Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 118

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5 Науқастың жасы 32де, қышқыл, қантты тағамдарды жегенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің мойын бетінде эмаль деңгейде тісжегі анықталды. Шұқып тексергенде қуыстық табанында ауру сезімі жоқ. Қағып қарағанда ауру сезімі жоқ.

  1. Тексерудің қосымша әдістерін көрсетіңіз.

  2. Сіздің нақтамаңыз.

  3. Жасалынатын ем реттілігі.

Жауап:

1. Электроодонтодиагностика немесе ұлпа жағдайын анықтайтын электрлік тесттер. Ұлпа жүйке рецепторларының электр тоғына реакциясын анықтау.

Ұлпаның электрлік қозуы:

Сау тісте 2,6 мкА;терең кариесте 10-12мкА;пульпит кезінде 20-90мкА;периодонтит кезінде 100МкА-дан жоғары. Жасы өсе келе электр қозғыштық тез өзгереді. Ұлпаның электрлік қозғыштығын коронка болған жағдайда анықтау мүмкін болмайды.

Метиллен көгімен бояу- 2% метиллен көгі ертітіндісін мақта тампонға малынып бояймыз, егер ошақ болса көк түске боялады. Егер флюроз немесе гиперстезия болса боялмайды.

Термометрия ыстық немесе суық температуадағы суды себелеу арқылы сезімталдықты анықтаймыз.

2. Беткей тісжегі

3. Тіс жегісінің тіс қуысына қаншалықты терең енгеніне қарай дәрігер стоматолог ем тағайындайды. Тіс жегісінің бұл түрі реминерализация әдісімен тіске кальций фтор элементтерін сіңдіру арқылы іске асады. Емдеу оташылдық жолмен жүзеге асырылады. Патологиялық өзгерген тіндер препаратталып, қырын алып тастайды. Егер қуыс тереңдеп кетсе, онда пломбаланады. Ал тек дақ сияқты қарапайым зақымданса, онда дақ кезеңіндегідей реминерализирлеуші ем шара жасалады. Қазір жаңадан шыққан пломбалақ материалдар көп болғандықтан, қуыс дәрі дәрмектермен өңделгеннен кейін ( сутегі асқын тотығымен өңдеп, 70% спиртпен өңделеді, құрғатылады.) тістерді реставрация жасағанда қолданылатын пломбалық материалдар: праймер, бонд, адгезивті жүйесі бар жарықпен қататын не композициялық материалдармен пломбаланады.

6. Науқасты қарап тексергенде 14 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуысы бар, дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ.

  1. Тексерудің қосымша әдістерін қолданасыз ба?

  2. Сіздің нақтамаңыз.

  3. Жасалынатын ем реттілігі.


Жауап:

1. Электроодонтодиагностика немесе ұлпа жағдайын анықтайтын электрлік тесттер. Ұлпа жүйке рецепторларының электр тоғына реакциясын анықтау.

Ұлпаның электрлік қозуы:

Сау тісте 2,6 мкА;терең кариесте 10-12мкА;пульпит кезінде 20-90мкА;периодонтит кезінде 100МкА-дан жоғары. Жасы өсе келе электр қозғыштық тез өзгереді. Ұлпаның электрлік қозғыштығын коронка болған жағдайда анықтау мүмкін болмайды. Периодонтитпен, эрозия, сына тәрізді ақау

  1. Орта тіс жегі

  1. Науқасты объективті тексеруден өтізіп, орта тіс жегі нақтамасын қойды

2.Жансыздандыру үшін қажетті анестетиктер мен шприцті алды. Керекті пломбалық материалдарды таңдап алды. Ұштықты, қажетті борлар, силиконды және резенке полирлер мен жылтырататын сықпаны дайындады.

  1. Жансыздандыру жасалды

  1. Тіс жегі қуысын ашып, кеңейтіріп, некротомия жасап, фальс салды

  1. Тіс жегі қуысын дәрі – дәрмектермен өңдеп, стерил мақта тампонмен және ағымды ауа арқылы кептірді

  1. Шыныиономерлі цементті араластырды

  1. Тегістегіш көмегімен тіс жегі қуысына пломбалық материалды енгізіп, қуыс қабырғалары мен түбіне нығыздады және қатаюын күтті.

  1. Тіс кіреукесіне кондинционерді жағып, 30 секунд күтті

  1. Су ағымымен тіс жегі қуысын 1 минут аралығында жуды

  1. Қуысты стерил мақта тампонмен және ағымды ауа арқылы кептірді

  1. Тіс жегі қуысына адгезивті дайындап, енгізіп, бағытталған ауа ағымы арқылы біркелкі жағып шықты

  1. 40 секунд аралығында композитті араластырып, тіс жегі қуысына енгізді

  1. 1-1,5 минут аралығында тегістегіш пен нығыздағыш көмегімен тісті біріншілік қалыптастырды. Пломбаның қатаюын күтті.

  1. Окклюзия тексерілді

  1. Мәрелі борлар көмегімен соңғы қалптастырулар жасады.Силиконды және резиналы полирлер және жылтырататын диск көмегімен пломбаны жылтыратты.

