Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 180
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Қатты ыстық протезді трегерден салқын пинцетпен шешуге болмайды – бұл массаның сызаттануына алып келеді
-
Көпір тәрізді протезді модельге припасовкалайды, қажеттілігі болса алмазды борлармен коррекцияланады:
-
Кесу қырларының дентинді массасынан кейбір жерлерінен опак көрініп тұрса, ондай жерлерге дентин – опакты қабатты тағы да салу қажет -
Күйдіруден кейін пайда болған тіс аралық бөліктерге дентинді масса салады. Жасанды тістердің анатомиялық пішінін кесу қырларына арналған массамен және мөлдірлігі әртүрлі деңгейдегі транспарант – массамен түзетеді. Науқастың жасанды тістеріне ориентирлену тиіс және олардың морфологиялық және түстік ерекшеліктерін ұқсастыру қажет.
-
Қайталанбалы коррекцияланған күйдіруден кейін металлокерамикалық протезді фасонды алмаззды ұштықтармен немесе карборунд тастарымен, керамикалық байламда қңдейді -
Дентин қабатының қалыңдығы 0,7-1,0 мм.
Ескерту:
-
Кептіру, күйдіру, пешті қыздыру, дентин қабатын салқындату уақыты, керамика өндіруші фирманың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі -
Тістің анатомиялық пішінін қайта қалыптастыру кезінде массаның күйдіру кезінде отыратынын ескеру қажет -
Дентинді массаны күйдіру кезінде ылғал бөлінуі тоқтағанша конденсирлеу қажет, масса жағылып емес жақсы кесілуі тиіс -
Жасанды сауыттардың анатомиялық пішіні мөлдірлігі әртүрлі деңгейдегі кесу қырларына арналған массамен мүсінделеді. Науқастың жасанды тістеріне ориентирлену тиіс және олардың морфологиялық және түстік ерекшеліктерін ұқсастыру қажет.
-
Стандарт: Керамиканың кіреуке қабатын жағу мен күйдіру
Мақсаты: керамиканың кіреуке қабатын жағу мен күйдіру әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, күйдіруге арналған пеш
Стоматологиялық құралдар: бормашина, күйдіруге арналған пеш, сауыттарды орналастыруға арналған керамикалық ұстап тұрғыш штифттары бар трегер, керамикалық пештегі көпір тәрізді протез, кептіргіш
Стоматологиялық құралдар: қатты қоспалы фрездер, пинцет, керамикаға арналған корцанг, араластыруға арналған шыны пластина немесе керамикалық бояғыштарды араластыруға арналған жеке ұяшықтары бар керамикалық палитра, керамикаға арналған табиғи және аралас щеткалар жиынтығы, скальпель, сауыттарды орналастыруға арналған штифтты керамикалық ұстап тұрғышы бар трегер, керамикалық пештегі көпір тәрізді протез, кептіргіш.
Стоматологиялық материалдар: сүзгіш қағаз, керамикалық масса, каркас, модельдер
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.
Әрекет ету алгоритмі:
-
беріктігі жоғары фарфордың соңғы қабатын кіреукелік немесе күрек тістік деп атайды, ол сауытқа жартылай мөлдір кесу қырлары мен табиғи түр береді. -
кіреуке массасын кесу қырларынан тіс мойнына қарай жағады, дентин қабатын кесу кезінде бұзылысқа ұшыраған сауыт көлемін қалыптастырады -
егер жас науқастардың тістері протезделетін болса, кесу қырларына саусақ тәрізді контурлар – мамелон жағылады. -
опалесценция әсерін қалыптастыру үшін ашық түсті кіреуке қабатын жағады. -
опалесценция әсерін қалыптастыру үшін ашық түсті кіреуке қабатын жағады. Ол үшін нұсқаулықта көрсетілгеннен бір тон ашық кіреуке массасын алады немесе нұсқалған кіреуке массасына бірнеше тамшы ашық түсті қосады. -
протезді кептіріп, фирма – өндіруші нұсқаулығына сәйкес режим бойынша күйдіру жүгізіледі.
Ескерту:
Кіреуке массаларын мұқият араластыру қажет, әйпесе дақты керамикалық масса пайда болады.
-
Стандарт: Глазурлеуден алдын металлокерамикалық көпір тәрізді протезді припасовкалау. Көпір тәрізді металлокерамикалық протездің пішіні мен түсін коррекциялау.
Мақсаты: глазурлеуден алдын металлокерамикалық көпір тәрізді протезді припасовкалау мен көпір тәрізді металлокерамикалық протездің пішіні мен түсін коррекциялау әдістерін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: стоматологиялық қондырғы, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: стоматологиялық айна, пинцет, зонд, шпатель, скальпель, сауытты шешетін құрал, қатты қоспалы фрездер, борлар мен дискттер жиынтығы.
Стоматологиялық материалдар: көшірме қағаз, протезді медикаментозды өңдеуге арналған құралдар, балауызды пластина, модель каркасы
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.
Әрекет ету алгоритмі:
-
металлокерамикалық көпір тәрізді протезді припасовкалауда протездің эстетикалық сапасына назар аудару тиіс (облицовка түсі, фасеткалар мен сауыттар пішіні) мойын бөлігіндегі сауыт шекарасының нақтылығы -
металлокерамикалық протездің окклюзиялық қатынасын мұқият тексеру
-
тірек сауыттарының протезді алаң тіндерімен сәйкестігін алдын ала тексеру -
аралық бөлімнің альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына қысым жасамауы -
сауыттар мен фасеткалардың шайнау беттерінде алдын ала жанасу болған кезде көшірме қағаздарының іздері пайда болады. алмазды абразивтер көмегімен таңдамалы егеу жүргізіп, алдын ала жанасуды жояды.
-
тіс техниімен бірге және науқастың пікірін ескере отырып, тістердің түсін, пішіні мен өлшемін анықтау
-
қажеттілігі болса, сауыттар мен фасеткалардың пішінін, жеке бөліктердің фарфорын егеу арқылы немесе қосымша түрде жағып, күйдіру арқылы түзетуге болады.
Ескерту:
-
глазурлеудің алдында көпір тәрізді металлокерамикалық протезді припасовкалау жауапты кезең болып саналады өйткені соңы кезеңде протездің бұл конструкцияларына қандай да бір өзгертулер енгізу дұрыс емес.
-
Стандарт: Көпір тәрізді металлокерамикалық протезді тапсыру, бекіту. Кеңес беру.
Мақсаты: көпір тәрізді металлокерамикалық протезді тапсыру, бекіту әдістерін меңгеру.
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: стоматологиялық қондырғы, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: стоматологиялық айна, пинцет, зонд, шпатель, скальпель, сауытты шешетін құрал, қатты қоспалы фрездер, борлар мен дискттер жиынтығы.
Стоматологиялық материалдар: көшірме қағаз, протезді медикаментозды өңдеуге арналған құралдар, балауызды пластина, модель каркасы
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.
Әрекет ету алгоритмі:
І. Протезді тапсыру
-
сауытты техникалық бағалау -
медикаментозды өңдеу (сауыттың барлық беттерін сутегінің асқан тотығы немесе спиртпен өңдеу) -
сауытты клиникалық бағалау
-
протез тірек тістерге оңай киіледі -
тістің анатомиялық пішініне сәйкес келеді, көрші тұрған тістермен жанасады, тіс мойнын тығыз қамтиды және антогонист тістермен фиссуралы – төмпешікті жанасуы тығыз, төменгі жақ қозғалысында окклюзиялық өзара қатынасқа кедергі жасамайды.
ІІ. Цементке отырғызу
егер науқас шағым айтпай, цементке отырғызуға келісім берсе, онда протезді тапсырып, тірек тістерге цементке отырғызу жүргізіледі
-
протезді медикаментозды өңдеу -
тісті медикаментозды өңдеу -
тісті сілекейден оқшаулау -
цементті араластыру және тірек сауыттарын толтыру -
тістесуді бақылай отырып, протезді цементке отырғызу -
протезді цементтен тазарту -
кеңес беру
Стандарт: «Хирургиялық науқасты тексеру әдістері»
Мақсаты : хирургиялық стоматология клиникасында науқасты тексеру жүргізуді үйреті
Ресурстары:
-
Емдеу кабинеті -
Стоматологиялық кресло -
Бормашина -
Дәрігердің үстелі -
Дәрігердің орындығы -
Стоматологиялық құралар (зонд, пинцет, айна, лоток) -
Жазу үстелі -
Медициналық халат, қалпақ, қаламсап, алмастыру аяқ киімі, маска, көзілдірік
Әрекет ету алгоритмі:
Науқасты тексерудің мақсаты мен міндеті | Анықтау | Аурудың этиологиясын, ағымын, деңгейін, клиникалық стоматология бойынша морфологиялық және функциональды бұзылыстар сипатын |
| Айқындау | Аурудың дамуы, науқастың дамуы мен өмірі, кәсіби қызметі, тұрмысы, бұрын ауырған аурулары және қазіргі кездегі аурулары |
| Ескеру | Ағзаның басқа мүшелерінің тіршілік етуіне жергілікті бұзылыстардың, жергілікті процесстің ағымы мен дамуына жалпы бұзылыстардың әсері |
| Анықтау | Тіс – жақ жүйесінің аурулаырмен байланысты психикалық бұзылыстар |
| Қою | Диагноз |
| Құрау | Емдеу жоспарын, қажеттілігі болса, ауыз қуысына алдын ала дайындық жүргізу |
| Көз жеткізу | Емдеуді болжауда – ауруды жою, мүше қызметтерін қалпына келтіру, кәсіби қызметіне оралу негізінде науқасты реабилитациялау |
Тістесу | | Антогонист тістер арасында біркелкі окклюзиялық контакттың болуы |
Физиологиялық тістесу түрлері | | Ортогнатиялық, тура, физиологиялық прогения, бипрогнатия |
Пародонт | | (тексеру, зондтау, рентгенсуреттем) интактылығын анықтау, пародонттағы патологиялық ошақты анықтау ( сұрау, перкуссия, зондтау, рентген суреттеме) |
Ауыз қуысының шырышты қабаты | | Түсі, тығыздығы, протез орны бойынша жылжымалдылығы, Төменгі жақ – өтпелі қатпар, альвеолярлы бөлігі, тіл асты кеңістігі. Тактильді сезімталдылық. Патологиялық өзгерістердің болуы: эрозия, афта, гиперемия, лейкоплакия, тыртықты қатпарлар |
СТЖБ тексеру | | Тыныштықта: элементтердің топографиялық қатынасы, ауырсынуы, ісінуі, буын басы орналасуының өзгеруі. Қызмет кезінде: буын басы ығысуының синхрондығы, ауырсыну, сықырлауы. |
Шайнау бұлшықеттерін тексеру | | Тыныштық кезінде және шайнау, жұты, сөйлеу кезінде, ісіну есебінен бет әлпетінің ассиметриясы, тонустың артуы (қарау, пальпация, мастикоциография, электромиография, топометрия) |
Жақ сүйектерін тексеру | | Тыныштықта, ауызды жапқанда және ашқанда, шайнау кезінде, сөйлеу артикуляциясы, тістесу аномалиясы мен деформациясы кезіндегі бет ассиметриясы, (телерентгенография, томография, панорамды рентгенография) |
Диагноз | | Қарау мен қосымша тексеру әдістерімен анықталған, этиологиялық, патогенетикалық сипаттағы морфологиялық және функциональды бұзылыстар туралы деректерден тұрады. |
Тістік протездеуге дайындау әдістері | Ауыз қуысының санациясы | Тіс жегісі, ұлпа қабынуы, пародонтит, периодонтит, пародонтит, гингивит, стоматит және басқалары |
Хирургиялық | Тісті жұлу | Емделмейтін, аномалияға ұшыраған тістерді жұлу |
Есеп – тіркеу құжаттарын толтыру | | Медициналық карта немесе ауру тарихында паспорттық деректер, клиникалық және зертханалық зерттеу әдістерінің деректері болады, соған байланысты дәрігер диагноз қойып, емдеу жоспарын құрып, күнделік жазады, емдеу кезеңдері мен нәтижелерін белгілеп отырады |