Файл: Химия пнінен алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Химия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 74

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім

9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы

Оқу мақсаты

9.4.1.11 Белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Белгісіз заттардағы катион тәжірибесінің жоспарын құрады


мен


аниондарды


анықтау

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Қолдану

Тапсырма




Практикалық жұмыс: «Сапалық реакциялар көмегімен катиондарды және аниондарды анықтау»

Жұмыстыңмақсаты:
Болжам:
Құрал-жабдықтарменреактивтер:
Жұмыстыңжоспары:
Берілген заттар:
Сапалық құрамын анықтаңыздар:
Сапалық реагенттерін анықтаңыздар:
Қорытынды:
Дескриптор Білімалушы

  • оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің болжамдарын ғылыми негіздеп ұсынып, нақты жоспар құрады;

  • жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды және өз бақылауларын кестеге енгізеді;

  • берілген заттардың сапалық құрамын қажетті реаганеттерді дұрыс қолдана отырып анықтайды:

  • жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытындылайды.




Бөлім




9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы

Оқу мақсаты




9.2.3.1 Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Массасы 20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда түзілетін мыс гидроксидінің массасын есептеңіз.




  1. 28 г темір мен 22,4 г күкірт әрекеттестіріп темір (II) сульфиді алынды. Темір (II) сульфидінің неше грамы түзілетінін табыңыз.

Реакция нәтижесінде артық қалған заттың массасы қандай?


  1. 2 л азот пен 4 л сутек әрекеттескенде (қ.ж.) түзілетін аммиактың көлемін табыңыз.

Дескриптор

Білімалушы




  • реакция теңдеулерін жазады және теңістіреді;

  • көлемі бойынша моль санын немесе моль бойынша массасын есептеп тапсырманы дұрыс орындайды.





Бөлім 9.1С Химиялық реакциялар жылдамдығы



Оқу мақсаты 9.3.2.2 Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау

және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
Бағалау критерийі Білімалушы

    • Факторлардың реакция жылдамдығына әсерін анықтайды

    • Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма



Зертханалық жұмыс ( 1 топ орындайды)

Химиялықреакцияжылдамдығыныңәрекеттесушізаттардыңтабиғатынатәуелділігі.

Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, мырыш түйіршіктері, HCl және CH3COOH ерітінділері, мензурка.

Жұмыс барысы

Бақылаулар

Қорытынды

2 сынауыққа массасы және беттік ауданы бірдей мырыш түйіршіктерін салыңыз.

Бірінші сынауыққа 2 мл HCl, екінші

сынауыққа 2 мл CH3COOH құйыңыз.








Зертханалық жұмыс ( 2 топ орындайды)

Химиялық реакция жылдамдығынің әрекеттесуші заттардың жанасу ауданына тәуелділігі.Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, темір шеге, темір ұнтағы, CuCl2 ерітіндісі, шыны күрекше, мензурка.

Жұмыс барысы

Бақылаулар

Қорытынды

Бірінші сынауыққа ұзындығы 2 см дей темір шеге салыңыз, екінші сынауыққа шыны күрекше көмегімен темір ұнтақтарын салыңыз. Сынауықтардың

әрқайсысына 2 мл СuCl2 ерітінідісін құйыңыз.








Зертханалық жұмыс ( 3 топ орындайды)

Химиялықреакцияжылдамдығынатемператураныңәсері.

Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, жанарғы, тамшуыр, қысқыш, мыс оксиді (CuO), H2SO4 ерітіндісі.



Жұмыс барысы

Бақылаулар

Қорытынды

2 сынауққа CuO-ның бір түйіршігін салыңыз, 6-8 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін қосыңыз. Бірінші сынауықты

қыздырыңыз.







Зертханалық жұмыс ( 4 топ орындайды)

Химиялықреакцияжылдамдығынаәрекеттесушізаттардыңконцентрациясыныңәсері.

Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, тамшуыр, мензурка, 0,4% және 0,8% калий иодиді ерітінділері, крахмал және сутегі тотығы ерітінділері.

Жұмыс барысы

Бақылаулар

Қорытынды

Екі сынауыққа калий иодиді ерітінідісін құйыңыз: 1 сынауық 0,4% калий иодиді ерітінідісі, 2 сынауық 0,8% калий иодиді ерітінідісі. Сынауықтардың әрқайсысына 2 тамшы крахмал және 2 мл сутегі тотығын бір

уақытта құйыңыз.









Дескриптор Білімалушы

  • әртүрлі факторлардың реакция жылдамдығына әсерін анықтайды;

  • шарттардың өзгеруі реакция тепе-теңдігіне қалай әсер ететінін анықтайды.

Бөлім




9.1С Химиялық реакциялар жылдамдығы

Оқу мақсаты




        1. Катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру

        2. Реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін зерттейді

  • Реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







Тәжірибе: Сутегі тотығының ыдырауы.

  • Сынауыққа 3%-ды сутегі тотығының 2О2) аздаған мөлшерін құйып, қыздырыңыз. Байқалған өзгеріс:




  • Сынауыққа 3%-ды сутегі тотығының 2О2) аздаған мөлшерін құйып, оған аз мөлшерде марганец оксиді (IV) MnО2 қосыңыз.

Байқалған өзгеріс:
Қорытынды:

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сутегі тотығы мен марганец оксиді (IV) бұл реакцияда қандай рөл атқарады?

  2. Марганец оксиді (IV) MnО2 қосылғанда не себептен сынауықта газ қарқынды бөліне бастайды?

  3. Ингибиторлар дегеніміз не?

  4. Ингибитор ретінде қолданылатын қандай қосылыстарды білесің?

  5. Ингибиторларды өңдірісте немесе күнделікті өмірде қолданудың маңызы неде?

  6. Катализаторлар мен ингибиторлардың өзара қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

Дескриптор

Білімалушы







- катализатордың реагенттен айырмашылығын орындалған тәжірибе арқылы анықтайды;




- реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін сипаттайды;




- катализатор мен ингибитордың қолдану аймағын талқылайды.





Бөлім'>Бөлім 9.1D Қайтымды реакциялар

Оқу мақсаты




9.3.3.1 Қайтымды және қайтымсыз реакцияларды білу

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Қайтымды және қайтымсыз реакцияларды ажырата алады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







Ұсынылған реакцияларды қайтымды және қайтымсыз реакцияларға жіктеңіздер:

  1. NaOH + HCl NaCl + H2O

  2. 2NaNO3 2NaNO2 + O2

c) N2 + 3H2 → 2NH3

  1. AgNO3 + KCl AgCl + KNO3

  2. SO3 + H2O → H2SO4

  3. CH4 + 2O2 CO2 + 2H2O

  4. 2SO2 + O2 → 2SO3

  5. CH3COOH + C2H5OH → CH3COOC2H5 + H2O


қайтымды: қайтымсыз:
Қандай белгілері бойынша қайтымды және қайтымсыз реакцияларға жіктедіңіз?

Дескриптор

Білімалушы




- кайтымды және қайтымсыз реакцияларды ажыратады.



Бөлім

9.1D Қайтымды реакциялар

Оқу мақсаты

9.3.3.2 Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау және

Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттайды

  • Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма




  1. Химиялық тепе-теңдіктің өзгеруі үшін қажетті шарттарды атаңыз және олардың әрқайсысының тепе-теңдікке әсерін Ле-Шателье-Браун принципі бойынша сипаттаңыз.



  1. Не себептен химиялық тепе-теңдікті динамикалық процесс деп айтатынын түсіндіріңіз:

Дескриптор

Білімалушы




  • тепе-теңдікті динамикалық процесс ретінде сипаттайды;

  • Ле Шателье қағидасын пайдалана отырып, тепе-теңдік өзгерісін болжайды.