Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 111

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

20 балл

1.Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру.

Дәрігер стоматологтың өз міндетін жақсы орындау, жұмыс орнының жабдықталуы мен жұмысын ұйымдастыруына байланысты. Соңғы кездерде стоматологияның өркендеуіне байланысты жұмыс орны күрделі стоматологиялық құрылғылармен жабдықталған. Себебі, көрсетілетін көмек тістің қатты тіндерін өңдеумен байланысты болады.

Ереже бойынша бір стоматологиялық құрылғы орнату үшін бөлме 14 шаршы метрден кем болмауы, ал әрбір қосымша қойылған стоматологиялық құрылғы үшін 7 шаршы метр аудан қосылады. Бөлме едені линолиуммен не кафельмен жабыстырылған, ал қабырғалары 180 см биіктікте майлы бояумен сырланған немесе кафель жабыстырылған болуы шарт. Бөлмеде вентиляция люгы, желдеткіштер және міндетті түрде ауаны зарарсыздандыру үшін кварц шамы болуы керек.

Стоматологиялық құрылғы табиғи жарық көзіне қаратылуы шарт.

Бөлмеде дәрігер, мейірбике және кіші мейірбике үшін орын болады. Дәрігердің жұмысы үшін стоматологиялық құрылғы, отыратын винтті орындық, дәрі – дәрмек үшін үстел, науқасқа орындық және жасанды жарық көзі болуы керек. Соңғы кезде дәрігерлерден науқас жайындағы мәліметті компьютерге енгізу және электронды вариантта есеп – қисап жұмыстарын жүргізуді талап етіліп жүргендіктен, бөлме арнайы компьютер үстелдерімен де жабдықталуда. Медбикенің жұмыс орнында құрал – саймандар үшін үстел, күшті әсер ететін дәрілер үшін А және Б шкафы, анафилактикалық шокқа қарсы қолданылатын дәрі – дәрмектер мен материалдар үшін шкафтар, залалсыздандырылған заттарға арналған шкаф, раковина болуы керек.

Стоматологиялық бөлмеде ең қажет болып саналатын аппарат бормашина болып есептеледі. Алғашқыда олар аяқпен жұмыс істейтін болып, кейін келе жетілдіріліп мотормен, соңғы кездерде турбиналы болып шыға бастады.

Стоматологиялық құрылғы – соңғы кездерде күрделендіріліп, автоматизацияланған. Құрылғыда науқас үшін орындық, жасанды жарық көзі, гидроблок, монитор және керекті іс – әрекеттер орындау үшін қолданылатын ұштықтар ( наконечник ) орнатылған үстелден тұрады. Ұштықтардан тістің қатты тіндерін препараттауда, тіс жегі қуыстарын қалыптастыруда, тіс қақтарын алуда, арналарды пломбалық материалдармен толтыруда пайдаланылады. Препараттау үшін ұштық ұшына түрлі жылдамдықта айналатын құралдар, яғни борлар орнатылады. Іс – әрекеттер үстелінде 2 – 3 түтік болып, оның бірі микромоторға барады. Ол минутына 2000 – нан 1500 – ға дейін айналым жасайды. Ал турбиналы ұштық үшін басқа түтік келеді. Мұнда оның айналу жылжамдығы минутына 300000 – 450000-ға дейін жетеді. Құрал – саймандар үстелінде ультрадыбыспен тіс тастарын алатын ұштық және ауа мен су беру үшін пистолет, сілекей сорғыш, бар. Гидроблокта түкіргіш, су және сілекейді сорып алу үшін ұштық болады.


Орындық түрлі жазықтықтарда қозғалып, дәрігер үшін науқасты емдеуге қажетті жағдай жасайды.

2. Тістің қатты тіндерінің жейілуі, этиологиясы.





3. Тіс тастарын механикалық жолмен алу дегеніміз не қолданылатын құрал-саймандар.

Тісті шөгінділерден тазалау ауыз кілегей қабығы мен пародонт ауруларын емдеудің алғашқы және тиімді кезеңі болып саналады. Дегенмен көптеген дәрігер-стоматологтар бұл емдеу шараларының мәнімен маңызын түсіне бермейді және ауыздың мамандық гигиеналық әдістерін жүзеге асырмайды. «Ауыздың мамандық гигиенасы (профессиональная гигиена полости рта)» термині тістердің барлық беттерінен, қызылиек және пародонтальдық қалталардан жұмсақ және қатты тіс шөгінділерін алып, тістер мен қызылиекті антисептикалық ертінділермен өңдеу сияқты шараларды қамтиды.

