Файл: аза тілі (оыту аза тілінде) пнінен тосанды жиынты баалауды спецификациясы 7сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 77

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тапсырма

1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
1-мәтін

Біз кімге айналып бара жатырмыз?

Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс. Алайда айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға ұқсайды...

Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?

Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал расында, жануарлардың гені қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып жібермей ме?..
2-мәтін

Біз не жеп жүрміз?

Еліміздегі көгөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз.



Оқылым

Тапсырма

Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]


А мәтіні

Достығымыз әлемге әйгілі
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.

Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.
1. Дүниежүзінде қандай ел жоқ?

  1. достығы өнеге болатын

  2. достығы үлгі болатын

  3. өзге тілді мектебі бар

  4. достығы өнеге мен үлгі болатын

[1]

2. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз.

  1. І

  2. ІІ

  3. Екеуінде де

  4. Ешқайсысында

[1]

3. Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

[3]

__________________________________________________________________



Ә мәтіні

Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.

Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.

Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.



1. Өлең үзіндісінде қазақ халқының ұлылығын, кеңдігін, кеңпейілділігін қалай көрсеткен?

  1. Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

  2. Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін.

  3. Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

  4. Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба.

[1]

2. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының атқарған жұмыстары туралы ақпараттар қай абзацта айтылған?

  1. I-V

  2. IV-V

  3. І-ІІ

  4. ІІІ-ІV

[1]

3. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

[3]

____________________________________________________________________________


Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме, эссе немесе хат) шылау түрлерін қолданып жазыңыз.

[10]
1. Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон қылып жаратқаныңда ғой. Әкем маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.

«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, сюжетті әңгіме жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.
2. Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз.

Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз. Айналаңыздағылар да бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына ұлттық табиғи өнімдердің пайдалы екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді пайдалана отырып, өз сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз.

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға өте аз қатысады.



Оқылым



Жауап

Балл

1

В

1

2

В

1

3

Ықтимал жауабы: Елімізде қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Олардың ішінде адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көп. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. /Оқушы жауабы ескеріледі./

3


4

D

1

5

B

1

6

Ықтимал жауабы: Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсы. Оған себеп, әр түрлі ұлттар әр түрлі жеке кәсіптермен айналысады. Халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болады. /Оқушы жауабы ескеріледі./

3


Барлығы

10


Жазылым



Балл

Сипаттамасы

1

9-10


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.

7-8


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.