Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 114
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
15. Науқас 21 жаста дәрігер стоматологқа көріну кезінде фронтальды күрек тістерінде ақ дақтар көрінеді. Сұрап сұрастыру кезінде ол науқас тұратын аймақта осындай ала, сары мүжілген, қңыр түсті тістер өте көп кездесетінін айтты. Дәлелденген мәліметтер қолданыстағы судың құрамында фтор мөлшері көбейіп кетуі анықталды.
-
Сіздің нақтамаңыз. -
Қолданатын ем – шаралар әдісі. -
Аурудың алдын алу іс шаралары.
1. Флюроздың бор тәрізді теңбіл формасы (тістің түсі қоңыр қара түске дейін өзгереді, тістер тез жейіле бастайды)
2. емі. Терапияның бірінші міндеті фторды сыртқы ортадан қабылдауды тоқтату. Флюороз анықтала салып бұл іс шараны жүргізу керек,себебі фтордың мөлшерінің көбею салдарынан тісті жоғалтып,ол процесс жақ сүйектерге де өтіп кетуі әбден мүмкін. Фтордан аулақ болу үшін: балықтан,теңіз өнімдерінен бастартып,судың тек тазаланған түрін ғана қолдану керек. Қолданылатын тіс пастасының құрамында фтор болмауы тиіс. Бұл міндетті орындалатын іс шаралар ауруды тоқтатып қана қояды,ал кіреукені қайта қалпына келтіре алмайды. Осы іс шаралар тізімі профилактикалық мақсатта да қолдануға ұсынылған. Тістердің эстетикалық көрінісін қалпына келтіру тек хирургтар мен ортодонттар айналасады. Ал егер флюорозды кіреуке қабатына жеткізбей тоқтатқан жағдайда ол тісті ағартып қалпына келтіруге болады. Емі: жалпы ем – Ca, F, B, C, D топ витаминдері тағайындалады. Фтордың тағаммен түсуін тоқтату қажет; жергілңктң ем – ауырлығына қарай тағайындалады. Тістің қатты тіндеріне 10% глюконат кальций ерітіндісін сіңдіру, электрофорез жолымен ендіру қажет. Тісті ағату – пергидрольмен, соңынан кіреукені реминерилизация жасалады, жарықпен қататын пломбалық материалдармен реставрация жасалынады. Ауыр жағдайда жасанды сауыт кигізеді.
3. профилактика. Терапияның бірінші міндеті фторды сыртқы ортадан қабылдауды тоқтату. Флюороз анықтала салып бұл іс шараны жүргізу керек,себебі фтордың мөлшерінің көбею салдарынан тісті жоғалтып,ол процесс жақ сүйектерге де өтіп кетуі әбден мүмкін. Фтордан аулақ болу үшін: балықтан,теңіз өнімдерінен бастартып,судың тек тазаланған түрін ғана қолдану керек. Қолданылатын тіс пастасының құрамында фтор болмауы тиіс. Бұл міндетті орындалатын іс шаралар ауруды тоқтатып қана қояды,ал кіреукені қайта қалпына келтіре алмайды; Дефторлайтын су тазату станцияларын салу
, суды филтрлеп тазалау, топырағы мен суында фторы аз болған жерде өсірілген жемістер мен көкеністерді пайдалану.
16. Стеклоиономерлі цементтер стоматология саласының кең қолданылатын цементі болып саналады.
1. Стеклоиономерлі цементтер құрамы қандай?
2. Стеклоиономерлі цементтер жалпы қасиеттері
3. Стеклоиономерлі цементтерді қолдануға дайындау әдісін айтыңыз
Жауап:
1 Құрамы: - ұнтақ : өте майдаланған фторалюмосиликатты шыны. Оның негізі кремний, алюминий тотығы және кальций фториді, кальций фосфаты, алюминий фосфатынан тұрады. Ерітінді- 40-55% полиқышқылдардың сулы ерітіндісі.
2 СИЦтердің жалпы қасиеттері:
--- моллекулалар деңгейінде кіреуке мен дентинге су өткізбей жақсы жабысады;
-----ұлпаны тітіркендірмейді;
-----аз мөлшерде ериді;
-----рентгеноконтрасты;
----- қатқанна кейін ұзақ уақытфтор бөледі;
-----тіс кіреукесінің түсіне сәйкес;
------қышқылдардың әсерінен тұрақты,
------дентинмен термиялық кеңейту коэффициенті жақын,
Қолдану орнына қарай :
---оқшаулайтын пломба ретінде;
---- тұрақты поомба ретінде;
-----протездері бекіту мақсатында;
------арналарды пломбылауда;
3 СИЦ – стоматология саласының кең қолданылатын цемент болып, ол өзінің жақсы жабысуы және кіреуке мен дентиннің тіс жегі мен зақымдануына қарсы тұру күшін арттырады.
17. Науқас Д, 27 жаста, стоматолог қабылдауына келді. Қызыл иектің қанағыштығы мен кышымсу сезіміне шағымданады. Тексеру барысында 32, 31, 41, 42 тістердің мойнында тіс тастары байқалды. Науқас табиғатынан өте сезімтал екенін айтты.
