Файл: ылымны тарихы мен философиясыны пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 349

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

46.И.Лакотостың ғылыми-зерттеу концепциялары

Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын. «Ғылыми – зерттеубағдарламаныңметодологиясы» концепциясы. Фальсификацияныңүштипі. Лакатостыңойыншағылым мен зерттеулербағдарламаларыныңсайысы, яғниөзарабəсекесіболуытиіс. Дəл осы идеясынəзікметодологиялықфальсификационизімменсипатталады, бұл Поппер концепциясыныңнегізіағымымендамыған. Лакатос Поппердің ғылым философиясының өткір бұрыштарын жұмсартуға тырысты. Ол Поппер көз қарасың үш кезеңге бөлді: 1- догматикалық (натуралистік) фальсификационизм, 2 - наивный (қияли) фальсификационизм, 3 - методологиялықфальсификационизм. Соңғыкезең 50 жылдардан басталады жəне нормативті концепцияның өсу зерттемесімен жəне білімнің дамуын жан- жақты сыншыл негізімен байланысты. Ғылымның бірінші түрі процесс сияқты, құрылымдармен белгіленген. Методологиялық фальсификационизмді жұмсарту үшін И. Лакатос зерттеу бағдарлама концепциясын ұсынды. И. Лакатос назарын теорияға емес, зерттеу бағдарламаларға көңіл бөлді. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы ғылымның құрылымды-динамикалық моделінің бірлігі болып табылады. Сонымен, Лакатостың ойынша, ғылым-зерттеу бағдарламаларының бəсекелесуі сияқты болады. Мұндай көзқарасты эпистемология мен ғылымның историография арасындағы байланысты жəне ғылыми эволюциялық ізденістерде бірінші орынға койылады.

47.Т.Кун:ғылымның дамуы парадигмалардың ауысуы ретінде

Парадигма дегеніміз ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, əдістерінің тұрақты жүйесі. əдеттегі қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, əрі қарай даму барысында логикалық қатал тəртіпке бағынады. Бірақ бір кезде осы парадигмаға сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болып, олар жаңа парадигманы туғызуға душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп, адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы жаңа білімді іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен, логиканың орнына психология келді. Томас Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды. Кунның анықтауынша, əлем картинасында оның мынадай маңызды компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы жəнеəне ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша парадигма бұл – тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту Кунның сипаттамасы бойынша секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі жекелеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады жəне бір парадигмадан екіншісіне өтуге қатысы болмайды. Кунның айтуынша, əрбір парадигманың өз ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе бірнеше парадигмаларды саластырғанда олар бір-біріне сəйкес келмейді.

48.П.Фейерабендтың «эпистемологиялық анархизмі» және оның ғылым тарихын рационалды реконструкциялау мүмкіндігін жоққа шығаруы

П. Фейерабенд (1924-1994) – американдық-австриялық философ және ғылым әдіскері, постпозитивтік философияның радикалды қанатының өкілі. Бұл оның ғылым әдістемесінен де, оның неопозитивизмді сынау сипатынан да көрінеді. Оның ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары дәлелдеген «эпистемологиялық анархизм» тұжырымы кең танымалдылыққа ие болды, мұнда ол ғылыми және дүниетанымдық плюрализмге тоқталады. Контриндукция кеңінен танылған және мойындалған теориялармен және жан-жақты негізделген фактілермен сәйкес келмейтін болжамдарды жасауды және енгізуді талап етеді. Фейерабенд ұсынған бұл принцип «эпистемологиялық анархизм» теориясын тудырды. Кун ғылыми білім мен ғылыми ұтымдылық принциптерінің қатыстылығы туралы тұжырымды ұсынып, оларды ғылыми қауымдастыққа байланыстырса, Фейерабенд ғылыми қауымдастықты жеке тұлғамен алмастырды. Ол: «ғалым қандай да бір нормаларға бағынбауы тиіс, ол фактілер мен құбылыстарды ешқандай идеялар мен теориялардың қысымына түспей, дербес зерттеуі қажет. Ғалым дәстүрлерге, нормаларға, парадигмаларға иек артса, оның зерттеу тақырыбы басқа тақырыптарға тәуелді болса, бұл ол жасаған теорияның объективтілігі мен шынайылығына кепіл болмайды. Басқалардың ғылыми қызығушылықтарын қолдай отырып, өзге көзқарасқа сабырмен қарау қажет, осының өзі жеткілікті» деп жазды. Фейерабендтің ойынша, ғылыми ойлау стандарттары материалдық ықпал күшіне, метафизикалық күшке ие, сондықтан ғалым көп жағдайда оларға бейімделуге мәжбүр болады. Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмін» «идеялардың бассыздығын», иррационализм ретінде түсіндіруге де болады. Ол білімнің сабақтастығына, ғылымның тұрақты дамуына алып келетін факторларға жеткілікті назар аударған жоқ. Алайда, оның шынайы ғылымға берген сипаттамалары көбіне дұрыс болып келетін, сондықтан оның идеялары бірден сынға ұшырап отыратын. Заманауи ғылымға «ішкі жағынан» қарай отырып, Фейерабенд көптеген зерттеушілерге классикаллық ғылымның архаикалық, догматтық идеалдарынан бас тартуға көмектесті. Ол заманауи ғылымда плюрализм, толеранттылық принциптерінің қолданылу құқығының бірдей екендігін, ғылыми элитаның ғана емес, ғалымның да шығармашылық ізденіс жүргізуге құқығы бар екендігін көрсетті. Бұл принциптердің орындалмауы ғылыми танымның тоқырауына алып келеді.



49. М.Поланидің айқын емес (көрінбейтін) білім концепциясы
Полани таза эмпирикалық және формальды-логикалық амалдардан бас тартады, ол айқын емес білімнің эпистемологиясын негіздеді. Ол «бүкіл әлемді тану үдерісіне қатысатын білімнің екі типі бар» деп көрсетеді, олар: орталық (айқын) және жасырын (айқын емес). Айқын емес білім – білімнің логикалық формаларына арналған қажетті негіз. Ол ғылыми ізденіс шеберлігіне тікелей үйрету («қолдан қолға») кезінде және ғалымдардың жеке қарым-қатынастары арқылы беріледі. Білімнің екі типінің арасындағы байланыс екі жаққа да бірдей: әрбір ғылыми термин, Полани бойынша, «айқын емес біліммен жүктелген» және оның мәнін дұрыс түсіну тек теориялық кеңмәтінде қолданылғанда ғана мүмкін болады. Полани ғылыми танымда дәстүрлер мен құндылық бағдарлары маңызды орын алады деп көрсетеді. Бұл – айқын емес, тәжірибелік білімнің құрамдас бөлігі, мұнда логикалық-вербалды формалар көмекші рөл атқарады. Ғалымның өз еңбегінде арқа сүйеген алғышарттарын толықтай вербалдандыру, яғни тілмен жеткізу мүмкін емес. Осындай типтегі білімдерді ол айқын емес деп атады: «... Ғылымның дәл жүрегінде тұжырымдау арқылы түсіндіру мүмкін емес білімнің тәжірибелік саласы бар». Оған дәстүрлер мен құндылық бағдарларын жатқызуға болады.

Айқын емес білімге тұтастық (әлемнің) элементтерінің сыртқы білімдері жатады, ол сонымен қатар осы білімдердің тұтастыққа қосылуына көмектесетін интегративті үдерістерді де қамтиды. Жалпы, таным үдерісі дегеніміз айқын емес білім шекараларының үнемі кеңейіп отыруы және оның компоненттерінің орталық білімге қосылуы деп санайды Полани. Айқын емес білімнің және айқын емес дәстүрдің екі типін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, білімнің тікелей қарым-қатынас арқылы берілуі, жеке байланыссыз мұндай білімді беру мүмкін емес; екіншісінде мәтін білім беруші ретінде саналады, мұнда тікелей қарым-қатынастың қажеті жоқ. Айқын емес дәстүрлердің негізінде әрекет үлгілері мен өнім үгілері жатуы мүмкін. Айқын емес білім туралы тұжырыммен Поланидің тұлғалық білім теориясы тікелей байланысты. Білімді нақты тұлғалар алады, таным үдерісін бір қалыпқа келтіру мүмкін емес, ал білімнің сапасы ғалымның жеке қабілеті мен тұлғалық қасиетіне байланысты деген ойды дәйек етеді Полани. Ол өз тұжырымын келесідей еңбектерінде мазмұндаған: «Тұлғалық білім. Постсыншыл философияға барар жолда»; «Айқын емес білім»; «Білім мен болмыс». Поланидың теориясының кемшілігі ол білімнің айқын және айқын емес типтерінің генетикалық өзара байланысына назар аудармайды.


