ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 98
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі
бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады. | Мәтіндегі детальді ақпараттарды табуда қиналады. | Мәтіндегі детальді ақпараттарды табуда қателеседі. | Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады. . |
Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табады | Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табуда қиналады. | Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табуда қателеседі. | Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табады |
Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады. | Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда қиналады. | Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда қателіктер жібереді. | Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады. |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
№1
Оқу мақсаты | 6.1.3.1. Мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. 6.4.4.3. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. |
Бағалау критерийі | Білім алушы |
|
|
Ойлау дағдысының деңгейлері | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Мәтіннен негізгі, қосымша ақпаратты және көтерілген мәселені сәйкестендіру арқылы анықтаңдар. [3]
"БУККРОССИНГ" ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Кітап - біздің асып-таспайтын асыл досымыз. Француз философы Дени Дедро: "Кітап оқуды қойған адам - ойлауды да қояды" деген екен. Технология атаулы қанша дамып жатыр десек те, қай заманда болмасын, кітаптың орны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне барудан қалып бара жатқанымыз өтірік емес. Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын "кітап сыйлау" немесе "кітап алмастыру" акциясы туралы естуіңіз бар ма? Толығырақ айтқанда, акцияның негізгі атауы "Буккроссинг" деп аталады. "Буккроссинг" қазақшаға аударылғанда "кітап сыйлау" немесе "кітаптың айналыста жүруі" деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым - Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: "Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады". Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір "Bookcrossing" сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті.
Көтерілген мәселе | | Француз ғалымы Дени Дедро кітап оқымайтын адамдарда ой болмайтынын айтқан. Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір "Bookcrossing" сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті. |
Негізгі ақпарат | | Кітап - адамзаттың асыл досы. Кітапты сыйлау және айналыста жүргізу арқылы адамзат баласының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. |
Қосымша ақпарат | | "Буккроссинг" қазақшаға аударылғанда "кітап сыйлау" немесе "кітаптың айналыста жүруі" деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым - Рон Хорнбекер. Оның адамға пайдасы бар. Ол адамдардың кітапқа қызығушылығын арттырғысы келді. |
2. Берілген сұраққа дұрыс жауабын белгіле. Күрделі үстеулерді тап, дұрыс жауабы екеу. [1]
а) соншама б) кеше г) ақырын
ә) бүгін в) жаздыгүні
3. Үстеудің синонимдік қатарын тап.[1]
Жазылмаған дала заңы қазақ халқының өткен замандарда ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында биік парасат пен даналық жатыр.
а) болашақта б) кеше г) бүгінде
4. Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып, "Кітапханалардың адамдар үшін маңызы қандай?" тақырыбында шағын мәтін жаз. [3]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды. | 1 | Мәтіннен негізгі ақпаратты табады. Мәтіннен қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды. | 1 1 1 | |
Үстеудің құрамын біледі | 2 | Күрделі үстеулерді табады | 1 | |
Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. | 3 | Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады | 1 | |
Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып мәтін жазады | 4 | Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана алады Орфографиялық нормаға сай жазады Емле ережесін сақтайды Ойын жүйелі жеткізеді | 1 1 1 | |
Барлығы | 8 |
«Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімі
бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды. | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтауда қиналады. | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды қателеседі. | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды. |
Үстеудің құрамын біледі | Үстеудің құрамын ажыратуда қиналады. | Үстеудің құрамын ажыратуда қателеседі. | Үстеудің құрамын ажыратуды біледі. |
Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады, қолдана отырып мәтін жазады. | Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда, қолдана отырып мәтін жазуда қиналады. | Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда, қолдана отырып мәтін жазуда қиналады.қателеседі. | Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады, қолдана отырып мәтін жазады |
«Ғылым мен технология жетістіктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
№2
Оқу мақсаты | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. |
Бағалау критерийі | Білім алушы |
|
|
Ойлау дағдысының деңгейлері | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
1-тапсырма. 1. Мәтінді оқып, оның қандай стильде жазылғанын анықтаңыз. [1]
Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған адам баласы ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.
Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын адам баласының игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.