Файл: Рабочая учебная программа по дисциплине Экономика нег іздері пні бойынша Мамандыспециальность 1517000 Ттенше жадайларда орау.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 109
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Халықаралық экономикалық интеграция
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.
Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.
ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары:Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.
Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:
еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.
Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :
-
милитаризация мен қару-жарақтану; -
қоршаған ортаның төзімсіз ластануы; -
қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б. -
дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы; -
ұлттық мәдениеттің жойылуы; -
дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.
Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу.
Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі.
Артықшылықтары
Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.
Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Кемшіліктері:
Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды.
Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).
1.13. тақырып. ЖАҺАН МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АКТУАЛДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Біздер бүгінгі сабақ барысында ХХІ ғасырдың басында қалыптаса басатаған а жаhандану процесін жүзеге асыру барысында адамзат алдында пайда болған проблемалар туралы сөз қозғайтын боламыз.
ХХ ғасыр-жаңа технологияның дамуы мен ғылыми-техникалық ілгерлеудің, ақыл-ойдың салтанат құрған ғасыры болды. Бүгінгі таңда бізді қоршаған заттардың 90%-ы ХХ ғасырда ойлап шығарылды. Ал, ХХІ ғасыр қоғамын, постиндустриалдық қоғам-жоғарғы деңгейде дамыған қоғамның пайда бола бастауы деп те атайды.
Қазіргі заман өркениетінің келбеті өзінің көптүрлілігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше тез жетілуімен айқындалады. Ғылым мен техниканың мейлінше тез жетілуі әлем елдері арасындағы нарықтық қатынастар байланысын күшейтіп, олардың өзара жақындаса тусуіне жол ашып отыр.
Осындай жағдайда әлемнің жетекші елдері арасында адамзыттың біртұтас өркениетін құру идеясы пайда болды. Ол идея «жаhандану» деген атауға ие болды. Жаhандану үрдісі бір жағына әлемнің біртұтас дамуын қамтамасыз етуді алға мақсат тұтса, екінші жағынан әлемнің жетекші елдерінің отарлау саясатын жүзеге асыруының бір « ойыны» тәрізді көрініс береді.
А) Термин сөздерге түсінік беру-постиндкстриалдық қоғам, жаhандану үрдісі
Ә) Жаhандану үрдісінің негізгі бағыттары
Б) Жаhандану үрдісі барысындағы адамзат алдында тұрған өзекті мәселелер
Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та ХХ ғ-дың 50-60-жылдары ғылыми негізделген, жана мазмұнға ие болды.
Қоғамның постиндустриалдық түрі ғылым мен техниканы бірлесіп пайдаланумен, іргелі ғылымдарды дамыту негізінде техниканының өзен белгілі бір мақсатқа орай жетілдірумен сипатталады. Постиндустриалдық қоғам үшін өңдірістің негізгі факторы-білім, ал өңдірістің негізгі өнімі-қызмет көрсету болып табылады.
Постиндустриалдық қоғамның негізгі бағыттары:
Өндірісті толық автоматтандыру,компьютерлендіру, роботтар қызметі;
Материалдардың жаңа түрлерін шығару;
Энергияның жаңа көздерін ашу (күн, жел, сүтегі ядросы т.б. энергиялары);
Ғарыш пен әлемдік мұхитты игеру.
Постиндустриаландыру қоғамының басталуы әлем елдерінің жаhандану үдерісіне кірігуіне алып келді.
Жаhандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану,глобализация (ағылш Global-әлемдік, дүниежүзілік, жалпы)-жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және тұтастық құрылуының үрдісі.
Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита.
Жаhандану-ұлттық капиталды ауыстыру жеңілдігіне, ақпараттық жариялылыққа, технологиялық революцияға негізделген бірыңғай дүниежүзілік істердің бір жүйеге келіп қосылуын айтамыз.Бұл дегеніміз, бүкіл адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және басқа да байланыстарының бір жүйеге кіретіндіктерін білдіреді.
Жаhанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
-
«менталдық» немесе мәдени Жаhандану-дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың«ұқсастануының» кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаhандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, буддизм,конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі «менталдық» Жаhанданудың бір көрінісі болы табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстур « планетарлық» деп аталынып жүр. Мәдени жаhандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары-жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық мұсылмандық және үнділік) синтезі түрінде көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді; -
экономикалық жаhандану - екі үрдістің жиынтығын- рыноктардың жаhандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономиканың ұйымдық құрылымдарының-компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаhанданудың нақты сипаттары бар:
а) улкен компаниялардың жетекші рөлі (трансұлттық корпорациялардың құрылуы);
ә) жаhандандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі (Халықаралық валюта қоры);
б) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
в) барлық ұлттық және халықараралық қаржылық валюталық трансакциялардың жаhандандық желіге аударылуы. Дүниежүзілік банктер тобы:
Қайта құру және халықаралық даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Халықаралық даму қауымдастығы;
Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көп жақты агенттік;
г) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сада операцияларын жаhандық желіге аударылуы (интернет-дүкендер)
3) аумақтық Жаhандану-мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдесі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаhанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді («Шенген келісімі», Шанхай ынтымақтастық ұйымы, НАТО,НАФТА, АСЕАН т.б).Бұл ретте Жаhанданунәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрле мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаhанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық Жаhандану-қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандақ ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелердібасымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесіне құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
5) этникалық Жаhандану негізгі екі үрдістен тұрады-планета халқынының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көше-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықарылық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс, бұл проблемалардың жаhандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Жаhандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаhандануға алып келмей қоймайды.
Жалпыға ортақ әлемді толық орнықтыруда адамзат алдында кедергі болып тұрған ғаламдық мәселелерді шешу қажет болып отыр. Оларға мыналар жатады:
Дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;
Ұлтаралық қақтығыстар мен лаңкестікке (терроризмге)жол бермеу;
Дүниежүзілік экологиялық дағдарыстардың бетін қайтару;
Дүниежүзілік демографиялық ахуалды реттеу;
Экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту;
Ғарыш пен әлемдік мұхитты берлесіп игеру.
Топтық жұмыс: адамзат алдындағы дүниежүзінің өзекті мәселелерін қалай шешуге болады?(оқушыларға қосымша мәлеметтер беру арқылы өз тақырыптарын қорғау жұмысы) (6 минут дайындық+18 минут қорғау, әртопқа 6 минуттан)
Төмендегі сұрақтар бойынша қорғау:
Неліктен аталған тақырып өзекті мәселе болып саналады?
Бұл ғаламдық проблема адамзатқа мынадай зардаптар алып келуде....
Біз бұл ғаламдық проблеманы шешудің мынадай жолдарын ұсынамыз....
(әр топқа берілген мәліметтер арқылы өз тақырыптарын қорғайды)
(6 минут дайындық+18 минут қорғау, әртопқа 6 минуттан)
Рефлексия: «Мен бұл фильмді көре отырып.....» («Терроризм» және «Африкадағы аштық» фильмдерінен алған әсерлерімен бөліседі)
1 топ: Дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау және Ұлтаралық қақтығыстар мен лаңкестікке (терроризмге) жол бермеу:
Қазіргі таңда, әлемде ядролық қаруы бар мемлкеттердің саны-9.
Олардың жүргізген ядролық сынақтарының саны төмендегіше болып отыр:
1945-1998 жылдар аралығындағы дүниежүзіндегі ядролық сынақтар
Ядролық қаруды таратпау шартына қосылғаны-5 ел, ал соңғы 3 ел таратпау шартына қосылмай отыр.АҚШ-тың дүниежүзіне үстемдік орнатуға күш салуы Солтүстік Корея, Иран елдерін ядролық қарулануға итермелеп, жаңа әлемдік қайшылықтар-лаңкестік әрекеттердің одан сайын өршуін күшейтіп отыр. Оған АҚШ-тың 2001 жылғы 11 қырркүйек оқиғасын желеу етіп Ауғанстан, Ирак жерлеріне басып кіруі, Таяу шығыстағы араб-израиль қақтығыстарына дем беруін дәлелге алуға болады.Қазіргі таңдаөздерін ядролық держава санап отырған мемлекеттер-Солтүстік Корея, Иран 2007 жылдан Иордания мәлімдеді МАГАТЭ болжамы бойынша болашақта ядролық державалар саны 10-30-ға дейін өсуі мүмкін. Оларға-Бразилия, Жапония, Египет, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея т.б. кіруі мүмкін деген болжам бар. (бейнеролик «Терроризм») Оқушылардың пікірлері сұралады.
1 топ: Дүниежүзілік экологиялық дағдарыстардың бетін қайтару және Ғарыш пен әлемдік мұхитты бірлесіп игеру: