық құндылықты көздейді, атап айтқанда, ең алдымен шындық туралы объективтік ақиқат білімге қол жеткізуді көздейді. Үшіншіден, болашақта практикалық қолданыс табуы мүмкін теориялар мен модельдер жасайды.
Бұл мақсаттар мен құндылық бағдарлары ғылыми зерттеудің идеалдары мен нормалары арқылы шындыққа айналады. Бірақ ол идеалдар мен нормалар ғылымның тарихи дамуы барысында өзгеріссіз қалмайды, елеулі өзгерістерге ұшырап отырады, әсіресе ғылымдағы революциялар кезінде ғылымилықтың идеалы және әсіресе ғылыми зерттеудің нормалары өзгереді. Ертедегі гректер, мәселен, дәлелді ақиқат білімді – «эпистеманы» ғылымилықтың идеалы деп жариялады. Бұл идеал Евклид құрастырған геометрияның бірінші аксиомалық жүйесінде — оның «Бастамаларында» нақты іске асқаны белгілі. Онда барлық белгілі геометриялық білімдер логикалық дедукцияның көмегімен дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалардан қорытып шығарылды.
Ертедегі гректердің ғылыми білімді құрудағы аксиомалық және дедукциялық идеалын ертедегі мысырлықтардың ғылымға дейінгі идеалымен салыстырса, олардың арасындағы орасан зор айырмашылықты байқамау мүмкін емес: мысырлықтар дәлелдеудің, қорытындылаудың орнына нақты жекеше есептерді шығарудың мысалын келтірген немесе геометриялық дәлелдеудің орнына сызба чертежын келтіріп, «қараңыз!» деп жазып қойыпты. Ертедегі вавилондықтардың математикасы да осындай ғылымға дейінгі сипатта болған.
64. Зерттеудің нормалары мен идеалдарының құрылымы: түсіндіру мен сипаттау идеалы мен нормасы
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты.
Ғылымның “өсу нүктесі” оның ішкі даму логикасы мен қазіргі замандағы адамзат қоғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20- шы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты.
20 – ғасырда ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарды шешуге бағытталған мәселелерде ерекше байқалды. 3 – мыңжылдықтағы ғылымның дамуының басым бағыты біздің бүкіл әлемді, оның ішінде, адамның ішкі әлемін жан-жақты, түтас қалыптастыру болмақ.
Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі – түсіндіру мен болжау болып табылады. Ғылым деректен басталып, дерекпен аяқталады, бірақ бұл екі дерек бір нәрсе емес, бастапқы дерек – теориялық мазмұнмен “қиындатылмаған”, ал қорытындылаушы дерек – тәжірибеден туған теориялық тұжырымдардың жемісі ( заңдардың ашылуы) болып табылады.
Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізумен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан.
65. Философиялық идеялар-ғылымның онтологиялық постулатттарының, ғылыми ізденістің гносеологиялық нормативтерінің және аксиологиялық қондырғыларының (идеалдар мен нормалардың) негізі
ҒЫЛЫМНЫҢ ИДЕАЛДАРЫ МЕН НОРМАЛАРЫ - ғылыми қызметтің құндылықтары, оның мақсаттары мен оларға жету жолдары туралы идеяларды білдіретін реттеуші идеялар мен принциптер. Тиісінше, ғылымның қызмет етуінің екі жағы - танымдық қызмет ретінде және әлеуметтік институт ретінде ажыратылады: а) ғылыми білімнің әр түрлі нысандарында объектіні көбейту процесін реттейтін когнитивті идеалдар мен нормалар; б) ғылымның рөлін және оның қоғамдық өмір үшін құндылығын тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде бекітетін, зерттеушілердің қарым-қатынас процесін, ғылыми қауымдастықтар мен мекемелердің бір-бірімен және бүкіл қоғаммен байланысын және т.б. Когнитивті идеалдар мен нормалар келесі негізгі формаларда жүзеге асырылады: идеалдар мен нормалар 1) түсініктемелер мен сипаттамалар, 2) білімнің дәлелділігі мен дұрыстығы, 3) білімді құру және ұйымдастыру. Олар жиынтықта белгілі бір типтегі объектілердің дамуын қамтамасыз ететін зерттеу қызметі әдісінің өзіндік схемасын құрайды. Әр ғылымға тән танымдық идеалдар мен нормалар негізінде оның объектілерін эмпирикалық және теориялық зерттеудің нақты әдістері қалыптасады. Ғылымның идеалдары мен нормалары тарихи дамиды. Мазмұны бойынша өзара байланысты үш мағыналық деңгейлерді ажыратуға болады: 1) ғылыми рационалдылықтың
жалпы сипаттамалары, 2) олардың әр түрлі тарихи ғылым түрлерінде түрленуі, 3) оларды белгілі бір ғылыми пән объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты конкретизациялау.
66. Дүниенің ғылыми бейнесінің негізгі типтері: жалпығылыми, жаратылыстанулық, әлеуметтік және жергілікті (арнаулы)
Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: Жаратылыстану ғылымы (Биология, Химия, Физика...) ұлы табиғатты зерттейді; Қоғамдық ғылымдар (экономика, психология, әлеуметтану...) жеке адам мен қоғамды зерттейді; формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді. Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажеттілікті көздесе, тіке технологияға айналып нақты пайда берсе, онда ол (мысалы медицина, инженерия секілді) Қолданбалы ғылым деп атайды. Ол көбінесе нақты қолданысы мәлім жанама жолмен іске асатын Теориялық ғылымға салыстырмалы айтылады.
Ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, интуиция, эмоция, көңіл-күй, қалау, діни көріпкелдік секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар мол қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.
67. Білімнің дамуының кумлятивті үлгісі, оның мәні мен негізгі өкілдері
Ғылымда дəстүрлі түрде алға деген кумулятивтік қозғалыс қабылданады, яғни, қалыптасқан нəтижелер арқылы алға басу. Яғни, бұл жерде жинаушының бейнесі анық. Ғылым ақиқат білімдердің жинағы. Философияға бұл бейне лайық емес, себебі, философия əрқашанда дайын нəтижеге риза болмайды, мысалы, орта ғасырдың өмірі туралы жауаппен қазіргі адам келіспейді; əр тарихи уақыттың өзгешелігі болған соң жəне əр адам өзі үшін жауап іздейді, бəріміздің бірлігімізге қарамай. Философияның өзгешелігі - оның өзгеше рефлексия əдісі мен өзіне ауыстыруда. Философия үшін адамзат тарихының бүкіл сұрақтарын қайта қою, құрастыру -
мақсат.
Ғылыми революциялар «қалыпты» ғылымның тоқтаусыз дамуында драмалық үзіліс емес. Оған қарай ол ғылыми дамудың өлшеу бірлігі болады. Тулмин үшін Кунға қарағанда, революция революциядан кем, ал нормалы ғылым - кумулятивтілігімен кем.
Рационалдылық пен логикалықтың теңдігі, Тулминнің пікірінше, униформистік пен революциялық түсінулердің шектігін білдіреді. Униформистік, немесе кумулятивтік моделі танымды логикалық байланыс жүйе ретінде түсінірілетін универсалды абстрактілі идеалға тұрақты жəне тоқтаусыз жақындау
68. Дүниенің ғылыми бейнесі
Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен қағидаларды жалпылау жəне синтездеудің нəтижесінде құрылған нақты дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен (табиғат, қоғам мен таным туралы) дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы - таным пəніне қарай
-
физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.
Əр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тəжірибе мен танымның дамуына қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады. Мысалы, табиғаттану (ХVІІ ғ.) классикалық механиканың негізінде қалыптасты, ал ықтималды теория (ХХ ғ.) келесі түрін ұсынды, қазір - синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты.
Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рөлді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болған соң қалыптасуында содан негіз алады.
Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым əлеуметтануымен, ғылыми шығармашылықтың психологиясымен, ғылымтанумен. ХХ ғ. ортасынан бастап осылардың бəрін толық, жүйелі, кешен түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала - ғылым философиясы пайда болды. Қорыта айтқанда, ғылыми білім нақты заңдар бойынша дамуға бағытталған қиын, көп бұтақтан тұратын, көп түрлі процедуралардың