Жұмсақ шөгінділерді немесе қақаты (налет) сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен немесе марганецқышқылды калийдің 0,05% ертіндісімен суланған антымен сүрту арқылы, болмаса аршығышпен (экскаватор) қырып алады. Тіс бетіне жақсы бекіген жұмсақ шөгіндіні және шылым шегушілер қағын аршығыштың көмегімен алып, соңынан тістерді арнаулы ағартушы қойыртпақтармен (пастел) щетканың, резіңке шәшкелердің, полирлердің көмегімен тазалайды. «Септодонт» фирмасы кремнезем негізінде абразивті қойыртпақтар «Detartrine» цирконий оксиді және иондалған фтор негізінде «Detartrine fluorec» ұнтақталған кремнезем және цирконий негізінде «Detarrine Z» қойыртпақтарын шығарады.

Соңғы уақытқа дейін стоматологияда тіс тасын алудың механикалық әдіс қолданылады. Ол үшін әртүрлі өлшемді және пішінде экскаваторлар (аршығыштар), ілмектер (крючки), кіреуке пышақтары, кюретаждық қасықшалар, Грейси кюреткалары, орақ пішінді скалерлер, рашпильдер, имплакерлер, пародонтологиялық пышақтар. Визион кюрветтері қолданылады. Тіс тасын алған кезде төмендегі ережелер сақталуы тиіс:

1) барлық аспаптар жеткілікті зарасыздандырылуы керек;

2) тіс тасын алар алдында емдеу жүргізілетін аймақты (тістер беті, қызылиек) сутегінің 1-2% асқын тотығының, 2-3 % иодтың спиртті ертінділерімен өңдеу керек.



3) Тіс тасын алушы аспапты қатты қозғауға болмайды, оны еркін тасты қыра немесе рычагты қимылмен қозғау керек.

4) Аршығышты немесе басқа аспапты ұстап тұрған қол көрші тістерге немесе науқастың иегіне тіреліп бекітілуі қажет (аспапты тайдырып алып, жұмсақ тіндерді жарақаттамау үшін).

5) Қозғалмалы тістерді солқолдың саусақтарымен ұстап бекітеді.

6) Тас алатын аспапты тастың жиегі астына жіберіп, сындыра отырып алады.

7) Дәрігер-стоматолог көздерін арнаулы көзілдірікпен қорғайды (тас ұсақтары көзге түспеу үшін).

Тіс тасын тиімділікпен алу үшін, ең алдымен қызылиекүсті тіс тасын тістің алдыңғы бетінен (ерін және ұрт), одан кейін жанасу беттерінен, ең соңында тіл-таңдай беттерінен алады. Осыдан кейін ғана қызылиекасты тасын алып, пародонтальдық қалталар грануляциялық тіннін тазартады.

Тістерді тіс тасынан мұқият тазалау және көп күш жұмсамау үшін, дәрігер-стоматолог науқасқа байланысты белгілі бір орын таңдап алу керек.

І – дәрігер науқастың алдында жайғасады, 13 12 11 21 22 23 тістердің барлық беттері, сол жақ азу тістердің тіл жақ беттері, оң жақ азу тістердің ұрт жақ беттері өңделеді.

ІІ – дәрігер науқастың артына жайғасады, 43 42 41 31 32 33 тістердің барлық беттерін өңдейді;

ІІІ – дәрігер науқастың сыртында, емдеушінің басы оңға бұрылған. Жоғарғы және төменгі солжақ кіші және үлкен азу тістердің ұртжақ беттері, жоғарғы оңжақ кіші-үлкен азу тістердің таңдай беттері, төменгі оңжақ кіші-үлкен азу тістерінің тілжақ беттері өңделеді.

IV – дәрігер науқастың сыртында, емдеушінің басы солға бұрылған, жоғарғы оңжақ кіші-үлкен азу тістердің ұртжақ, жоғарғы солжақ кіші-үлкен азу тістердің таңдайжақ беттері өңделеді.

Қызылиекасты тасы толық алынуы керек және оның толық алынуын сүңгінің көмегімен анықтайды. Тастан толық тазарған тістің түбір беттері тегіс және қатты болып келеді.

Қызылиекасты тастарын алу үшін қазіргі кезде арнаулы әртүрлі пішінді айналмалы аспаптар шығарыла бастады.

Тіс тасын ультрадыбыстың көмегімен де алуға болады. Ол үшін арнаулы ұштықтары бар аппараттар қолданылады.

Тіс тасын ультрадыбысты аппаратпен алған кезде төменгі ережелерді сақтау керек:

1) аспаптың ұшын тіс өсіне тік қоюға болмайды;

2) тіс бетіне қатты қысым көрсетілмеуі керек;

3) аппаратпен сусыз жұмыс істеуге болмайды. Себебі, белгілі қысыммен берілген су шоғыры ультрадыбыстың әсерінен тербелісті қозғалыс жасап, дыбыспен бірлесе отырып қатты тіс тасын бөлшектеп, ұшырады.

4. Сына тәрізді ақау жайлы түсінік, этиологиясы. ( клиновидный дефект)




5. Гипоплазия және оның этиологиясы.



6. Тісжегі қуыстарын егеп тазалаудың негізгі қағидалары.





7. Тіс формулаларының түрлері.

В практической стоматологии такие обозначения применяются редко, и зубы челюстей человека просто нумеруются от резцов к большим коренным (от 1 до 8).

Международная двухцифровая схема Виола

Схема принята Всемирной организаций здоровья в 1971 году и используется в Европе повсеместно.

Все зубы разделяются на 4 сектора (против часовой стрелки, если смотреть изнутри):

  1. Зубы верхней челюсти справа (соответственно центральный резец — 11, второй резец — 12, клык — 13, первый премоляр — 14, второй премоляр — 15, первый моляр — 16, второй моляр — 17, третий моляр или зуб мудрости − 18).

  2. Зубы верхней челюсти слева (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 по аналогии с правой стороной).

  3. Зубы нижней челюсти слева (31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38).

  4. Зубы нижней челюсти справа (41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48).




Для детских зубов используется аналогичная нумерация от 51 до 85, либо они указываются латинскими цифрами.



Схема Хадерупа

В этой схеме также используется разделение челюстей на сегменты, а зубам – назначаются индивидуальные номера. Эти номера считаются, как в международной системе – от центра челюсти к ее краю и имеют цифровые значения от «1» до «8». Однако в этом случае вместо цифрового обозначения сегментов будут использоваться знаки «+» и «-». Здесь положительное
значение показывает на верхнюю челюсть, а отрицательное – на нижнюю. Показать же левую и правую стороны челюстей очень просто. Нужно просто расположить нужный знак слева (для левой стороны) или справа (для правой стороны) от цифры, которой обозначен зуб.







8. Терапиялық стоматологиядығы құжаттаманы жүргізу тәртібі.

Науқас емханаға келгенде тіркеу бөлімінде тіркеуге алынады. Мұнда «Тіркеу дәптері № 001e» нысанды толтырылады. Дәптер жыл басында жаңадан басталып жазылады. Науқас картасының реттік номері тіркеу дәптерінен алып қойылады. Сонымен бірге бұл жерде ең маңыздысы «Стоматологиялық науқастың амбулатория картасы» - №043/е нысанды толтырылады. Алғашында аты-жөні толық жазылады. Туылған күні, жынысы, мекен-жайы, кәсібі толық науқас туралы жазылады. Кейінгі қатарында диагнозы, шағымы, бұрын ауырған басқада сырқаттары, обьективті зерттеу кезіндегі ақаулықтары жазылады. Ауыз қуысын ашып қарағандағы тістердің жағдайлары туралы, кейнгі қатарға белгілі өзінің белгілерімен аурудың түрін жазамыз. Мысалы кариес болса-С, пульпит- Р, пломба салынған болса- П және тағы сол сияқты. Пародонтоз- А, жасанды сауыт- К, жасанды тіс- Ж деңгейлерін белгілейсін. Тістем түрін ажыратасын. Кейінгі қатарда қызыл иек, таңдай жағдайлары белгілейсін. Рентгендік зертханалық зерттеулерін жазып көрсетеміз, емдеу нәтижиесі, ұсыныстар, емдеуші дәрігер аты жөні, бөлімше меңгерушісі қолы қойылады. Құжатты паспорт бөлімінің меңгерушісі немесе медбике, ал қалған бөлімдерін дәрігер толтырады. Құжаттар тіркеу бөлімінен соңғы келгеннен кейін 5 жыл сақталады, кейін 75 жылға мұрағатқа тапсырылады. «Науқастың диспансерлік бақылаудағы картас» - № 279e нысанды бұл диспансерлік бақылауға алынған, тіс жегінің декомпенсирленген формасына шалынған, пародонт ауруының ауыр түрімен ауырған, т.б науқастар тіркеледі. «Дәрігердің күнделікті қабылдау парағы» № 037 e нысанды. Дәрігер күнде келген науқастарды осы күнделікке жазып барады. Ағым соңында барлық қабылданған науқастар санын «Дәрігердің біріктірілген ведомасына» № 039 e нысанды көшіріп қояды айдың соңында реестр толтырылып, статистке тапсырылады.