50. Постмодернистік дискурс жаңа жанр ретінде: Р.Рорти
Постмодерндік философия Рортидің діни-ғалымдық көзқарас деп атайтын сынын оның негізгі ұстанымдары мен олардың ішкі логикасын текстологиялық тұрғыдан талдауға негіздейді. Декарттық-платондық дәстүр тілдік құбылыс ретінде қарастырылады (немесе Рортидің терминологиясында «тілдік ойынның» нәтижесі). Неопрагматизм, деконструктивизм, Деррида грамматологиясы және постмодернизмнің басқа салалары модернистік философияны қайта құруға қатысты көптеген позициялар бойынша тоғысады. Бұл ережелердің жалпылығы Хайдеггердің трансценденталды метафизика мен гносеологияның интеллектуалды бастауларын түсінуінен басталады. Классикалық баяндауды қайта қарауды Хайдеггер «оны ауыстыру үшін» жаңа нәрсе жасау мағынасында емес, осы баяндаудың рөлін қайта қарау және олардың дамуының тек тарихи алғышарттарына тәуелді оның ережелерінің абсолютті салыстырмалылығын растау түрінде жүзеге асырады. «Құндылықтарды қайта бағалау» жөніндегі бұл жұмысты Витгенштейн лингвистикалық сын деңгейіне ауыстырды, содан кейін постмодернистер сөз қолдану контексттері мен тілдік ойындардың ерекшеліктерін талдау түрінде жалғастырды.

51. Ж.-Ф. Лиотардың «Постмодерннің жағдайы» атты еңбегі, оның мәні

«Постмодернизм» ұғымы философиялық ұғым ретіндегі статусқа (мəртебеге) 1979 Ж.-Ф. Лиотардың «Состояние постмодерна» деген еңбегі жарыққа шыққаннан кейін ие болды. «Постмодернизм термині «уақыт рухын» бейнелеп көрсететін термин ретінде қолданылды. Өзінің шығармасында алдына қойған мақсатын айта келе Лиотар былай дейді: «Бұл зерттеудің пəні қазіргі кезеңдегі анағұрлым дамыған қоғамдардың білімінің қалақуалын зерттеу. Біз оны «постмодерн» деп атауды жөн көрдік. Бұл сөз... трансформациядан кейінгі мəдениеттің хал-ақуалын бейнелеп көрсетеді . Постмодерн дəуірін сипаттай келе, Лиотар оны қалыптасқан факт деп қарастырады. Постмодернистік дəуірдің өзінің құқына ие болуы біртіндеп, байқалмай өтетін процесс ретінде қарастырылды. «Постмодерн радикалды, айқын белгіленген хронологиялық уақиға емес. Уақыт жағынан ол 60-жылдардың аяғында басталып», бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл жерде постмодернизмді қандайда бір нақ ты дəуірмен байланыстыруға болмайды, өйткені постмодернистік көзқарастарды оның пайда болған күніне дейін-ақ кездестіруге болады.

52. К.Поппердің ғылыми білімнің өсу концепциясы

Карл Поппер білімді (кез келген түрде) тек дайын жүйе ретінде ғана емес, сонымен қатар өзгеріп, дамып отыратын жүйе ретінде қарастырады. Ол ғылымды талдаудың осы жағын ғылыми білімнің өсуі тұжырымдамасы түрінде ұсынды. Поппер ғылыми білімдердегі өзгерістердің алдыңғы қатарына ілгерілеуі, оның өсуі мен ілгерілеуі белгілі дәрежеде жүйеленген дедуктивті жүйе ретінде ғылымның кең таралған идеалына қайшы келуі мүмкін екенін анық біледі. Бұл идеал евклидтен бастап еуропалық гносеологияда үстемдік етті. Алайда, жарияланған идеалдың барлық талассыз маңыздылығы мен тартымдылығына қарамастан, ол үшін тұтастық туралы ғылымды шығару, эволюция, өзгерту, даму сияқты нағыз шайтанды жою мүмкін емес. Бірақ барлық эволюциялар шынайы білімді білдірмейді, ал соңғыларын эволюцияның кез-келген сипаттамасымен (мысалы, сандық) сәйкестендіру мүмкін емес.

Сонымен, ғылыми білімнің өсуі батыл гипотезалар мен оларды теріске шығарудың ең жақсы (мүмкін) теорияларын, оның нәтижелері мен ғылыми мәселелерді шешуде жатыр. Поппер бұл процестің кейбір қиындықтарын және тіпті нақты қауіптерін атап өтті. Олардың арасында, мысалы, қиялдың жоқтығы, формализм мен нақтылыққа негізсіз сену және авторитаризм сияқты факторлар бар. Ғылым философы тіл, проблемаларды тұжырымдау, жаңа проблемалық жағдайлардың пайда болуы, бәсекелес теориялар, пікірталас барысында өзара сын сияқты сәттерді өсудің қажетті құралы деп санайды. Поппер өзінің логикалық және әдістемелік тұжырымдамаларын негіздеу үшін нео-дарвинизм идеяларын және жүйелі даму принципін қолданды: ғылыми білімнің өсуі жалпы әлемдік эволюциялық процестердің ерекше жағдайы ретінде қарастырылады.

53. Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және сипаттық белгілері

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады.