Файл: 7сынып НрСлтан аласы, 2019 жыл рметті малім! Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар малімге 7сынып білім алушыларына азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
7-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл

Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ




I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 5

«Қазақ-жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 5

Білім алушы:____________________________________ Сынып: 7

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10

«XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау І-нұсқа 10

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 11

«XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ІІ-нұсқа 12

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17

III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 21

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 21

«Қазақстан Ресей империясының құрамында» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 24

«Қазақстан Ресей империясының құрамында» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 27

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 31

«XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 31



I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақ-жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Тақырыптар

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Оқу мақсаты

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына талдай жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут




Тапсырма

«XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ хадығының ішкі жағдайы» тақырыбында 100-150 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Эссе критерийлері:

  • Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы кемінде 3 дерек келтіру;

  • Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 3 оқиғаны жазу;

  • Қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандардың іс-әрекеттеріне баға беру;

  • Қазақ хандығының дамуына үлес қосқан батырлардың іс-әрекеттеріне баға беру.






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына талдау жасайды




қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы 1- дерек келтіреді;

1

қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы 2- дерек келтіреді;

1

қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы 3- дерек келтіреді;

1

жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 1- оқиғаны жазады;

1

жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 2- оқиғаны жазады;

1

жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 3- оқиғаны жазады;

1

қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандардың іс-әрекеттеріне баға береді;

1

қазақ хандығының дамуына үлес қосқан батырлардың іс-әрекеттеріне баға береді.

1

Жалпы балл 8


«Қазақ-жоңғар соғыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі


Төмен

Орта

Жоғары

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына талдау жасайды

Қазақ хандығының ішкі жағдайы туралы 1/2/3 дерек келтіруде, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 1/2/3 оқиғаны жазуда, қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандар мен батырлардың іс-әрекеттеріне баға беруде қиналады

Қазақ хандығының ішкі жағдайы туралы 1/2/3 дерек келтіруде, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың бірігуіне әсер еткен 1/2/3 оқиғаны жазуда, қазақ хандығының дамуына үлес қосқан хандар мен батырлардың іс-әрекеттеріне баға беруде қателіктер жібереді




Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын бағалайды






Білім алушы:____________________________________ Сынып:

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты


Оқу мақсаты

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

7.3.2.3 – Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін көрсетеді

  • Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдайды

  • Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут



Тапсырма


  1. Қазақ жерінің Ресей империясының қосылу барысын ретімен орналастырыңыз.




Ресей императрицасы Анна Ионновна Кіші жүзді Ресей қол астына алу туралы грамотаға қол қойды

С.Қойдағұлы мен

Қ. Қоштайұлы Петербургке Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы өтінішті тапсырды

Әбілқайыр хан мен сұлтандар, билер және старшындар Майтобе деген жерде Ресейге адал болуға ант берді

Ресейдің сыртқы істерколлегиясының тілмәші А.И.Тевкелев елшілер тобын бастап кіші жүзге ант қабылдауға келді

Сенаттың обер хатшысы И.К.Кириллов басқарған «қырғыз-қазақ» экспедициясы келді

1

2

3

4

5


Дұрыс жауапты ретімен орналастырыңыз.

















2. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына талдау жасаңыз.

Абылай ханның ішкі саясатының бағыттары

1
2
3


Абылай ханның сыртқы саясатының бағыттары

1
2
3






  1. Тапсырма. Бекіністердің салыну уақытын анықтандар.

Семей

Омбы

Коряков

Жайық















Бағалау критерийі


Тапсырма №

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін көрсетеді


1

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 1-оқиғаны анықтайды;

1

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 2- оқиғаны анықтайды;

1

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 3-оқиғаны анықтайды;

1

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 4- оқиғаны дұрыс анықтайды;

1

Ресей империясының қазақ жерін жаулауы бойынша 5- оқиғаны анықтайды;

1

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалайды

2

Абылай ханның ішкі саясаттағы 1 -бағытын сипаттайды;

1

Абылай ханның ішкі саясаттағы 2 -бағытын сипаттайды;

1

Абылай ханның ішкі саясаттағы 3 -бағытын сипаттайды;

1

Абылай ханның сыртқы саясаттағы 1 -бағытын сипаттайды;

1

Абылай ханның сыртқы саясаттағы 2 бағытын сипаттайды;

1

Абылай ханның сыртқы саясаттағы 3 бағытын сипаттайды;

1

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін көрсетеді

3

Бекіністердің салыну уақытын анықтайды

4

Жалпы балл 15