Файл: аза тілі (оыту аза тілінде) пнінен тосанды жиынты баалауды спецификациясы 7сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 75
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмалар түрлері | *Тапсырмалар сипаттамасы | *Орындау уақыты, мин | Балл | ||
1 | 7.1.1.1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау 7.1.5.1 Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау 7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында проблемаларды анықтап, көзқарастарды ажыратуы тиіс. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беруі, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші білім алушылар тапсырманы қайталайды. Бағалау екі білім алушыларға жеке-жеке қойылады. Тапсырма білім алушылардың тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 10 | ||
2-4 | 7.2.7.1 энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау 7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату 7.2.2.1 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.2.5.1 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу | Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады. | 15 | 10 | ||
| |||||||
5 | 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру; 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу 7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. | 25 | 10 | ||
Барлығы | 40 минут | 30 |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Оқшау сөздерді қолданыңыз.
[10]
1-мәтін
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты.
Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы Ә.Молдағұлова М.Маметова Т.Бигелдинов М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік. Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде, тіпті, есімдеріне байланысты көшелер, кітап-жинақтары, ауыл атаулары берілді. Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті.
Ә мәтіні
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]
А мәтіні Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды. Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда. 1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]
2. Ежелгі қазақ халқы қиялының ұшқырлығында шек жоқ. Берілген тұжырымды 4-5 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз. [3] __________________________________________________________________ | ||||||||||||||||
Ә мәтіні Ғылыми-фантастика жанрында Толкиннен кейінгі әлемге белгілі жазушы Дж.Роулинг екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. «Гарри Поттердің басынан кешкендері» атымен жарық көрген кітаптардың реті жетеуге жетіп, оның жалпы таралымы 450 миллион данадан асып кеткен. Бір қызығы, бүкіл еуропаның аңыз кейіпкерлері мен мифтік жануарларын Роулингтің ғажайыптар әлемінен таба алады екенбіз, яғни кітаптағы Хогвартстың фаунасы, шын мәнінде аңыздардан алынған. Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға ұқсастығы бар, аласа бойлы тіршілік иесі. Басы денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді. Негізі шотланд аңыздарында гоблиндер өте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе, Толкин мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге өзгеше мінездеме беріледі. Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), өте еңбекқор (Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады. Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз көзді өрмекші. Көне кельт аңыздарында кездесетін өрмекшінің үлкен тұқымдары адамның тілінде сөйлей алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы Арагог. Ол Хогвартсты айнала қоршаған орманда өмір сүреді. Жалпы тұқымның америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың Отаны Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен қазынаны күзеттіру мақсатында алдырған. Мантикора (ағыл. Manticore) – грек мифологиясында кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан алынған өте қауіпті құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора өзінің кезекті асын өлтіріп тынғаннан кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның уы қылт етпей өлтіреді. |
1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]
№ | Тұжырым | Дұрыс | Бұрыс |
| Гарри Поттердегі Гоблин бейнесі мифтік аңыздарда айтылғаннан бұрмаланған. | | |
| Бүгінгі фантастикалық туындыларға көбіне мифтер мен аңыздар негіз бола алады. | | |
| Ғылыми фантастикалық шығармалар көбіне робототехникамен байланысты болады. | | |
2. Оқырмандар арасында фантастикалық шығармалар көркем шығармаларға қарағанда танымал болады. Сіз осы оймен келісесіз бе? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
__________________________________________________________________
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме, эссе немесе хат) жазыңыз. Тыныс белгілерді дұрыс қолданыңыз.
[10]
1. Сізге алтын балық ұстап алу бақыты бұйырды делік. Алтын балық сіздің тек үш тілегіңізді ғана орындай алады. Ал сіз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, жеке әлеміңіз бен қоғам өміріне қандай өзгерістер енгізгіңіз келер еді? Алтын балыққа тілектеріңізді білдіре отырып, бұл жөнінде сюжетті әңгіме құраңыз.
2. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Бұл айрықша мерекенің біздің елімізде тойлану деңгейі қандай? Ал сіздің отбасыңыз бұл мерекені қалай тойлап жүр? Берілген сауалдар төңірегінде өз ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ | Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
1 | 9-10 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. | Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
2 | 7-8 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. | |
3-4 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. | Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. | |
1-2 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |