Файл: аза тілі (оыту аза тілінде) пнінен тосанды жиынты баалауды спецификациясы 7сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 66

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық

жиынтық бағалаудың спецификациясы
7-сынып

Мазмұны


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3. Күтілетін нәтижелер 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

6. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 31



















1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты



Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар




«Қазақ тілі (бірінші тіл)» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

3. Күтілетін нәтижелер



Тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Оқылым:

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу
стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.

Жазылым:

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі


Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым


Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


- тақырыптық мәтіндерді түсінеді;

- сөйлесу ерекшеліктерін таниды;

- ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады;

- тілдік құралдарды пайдаланады;

- әңгімеге, диалогке қатысады;

- ақпаратты жинақтайды;

- монолог құрастырады, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді;

- сөйлеушінің көзқарасын бағалайды;

- мәтін мазмұнына болжау жасайды;

- грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Оқылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну
Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


- мәтіннің типін, жанры мен стилін түсінеді;

- мәтіндерден ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) анықтайды;

- мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді;

- зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп, арнайы ақпарат алу үшін оқуды біледі;

- оқу стратегияларын пайдаланады;

- әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды;

- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады;

- дәлелдер мен фактілерді ажыратады;

- ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


- ақпараттарды жинақтайды;

- әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады;

- ақпаратты пайдалана отырып, мәтін құрастырады;

- ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетеді;

- проблемалық сипаттағы мәтінді (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады;

- әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады;

- анықтамалық материалды пайдаланады;

- мәтіндерді түзетеді және редакциялайды;

- белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды;

- орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар





5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі



Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

6. Модерация және балл қою



Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі

Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері


Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы


*Орындау уақыты, мин

Балл

1


7.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

7.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай

көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

7.4.2.1 Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында көркем бейнелеуіш сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


10

2-4


7.2.1.1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

7.2.2.1 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

7.4.1.1 Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу


Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады.

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады.

15

10

5

7.3.3.1 Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.4.1.1 Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.

Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.


25

10

Барлығы

40 минут

30