  1. Науқасқа амбулаториялық карта толтырды




7. Науқас 34 жаста. 15 тістің қатты тағамдар қабылдағанда ауру сезімі бар екеніне шағымданды. Ауру сезімі 1 ай бұрын пайда болған. Қарап тексергенде 15 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар. Қуысты сүңгілеп көргенде ауру сезімі болды. Қуысқа суық сумен тампон енгізгенде қысқа мерзімді ауру сезімі байқалды. ЭОМ 12 мкА көрсетеді.

  1. Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?

  2. Нақтамасын қойыңыз.

  3. Жасалынатын ем реттілігі.

Жауап:

  1. Блэк бойынша 1ші сыныпқа жатады

  2. 2. Терең тіс жегі.

  3. 3. Терең тіс жегі емі;

    Пациентке процедураны түсіндіріп, келісімін алды. Науқастан аллерго анамнезін сұрады

    Пломбылайтын материалдарды дайындайды (кальций гидроокисі негізіндегі емдік төсем, аралық төсемге арналған материал, өздігінен қатаятын композит). Стоматологиялық жиынтықты дайындады. Шприц, анестетик, борлар, таңу материалдарын жинады.

    Тісті объективті тексеріп алды да жансыздандыру жасады.

    Ұштыққа шар тәрізді бор салып, дентиннен тіреуіші жоқ кіреуке шеттерін алды, яғни тар болған қуыс кіреберісін ашты.

    Тіс жегі қуысы кеңейтіліп, қалыптастырылды.

    Тіс жегімен зақымданған кіреуке мен жұмсақ дентиндер толығымен қуыстан некротомия жасады.

    Пломба жақсы жабысуы, мықты болуы үшін қуыс кіреберісіне 45 градус бұрышпен фальс салды.

    Тісжегі қуысына медикаментозды өңдеу жүргізіп, тісжегі қуысын кептірді.

    Кальций гидроокисі негізіндегі материалды араластырып, тегістегіш көмегімен тісжегі табанына емдік пломба салды.

    Шыныиономерлік цементті араластырып тісжегі қуысына, табанына салып кіреуке-дентин шекарасына дейін жайды. Материалдың қатуын күтті.

    Кондиционерді кіреукеге жағып, 30 секундтай күтті. Тісжегі қуысын дистилденген сумен шайып, залалсыздандырылған мақта анжысымен және ауа ағымымен кептірді.

    Кіреуке адгезивін дайындап, тісжегі қуысының табанына және қабырғаларына жағып, оны қарсы ауа ағымының көмегімен біркелкі таратып жайды.

    Композитті 40 секундта араластырып, бөлшектеп, тісжегі қуысына салды. 1-1,5 минут ішінде тегістегіш, нығыздағыш, мақта анжысы көмегімен алғашқы мүсіндеуді жүргізді. Материалдың қатуын күтті.

    Фиништік борлармен төменгі жылдамдықтағы ұштықтар көмегімен пломбаның соңғы мүсіндеуін жүргізді.

    Окклюзияны тексерді. Полирлер мен жылтырататын дискілерді қолдана отырып, пломбаны тегістеді.

    Амбулатория картасын толтырды.







8. Стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезінде бүркелген қанды анықтау үшін азопирам сынамасын дайындау қажет.

1- Азопирам сынамасының құрамына қандай заттар кіреді?

2- Азопирам ерітіндісін дайындау ережесі кандай?

3- Азопирам ерітіндісін қолдану тәртібі қандай?

Жауап: 1ерітіндіні дайындау: 100 мл ерітіндіні әзірлеу үшін 10 гр амидоприн және 0,5 грамм анилиннің тұзды қышқылын өлшеп аламыз. Құрғақ ыдыста араластырып 100 мл-ге дейін 95 % этил спиртін құямыз.

2 Дайын ерітіндіні аузы жабылып +4гр –та тоңазытқышта 2 айға дейін сақтауға болады. Жұмысшы ерітінді дайындау үшін дайын еретінді мен 3% сүтегі асқын тотығын тең мөлшерде араластырамыз.

3 Сынама қою үшін құрал-саймандар ға 2-3 тамшы реактив тамызылады не мақта ерітіндіге малынып, онымен сүртіледі. Егер құрал-саймандарға қан қалдығы болса ол 1-1,5 минут уақыттың өзінде сия-көк түске енеді.

9. Сіз медбикенің стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерін жүргізуін бақылауға келдіңіз. Ол құрал саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып қойды, одан алып жуу ерітіндісіне бөктірді.

1. Медбике дұрыс орындап жатыр ма?.

2. Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдері қанша?

3. Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдерінің реттілігін айтыңыз.

Жауап : 1 Медбике стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерінде құрал-саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып, одан алып жуып дұрыс орындамады. Ол бірінші стерилизация алдыңғы кезеңді орындауы керек еді яғни, құрал-саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін №1 дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып-тазалап алып, механикалық өндеуден өткізілген құрал-саймандарды дезинфектант салынған №2 ыдысқа 1 сағатка салып жібітіп қойып, құрал-саймандар 2- ыдыстан алып, ағын суда шаюы керек еді.

2 Құрал- саймандарды өңдеу кезеңдері 6 кезеңден тұрады.

1 – кезең )

Құрас – саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып – тазалап аламыз.

Механикалық өңдеуден өткізілген құрал- саймандарды дезинфектант салынған 2 ыдысқа 1 сағатқа салып жібітіп қоямыз. Құрал-саймандар 2 ыдыстан алынып, ағын суда шайылып алынады.