Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 177
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жақ – бет протездерін дайындау техникасы» пәні бойынша стандарт
-
Стандарт : Жақ – бет аймағының ортопедиясы, мақсаты мен міндеттері. Жақ – бет аймағы жарақаттары мен ақауларын емдеу кезінде қолданатын аппараттар мен протездердің жіктелуі.
Мақсаты: жақ – бет ортопедиясымен танысу, жақ – бет аймағы жарақаттары мен ақауларын емдеу кезінде қолданатын аппараттар мен протездерді меңгеру.
Әрекет ету алгоритмі: лекциялар, кестелер, дидактикалық және көрнекілік құралдар, ОТҚ.
Әрекет ету алгоритмі:
Жақ сынықтары мен жақ – бет аймағының ақаларын емдеу әртүрлі ортопедиялық аппараттардың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың тағайындалуы мен конструкциясына байланысты бір – бірінен қатты айырмашылығы болады.
Бекіту аппараттарына жақ сынықтары кезінде бөліктерін белгілі орында бекіту мақсатында өолданылатын аппараттар жатады.
Түзетуші аппараттар жақ ығысқан кезде оны қалпына келтурі үшін қолданылады.
Бағыттаушы аппараттар тіс қатары түйіскен кезде жақтың сүйек бөлігіне белгілі бір бағытты беретін, ортопедиялық аппараттар жатады.
Қалыптастырушы аппараттарға, пластикалық операциялар мен жақ сүйектерінің ақауы болған жағдайда, жұмсақ тіндерге тірек болатын аппараттар жатады.
Орын алмастырушы аппараттар, жақтың тіс қатарын, беттің бір бөлігінің орнын алмастыратын аппараттар жатады, оларды протездер деп атайды.
Аралас аппараттарға бірнеше жағдайда тағайындалатын аппараттар жатады, мысалы, жақ сынықтарын бекіту мен протеге орын дайындау, немесе, жақ сүйегінің орнын алмастырушы және бет әлпетінде операция жасауда тері тілігін қалыптастыратын аппараттар жатады.
Ортопедиялық аппараттың конструкциясына байланысты, аппараттар дайын шендеуіштер мен жеке аппараттарға бөлінеді.
-
Дайын шендеуіш түріндегі стандартты ортопедиялық аппараттар, науқастың тіс қатарына байланысты, науқастың жанында креслода жасалып, зақымдалған немесе зақымдалмаған жақтардың тістеріне лигатураның көмегімен бекітіледі. -
Жеке ортопедиялық аппараттар күрделірек келеді, стоматологиялық мекемелердің тіс протезді зертханаларында жасалуы мүмкін. Бұл аппараттар алынатын және алынбайтын болады, қалған тістерге арнайы элементтердің көмегімен бекітіледі. -
Тасымалдаушы шендеуіштердің ең ыңғайлысы иек асты сақпаны. Ол шеттерінде валигі бар бас таңғышы мен әрбір бөлігінде 2-3 пластмассадан немесе резеңкеден жасалған тартпасы бар иек сақпанынан тұрады. Қатты иек асты сақпаны жоғарғы және төменгі жақ сынықтарында қолданылады. Жоғарғы жақ денесі сынғанда және төменгі жақ зақымданбаған кезде, екі жақта тістердің болуы иек асты сақпанын қолдануға көрсеткіш болады. Бұл жағдайда иек сақпанын бас таңғышына резеңке тартпа арқылы бекітеді. -
Тасымалдағыш стандартты шендеуіштерге жоғарғы жақ сынықтарын бекітуге арналған, ауыз сыртылық иін тірегі бар, шендеуіш – қасық жатады. Оны бас таңғышына резеңке жолақтар немесе дәке арқылы бекітеді. Шендеуіштің ішкі жағына жұмсартылған стенстен немесе гуттаперчадан, тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, жұқа жолақ салынады. -
Тістерді лигатуралық байлау. Аса көп уақытты қажет етпейтін, жақ сынықтарын бекітудің қарапайым әдісінің бірі тістерді лигатуралық байлау. Лигатура ретінде қалыңдығы 0,05 мм қола – алюминий немесе мыс сымы қолданылады. Сымды лигатураны салудың бірнеше тәсілдері бар: айви, Ш.И. Вильга, М.К. Гейкина, А.А, Лимберг бойынша
Айви бойынша жақ аралық лигатуралық бекіту клиникалық тәжірибеде жақ сыныққтарының барлық түрлерінде қолданылады.
Ескерту:
-
Жеке ортопедиялық аппараттар жеке науқастар үшін жеке дайындалады, көбінесе қалып немесе үлгі бойынша. -
Төменгі жақтың жарқыншақты сынуы кезінде, сүйек бөліктерінің бір – біріне ығысуын болдырмау үшін, резеңке тартпаны қолдануға болмайды. -
Жоғарғы жақ сынықтары кезінде жақ аралық лигатуралық бекітуді, иек асты сақпанын салу арқылы толықтырады. Артықшылығы: қарапайымдылығы мен тиімділігі.
-
Стандарт: Төменгі жақ сынықтарын емдеу үшін өолданылатын бекітуші және репонирлеуші аппараттар. Дайындау техникасы.
Мақсаты: Төменгі жақ сынуы механизмін білу және бекітуші және репонирлеуші аппараттардың дайындау ерекшеліктерін білу
Ресурстары:
Шендеуіш салу үшін келесі инструменттер қажет: крампон қысқышы, плоскогубцы, анатомиялық тіс протездік пинцет, металл егеу мен сауыт қайшысы.
Материалдан қажеттері: 25 см кескінді, қалыңдығы 1,5-2 см, қола – алюминилә, мыс сымы, ұзындығы 5-6 см, қалыңдығы 0,40,6 см, резеңке сақиналар үшін 4-6 мм резеңкелік дренаждық түтік.
Әрекет ету алгоритмі.
-
Жеке тістік сымды шендеуіш – Тигерштедтің тегіс шендеуіш – жақшасы
-
Шендеуіш диаметрі 1,8-2,0 мм, және ұзындығы 12-15 см алюминий сымнан жасалады. -
Тістерге диаметрі 0,5-0,6 мм қола – алюминий сым арқылы байлайды. -
Шендеуішті крампон қысқышының көмегімен иеді. -
Екінші премолярға штампталған металлды сауыт дайындайды
-
Үлгіде зертханалық дайындау
-
Тірек тістердің экваторын сызу -
Үлгіні штампты алуға дайындау -
Гипсті контрштамп кесу -
Каппаны штамптау -
Әрлеу, жылтырату
-
Тістік шендеуіштер салудың жалпы ережелері
-
Саливацияны азайту үшін, тері астына 0,5 мл 1 % атропин ерітіндісін енгізеді, шендеуіш салу жергілікті жансыздандырумен жүргізіледі. -
Сымның тіс арасына еркін кіруі үшін, тіс тастарын алдын ала тазалау қажет. -
Шендеуішті сынық орналасқан жақтан бастап, ауыз қуысынан тыс иеді, шендеуіш ірбір тіске бір нүктеде жанасуы тиіс. -
Шендеуішті сағат тіліне сәйкес, ірбір тіске лигатуралық сыммен байлайды.
-
Тегіс – жақша – шендеуішті сынықтың үлкен бөлігінде төрт тістен аз емес, кіші бқлігінде екі тістен кем емес тістер орналасқан жағдайда төменгі жақ сынықтарында қолданады.
Ескерту:
-
Сынық бөлшектері ығыспаған, толық тіс қатарларында, альвеолярлы өсіндінің сынуы кезінде тегіс алюминий шендеуішті қолданады (тегіс жақша - шендеуіш) төменгі жақтың патологиялық сынығының алдын алу үшін, жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінің сынығы, тістердің шығуы кезінде, тіс қатарындағы сызықты сынықтар кезінде қолданылады. -
Емдеу алдында, шендеуішті шешуден бұрын, лигатураны босатып, сынықтардың жылжымалығын тексереді. Шендеуішті 4-5 аптадан кейін шешеді. Науқасқа сұйық тағам тұтыну қажет. Дәрігер науқасты аптасына 2-3 рет тексеруі тиіс. Түйісудің жағдайын, сынықтардың бекітілу беріктігін, тіс тіндерінің жағдайын бақылау қажет. Шендеуіш бекітілуі босаған кезде оны тартып, майыстыру қажет. Егер бұл жағдайда сым сынатын болса, оны ауыстырады.
