Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 156

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ресурстары: жоғарғы және төменгі жақ көшірме үлгілері, бор машина, крампон қысқышы, металл қайшы, алюминий және мыс сымдар, диаметрі 15 мм, диаметрі 0,2 мм сым, резеңке сақиналар.

Әрекет ету алгоритмі:

Пластиналы шендеуіштер арасында, жақ сынықтары мен сүйек пластикасында Ванкеевич шендеуішін қолдану кеңінен таралған. Олар жақ сынықтарында, альвеолярлы қсіндінің атрофиясы кезінде жақ сықытарының орналасуын бекіту мен түзету үшін қолданылады.

Ванкеевич шендеуіші бұл жоғарғы жаққа арналған тіс қызыл иектік шендеуіш, ауыз қуысын ашқанда төменгі жақ тістерінің тіл бетімен, жоқ болған жағдайда – альвеолярлы қсіндімен жанасуы тиіс.

Ауыз қуысын жапқанда және тіс қатарлары түйіскен кезде олардың орналасуы орталық окклюзияға сәйкес болуы тиіс.

  1. Тіссіз жақтарда алдыменен көшірме үлгі арқылы дайындалып, пластмассадан жасалған жоғарғы жақ шаблоны тексеріледі.

  2. Әрбір бөлікті дұрыс орналастыру үшін оның қарама – қарсы бетіне балқытылған көшірме массасынан буфер дәнекерлейді.

  3. Науқас ығысқан жоғарғы жақ көшірмесін басқан кезде, буфер ығысқан бөлікке сәйкес шекараланады.

  4. Қалыптастыру аяқталғаннан кейін көшірме массасын АКР – 7 пластмассасына алмастырады.

  5. Дұрыс емес бітіскен сынықтар кезінде, біреуіне арнап, тірек жазығы бар жоғарғы жақ шендеуіші жасалады.

  6. Шендеуішті тексергеннен кейін, ол ғанышқа бектіледі, содан кейін ғаныш қатқан кезде, жоғарғы жақтың минимальды бөлігімен құйылып, үлгіде құрастырылады.

  7. Шендеуіштің үлкен бөлігінде келесі жағынан тірек қалыптастырылады.

  8. Салыстырғаннан кейін қалыптастырылған екінші бөлігі, тексеріледі.

  9. Содан кейін бөлек – бөлек тексерілген екі бөлік ғанышты құймаға орналастырылып, бір бүтінге дәнекерленеді.

  10. Осы түрінде екі бөлігі толығымен қатұаннан кейін ғана оперативті кірісулер арқылы орналастыралыды.

Ескерту:

  1. Ванкеевич шендеуіші төменгі жақ сынықтары кезінде және сүйек пластикасы кезінде қолданылады, сондықтан әмбебап болып саналады.

  2. Бұл шендеуішті дайындау әдісі екі және үш нұсқада болады, сынықтардың орналасуына байланысты болады.

6. Стандарт: Жақ – бет аймағы тіндерінің пластикасы кезіндегі ортопедиялық кірісулер. Қалыптастырушы аппараттарды дайындау техникасы.

Мақсаты: Жақ – бет аймағы тіндерінің пластикасы кезіндегі ортопедиялық кірісулерді оқып білу. Өалыптастырушы аппараттарды жасау техникасы.


Ресурстары: ғаныш, крампон, диаметрі 0,8 мм ортодонтиялық сым, припой, бура, кювета, пресс, қайшы, бор машина, бор.

Әрекет ету алгоритмі:

Ерін, ұрт, ауыз бұрышы мен иек асты аймағындағы жұмсақ тіндер пластикасында қалыптастырушы аппараттар ретінде тіс-жақ протездері қолданылады. Тіс қатары мен сүйек тінін алмастырудан басқа, пластикалық материалдың қалыптасуын сақтауда маңызды роль атқарады. Оперативті кірісулерден кейін протезсіз жұмсақ тіндер бүрісіп, төменге қарай түседі, салдарынан бет әлпеті өз қалпын жоғалтады. Сондықтан, операцияға дейін ақауды жабу мен қызметін қалпына келтәру мақсатында протезді жасау қажет. Төменгі ерін немесе иек асты жұмсақ тіндеріне операция жасау кезінде тістер болмаған жағдайда жоғарғы жақ тістері төменгі жаққа, төменгі жақ тістері жоғарғы жаққа қалыптастырушы аппаратты бекіту үшін қолданылады.

А.И. Бетельман бойынша қалыптастырушы аппараттар

1. жоғарғы жақ тістеріне сауыт жасайды

2. Тістердегі сауыттардан үлгі алады, алған үлгі бойынша сауытқа үлгі алады.

3. Вертикальды екі серіппені дәнекерлейді

4. Протездің пластмассалы бөлігіне дәнекерленген соңғыларын сәйкес екі түтікке салады

5. Протездің пластмассалы бөлігі ауыз қуысында балауыздан қалыптасады, оперативті кірісулердің пішіні мен сипатына сәйкес.

6. Қалыптастырғыш аппараттың жоғарғы бөлігінде тағам қабылдау үшін тесік жасайды.

З.Я. Шуру бойынша қалыптастырушы аппарат

1. жоғарғы ерін, жақ және ауыз бұрышының көлемді ақауы бар науқастардың бет әлпетінде пластикалық операция жасау кезінде

2. З.Я. Шуру жоғарғы жақтың қалыптастырушы протезін артқы жағынан саусақ тәрізді өсіндімен конструкциялауын ұсынады.

3. осы өсінділер бойынша оперативті жолмен Тиршу бойынша еркін орналастыру жолымен ұрттың артқы бөліктерінде қалталарды қалыптастырады

4. көрсетілген өсінділердің арқасында пртезде сәйкес ойықтар арқылы оның артқы бөлігінің бекітілуі қарастырылады.

5.протездің алдыңғы бөлігі, жоғарғы ерін ақауын алмастыратын, филатов сабақшасымен бекітіледі.

6. соңғысы бастың ғанышты таңғышына бекітіледі.

И.М. Оксман жоғарғы жақтың резекциялық аппаратының үш кезеңді әдісін қолдануды ұсынды.

1. бірінші кезеңде тірек тістерге кламмерлері бар бекітуші бөлігін дайындайды

2. ол үшін жақтың сау бөлігінен көшірме үлгі алады

3.зертханада дайындалған бекітуші пластинканы мұқият ауыз қуысына припасовкалап, жоғарғы жақтан үлгі алады.

4. үлгі құяды. Протездің бекітуші бөлігін модельге орналастырады. Жақтардың орталық қатынасын анықтайды.



5. ары қарай екінші кезеңге көшеді – протездің резекциялық бөлігін дайындау. Үлгілерді артикуляторға орталық окклюзия қатынасында орналастырады. Жоғарғы жақ үлгісінде операция жоспарына сәйкес резекция шекарасын анықтайды.

6. содан кейін мойын бөлігінде ісік жағынан орталық күрек тісті кесіп алады. Бұл шырышты қабат тілігімен сүйектің бетін жабуға кедергі жасамауы үшін қажет.

7. қалған тістерді альвеолярлы өсінді деңгейінде вестибулярлы және таңдай бөлігінен таңдайдың ортасына дейін кеседі, яғни, бекітуші пластинкаға дейін кеседі.

8. бекітуші пластинканың бетін кедір – бұдырлы етіп жасайды, пайда болған ақауды балауызбен толтырып, жасанды тістерді орнатады.

9. шайнау тістері аймағында резекциялық протездің жасанды қызыл иегін алға – артқы бағытта бағытталған, валик түрінде мүсіндейді. Операциядан кейінгі кезеңде тыртықтар валик бойымен қалыптасып, протезге орын дайындайды.

10. валикпен конструкциялау салдарынан, ұрттың жұмсақ тіндерімен бекітіледі. Осындай түрінде протез жоғарғы жақ резекциясынан кейін уақытша протез ретінде қолданылуы мүмкін.

Ары қарай, операциялық жараның жазылуына қарай, тампондарды алып тастап, протездің обтурациялық бөлігін қалыптастырады.

Ескерту: З.Я. Шуру бойынша протез конструкциясы екі жақтың резекциясынан кейін немесе біржақты тіссіз жоғарғы жақ резекциясында қолданылады.


7.Стандарт: Таңдай ақаулары кезінде протез дайындау техникасы

Мақсаты: Жақ – бет аймағы ақаулары мен деформацияларында протездеуді үйрену. Таңдай ақаулары кезінде протез жасауды игеру.

Ресурстары: үлгі, балауыз, пластмасса, кювета, ғаныш.

Әрекет ету алгоритмі:

Илиной – Маркосянның екінші обтураторы қазіргі таңда қолданылуда. Ол кламмері бар тірек пластинкасы мен екі жапырақ түріндегі таңдай пердесінен тұрады. Тірек пластинкасының тікелей жалғасы болатын, төменгі жапырағы тіл жағынан қатты таңдайдың арты үштен бір бөлігі мен жұмсақ таңдайды көмкереді, жоғарғысы – жұтқыншақ жағынан жұмсақ таңдай жырығын көмкереді. Жапырақтардың екі бөлігін өзара кнопкамен және жібек жіппен байланысқан.

  1. Стенстті көшірме бойынша жұмысшы ғаныш үлгісін жасау

  2. Үлгіде шекарасын сызып, оны сумен малып, балқытылған балауызбен толтырады.

  3. Балауыз қатқаннан кейін белгіленген шекара бойынша оған обтуратордың пішінін беру.

  4. Содан кейін балауыз обтураторын кигізіп көріп, балауызды каучукка алмастыру үшін тіс технигіне беру

Пластмассадан жасалған обтураторлар.

  1. Шпатель деңгейіне дейін көшірме үлгіні жаңадан араластырылған ғанышқа салу.

  2. Ғаныштың кристаллизациясынан кейін, көшірме алу массасын алып, алған үлгіні пластмассамен паковка жасау

  3. Паковкадан кейін үлгі тесігін жаңадан араластырылған ғаныш порциясымен жабу

  4. 30-40 минуттан кейін ғанышты ашып, пластмассалы обтураторды алып, жалпыға бірдей әдістермен өңдейді

Дайын болған обтуратор мүмкіндігінше жеңіл және жұқа болуы тиіс. Протездің бұл ерекшелігі баланың оған үйренуіне ықпал етеді және ары қарай қолдануында функциональды тиімділігін қамтамасыз етеді.

Обтураторды припасовкалау кезінде келесі моменттерге назар аудару қажет:

  1. Ауыз қуысында мұқият припасовкалау

  2. Көшірме үлгіні жоғарғы жақтан алады.

  3. Бекітуші бөлігі үлгіде орналасатындай етіп, модель құяды.

  4. Жақтардың орталық қатынасын анықтау

Ары қарай екінші кезеңге өтеді – протездің резекциялық бөлігін дайындау

  1. Үлгіні орталық окклюзияда артикуляторға орналастырады.

  2. Жоғарғы жақ үлгісінде резекция шекарасын операция жоспарына сәйкес жүргізеді.

  3. Содан кейін орталық күрек тісті мойын деңгейінен кесіп тастайды.


Ескерту:

  1. Жұмсақ таңдай бұлшықеттерінің жиырылуы бойынша жұмсақ және қатты таңдайға ауысуының шекарасын анықтайды. Обтуратордың таңдай – тіл бқлігінен жұмсақ таңдай бұлшықеттерінің бос екендігін білу үшін, қатты таңдайдың сүйек шетін саусақпен сипап тексеру өте пайдалы. Қарама – қарсы жағдайда жырық шеттерінің шырышты қабатында жаралар пайда болады.

  2. Бұлшықеттердің тыныштық жағдайында обтуратордың мұрын жұтқыншақ бөлігі жұмсақ таңдай жырығының мұрын жазықтығынан жоғары орналасады, таңдай бұлшықеттерінің горизонтальды және вертикальды жазықтықта еркін қозғалуы үшін. Жұтыну мен дыбыс шығару кезінде жұмсақ таңдай көтерілген кезде ол обтуратордың төменгі шеткі бөлігімен жанасады.

  3. Дайын обтуратордың салмағы 3-4 г жоғары емес. Жылжымалы обтуратордың бұндай жеңіл салмағы , құрамында металлды конструкцияның болмауымен түсіндіріледі.

8.Стандарт: Жақ резекциясы мен бет деформациясы кезінде алмастырушы протездер дайындау техникасы.

Мақсаты: Жақ резекциясы мен бет деформациясы кезінде алмастырушы протездер дайындау техникасын игеру.

Ресурстары: Гаффнер қысқыштары, үлгі, ғаныш, окклюдатор, припой.

Әрекет ету алгоритмі:

Резекциялық протез жоғарғы жаққа үш кезеңде жасалады:

  • Бірінші кезең – бекітуші пластинканы дайындау

  • Екінші кезең – протездің резекциялық бөлігін дайындау – бұл түрінде протез уақытша болады.

  • Үшінші кезең – протездің обтурациялық бөлігін дайындау немесе уақытша – резекциялық аппаратты тұрақтыға ауыстыру.

  1. Алдыменен протезді бекіту үшін тірек тістерге егеу жүргізеді

  2. Жартылай көшірме алады, тірек тістерге сауыт дайындайды.

  3. Қзындығы 4-5 мм, қалыңдығы 1 мм сымның кесіндісін, тірек тістердің шайнау немесе кесу қырларына паралелльді етіп дәнекерлейді.

  4. Гаффнер шендеуішін қолданады

  5. Содан кейін сау жағынан жоғарғы жақ тістерінің сауыттарынан көшірме алады, алынған үлгі бойынша ұстап тұрушы кламмерлері бар бекітуші пластинка жасайды.

  6. Бекітуші пластинканы припасовкадан кейін, жоғарғы жақтан көшірме үлгі алады – бекітуші пластинка ауыз қуысында болған кезде төменгі жақтан көшірме үлгі алады, алынған үлгң бойынша бекітуші пластинкаға протездің резекциялық бөлігін дәнекерлейді.

  7. Үгілерді орталық окклюзия жағдайында окклюдаторға орналастырады.

  8. Жоғарғы жақ модельінде операция жоспарына сәйкес резекция шекарасын белгілеп, мойын бөлігінен жоғары деңгейде ісік жағына қарай күрек тісті кесіп алып тастайды. Бұл резекциялық сүйекті шырышты қабат тілігімен жабуға кедергі жасамау үшін қажет.

  9. Қалған тістерді альвеолярлы өсінді деңгейінде, вестибулярлы және таңдай жағынан таңдайдың орталығына дейін кесіп алады, яғни, бекітуші пластинка шекарасына дейін.

  10. Пластинканы модельден шешіп, оның таңдай бөлігін кедір – бұдырлы етіп жасайды, содан кейін бекітуші пластинканы қайтадан модельге салып, жоғары жақ тістерімен окклюзияда жасанды тістер орналастырады.