Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 178
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
Жоғарғы жақ резекциялық протезін дайындау техникасы төменгі жаққа қарағанда күрделірек болады. -
Егер науқас сәулелі терапия қабылдайтын болса, онда тірек тістерді металлды сауытпен қаптау қажет емес, ал протезді металлды сауытсыз екі буынды кламмермен бекітеміз.
9.Стандарт: Төменгі жақтың бітіспеген сынықтары, ауыз қуысының тарылуы, тістесу деформациясы бар, дұрыс емес бітіскен сынықтар кезінде протездеу.
Мақсаты: Төменгі жақтың бітіспеген сынықтары, ауыз қуысының тарылуы, тістесу деформациясы бар, дұрыс емес бітіскен сынықтар кезінде протездеу түрлерін игеру
Ресурстары: көшірме қасықтар, стандартты қасықтар, ғаныш, үлгі, валик.
Әрекет ету алгоритмі:
Микростомия дегеніміз ауыздың тек күрделі деформациясы ғана емес, ауыр функциональды бұзылыстарға алып келеді. Ауыз қуысының тарылуы көшірме алу үшін қарапайым көшірме алу қасықтарын қолдану мүмкіндігінен айырады. Сондықтан әртүрлі авторлар ұсынған құрамалы арнайы қасықтардың көмегіне жүгіну қажет болады. Бірақ, қарапайым стандартты қасықты екіге бөліп, соның көмегімен алынған көшірме үлгі тиімді болады.
Көшірме үліг алу әдісі келесідей:
-
Ғанышы бар қасық жартысын жақтың бір бөлігінен көшірме алу үшін ауыз қуысына енгізеді -
Ғаныш қатқаннан кейін, қасықты гипстан босатын, көшірмені ауыз ішіне қалдырады. -
Көшірменің алдыңғы шетіне ғаныштың жаңа қабатын салып, ауыз қуысына қасықтық екінші бөлігін салып, жақтың екінші бөлігінің көшірмесін алады. -
Ғаныш қатқаннан кейін, қасықтың екінші бөлігін ауыз қуысынан шығарып, ғанышты қарапайым тәсілмен кесіп, кшірмені ауыз қуысынан алады. -
Бір біріне жинақтап, модель құяды. -
Орталық окклюзияны анықтауды балауызды валикпен емес, ғанышты валикпен анықтайды.
Микростомия кезінде протез конструкциясы да қарапайым емес. Бұл мақсатта протездерді жиналмалы етіп жасайды. Жиналмалы протез дегеніміз – шарнирмен біріккен, екі бөліктен тұратын протез. Протезді жинақталған түрінде тарылған ауыз қуысына енгізеді. Ауыз қуысында протезді ашып, өз орнына орналастырады.
Ескерту:
Жиналмалы протез екі немесе үші бөліктен тұрады, бір бөлігі – шарнирмен жабдықталған, оны ауыз қуысына жинақталған түрде енгізеді, және ауыз қуысында ашады. Басқа бөлігі – жеке, бір немес бірнеше штифті енгізу арқылы, бұл бөлікті бірінші бөлікке енгізеді. Жиналмалы протез үш бөліктен тұруы мүмкін.
10.Стандарт: Профилактикалық аппараттар, протездер. Боксер шендеуіштерін дайындау техникасы.
Мақсаты: профилактикалық протездерді, аппараттарды меңгеру. Боксер шендеуішін дайындау техникасын игеру.
Ресурстары: көшірме үлгі, карандаш, ғаныш, балауыз, боялған ұнтақ, карборунд тастары, кювета, пластмасса, тіс қнтағы мен щетка.
Әрекет ету алгоритмі:
Профилактикалық аппараттар тістердің ығысуының алдын алу үшін қолданылады. Мысалы, сүт тістерді ерте жұлғаннан кейін тұрақты тістер шыққанға дейін. И.И. Рекин бойынша боксер шендеуіштері. Эг – масс 12 эластикалық пластмассадан жасалған боксер шендеуіштері боксерлардың күресі кезінде тістердің зақымдалуының алдын алуға арналған.
Тістесудің ортогнатиялық түрі бар адамдарда боксер шендеуіштері жоғарғы жаққа жасалады. Ол жоғарғы жақтың барлық тістері мен ауыз қуысының кіреберісі мен таңдай бетінен альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатын көмкеруі қажет. Оның бос бетінде төменгі жақтың тіс қатарының шайнау мен кесі қырларының көшірмесін жасау қажет. Тістесудің прогениялық түрінде ол төменгі жақ үшін дайындалады.
Шендеуішті дайындау үшін екі жақтан да көшірме алады. Соңғысын алгинатты массамен алған жөн.
