Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 181

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қол жеткен нәтижелерді бағалау: науқасқа тексеру жүргізілген, соңғы диагноз қойылып, емдеу жоспары белгіленген.

Стандарт: Стоматологиядағы жансыздандыру. Инфильтрациялық жансыздандыру

Мақсаты: Заманауи жансыздандырғыш препараттарды қолдана отырып, тіс қатты тіндерін жансыздандыру әдістерін үйрету.

Ресурстары:

  • Медициналық қолғап

  • Қорғаныш маскасы

  • Қарауға арналған құралдар жиынтығы , пинцет, айна, зонд

  • Амбулаториялық карта

  • Анестетик

  • Карпульды шприц

  • Мақта

  • Спирт 70 %

Әрекет ету алгоритмі :

  • Масқаны кию, қолды жұмысқа дайындау, қолғап кию

  • Науқасты қарап тексеру

  • Анестетиктер жиынтығы мен түрлері

  • Карпула мойының спиртпен өңделген тампонмен өңдеу

  • Бір реттік карпульды инені кигізу

  • Инені 40-45 градуспен альвеолярлы сүйекке енгізу, иненің кескіні сүйекке қараған

  • Инені енгізу нүктесі - қажетті тіс деңгейінде 0,5 см өтпелі қатпардан жоғары ауыздың кіреберісіне

  • Ине тіс түбір ұшы проекциясынан жоғары баяу жылжиды, ине жылжу бойымен анестетикті жібереді

  • Ауыз қуысының кіреберісінің шырышты қабаты, альвеолярлы өсінді мен тістер жансызданады.

  • Анестетикті сүйек астына енгізуге болмайды

Қол жеткен нәтижені бағалау : заманауи жансыздану препараттарын қолдана отырып, инфильтрациялық жансыздандыру жүргізілді.

Стандарт: Жоғарғы үлкен азу тістерін жұлу

Мақсаты : тісті жұлу операциясыны әдісін үйрету

Ресурстары:

  • Стерильді медициналық қолғап

  • Қорғаныш маскасы

  • Қарауға арналған құралдар жиынтығы , пинцет, айна, зонд

  • Элеватор

  • Амбулаториялық карта, қаламсап

Әрекет ету алгоритмі:

Бірінші және екінші үлкен азу тістерінің үш түбірі бар: екі ұрттық және бір таңдайлық. Ұрттық түбірлері екі жағы қысыңқы, таңдайлыққа қарағанда қысқа және жуан. Таңдайлық түбір үлкен, конус тәрізді. Кей кезде ұрттық түбірлер бір – біріне жабысып тұрады, немесе ұрттық таңдайлықпен жабысып тұрады, үшеуінің бір – біріне жабысуы сирек кездеседі. Бірінші үлкен азу тісте түбірі екіншіге қарағанда ұзынырақ, және жан-жағына еңкейген. Бұл тістер түбірлерінің жоғарғы бөлігі әлсіз қисайған болуы мүмкін.

Бірінші үлкен азу тістің сыртқы қабырғасы бет доғалық альвеолярлы сүйек есебінен қалыңдатылған, екіншісінде таңдайлыққа қарағанда жұқалау келеді. Түбірлерінің жан – жақа қарауына байланысты, түбір аралық бөгеттері қалың болады, бұл тісті жұлуды қиындатады.


  • Науқасты операцияға дайындау (психологиялық, медикаментозды)

  • Анестезия науқастың жағдайын ескере отырып жүргізіледі

  • Инструменттерді дайындау

  • Бірінші және екінші азу тістерді S- тәрізді қысқыштармен жұлады, олар оң және сол жақтағы тістерге арналған болады. Бір жақшаларында шип орналасқан, оны тістің сыртқы жағынан салады. Шип түбірлер арасына кіріп тұрады. Жартылай домалақ немесе жалпақ шеті бар басқа жаұшасы таңдай бетінде орналасады. Операциялық алаңға қол жеткізу үшін ыңғайлы болатындай етіп науқасты орналастырады. Дәрігер мен пациенттің орналасуы мен сол қол саусақтарының орналасуы кіші азу тістерді жұлудағы сияқты.

  • Домалақ байламды максимальды ашу

  • Қысқышты салу

  • Қысқышты жылжыту

  • Қысқышарды қысу

  • Тісті шығару (люксация, ротация)

  • Үлкен азу тістерін ұрттың содан кейін таңдайлық бетке ығыстыру арқылы жұлады. Бірінші үлкен азу тісті таңдайлық жаққа, ал екіншісін – ұрттық бетке ығыстырады.