Бұл жағдайда қандай анестезия түрін қолданасыз?
Жауап: Апликациялық және/немесе инфильтрациялық анестезия қолданылады.
Апликациялық анестезия – дайын спрей, гель, аэрозоль түрінде болады. Немесе тампонды ерітіндіге салып, шырышты қабатқа қою арқылы жансыздандыруға болады.
Инфильтрациялық анестезия – Ине қатпардың кілегей қабатына 40-45 градус бұрышпен керекті тіс түбірінің ұшына иаман енгізіледі. Дәріні жібере отырып инені альвеола қырымен жылжытып, қажет тістен арғы тістің тұсына дейін апарады. Иненің киығы сүйекке қарауы шарт. Нәтижеде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі. Анестезия 7-10 минуттан кейін әсер етеді.
18. Науқас С, қабылдауға тістерінің эстетикалық бұзылысы шағымымен келді. Тексергенде 22, 23 тістердің жанасу беткейінің кариоздық бұзылысы анықталды. 23 тістің кесу беткейіне зақым келген.
1. Бұл Блэк бойынша қай классқа жататын тісжегі?
2. 23 тістің реставрациялау барысы реттілігін жазыңыз.
Жауап: 1) 22 тіс Блэк бойынша III класс, 23 тіс Блэк бойынша IV класс
2) реставрация
1. Препарация жасаймыз
2. керекті аймақты өңдейміз
3. кептіру
4. протравка жағу
5. жуу, кептіру, реставрацияға дайындау
6. адгезив жағу, лампамен жарықтандыру
7. пломбаны аздан жағу арқылы тістің анатомиялық формасын калыптастыру
8. полировка
19. Терапиялық стоматология бөліміне 17 жастағы науқас келді. Шағымы : жоғарғы және төменгі жақ күрек тістеріндегі ашық қоңыр түсті дақтар. Зондтау кезінде беткей тегіс, эмаль жылтыр. Анемнезден: науқас 3 жастан 7 жасқа дейін су құрамында фторы көп (2,5 мг/л) мекенде өмір сүрген.
1. Нақтама қойыңыз.
2. Емін тағайындаңыз.
Жауауп: 1. Флюроздың дақ формасы (әртүрлі формада кіреукеде дақ пайда болады,беті тегіс, жылтыр,көбіне жоғарғы және төменгі тістерде болады)
2.Емі. Терапияның бірінші міндеті фторды сыртқы ортадан қабылдауды тоқтату. Флюороз анықтала салып бұл іс шараны жүргізу керек,себебі фтордың мөлшерінің көбею салдарынан тісті жоғалтып,ол процесс жақ сүйектерге де өтіп кетуі әбден мүмкін. Фтордан аулақ болу үшін: балықтан,теңіз өнімдерінен бастартып,судың тек тазаланған түрін ғана қолдану керек. Қолданылатын тіс пастасының құрамында фтор болмауы тиіс. Бұл міндетті орындалатын іс шаралар ауруды тоқтатып қана қояды,ал кіреукені қайта қалпына келтіре алмайды. Осы іс шаралар тізімі профилактикалық мақсатта да қолдануға ұсынылған. Тістердің эстетикалық көрінісін қалпына келтіру тек хирургтар мен ортодонттар айналасады. Ал егер флюорозды кіреуке қабатына жеткізбей тоқтатқан жағдайда ол тісті ағартып қалпына келтіруге болады. Емі: жалпы ем – Ca, F, B, C, D топ витаминдері тағайындалады. Фтордың тағаммен түсуін тоқтату қажет; жергілңктң ем – ауырлығына қарай тағайындалады. Тістің қатты тіндеріне 10% глюконат кальций ерітіндісін сіңдіру, электрофорез жолымен ендіру қажет. Тісті ағату – пергидрольмен, соңынан кіреукені реминерилизация жасалады, жарықпен қататын пломбалық материалдармен реставрация жасалынады. Ауыр жағдайда жасанды сауыт кигізеді.
20. Науқас 47 жаста. Шағымы: Тістер сезімталдығы. Обьективті тексеру барысында тіс түбірінің 2/3 бөлігінің ашылуы, 14, 15, 24, 25 тістер мойнында тіндер жетіспеушілігі анықталды. Ақау бар жерде тіс беткейлері жылтыр, сарғайған, тегіс, шұқып көргенде ауырмайды, қағып қарағанда да ауырмайды. ЭОМ 2 мкА.
1. Нақтама қойыныз.
2. Аурудың этиологиясы.
3. Емдеу әдісі.
Жауап: 1) Сына тәрізді ақау – пародонтозға айналған, себебі тіс мойынында тіндер жетіспеушілігі байқалады, көбінесе сүйір және кіші азу тістерде кездеседі,алғашында жіңішке сары сызық пайда болып кейіннен ол ойыққа айналады, тіс түбірінің 2/3 бөлігінің ашылуы пародонтоздың белгісі.
2) Этиологиясы: Сына тәрізді ақау этиологиясы толық анықталмаған. Шамамен механикалық әсерлерден, тісті дұрыс тазаламау деп есептелінеді, бірақ бұл әрдайым дұрыс болжам емес. Бұл аурудың пайда болуына ас қорыту жүйесі ақаулары,эндокрин жүйесі аурулары да үлкен роль ойнайды. Гигиена жеткіліксіздігі, асқазан-ішек жолы бұзылыстары, зат алмасудың өзгеруінен зат алмасуының бұзылуы болып табылады, ақуыз синтезі бұзылады. Қызыл иек кілегейінде дистрофия болып,тамырлар склерозға ұшырайды, зиянды әдеттер.
3) Сына тәрізді ақау кезінде жалпы ағзаға микроэлементтер ішу, тіс жегідегідей ем тағайындалады. Пародонтоз
21. Терапиялық стоматология клиникасына 35 жастағы науқас келді ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. Қарап тексеру кезінде жоғарғы жақтың тістерінің таңдай және төменгі жақтың тістерінің тіл беткейлерінде қара- қоңыр түсті тіс кірлерімен ½ бөлігі жабылған.
-
Қандай құрал- саймандармен тіс қақтары алынады? -
Тіс қақтарын алу кезінде дәрігер стоматолог қандай қорғаныс заттарынан пайдаланады? -
Ауыз қуысының жеке гигиенасы бойынша қандай ұсыныстар бересіз?
Жауап
-
Соңғы уақытқа дейін стоматологияда тіс тасын алудың механикалық әдіс қолданылады. Ол үшін әртүрлі өлшемді және пішінде экскаваторлар (аршығыштар), ілмектер (крючки), кіреуке пышақтары, кюретаждық қасықшалар, Грейси кюреткалары, орақ пішінді скалерлер, рашпильдер, имплакерлер, пародонтологиялық пышақтар. Визион кюрветтері қолданылады. -
Тіс тасын алған кезде төмендегі ережелер сақталуы тиіс:
1) барлық аспаптар жеткілікті зарасыздандырылуы керек;
2) тіс тасын алар алдында емдеу жүргізілетін аймақты (тістер беті, қызылиек) сутегінің 1-2% асқын тотығының, 2-3 % иодтың спиртті ертінділерімен өңдеу керек.
3) Тіс тасын алушы аспапты қатты қозғауға болмайды, оны еркін тасты қыра немесе рычагты қимылмен қозғау керек.
4) Аршығышты немесе басқа аспапты ұстап тұрған қол көрші тістерге немесе науқастың иегіне тіреліп бекітілуі қажет (аспапты тайдырып алып, жұмсақ тіндерді жарақаттамау үшін).
5) Қозғалмалы тістерді солқолдың саусақтарымен ұстап бекітеді.
6) Тас алатын аспапты тастың жиегі астына жіберіп, сындыра отырып алады.
7) Дәрігер-стоматолог көздерін арнаулы көзілдірікпен қорғайды (тас ұсақтары көзге түспеу үшін), бетперде, биялай.т.б
3- Ауыз қуысын талапқа сәйкес тазалау,стандартты әдіс бойыншатістердің алдын ұрт беткейінен бастап,сыпрушы әрект жасап он реттен екі жақтама қайталап, тістің барлық жағын тазалау керек, ар тамақтанганнан кейн ауыз қуысын шайып отыру қажет,күніне екі рет таңертең және кешке тазалап отыру. Стоматологиялық жіпті, тіс шұқығышты, тіс шайғыштарды қолданып тұру. Стоматолгқа әр жарты жылда қаралу. Кешенді әсер ететән тіс сықпаларын , тіс ағартқыштарды пайдалану.
22. Науқастың жасы 20. Аурудың алдын алу іс - шарамен қарап тексеруде 11, 12 тістердің кесу қырында, сонымен қатар 16 және 26 тістердің төмпешіктерінде ақ дақтар анықталды. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды және қарап тексергенде басқа тістерде анықталмайды.
1. Болжамды диагноз қойыңыз
2. Салыстырма нақтама жасаңыз.
3. Мұндай жағдайда қандай іс –шара қолданасыз?
1. Гипоплазия (көбіне туылғаннан кейін басынан кешірген ауруларына байланысты, кіреуке бұзылуында дақтар,жүйелі бұзылыстар,люминицентті нақтамада метилен көгімен боялмайды)
2. Гиперплазияда тамшы секілді артықшалар болады. Флюроз көбіне тұрақты тістерде болады.Эрозияда тостақ,дөңес секілді ойық болады. Кариес люминицентті нақтамада метиллен көгіне боялады,көк түске
3. Клиникалық көрініске қарай пломбалайды не беткейлер қырып тасталып жарықпен қататын пломба салынады. Препараттау кезінде тістің қатты тіндерін өте шектеулі алып тасталады. Тістер көп жейілгенде жасанды тіс сауытымен қапталады.
23. Науқас химиялық зат өндіретін заводтың жұмысшысы. Жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінде ақаудың пайда болуына шағымданып келді. Обьективті көрінісі: 11,21,22, 12 тістерде эмаль денгейінде және дентиннің жоғарғы қабатында дөңес пішінді ойықтар анықталды, ойықтырдың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді.