Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 112

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


9. Блэк бойынша 1ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау,

 Блэк бойынша I класқа премоляр және молярлардың табиғи ойықтары жатады. І кластық тісжегі қуыстарының пішіні тіске (кіші және үлкен азу тіс) және тісжегімен жарақаттанған табиғи сызаттардың орналасу ерекшеліктеріне де байланысты. Осыған сай қуыстың пішіні төрт бұрышқа, үшбұрышқа, ромбыға, цилиндрге және қосу белгісіне ұқсас болуы мүмкін. Кіші және үлкен азу тістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуыстарын егеп тазалағанда барлық сызаттарын (фиссурларын) мұқият тексеріп, күмән туғыздыратын болса толық ашу керек. Үлкен азу тістің шайнау бетінде және ұрт жақ бетіндегі ойықта (тұйық тесік) тісжегі қуыстары болса және арасындағы тіндер жұқарып кетсе, оларды біріктіріп тазалауға және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болды . Ал жоғарғы екінші күрек тістің таңдай жақ бетіндегі тұйық тесікте және төменгі үлкен азу тістердің ұрт жақ бетіндегі ойықтарда жеке дамыған тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде оларға цилиндрге ұқсас пішін береді.

Азу тістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуысын және оның төңірегіндегі күмәнді сайларды қоса ашып егеп-тазалаған кезде олардың табандарының тереңдіктері бірдей болмауы мүмкін. Бұл жағдайда бұзылмаған тіс тіндерін сақтау үшін қуыстың табанын сатыға ұқсас етіп қалыптастырады. Егерде шайнау бетіндегі тісжегі қуысы бірнешеу (2-3) болса және олардың арасындағы қатты тіндерден туратын қабырға қалың болса, әрқайсысын жеке-жеке егеп-тазалап, пломбылайды.Егер зақымдану өте терең және ауқымды, әсіресе тісжегі үрдісі созылмалы болса, қуыстың табанында пигменттелген дентин қалдыруға болады.Зондпен тексергенде шықырлаған дыбыс шығу керек. Күмән туындатқан жағдайда тісжегі маркерін қолдану керек: егер дентин боялса, онда мұқият шар тәрізді бормен инфекцияланбаған дентинге дейін алынып тасталады. Бұл жағдайда тісжегі қуысының табаны әрдеңгейлі етіліп қалыптастырылып ағымы жоғары композиттік материалдармен тегістеледі.

Қуысты қалыптастыру кезеңі тісжегі қуысына пломбаның жақсы тұруының және функциональді салмақты әдеуір мықты қамтамасыз ететін пішін беру болып табылады. Осы кезеңде егеп тазалауды алмұрт тәрізді, жалын типтес алмазды борларды қолдана отырып ауалы-сулы салқындатумен жүргізеді.

Егер пломбалық материал ретінде амальгама, цементтер болса, онда егеп тазаланғаннан кейін тісжегі қуысы жәшік тәріздес, ал қабырғалары параллельді немесе дивергациялау болуы керек. Композиттік материалдарды қолдану кезінде қуыстың пішіні еркін қалыптастырылуы мүмкін. Қуыстың қабырғаларын финирлеу пломбалық материал мен тіс тіндері арасындағы шеттік өзара байланысты жақсы қамтамасыз етеді. Тістің қатты тіндерін ірі дәнді борлармен егеп тазалау пломбалық материалдың тіс тінімен ретенциялануын жақсартады деген жалған мәлімет тұындаған.


Клиникалық және тексеру барысы бұндай борлармен егеп тазалау кезінде кіреуке бетінде сызаттар пайда болатынын, кіреуке призмасының бүтіндігі бұзылып, пломбаның шеттік жабысуы нашарлануы әсерінен асқынған тісжегінің дамитыны дәлелденді.Финирлеу межелік алмазды құйрық жағында қызыл немесе сары сақиналы, немесе 16 қырлы қаттықоспалы борлармен жүргізіледі.

Астыңғы жақтағы азу тістердің қуыс пішіні фиссуралардың орналасу пішініне қарай анықталады. Үстіңгі жақтың азу тістерінің фиссуралары ірі айдаршықтармен бөлінгендіктен қуыстарды бөлек қалыптастырған жөн.

Фиссуралар толық зақымдануға ұшыраған жағдайда қуысты таңдай бетіне қарай шығарады. Үстіңгі жақтың кіші азу тістерінде фиссураларын мезиодистальді бағыттан жиектік білікке дейін кесіп алып тастайды.Астыңғы жақтың кіші азу тістерінде екі біліктің болуы екі жеке бір –бірінен бөлек қуыс қалыптастыруды талап етеді. Астыңғы жақтың үлкен азу тістерінде вестибулярлы беттің тұйық тесігінде және үстіңгі жақтың бүйір күрек тістерінің таңдай бетіндегі тұйық тесігіндегі I класс бойынша орналасқан қуыстың пішінін сопақша немесе дөңгелектеу етіп қалыптастырады.

Үлкен және кіші азу тістердің шайнау беткейдегі орналасқан тіс жегі қуыстарын жасау, ең оңай және қарапайым болып, қуысты қалыптастыруда фиссуралы, теріс конус тәрізді борлардан көп қолданылады. Қуыстарға жәшік тәрізді қалып береді. Ал қуысқа жоғарыдан қарағанда олар төртбұрыш, үшбұрыш, ромб, крест тәрізді, дөңгелек, овал тәрізді болуы мүмкін. Қуыс терең болған сайын оның түбін жәшікке емес астауға ұқсап шар тәрізді бормен жасайды. Себебі кездейсоқ теріс конус тәрізді немесе фуссуралы бормен қалыптастырып жатқанда тіс қуысын тесіп қою мүскін. Соқыр ойықтарды препараттаған кезде өте абай болған жөн себебі олар ұлпаға жақын орналасады.

10. Блэк бойынша 5ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

Блэк бойынша 5 ші сыныпқа-барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуыстары жатады. Бұл қуыстар тістің мойнында, ерін, ұрт және тіл беткейлерінде орналасқан болып, егер олардың бірнешеуі бір-біріне жақын орналасқан болса онда оларды бірге қалыптастырады да, көбіне элипс түрін береді. Қуымты фиссуралы, теріс конус тәрізді борлармен препараттайды. Алмаз және қатты балқытатын темірден жасалынған борлрмен препараттау кезінде кіреукеде жырықтар, призмалардың бөлікке бөлінуі, олардың жанындағы тіндермен байланысы үзілуі нәтижиесінде екіншілік тіс жегі қалыптасуы мүмкін. Тегістеуді алмаз қиыршықты фиссуралы не теріс конус тәрізді борлармен жасаған жақсы.



11. Блэк бойынша 4ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

Блэк бойынша 4 ші сыныпқа-күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу бетінде орналасқан олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуна әкеп соғатын тісжегі қуыстары жатады. 3 сыныпқа қарағанда мұнда алдыңғы тістердің бұрыштары да зақымданған болады, қуыстардың негізгін үшбұрыш етіп жасап, қосымша алаңы, бұрыштың бұзылуына қарай, барынша тіл не таңдай беткейіне шығарып жасалынады.

Қалыптастыруда міндетті түрде кіші мөлшердегі фиссуралы, алмұрт тәрізді, шар тәрізді және теріс конус тәрізді борлардан қолданылады.


12. Блэк бойынша 3ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

Блэк бойынша үшінші сыныпқа кесу беткейлері бұзылмай, күрек пен ит тістердің түйіскен беткейлерінде орналасқан тіс жегі қуыстары жатады. Үшінші кластық тісжегі қуысын егеп-тазалаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер оның орналасу жағдайына және жарақат ошағының аумағына байланысты. Егер тісжегі қуысына еркін ену мүмкіндігі болса, жарақат ошағына сай оған үшбұрыш пішін бере отырып егеп-тазалайды. Тістер тығыз орналасқан және көрші тіс болған жағдайда тісжегі қуысына жол ашып алады. Ол үшін таңдай немесе тіл жақ бетінен тісжегі аймағындағы бұзылмаған кіреуке мен дентин қабатын алып тастап, қуысты аталмыш беттерге шығарып алғаннан кейін ережеге сай егеп-тазалайды. Қуыстың ерін жақ қабырғасындағы бұзылмаған кіреукені барынша сақтап қалуға тырысу керек.Үшбұрыштың табанын қуыстың қызыл иек қабырғасы, екі бүйір қабырғаларын ерін және ұрт немесе тіл жақ қабырғалары құрайды, ал шыңы тістеу қырына бағыттала орналасады

Бұл алдыңғы тістердің түйіскен беткейлерінде тіс жегі қуысын жасау болып, дәрігер үшін өте қиындыққа алып келеді. Егер зақымданған тістің қасында тіс болмаса, қуысты қалыптастыруда қиындық болмайды. Қуысқа үшбұрыш формасы беріліп, табаны жоғары қаратылады. Егер бүйір беткейден қуысты жасау мүмкіндігі болмаса, онда қуыстың тіл не таңдай беткейі тесіп ашылып, кейіннен қуыс қалыптастырылады. Косметикалық жағын ескере отырып кіреберіс беткейінде жұқа кіреуке қабаты қалса да, оны сақтап қалуға әрекет жасау керек. Жұмыс істеу кезінде борлардың кіші мөлшері таңдалынып алынады.

13. Блэк бойынша 2ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

Блэк бойынша 2ші сыныпқа моляр және премоляр тістерінің түйіскен беттеріндегі тіс жегі қуыстары жатады. Бұл қуыстарды қалыптастыру қиындау соғады. Қуыстар түйіскен беткейде орналасқандықтан, тістер бір-бірімен тығыз орналасады, қуыстарды шайнау бетіне шығарылады. Егер қуыс айтарлықтай үлкен болса, онда шар тәрізді бормен тазалап алынып, кейін қалыптастырады. Ал қуыс өте кішкентай болса, немесе ол апроксималь беткейдің тіс мойнында жақын жерде орналасса, онда қуысты қалыптастыру үшін алдымен тісті шайнау беткейден тесіп, тіс жегі қуысын кеңейтіп, некротомия жасап, қалыптастырады. Қалыптастыруды фиссуралы бормен жасайды.Үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттері тісжегі үрдісіне шалдыққан кезде Блек жүйесі боынша тісжегі қуысы қалыптастырылады. Тісжегі қуысы алдыңғы жанасу бетінде немесе екі жанасу беттерінде орналасуы мүмкін. Екінші кластық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Егерде көрші тіс болмаған жағдайда тісжегі қуысына еркін енуге мүмкіншілік болса, оны шайнау бетіне шығармай-ақ егеп тазалайды және дайын қуыстың пішіні төртбұрышқа ұқсас, домалақ немесе сопақ пішінді болуы мүмкін. Көрші тіс болған жағдайда немесе қуысқа еркін ену мүмкіндігі бола тұра, оның шайнау жақ қабырғасы өте жұқа болса, тісжегі қуысын шайнау беті арқылы ашады. Алмасты немесе қатты қоспадан жасалған өткір борлардың көмегімен қуыс үстінен тесік жасап барып, оны кеңейту арқылы қуысқа енеді. Одан кейінгі шараларды тісжегі қуысын егеп-тазалаудың кезеңдеріне сай жүргізеді және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болады.


Бұл кезде қуыстың табаны тік және жазық болады, қызыл иек жақ қабырғасы табанына тік бұрыш немесе сүйір бұрыш жасай орналасқаны жөн (қызыл иек бүртігін жарақаттап алмас үшін). Қатты тіндерге аса көп күш түсірмеу үшін қуыстың табаны мен қызыл иек қабырғасының қосылған жеріндегі бұрышты аздап доғалдандыруға болады. Мұндағы тағы бір ерекшелік, шайнау күшінің тіс тіндері мен пломбыға тепе-тең бөлініп, пломбының ұзақ тұруы үшін қосымша алаң жасау қажет. Қосымша алаң шайнау бетінің ұзындығының ⅓-½ бөлігіне, ені негізгі қуыстың еніне тең болуы, ал тереңдігі кіреуке-дентин шекарасынан 1-2 мм төмен орналасуы керек. Қосымша алаңның пішіні әртүрлі (тік бұрышқа, трапецияға, қарлығаштың құйрығына ұқсас) болуы мүмкін. Егер үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінің екеуінде де тісжегі қуысы пайда болған болса, онда оларға шайнау бетінде ортақ қосымша алаң жасалады.

 Аталған тістердің жанасу беттерінде сауыт экваторынан төмен орналасқан тісжегі қуысын көрші тіс болмаған жағдайда V класқа тиісті ереже бойынша егеп-тазалайды, ал көрші тіс болған кезде біраз бұзылмаған қатты тіндерді егеп ала отырып, шайнау бетіне шығаруға тура келеді. Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын ұлғая қабынған қызыл иек бүртігі жартылай немесе толық жауып қалуы мүмкін. Бұл кезде егеп-тазалауға қызыл иек бүртігін кесіп, немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін кіріседі.

Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын тоннельдік реставрациялау әдісін қолдана отырып егеп- тазалауға болады. II класс бойынша орналасқан тісжегі қуысын пломбылау ең күрделі мануальді операция болып табылады.

II класс бойынша орналасқан қуысты пломбылау кезінде жіберілетін қателіктер:

•көрші тіспен пломба арасында тығыз жанасудың болмауы ас қалдықтарымен қызылиектің жарақаттануына ықпал етеді;

•жанасу нүктесі тіс айдаршығының жиектік деңгейінде орналасқан;

• мойын бөлігінде салбыраңқы жиек жасау қызыл иектің жергілікті қабынуын тұындатады;

•мойын бөлігінде материалдың дұрыс жабыспауы екіншілік тісжегінің дамуына ықпал жасайды.

15. Эндодонтиялық құрал саймандарды қолданудағы мақсат

Эндодонттық ұсақ аспаптарды жүйелеу оларды негізгі атқаратын