  • Тісті ұяшығынан шығару, тісті ұяшығынан сыртқа және төменге қарай шығарады

  • Ұяшық кюретажы;

  • Альвела мен қызыл иек шеттерін тегістеу

  • Ұяшық шеттерін жақындату, ұяшықты қорғаныс таңғышымен жабу (альвожил, немесе йодоформды тампон) немесе ұяшықты тігу

Қол жеткен нәтижені бағалау: тісті жұлу

Стандарт : Тісті жұлу операциясы

Мақсаты : тісті жұлу операциясы әдісін үйрену.

Ресурстары :

  • Стерильді медициналық қолғап

  • Қорғаныш маскасы

  • Қарауға арналған құралдар жиынтығы , пинцет, айна, зонд

  • Элеватор

  • Амбулаториялық карта, қаламсап

  • Хирургиялық қысқыштар

Әрекет ету алгоритмі:

Бірінші және екінші үлкен азу тістерінің үш түбірі бар: екі ұрттық және бір таңдайлық. Ұрттық түбірлері екі жағы қысыңқы, таңдайлыққа қарағанда қысқа және жуан. Таңдайлық түбір үлкен, конус тәрізді. Кей кезде ұрттық түбірлер бір – біріне жабысып тұрады, немесе ұрттық таңдайлықпен жабысып тұрады, үшеуінің бір – біріне жабысуы сирек кездеседі. Бірінші үлкен азу тісте түбірі екіншіге қарағанда ұзынырақ, және жан-жағына еңкейген. Бұл тістер түбірлерінің жоғарғы бөлігі әлсіз қисайған болуы мүмкін.

Бірінші үлкен азу тістің сыртқы қабырғасы бет доғалық альвеолярлы сүйек есебінен қалыңдатылған, екіншісінде таңдайлыққа қарағанда жұқалау келеді. Түбірлерінің жан – жақа қарауына байланысты, түбір аралық бөгеттері қалың болады, бұл тісті жұлуды қиындатады.



  • Науқасты операцияға дайындау (психологиялық, медикаментозды)

  • Анестезия науқастың жағдайын ескере отырып жүргізіледі

  • Инструменттерді дайындау

  • Бірінші және екінші азу тістерді S- тәрізді қысқыштармен жұлады, олар оң және сол жақтағы тістерге арналған болады. Бір жақшаларында шип орналасқан, оны тістің сыртқы жағынан салады. Шип түбірлер арасына кіріп тұрады. Жартылай домалақ немесе жалпақ шеті бар басқа жаұшасы таңдай бетінде орналасады. Операциялық алаңға қол жеткізу үшін ыңғайлы болатындай етіп науқасты орналастырады. Дәрігер мен пациенттің орналасуы мен сол қол саусақтарының орналасуы кіші азу тістерді жұлудағы сияқты.

  • Домалақ байламды максимальды ашу

  • Қысқышты салу

  • Қысқышты жылжыту

  • Қысқышарды қысу

  • Тісті шығару (люксация, ротация)

  • Үлкен азу тістерін ұрттың содан кейін таңдайлық бетке ығыстыру арқылы жұлады. Бірінші үлкен азу тісті таңдайлық жаққа, ал екіншісін – ұрттық бетке ығыстырады.

  • Тісті ұяшығынан шығару, тісті ұяшығынан сыртқа және төменге қарай шығарады

  • Ұяшық кюретажы;

  • Альвела мен қызыл иек шеттерін тегістеу

  • Ұяшық шеттерін жақындату, ұяшықты қорғаныс таңғышымен жабу (альвожил, немесе йодоформды тампон) немесе ұяшықты тігу

Қол жеткен нәтижені бағалау: тісті жұлу

Стандарт: Қан кетудегі алғашқы көмек

Мақсаты: қан кету кезінде алғашқы көмек көрсету

Ресурстары:

  • Медициналық қолғап

  • Жгут

  • Стерильды тампон

  • Бинттер

  • Эластикалық бинт

Қан ағудың жіктелуі

  • Капиллярлы

  • Венозды

  • Артериялық

  • Паренхиматозды

Қан кету кезінде көмек көрсету алгоритмі

  • Қан ағу түрін анықтау

  • Қолғап кию

  • Қан ағуды тоқтатуға немесе азайтуға тырысу

  • Көрсеткіші болса жансыздандыру

  • Психологиялық қолдау көрсету

Уақытша қан ағуды тоқтату әдістері

  • Аяқтарын көтеріңкі орналастыру

  • Суық қою

  • Басатын таңғыш салу

  • Жараны тампонадалау

  • Басты артериялық бағандарды саусақпен басу

  • Аяқты немесе қолды буында максимальды бүгу

  • Қан ағып жатқан тамырға зажим салу

  • Жгут салу

Капиллярлы қан ағу кезінде

  • Қолғап кию

  • Жараға тура басуды қолдану

  • Басып тұратын таңғыш салу

  • Аяқтарын жоғары орналастыру

  • Суықты қолдану

Веналық қан ағу кезінде

  • Қолғап кию

  • Жараға тура басуды қолдану

  • Басып тұратын таңғыш салу

  • Терең жараны тампонадалау

  • Аяқтарын жоғары орналастыру


  • Суықты қолдану

  • Жарақаттанғанды білікті көмек көрсету орнына тез жеткізу

Артериялық қан ағу кезінде

  • Қолғап кию

  • Жараға тура басуды қолдану

  • Басып тұратын таңғыш салу

  • Терең жараны тампонадалау

  • Аяқтарын жоғары орналастыру

  • Егер қан ағу тоқтамаса – артериялық жгут салу

  • Жарақаттанғанды білікті көмек көрсету орнына тез жеткізу

Паренхиматозды қан ағу кезінде

  • Қолғап кию

  • Жараға тура басуды қолдану

  • Терең жараны тампонадалау

  • Ішке қан ағу мүмкіндігін есте сақтау

  • Жарақаттанғанды білікті көмек көрсету орнына тез жеткізу


Қол жеткен нәтижені бағалау: қан ағу кезінде алғашқы көмек көрсету

Стандарт : Жүрек – өкпе реанимациясы

Мақсаты : ағзаның өмір сүруге маңызды қызметтерін: тыныс алу, қан айналымы мен сана сезімін қалпына келтіруге бағытталған іс – шаралар кешенін оқып үйрену

Ресурстары: реанимация жасау әдістерін білу

Көмекші құралдарды қолдана отырып немесе олардың көмегісіз госпитальға дейінгі кезеңдегі ЖӨР алғашұы реанимациялық кешен деп аталады және барлық әлемде стандарт болып саналатын, негізгі үш амалдан тұрады.

А – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету

В – жасанды тыныс алу

С – қан айналымын қалпына келтіру

Әрекет ету алгоритмі :

Алғашқы жүрек – өкпе реанимациясы келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

  1. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру басты артқа тастау арқылы, төменгі жақты алға шығару, ауызды ашу және ауыз қуысынан бөгде заттарды алу арқылы жүзеге асырылады.

  2. Жасанды тыныс алдыруды реаниматолог шығаратын демді жарақаттанушының өкпесіне енгізу арқылы жүзеге асырыалды. Дем шығару пассивті түрде болады. Өздігінен тыныс алудың қалпына келуі басқа қызметтерді қалпына келтіреді. Бұл тыныс алу орталығының ми үшін ритмді басқарушы болуымен байланысты.

  3. Қан айналымын жүректің сыртқы массажы арқылы қалпына келтіру

  • Кқкіреу қуысын компрессиялау алдында, механикалық дефибрилляция жасау жөн, яғни, прекардиальды соққы беру қажет – көкіректің ортаңғы бөлігіне кеннеттен қатты соққы беру, содан кейін жүрекке массаж жасау.

  • Бірнеше секунд ішінде әрбір 2 – 3 минут сайын, жүргізіліп жатқан реанимацияның тиімділігін тексеру: ұйқы артериясында пульсты анықтау, көз қарашығын тексеру, өздігінен тыныс алудың қалпына келуі.

  • Егер жедел жәрдем келгенше пульс пен тыныс алу қалпына келсе, онда олардың параметрін бақылап отыру қажет.

  • Егер жүрек қызметі қалпына келіп, бірақ тыныс алу әлі жоқ болса – ӨЖВ жалғастырады

  • Егер тыныс алу мен пульс жоқ болса, ЖӨР жедел жәрдем келгенше жалғастырады

Қол жеткен нәтижені бағалау: Жүрек – өкпе реанимациясы

Стандарт: Стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі әдістері