-
Алынған үлгіде карандашпен шендеуіш шекарасын белгілейді: ауыз қуысы кіреберісінде ол өтпелі қатпарға жетіп, альвеолярлы төмпешікті жабады. Таңдай торусы жабылмайды. -
Шендеуішті жақсы бекіту үшін, шайнау тістері мен ерін бетінде алдынғы тістерде экваторға дейін ғаныштық 0,5 мм қабатын алып тастайды. -
Сызылған шекара бойынша мүсіндеу балауызының пластинкасы көмегімен шендеуішті мүсіндеп, үлгіге салып, шекара бойымен саусақпен басамыз. -
Шендеуіштің балауызды базисіне окклюзиялық жазықтық бетіне валик жасайды биіктігі 2,5 мм балауыз базиспен қыздырылған балауыз көмегімен біріктіреді. -
Содан кейін тістесу валигімен балауыз базисті модельден алып, клиникада орталық окклюзия жжағдайын анықтайды. -
Ғаныштауды кері әсдіспен жүргізеді. -
Ғаныш қатқаннан кейін кюветаны балауызды еріту үшін ыстық суға салады, содан кейін кюветаны ашып, балауызды ыстық сумен шайып, ғаныш пішінін майсыздандырады. -
Келесі рецепт бойынша пластмассаны формовкалауға кіріседі: 20-25 г полихлорвинилдің боялған ұнтағына 12-15 мл дибутилфталатты қосады. Бұл қоспаны, пластификатордағы ұнтақтың ісінуі мақсатында 30 минут ұстап тұрады, содан кейін, формовканы жасап, кюветаға пресстейді. -
Кюветаны пресстеуден кейін бюгельге бекітіп, сумен толтырылған вулканизаторға салады. Вулканизаторды баяу 30-45 минут ішінде 160 градусқа дейін қыздырады. -
Осы температураны 5 минут сақтап тұрғаннан кейін жылу беруді тоқтатып, кюветаны толығымен салқындатып, шендеуішті алады. -
Пластмассаның артық бөліктерін қайшымен кесіп, шендеуішті карборунд тастарымен өңдейді, шендеуішті әрлемейді. -
Шендеуішті қорапта құрғақ түрінде сақтайды, тіс пастасы мен тіс щеткасы көмегімен тазартады.
Ескерту:
-
Жақ және тістердің жарақатының алдын алу үшін жаттығулар мен сайыстарда боксерлер, эластикалық пластмасса, каучук, пластмасса ЭГ – МАСС – 12, Боксил пластмассаларынан жасалған арнайы тіс – қызыл иектік шендеуіштерді қолданады. -
Ортогнатиялық және тіке тістесу кезінде шендеуішті жоғары жаққа дайындайды, медиальны тістесу кезінде (прогения) – төменгі жаққа жасайды. Төменгі жақ қимылының шектелуі мен бекіту қажет болған жағдайда ауыз қуысының ашылуын шектейтін алынатын аппараттарды қолданады. -
Ондай аппараттарға төменгі жақ қимылдарын шектейтін пелоты бар аппараттар жатады.
«Ортодонтиялық конструкция жасау техникасы» пәні бойынша стандарттар
-
Стандарт: Балаларда тіс – жақ жүйесінің анатомо – физиологиялық ерекшеліктері
Мақсаты: балалар тіс – жақ жүйесін анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін тәжірибелік сабақта зерттеу мен қолдану.
Ресурстары: кітап, кесте, лекция материалдары, заманауи оқыту әдістері, оқытудың техникалық құралдары, слайдтар, видеофильмдар.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Балалар тіс – жақ жүйесін анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін тәжірибелік сабақта қолдану.
Балалар жасында тіс – жақ жүйесінің ерекшеліктері: жақ сүйектерінің өсуі, тістің шығуы, сүт тістердің түбірлерінің қалыптасуы мен сорылуы, бала ағзасының жоғары реактивтілігі.
Баланың шайнау аппаратының даму кезеңдері.
Бірінші кезең. Жатыр ішілік кезеңде сүт тістердің сауытының қалыптасуы. Жаңа туылған нәрестенің ауыз қуысында тіс болмайды. Физиологиялық тіс шығу белгілері пайда болады.
Екінші кезең. 4 жастан бастап сүт тістер арасында аралықтар пайда болады – физиологиялық диастема, бұл баланың тіс – жақ жүйесінің дұрыс дамуын көрсетеді.
Үшінші кезең бірінші тұрақты тістердің пайда болуымен және сүт тістердің тұрақты тістерге алмасуымен сипатталады.
-
Шайнау, жұту, тыныс алу мен сөйлеу маңызын анфқтау мен тіс – жақ, жақ – бет, және ағзаның барлық жүйелерінің қалыптасуы.
-
ЖБА бұлшықеттерінің әсері -
Антогонист – бұлшықеттер мен синергисттер арасында миодинамикалық тепе – теңдікті сақтау -
Антогонист – бұлшықеттер мен синергисттер арасында миодинамикалық тепе – теңдіктің өзгеруі салдарынан шайнау қызметінің бұрмалауы. -
Миодинамикалық тепе – теңдіктің бұзылуы
-
Тістесу түрін ажырату. Тіс – жақ аномалиялары профилактикасында профилактиканың рольі.
Тістердің тістесуі – екі жақтың толық тістесуі кезінде жоғарғы және төменгі жақтың өзара әсер етуі кезіндегі тістердің орналасуы.
Дұрыс (физиологиялық) тістесудің келесі түрлері болады:
-
Ортогнатиялық -
Прогениялық -
Бипрогнатиялық -
Тура тістесу
Дұрыс емес тістесу тіс қатары мен жақтардың туа пайда болған немесе жүре пайда болған ақаулары нәтижесінде пайда болады. Дұрыс емес тістесулер: ашық, дистальды, мезиальды, айқаспа, дистопия.
-
Ортопедиялық тістесудің белгілерін анықтау
Ортогнатиялық тістесу. Ортогнатия морфологиялық белгілермен сипатталады, оның ішінде біреулері барлық тіс қатарына тиісті, басқалары тек фронтальды тістерге, үшіншілері - тек шайнау тістеріне қатысты.
-
Тіс доғасының түйісуіне жататын белгілер -
Фронтальды тістердің түйісуіне жататын белгілер -
Шайнау тістердің түйісуіне жататын белгілер -
Ұрт – таңдай бағытында тістердің түйісуіне жататын белгілер.
Ескерту:
-
Тістің шығуының бұзылуына ерте немесе тістің кеш шығуы, жұптылықтың бұзылуы мен тіс шығу ретінің өзгеруі жатады -
Ретенция – тістің шығуының тежелуі -
Адентия – жақтағы тіс қатарында тістердің болмауы -
Дұрыс емес тістесудің кез келгені эстетикалық бұзылыстарға алып келеді, ауыз қуысы мен ағзаның жалпы ауруларының дамуын жылдамдатады.
-
Стандарт: Тіс – жақ аномалияларының этиологиясы және патогенезі.
Тіс – жақ жүйесі аномалияларының жіктелуі.
Мақсаты: Тіс – жақ аномалияларының этиологиясы мен патогенезі. Тіс – жақ жүйесі аномалияларының жіктелуін ажырату.
Ресурстары: кітап, лекциялар, заманауи оқыту әдістері, оқытудың техникалық құралдары, слайдтар, видеофильмдер
Әрекет ету алгоритмі:
-
Науқаспен әңгімелесі үшін материалдар дайындау
А) жүктілік кезінде денсаулығы туралы анасынан сұрау, тұқымқуалаушылық, жүктелеі кезеңі, тамақтандыру әдістері.
Б) баланың ауырған ауруларын анықтау
В) тістің шығу уақытын, тісті жұлу себептерін, жасын, жүру мен сөйлеу уақытын анықтау;
Г) тыныс алу әдісі мен жағымсыз әдеттердің болуын анықтау;
Д) бұрын емдеу жүргізілгендігі туралы анықтау
2. Тіс – жақ жүйесі жіктелуін ажырату мен аномалия мен деформация жіктелуі туралы білімін тәжірибеде қолдану
1. әртүрлі авторлар жіктелуін зерттеу
2. тіс дамуы аномалияларын анықтау білу
3. тіс қатары мен жақтарының деформациясын анықтай білу
4. тістесу анатомиясын анықтай білу
5. тіс – жақ аномалияларының клиникасын, этиологиясы мен емделуін анықтай білу
Ескерту:
-
1989 жылы Angle шеткі күрек тістердің, әсіресе, екі жақтың бірінші тұрақты премолярларының мезио – дистальды өзара қатынасына негізделген тістесу аномалияларының жіктелуін ұсынды. Бірінші тұрақты молярлар Энгльдің пікірі бойынша, төменгі жақтың немесе төменгі тіс қатарының ығысуымен шартталған. -
Д.А. Калвелис жіктелуі (1957) тіс – жақ аномалияларының этиологиясын, морфологиялық және функциональды ауытқуларды, және де эстетикалық бұзылыстарды ескереді. Барлық аномалиялар жеке тістер аномалиясына, тіс қатарларының аномалиясы мен тістесу аномалиясы деп бөлінген. -
П. Симонов жіктелуі (1919) тістер, тіс қатарлары мен жақтардың бет қаңқасына өзара байланысты үш перпендикулярлы жазықтықта: орбитальды, франкфуртты және сагитальды жазықтық қатынасы негізінде орналасуын зерттеуге негізделген. -
А.Я. Катцтың жіктелуінде, шайнау бұлшықеттерінің функциональды патологиясы ескерілген. Жіктелу негізіне ЖБА бұлшықеттерінің жағдайына байланысты тіс – жақ аномалияларының қалыптасуы туралы көрініс алынған. -
В.Ю. Курляндский жіктелуінде (1957) пішіні мен қызметінің өзара байланысы болған кезде, осы екі фактордың негізінде аномалия түрін сипаттау жеткілікті болады делінген. Оның жіктелуінің негізінде тәжірибелік жұмыста қол жетімді болатын, морфологиялық өзгерістер алынған. -
Энгль жіктелуі диагностиканың бірінші кезеңдерінде қолданылады.