Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 184
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақсаты: металлокерамикалық протез каркасын құю әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: вентилятор, вибро үстел, муфельді пеш, құю қондырғысы, вакуумды аралстырғыш, вакуумды аралстырғыш құралдары, металлды сақиналар, құм шашатын аппарат, опока астылық конус, электронды таразы, керамикалық тигель
Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық және электрошпатель, резеңке колба, қатты қоспалы фреза, пинцет, алмазды және карборунд тастары, скальпель, пинцет
Стоматологиялық материалдар: сақиналарға (опокаға) арналған компенсациялық лента (лайнер), балауызды штифттер, құймалы балауыздар жиынтығы, балауызды сым, силиконды спрей, пішіндеуші масса, модельдің металл каркасы
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: стендттер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері, құйма қоныдғысында жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы
Әрекет ету алгоритмі:
№ 48 стандарттың алгоритмі сияқты, бірақ ерекшеліктері бар:
-
Құйма түзетін штифттер мен құйма жүйесін орнату
-
Диаметрі 2-2,5 мм ұзындығы 5 мм балауызды штифттерді әлсіз қыздырылған шпательмен каркастың әрбір мүсінделген бірлігіне жапсырылады -
Пішіні бойынша құйма жүйесі доға тәрізді болады. Кристаллизация кезінде ол түзуленіп, онда ішкі қысым пайда болмайды.
-
Құюдан кейін құйманы паковка массасынан құм шашатын аппаратта тазартып, литникті кесіп, каркасты тіс технигіне ары қарай өңдеу үшін береді. -
Қоспаны балқыту тигельде жүргізілуі тиіс. -
Металл қоспасының қайнауы керамикамен химиялық қосылуды қамтамасыз ететін, қоспаның негізгі бөліктерін күйдіруге алып келеді.
Ескерту:
-
Опоканы салқын суда суытып, опокалы массаны балғамен сындыруға болмайды, бұл жағдайда протездің деформациясы болуы мүмкін -
Құйма жүйесін біркелкі кесу қажет, металлды қыздырмай және құйылған конструкцияға механикалық қысым жасамау қажет. -
Көпір тәрізді протез неғұрлым үлкен болсағ соғұрлым опока температурасының көтерілу жылдамдығы төмен болуы тиіс. Бұл құйылған протездегі отыру мүмкіндігін азайтады. -
Каркасты құю үшін металлокерамикалық протезді дайындау үшін арнайы қоспалар ғана қолданылады.
-
Стандарт: Металлокерамикалық протез каркасын өңдеу
Мақсаты: каркасты өңдеу әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: портативті бормашина
Стоматологиялық құралдар: қатты қоспалы фрезалар, пинцет, алмазды және карборунд тастары, микрометр, скальпель, шпатель
Стоматологиялық материалдар: көшірме қағазы, каркас, модельдер.
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: стендттер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері, құйма қондырғысында жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы
Қатты қоспалы фрездер мен карборунд тастары , микрометрлер, презентациялар, видеофильмдер, Интернет желісінен материалдар.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Құйманы толығымен кесіп тастап, каркасты ауа қуыстарының болуына тексеру,
-
Құйма астынан қуыстар табылған жағдайда, конус немесе воронка түріндегі металлды фрезамен өңдеу тиіс
-
Каркасты орнатуға кедергі жасалатын бөліктерді модельге припасовкалау үшін таңдайда -
Содан кейін каркасты припасовкалап, сауыт жиектерін нақты сәйкес келуіне қол жеткізіп, окклюзиялық өзара қатынасын тексереді. -
Каркасты қатты тастармен микрометр бақылауында өңдейді (сауыт қабырғасының қалыңдығы 0,3-0,4 мм кем болуы тиіс) -
Қол жетуі қиын жерлерде арнайы алмазды карборунд тастарын қолдану қажет.
Ескерту: қарапайым тіс дәрігерлік алмазды ұштықтар металлдағы қуыстарды толтырып, күйдіру кезінде массаның сынуына алып келеді.
-
Стандарт: Көпір тәрізді протездің құйылған каркасын припасовкалау. Түсін анықтау.
Мақсаты: көпір тәрізді протез каркасын припасовкалау әдісі мен болашақ керамикалық облицовканың түсін анықтау әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: стоматологиялық қондырғы
Стоматологиялық құралдар: қатты қоспалы фрездер, пинцет, алмазды, карборунд тастары, микрометр, скальпель, шпатель, айна, зонд.
Стоматологиялық материалдар: көшірме қағаз, каркас, модельдер, спирт, дистильденген су, сутегінің асқын тотығы, Вита фирмасының түрлері, мақта.
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: стендттер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері, құйма қондырғысында жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы
Әрекет ету алгоритмі:
-
Технологиялық бағалау
-
Каркас модельге еркін припасовкаланады -
Каркас бүтіндігін, біркелкілігін, құрылымын сапасы мен жылтыратуын тексеру -
Сауыттан сауытқа немесе аралық бөлімге өту жерлері тегіс болуы тиіс
-
Медикаментозды өңдеу -
Припасовкалау
-
Каркас тірек тістерге барлық жағынан дәрігер белгіленген деңгейге дейін жетеді, яғни, қызыл иекке дейін жететіндей етіп, еркін киіледі. -
Шеткі, алдыңғы окллюзияда уақытынан бұрын жанасудың болмауы -
Көпір тәрізді протездің аралық бөлімі альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына 1,5-2,0 мм жетпеуі тиіс.
-
Түсін анықтау
-
Міндетті түрде пациенттің қатысуымен және оның ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, табиғи жарықта жүргізіледі -
Облицовканың таңдаған түсіне пациент келісім беруі тиіс
-
Стандарт: Оксидті пленканы алу мен майсыздандыру.
Мақсаты: оксидті пленканы алу мен майсыздандыру әдісін меңгеру.
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, күйдіруге арналған пеш, құм шашатын аппарат, ультрадыбысты және бу шашатын аппарат
Стоматологиялық құралдар: қатты қоспалы фрездер, пинцет, корцанг, шпатель, микрометр, скальпель, шпатель
Стоматологиялық материлдар: құм шашатын аппаратқа арналған құм, каркас, модельдер, спирт, дистильденген су.
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: стендттер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері, құйма қондырғысында жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы
Әрекет ету алгоритмі:
-
Металлды каркасты припасовкалаудан кейін каркас бойымен бір бағытта өңдей отырып, қатты қоспалы фрездер немесе карборунд тастарымен тегістейді -
Өңделген каркасты ағынды сумен жуып, ақ құммен құм шашатын аппаратта өңдейді -
Каркасты қолмен ұстауға болмайды, майсыз болуы тиіс -
Каркасты майсыздандыру үшін ультрадыбыс немесе бу шашатын аппаратты қолдану қажет. Егер зертханада ондай жағдай болмаса, спиртке салу немесе дистильденген суда қайнату қажет -
Каркасқа керамикалық массаны жағу алдында оксидті пленка жасау қажет - нұсқаулыққа сәйкес, вакууммен каркасты күйдіру кезінде түзіледі
-
Окисьті пленка тегіс, біркелкі, сұр түсті, жасыл немесе алтын түсті қолданылған қоспаға байланысты болады -
Егер окисьті пленкада күйдіргеннен кейін дақтар пайда болса, металл шлактармен ластанған. Дақтарды тазалап, каркасты құм шашатын аппаратта қайтадан өңдеп, күйдіреді.
-
Окисьті пленканы жаққаннан кейін каркасты қолға алуға болмайды тек шпательмен.
Ескерту:
Фарфор массасы мен металл арасындағы байланысты анықтайтын факторлар:
-
Металлды каркасты құм шашатын аппаратта өңдеу оның бетінде майда лакуналардың пайда болуына ықпал етеді, ол өз кезегінде механикалық бекітудің артуына әсер етеді. -
Оксидті қабат керамикалық қабаттың адгезиясын жақсартып, металлды керамика шекарасындағы механикалық қысымды төмендетеді.
-
Стандарт: Керамикалық жабындының бірінші (опакты) грунтты қабатын жағу мен оны күйдіру
Мақсаты: опакты (грунтты) қабатты жағу әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, күйдіруге арналған пеш
Стоматологиялық құралдар: қатты қоспалы фрездер, пинцет, керамикаға арналған карцанг, араластыруға арналған шыны пластина немесе керамикалық бояғыштарды араластыруға арналған жеке ұяшықтары бар керамикалық палитра, керамикаға арналған табиғи және аралас щеткалар жиынтығы, скальпель, сауыттарды орналастыруға арналған штифтты керамикалық ұстап тұрғышы бар трегер, керамикалық пештегі көпір тәрізді протез, кептіргіш.
Стоматологиялық материалдар: сүзгіш қағаз, керамикалық масса, каркас, модельдер
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: стендттер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері, құйма қондырғысында жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы
Әрекет ету алгоритмі:
-
Бірінші керамикалық қабат - мөлдір емес, опакты қабат екі рет жағылады, құрамында металлдың түсін өшіруге арналған «глушитель» бар -
Бірінші қабатты жағу үшін опакты массаны шыны пластикте сұйық қаймақ консистенциясына дейін арнайы сұйықтықпен араластырады -
Масса щеткамен жартылай мөлдір қабатпен жағады, каркасты ұстап тұрғыш қысқышпен немесе пинцетпен бекітеді -
Жағылған массаны шпательмен нығыздап, сүзгіш қағазбен ылғалын алып тастайды -
Керамикалық опакты қабатты жақөаннан кейін каркасты арнайы кептіруге арналған пештегі трегерге орнатады. -
Қажет емес қышқылдануды болдырмау үшін және керамикалық массаның қуыстар болмай пісуі үшін вакумм шартында массаға бірінші күйдіру жасайды -
Бірінші қабатты күйдіргеннен кейін опакты массаны қою қаймақ консистенциясына дейін араластырып, гирляндадан басқа металлдың барлығын жасыру үшін екінші қабатын жағады. Массаны біркелкі етіп, каркасқа жағады. -
Опакты қабатты жаққанан кейін кептіріп, каркасты күйдіру үшін пешке салады. -
Дұрыс жағылған және күйдірілген опакты қабат жылтыр болмауы тиіс. Құрылымы жұмыртқаның құрылымына ұқсас болуы тиіс. Опакты қабатты күйдіргеннен кейін каркасты қолмен ұстауға болмайды тек қана пинцет немесе қысқышты қолданады -
Опакты қабаттың қалыңдығы 0,2-0,3 мм.
Ескерту:
-
Опакты қабатты күйдіруді фирма – өндіруші нұсқаулығымен жасайды -
Масса артықтарын алмазды құралдармен алады -
Сызаттары мен керамика толығымен жаппаған жерлері болса, және де анатомиялық пішінін жасау мақсатында, массаның жаңа порцияларын жағып күйдіреді -
Сауыттың мойын бөлігінде бір сызыққа біріккен үш материал бар: металл, опакты қабат және дентинді керамикалық масса. Олардың барлығы жеткілікті түрде мөлдір емес, сондықтан сауыттың мойын бөлігі қара металлды сызық сияқты. Керамикалық массаның опакты қабаты металлды бетке жақын орналасқан, дентин масса қабаты мойын бөлігінже жұқа орналасқан. Одан басқа, металлды уступ жарық өткізбейді. Сондықтан тек мойын бөлігі ғана емес, тісті қоршаған тіндер де қара түсті болып көрінеді – сауыттың мойын бөлігінде мойын бөлігіне арналған массаны қолданады.
-
Стандарт: Дентин массадан тірек сауыттары, аралық бөлімді мүсіндеу, коррекция.
Мақсаты: дентин массадан тірек сауыттары, аралық бөлімді мүсіндеу, коррекциялау, күйдіру әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, күйдіруге арналған пеш
Стоматологиялық құралдар: бормашина, күйдіруге арналған пеш, сауыттарды орналастыруға арналған керамикалық ұстап тұрғыш штифттары бар трегер, керамикалық пештегі көпір тәрізді протез, кептіргіш
Стоматологиялық құралдар: қатты қоспалы фрездер, пинцет, керамикаға арналған корцанг, араластыруға арналған шыны пластина немесе керамикалық бояғыштарды араластыруға арналған жеке ұяшықтары бар керамикалық палитра, керамикаға арналған табиғи және аралас щеткалар жиынтығы, скальпель, сауыттарды орналастыруға арналған штифтты керамикалық ұстап тұрғышы бар трегер, керамикалық пештегі көпір тәрізді протез, кептіргіш.
Стоматологиялық материалдар: сүзгіш қағаз, керамикалық масса, каркас, модельдер
Мультимедиялық қондырғылар:
Оқу құралдары: стендттер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері, құйма қондырғысында жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы
Әрекет ету алгоритмі:
-
Дентин массасын жағу алдында, тіс қатары ақауының аймағында және көрші тұрған интактты тістердің жанасу беттерін арнайы изоляциялық лакпен өңдеу қажет, кепкеннен кейін – майлы карандашпен өңдеу қажет -
Альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына қараған көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне сәйкес түсті дентинді опакты қабат жағып, протезді тірек тістерге кигізеді -
Қою қаймақ консистенциясына дейін араластырған дентин массаны тістің анатомиялық пішінін мүсіндей отырып, вестибулярлы беттен бастайды -
Салфетканың көмегімен ылғалды алады -
Премоляр мен молярлардың шайнау бетін мүсіндеу кезінде массаның күйдіру кезінде үзілуінің алдын алу үшін фиссураларының бір сызықта орналасуын бақылау қажет -
Антогонисттермен өзара қатынасын қайтадан тексеру -
Кесу қырларының массасының көмегімен тістің соңғы анатомиялық пішінін қалыптастырып, төмпешіктер мен фиссураларын пішіндеп, окклюзиясын тағы да тексереді -
Көпір тәрізді протездің әрбір бірлігін сепарациямен бөлу қажет, күйдіру кезінде масса үзілуінің алдын алу мақсатында -
Серапацияны арнайы пышақпен опакты қабатқа дейін жүргізеді -
Мүсіндеуші инемен кесу қырларының опакты қабатын дентинді қабатқа дейін кесіп, фиссураны мүсіндейді -
Жұмсақ щеткамен масса артықтарын алып тастап, бетін тегістеп, модельді протезден абайлап шешеді -
Көрші тұрған тістер мен альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатымен жанасқан жерлерін щеткамен массаны тегістеп, егер қажеттілігі болса қосып, протезді күйдіруге дайындайды -
Күйдіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін протез салқындауы тиіс: