Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 113

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2- кезең )

Алдын жуу ерітіндісін дайындап аламыз. Жуатын ерітіндінің құрамы : 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құямыз. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітіледі. Шүберектен әр бір құралды ысқалап жуамыз.

3 – кезең )

Кейін 3-6 минут ағын суда шайылады.

4- кезең )

Бүркелген қанға азопирам сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса құрал-саймандар қайта 2 кезеңе қайтарылып жалғастырылады. Егер нәтиже теріс болса , онда жуатын ерітінді қалдығын анықтау үшін фенолфталиен сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса қайтадан ағын суда шайылады.

5- кезең )

Теріс нәтиже болғанда олар дистелденген суда 10 минут қайнатылады.

6 – кезең )

Құрал – саймандар құрғақтық шкафында кептіріліп, жиылып, залалсыздандыруға жіберіледі.

3.

Инструкцияға сай қолын жуып, биялай мен бетперде киді

Лотоктан науқасқа қолданылған таңу материалдары және қоқыстарды «Б» қорабына салды.

Құрал-саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін №1 дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып-тазалап алды.

Механикалық өндеуден өткізілген құрал-саймандарды дезинфектант салынған №2 ыдысқа 1 сағатка салып жібітіп қойды.

Құрал-саймандар 2- ыдыстан алып, ағын суда шайды.

Алдын жуу ерітіндісін дайындап алды. Жуатын ерітіндінің құрамы: 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құйды. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітті. Шүберекпен әр бір құралды ысқалап жуды.

Құрал-саймандар 3-6 минут ағын суда шайды.

Бүркелген қаңға азопирам сынамасын қойды.

Азопирам сынамасы. Ерітіндіні дайындау: 100 мл ерітінді әзірлеу үшін 10 гр амидопирин және 0,5 грамм анилиннің тұзды қышқылын өлшеп аламыз. Құрғақ ыдыста араластырып 100 мл-ге дейін 95 % этил спиртін құямыз. Дайын ерітіндіні аузы тығыз жабылып +4 гр –та тоңазытқышта 2 айға дейін сақтауға болады.

Жұмысшы ерітінді дайындау үшін дайын ерітінді мен

3 % сутегі асқын тотығын тең мөлшерде араластырды.

Нәтиже теріс болса , онда жуатын ерітінді қалдығын анықтау үшін фенолфталеин сынамасын қойды.

Фенолфталейн сынамасы. Құрал-саймандарға 2-3 тамшы 1% фенолфталеиннің спиртті ерітіндісін тамызамыз не мақта тампонды сулап сүртеміз. Аш қызыл түске енсе, онда құрал-саймандарда жуатын ерітінді қалдығы қалған болғаны. Мұнда олар қайта ағын суда шайылады

Теріс нәтиже болғанда олар дистилденген суда 10 минут қайнатылады.

Құрал-саймандар құрғақтық шкафында кептірілді.

Құрал-саймандарды лотокка жинап, залалсыздандыруға жіберді..


10.Стоматолог дәрігерге 36 жастағы А. есімді науқас алдын алу мақсатта тістерін көрсетуге келді. Ауыз қуысын стоматологиялық айна және зонд көмегімен объективті қарау кезінде 46,47,18-ші тістерінің табиғий ойықтарында ақ дақ пайда болғаны анықталды. Науқаста ешқандай шағым жоқ. ЭОМ 2 мкА көрсетеді. Термометрияда теріс көрсеткіш көрсетті.

1. Тіс жегісінің қай дәрежесі екенін анықтаңыз?

2. Қолданатын ем- шаралар реттілігін айтыңыз.

Жауабы:

1. бастапқы тіс жегісінің дақты түрі.

2. Емі. Тіс жегісінің тіс қуысына қаншалықты терең енгеніне қарай дәрігер стоматолог ем тағайындайды. Тіс жегісінің бұл түрі реминерализация әдісімен тіске кальций фтор элементтерін сіңдіру арқылы іске асады.Дақ кезеңінде кіреукеде микроэлементтер жойыла бастайды. Оның түсі ағарып, бор тәрізді болады, үсті ақ кірлермен жабылады. Ем қолданудан алдын ақ кірлерден тазаланып, 3% сутегі асқын тотығы мен жуылады, ауыз қуысын шайып, мақтамен сілекейден оқшаулайды. Құрғақ ауамен кептіріледі, дақ сол кезде ағарып көрінеді. Дақты анықтау үшін 2% метиллен көгі ертітіндісін мақта тампонға малынып бояймыз, егер ошақ болса көк түске боялады.

Емдеу кезінде ошақ препаратталмайды. Тазаланған тіс беткейіне дәрі дәрмектерді сіңдіру (аппликация) жолымен ендіріледі. Ол үшін төмендегі дәрілерді қолданамыз:

  • 10% глюконат кальций ерітіндісі;

  • 1-3% ремодент;

  • 2-10% кальций фосфатының қышқылдандырылған ерітіндісі.

Қолдану тәсілі:

  • Жоғарыдағыдай тіс беткейі тазаланып, құрғатылады;

  • Реминерилизациялайтын ерітіндіге мақта тампон малынып, ошаққа 15-20 минутқа қойылады.

  • Тіс беткейі құрғатылып,2-3 минутқа мақта тампонды 2-4% натрий фтор ерітіндісіне малып қойылады.

Реминерализациялайтын емді фторлак не электрофорез жолымен де жасаса болады.

Фторлакпен тіс беткейлерін жабу:

  • Тіс беткейлері тазаланып, шайылады;

  • Тіс оқшауланып, құрғатылады;

  • Фторлак жағылады, 1-2 мин құрғатылады.

11. Науқас 23 жаста. Ол жоғарғы оң жақта тістің ыстық - суықтан қысқа мерзімді ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде еш бір тісте тісжегі қуысы байқалмады. Рентгеногарммамен тексергенде 16 тістің дисталды бетінде қатты тіндердің дентиннің ортаңғы бөлігіне дейін зақымдануы байқалды. ЭОМ 15 мкА көрсетті.

1- Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?



2- Нақтамасын қойыңыз.

3- Жасалынатын ем реттілігі.

Жауап:

1. 2-ші сынып.

2. Терең тіс жегі.

3. Терең тіс жегі емі;

Пациентке процедураны түсіндіріп, келісімін алды. Науқастан аллерго анамнезін сұрады

Пломбылайтын материалдарды дайындайды (кальций гидроокисі негізіндегі емдік төсем, аралық төсемге арналған материал, өздігінен қатаятын композит). Стоматологиялық жиынтықты дайындады. Шприц, анестетик, борлар, таңу материалдарын жинады.

Тісті объективті тексеріп алды да жансыздандыру жасады.

Ұштыққа шар тәрізді бор салып, дентиннен тіреуіші жоқ кіреуке шеттерін алды, яғни тар болған қуыс кіреберісін ашты.

Тіс жегі қуысы кеңейтіліп, қалыптастырылды.

Тіс жегімен зақымданған кіреуке мен жұмсақ дентиндер толығымен қуыстан некротомия жасады.

Пломба жақсы жабысуы, мықты болуы үшін қуыс кіреберісіне 45 градус бұрышпен фальс салды.

Тісжегі қуысына медикаментозды өңдеу жүргізіп, тісжегі қуысын кептірді.

Кальций гидроокисі негізіндегі материалды араластырып, тегістегіш көмегімен тісжегі табанына емдік пломба салды.

Шыныиономерлік цементті араластырып тісжегі қуысына, табанына салып кіреуке-дентин шекарасына дейін жайды. Материалдың қатуын күтті.

Кондиционерді кіреукеге жағып, 30 секундтай күтті. Тісжегі қуысын дистилденген сумен шайып, залалсыздандырылған мақта анжысымен және ауа ағымымен кептірді.

Кіреуке адгезивін дайындап, тісжегі қуысының табанына және қабырғаларына жағып, оны қарсы ауа ағымының көмегімен біркелкі таратып жайды.

Композитті 40 секундта араластырып, бөлшектеп, тісжегі қуысына салды. 1-1,5 минут ішінде тегістегіш, нығыздағыш, мақта анжысы көмегімен алғашқы мүсіндеуді жүргізді. Материалдың қатуын күтті.

Фиништік борлармен төменгі жылдамдықтағы ұштықтар көмегімен пломбаның соңғы мүсіндеуін жүргізді.

Окклюзияны тексерді. Полирлер мен жылтырататын дискілерді қолдана отырып, пломбаны тегістеді.

Амбулатория картасын толтырды.

12. 25 жастағы Т. есімді ер науқас дәрігер стоматологқа алдыңғы күрек тістерінің қарайып қалғанына шағымданады. Ешқандай ауырсыну жоқ, тек эстетикалық бұзылыс болып тұр дейді. Стоматологялық айна және зонд көмегімен қарағанда 11 және 21-ші тістің түйіскен беткейінде қарайған тіс жегі бар. Шұқып көргенде ауырмайды, қағып қарағанда да ауырмайды. ЭОМ 2 мкА көрсетеді.


1. Тіс жегісінің бұл түрін Блэк қай сыныпқа жатады?

2. Тіс жегінің емдеу реттілігін жазыңыз.

Жауап:

1. 3-інші сынып.

2. Беткей тіс жегі. Емі жергілікті жансыздандыру, инфильтрациялық немесе өткізгіштік анестезия арқылы іске асырылады. Шар тәрізді бор көмегімен қуысты ашып кеңейтіп,жұмсарған дентин қабаттарын жояды. Қуысты антисептиктермен өңдеп кептіріп,түбіне және тіс қабырғаларына изоляциялық төсем салып,оның үстінен тұрақты пломба қойылады. Тіс жегісінің тіс қуысына қаншалықты терең енгеніне қарай дәрігер стоматолог ем тағайындайды. Тіс жегісінің бұл түрі реминерализация әдісімен тіске кальций фтор элементтерін сіңдіру арқылы іске асады. Емдеу оташылдық жолмен жүзеге асырылады. Патологиялық өзгерген тіндер препаратталып, қырын алып тастайды. Егер қуыс тереңдеп кетсе, онда пломбаланады. Ал тек дақ сияқты қарапайым зақымданса, онда дақ кезеңіндегідей реминерализирлеуші ем шара жасалады. Қазір жаңадан шыққан пломбалақ материалдар көп болғандықтан, қуыс дәрі дәрмектермен өңделгеннен кейін ( сутегі асқын тотығымен өңдеп, 70% спиртпен өңделеді, құрғатылады.) тістерді реставрация жасағанда қолданылатын пломбалық материалдар: праймер, бонд, адгезивті жүйесі бар жарықпен қататын не композициялық материалдармен пломбаланады

13. Г. есімді 18 жасар ер науқас дәрігер стоматологқа профилактикалық мақсатта сухбат алуға келген. Объективті ауыз қуысын көру кезінде, 31-ші тістің мойын бөлігінде «кіреуке тамшылары» байқалды. Тіс тіндерінің артық мөлшерде өсуі байқалып,тістерінің көлемі қалыпты жағдайдан үлкейген.

1. Сіздің нақтамаңыз?

2. Қолданатын ем – шараңыздың реттілігі.

Жауап:

1. Гиперплазия.

2. Арнайы алмазды бор көмегімен эстетикалық пайыммен қырып алып тастап,реминерализациялық терапия тағайындалады,фторлак жағамыз; Фторлакпен тіс беткейлерін жабу:

  • Тіс беткейлері тазаланып, шайылады;

  • Тіс оқшауланып, құрғатылады;

  • Фторлак жағылады, 1-2 мин құрғатылады.

14. Р. есімді 16 жасар қыз бала стоматологқа келді. Күрек тістерінің ағарып қалғандығына шағымданады. Ешқандай ауырсыну сезімі жоқ, бірақ тістерінің ағарып қалуының салдарынан күлуге уялатынына шағымданады. Объективті қарау кезінде 11 және 21-ші тістерінде ақ дақтар пайда болған,ал басқа тістері мүлдем тіс жегімен зақымдалмаған. Кіреуке өзінің жылтыр қасиетін сақтап қалған. Анамнез барысында тіс жегісінен профилактикалық мақсатта құрамында фтор мөлшері көп тіс пастасын қолданған.


  1. Сіздің нақтамаңыз?

2 Қолданатын ем –шараңыз.

Жауабы:

1. Флюроздың дақ формасы (әртүрлі формада кіреукеде дақ пайда болады,беті тегіс, жылтыр,көбіне жоғарғы және төменгі тістерде болады)

2.Емі. Терапияның бірінші міндеті фторды сыртқы ортадан қабылдауды тоқтату. Флюороз анықтала салып бұл іс шараны жүргізу керек,себебі фтордың мөлшерінің көбею салдарынан тісті жоғалтып,ол процесс жақ сүйектерге де өтіп кетуі әбден мүмкін. Фтордан аулақ болу үшін: балықтан,теңіз өнімдерінен бастартып,судың тек тазаланған түрін ғана қолдану керек. Қолданылатын тіс пастасының құрамында фтор болмауы тиіс. Бұл міндетті орындалатын іс шаралар ауруды тоқтатып қана қояды,ал кіреукені қайта қалпына келтіре алмайды. Осы іс шаралар тізімі профилактикалық мақсатта да қолдануға ұсынылған. Тістердің эстетикалық көрінісін қалпына келтіру тек хирургтар мен ортодонттар айналасады. Ал егер флюорозды кіреуке қабатына жеткізбей тоқтатқан жағдайда ол тісті ағартып қалпына келтіруге болады. Емі: жалпы ем – Ca, F, B, C, D топ витаминдері тағайындалады. Фтордың тағаммен түсуін тоқтату қажет; жергілңктң ем – ауырлығына қарай тағайындалады. Тістің қатты тіндеріне 10% глюконат кальций ерітіндісін сіңдіру, электрофорез жолымен ендіру қажет. Тісті ағату – пергидрольмен, соңынан кіреукені реминерилизация жасалады, жарықпен қататын пломбалық материалдармен реставрация жасалынады. Ауыр жағдайда жасанды сауыт кигізеді.