3.Стандарт: Жоғарғы жақ сынықтарын емдеу үшін бекітуші және репонирлеуші аппараттар.
Мақсаты: жоғарғы жақ сынықтарын емдеу үшін бекітуші және репонирлеуші аппараттарды оқып білу
Ресурстары: ғаныш, крампондар, диаметрі 0,8 мм ортопедиялық сым, припой, бура, пресс, қайшы, бор машина, борлар.
Әрекет ету алгоритмі:
Ауыз сыртылық бекітетін, Вебер тіс – қызыл иек шендеуіші жоғарғы жақ зақымдалғанда немесе толығымен жұлынып алынғанда қолданылады.
-
Шендеуішті төменгі жаққа дайындағандай жасайды, айырмашылығы каркастың сыртқы жағынан пластмассамен көмкерілген, төрт қырлы түтікшелерді дәнекерлейді, түтік қалыңдығы 0,2мм, ішкі диаметрі 2-2,5 мм. бұл түтіктерге диаметрі сәйкесінше болат серіппелерді кигізеді, сыртқы шеттері ортопедиялық қалпаққа бекітіледі. -
Үлгіні окклюдаторға бекіткеннен кейін вестибулярлы және оральды бетіне горизонтальды жазықтықта паралелльділігін сақтай отырып, түтікшелерді дәнекерлейді. -
Ішкі диаметрге сәйкес, болат сымдардан шанышқы иеді, сыртқы шеттері тығыз түрде түтікшеге кіріп тұрады. Доға тәрізді иілген аймақта сымда пластмассаға тығыз бекіту үшін ойықтар жасайды. -
Тіссіз бөлікке балауыздан пелот мүсіндейді, онда антогонист тістердің көшірмесі болуы тиіс. -
Мүсіндеген пелот пен шанышқыны абайлап, түтіктен шығарып, пластмассаға ауыстырады. -
Әрлеу өңдеу мен жылтыратудан кейін аппаратты науқастың аузына припасовкалайды. Каппаны цементпен бекітіп, келесі күні аппараттың алынатын бқлігін бекітеді. Егер тіссіз бөлігі жеткіліксіз ығысқан болса, пелоттың бетіне бқліктің қажетті орналасуына дейін гуттаперча салады.
Жоғарғы жақ протездерін мейлінше максимальды шекарамен және ақау аймағында уыс етіп жасайды. Я.М. Збарж жоғарғы жақ резекциялық протезін жасаудың келесі әдісін ұсынды:
-
Көшірмені жақ резекциясынан кейін 3-4 аптадан кейін алады. -
Алынған үлгі бойынша, модельдеуші балауыздың бір қабатынан протез базисін қалыптастырады. -
Кламмері бар дайындалған протезді ауыз қуысында припасовкалайды. -
Ауыз қуысына қараған бос жазықтықта жақ ақауына сәйкес келетін, ойық пайда болады. -
Соңғысын өздігінен қатаятын пластмасса арқылы протезден біріктіреді, протез қуысты яғни, жеңіл болады.
Модельде зертханалық дайындау:
1. каркас пен пластиналық бқлікке шекара сызу
2. металлды каркасты дайындау
3. шендеуішті балауыздан үлгілеу
4. Бағыттаушы және бекітуші түтіктер дайындау
5. Ішкі жақтан – ауыз ішілік серіппелерді ию.
Ескерту:
-
Пострезекциялық протездерді тағайындау – сүйек пластикасы немесе жұмсақ тіндер пластикасы көрсетілмеген болса, қызметін жартылай қалпына келтіру мақсатында жақтың немесе тістің жоғалған бөлігін алмастыру -
Жоғарғы жақ ақаулары кезінде бұндай протез ауыз қуысын мұрын қуысынан ажыратуға мүмкіндік береді. -
Протездің бұл түрлерін дайындау, алынатын протезді дайындаудан айырмашылығы жоқ -
Дәрігердің міндеті протездің кламмерлі жүйесін анықтау.
4.Стандарт: Төменгі жақ сынықтарын емдеуге арналған бекітуші және репонирлеуші аппараттар. Порта шендеуішін жасау техникасы.
Мақсаты: төменгі жақ сынықтарын емдеу үшін бекітуші және репонирлеуші аппараттарды оқып білу. Порта шендеуішін жасау техникасын игеру.
Ресурстары: ғаныш, окклюдатор, кювета, базисті материал
Әрекет ету алгоритмі:
Тіссіз төменгі жақта сынықтарын бекіту үшін, бір-бірімен тығыз біріккен, екі базисті пластинкалы аппарат қолданылады. Алдыңғы тістер аймағында шендеуіште тағам тұтыну үшін тесік орналасқан. Жалпы шендеуіш иек асты сақпаны мен бас қалпағы арқылы бекітіледі.
Бұндай шендеуішті дайындау кейбір ерекшеліктері бар.
-
Шендеуішті орталық окклюзияда ғанышталған, үлгіден мүсіндейді. -
Үлгіге шендеуіш шекарасын белгілеу -
Балауыздан үлгілеу -
Кюветаға ғаныштау -
Әрлеу
А.А. Лимберг тіссіз төменгі жақ сынықтарында және науқаста протез болмаған жағдайда деке үлгі бойынша дайындалады.
Аппарат төменгі және жоғарғы жақ сынықтарына дайын тіссіз пластиналардан тұрады. Альвеолярлы өсінді аймағында үш нүктеде төменгі жақ пластинкасынан вертикальды төмен қарай қалыңдығы 1,5-2 мм пластмассадан, және төменгі жақта пластинка бетінен жоғарғы пластинкалар түтікшелеріне сәйкес, табақша тәрізді үш ойық түзіледі, ені баған қалыңдығына қарағанда 2-3 есе артық болады.
Стандартты аппаратты қолдану жағдайында оны жекешелендіреді, базисқа жұқа қабатты қыздырылған стенс, АКР – 100-СТ немесе сиракрил салып, жоғарғы және төменгі жақтың көшірме үлгісін алады. Пластинканың сыртқы бөлігіндегі ойықтарға өздігінен қатаятын пластмассадан қамыр жасап салады. Жақтар түйіскен кезде, пластинка бағаны сығылып, төменгі жақ пластинкасының пластмассасымен бірігеді. Бірақ бұл аппаратты қолдану төменгі жақты қатты иек асты сақпаны арқылы бас қалпағына біріктірумен бірге жүргізіледі.
Ескерту:
-
Жұмысшы үлгіні беріктігі жоғары ғаныштан құяды. Бұл оттискті материалдың отыруы мен жұмысшы модельдің айнып кетуінен сақтайды. -
А.А. Лимберг стандартты аппараты болмаған жағдайда, оны жеке дайындайды. Оны келесі әдіс бойынша бір тіс бар болған жағдайда да жасауға болады:
А) екі жақтан көшірме үлгі алып, одан пластмассалы базис дайындайды.
Б) төменгі жақ көшірмесіналу кезінде жақты дұрыс бекітеді.
В) альвеолярлы өсінді аймағында жоғарғы базиске баған дәнекерлейді, төменгіге – табақша дәнекерлеп, оларды ауыз қуысында пластмассаның көмегімен біріктіреді.
5. Стандарт: Сүйек тінінің ақауы бар тіссіз төменгі жақтардың сынықтарын емдеу кезінде бекітуші және репонирлеуші аппаратарды қолдану. Ванкевич шендеуіші.
Мақсаты: Сүйек тінінің ақауы бар тіссіз төменгі жақтардың сынықтарын емдеу кезінде бекітуші және репонирлеуші аппаратарды қолдануды игеру. Ванкевич шендеуішін жасау техникасын меңгеру.
Ресурстары: төменгі және жоғарғы жақ көшірме үлгілері, бор машина, крампон, қысқыштар, металл қайшылар, диаметрі 15 мм алюминий және мыс сымдар, диаметрі 0,2 мм алюминий лигатурасы, резеңке сақиналар.
Әрекет ету алгоритмі:
Пластиналы шендеуіштер ішінде, сынықтар мен сүйек пластикасы кезінде Ванкеевич шендеуіші кеңінен тараған.