ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 94
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқытуқазақтілінде)
жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
6-сынып
Нұр-Сұлтан, 2022
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне арналған.
Мазмұны:
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................................4
1-бөлім, №1 «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»………..................................5
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика......................................................................7
2-3 бөлім, №2 «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің
жеті кереметі. Лексикография»...................................................................................................8
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................10
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................11
4-бөлім,№1«Астана–мәдениетпенөнерордасы.Лексикография»..........................................12
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................14
5-бөлім, №2 «Тарихи тұлғалар. Лексикография»....................................................................15
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................17
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..............................................18
6-7 бөлім, №1 «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»,«Спорт.
Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»................................................................................19
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................22
7-8 бөлім, №2 «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары», «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
мен салт-дәстүрлері» Наурыз.....................................................................................................23
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................25
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..............................................26
9-бөлім, №1 «Әлемдегі ірі кітапханалар».................................................................................27
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................30
10-бөлім, №2 «Ғылым мен технология жетістіктері».............................................................31
Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика...................................................................33
1-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»
№1
Оқу мақсаты 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;
6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Бағалау критерийі Білім алушы
-
мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды; -
мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды; -
бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма.
1.Суреттерді мұқият қарап, онда Қазақстанның қандай жерлері бейнеленгенін жұпта әңгімелеңіз. Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің тақырыбын болжап, талқылаңыз.
2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз.
1-бөлік
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз.
-
Көкшетаудың қандай көрікті жерлері бар? ___________________________________ ___________________________________________________________________________ -
___________________________________________________________________________ -
Бурабай демалыс орны несімен танымал?_____________________________________ ___________________________________________________________________________ -
___________________________________________________________________________ -
Оқжетпес - Көкшетаудың қай бөлігінде орналасқан? __________________________ ___________________________________________________________________________ -
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Мәтіннен бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
|
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды; | 1 | бейнеленген суреттер бойынша жұпта әңгімелеседі; | 1 |
суреттер арқылы мәтіннің тақырыбын талқылайды; | 1 | ||
жұпта талқылаған тақырып пен мәтінінің тақырыбын салыстырады; | 1 | ||
Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды; | 2 | ||
мәтіннің келесі бөлігіне болжам жасайды. | 1 | ||
Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтайды; | 1 | ||
Сұрақтарға жауап береді | 1 | ||
Детальді ақпараттарды түсіндіреді; | 1 | ||
Бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. | 3 | Мәтіннен бірге жазылатын сөздерді жазады; | 1 |
Мәтіннен дефис арқылы жазылатын сөздерді жазады; | 1 | ||
Орфографиялық нормаға сай жазады. | 1 | ||
| | Барлығы | 10 |
«Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні________________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды; Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды; | Мәтіннен көтерілген мәселені болжауда, детальді ақпаратты анықтауда қиналады. | Мәтіннен көтерілген мәселені болжауда, детальді ақпаратты анықтауда қателеседі. | Мәтіннен көтерілген мәселені болжайды, детальді ақпаратты анықтайды,. |
Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. | Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуда қиналады. | Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуда қателеседі. | Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. |
1-тоқсан бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлімдер «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография» №2
Оқу мақсаты 6.2.5.1 Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6.3.6.1- Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау
6.4.2.1 Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.
Бағалау критерийі Білім алушы
-
мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 5 нақтылау сұрақтарын құрастыра алады; -
мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау; -
екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі