Файл: Бекетте емтихан тапсырушыа тапсырма (1 нса) 20 жастаы, науас М.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 40
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекетте емтихан тапсырушыға тапсырма (1 нұсқа)
20 жастағы, науқас М., дене қызуының 38,5 С-қа дейін жоғарылауына, шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге шағымданады.
Анамнезінен: 3 күн бұрын қатты ауырған. Өздігінен қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емделген, жағдайы жақсармаған. Осыған байланысты ауруханаға жатқызылды.
Зиянды әдеттері жоқ.
Тұқым қуалаушылық бейімділігі жоқ.
Студент, университеттің 3 курсында оқиды.
Объективті:бетінің цианозы, оң жағы тыныс алу актісіне үлгермейді, перкуссияда - оң жақ жауырынның бұрышынан төментұйық дыбыс.Аускультация кезінде оң жақ жауырынның бұрышынан төмен бронхиалды тыныс естіледі. Тыныс алу жиілігі минутына 26. Жүрек тондары ырғақты. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 90. АҚ 105/70 мм.с.бағ. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырсынусыз, бауыры ұлғаймаған, ісінулер жоқ.
Спирография деректері:ӨТС- 70%, ФДШ1 - 83%, ШКЖ 25 - 68%, ШКЖ 50 -74%, ШКЖ 75 - 94%, ФДШ/ФӨТС - 62%.
Нв 145 г/л, эритроциттер – 5,3х1012/л, лейкоциттер 21х109/л, ЭТЖ 32 мм/сағ, фибриноген 6,0 г/л, С-реактивтіақуыз 20 мг/л. Оттегі сатурациясы 91%.
1.Пәні: «Клиникалық медицинаға ену-2»
Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды тізіңіз. Басты (негізгі) синдромды анықтап негіздеңіз.
қабынулық-интоксикация синдромы тыныс жетіспеушілік синдромы өкпенің тығыздалу синдромы
Жауабы: Өкпе тінінің тығыздалу синдромы (оң жақтық астыңғы бөліктік ошақтық пневмония)
2.ПАТФИЗ+5
А) . Бұл жағдайда гиповентиляцияның қандай түрі анықталады?
Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тыныс алу бетінін азаюынан немесе өкпе тінінің серпімділігі төмендеуінен дамиды. Ол екпе тіні де болатын (өкпе ішілік) дерттермен немесе екпенін сыртынан әсер ететін (өкпесыртылык) дерттік езге рістермен байланысты дамиды.
Рестрикциялық гиповентиляция дамуына әкелетін окле ішілік дерттерге:
• екпеде кабыну мен қан іркілу құбылыстарын; • екпе ауруларын (пневмосклероз, обыр (рак), эмфизема, туберкулез); • өкпенін бір бөлшегін немесе бір өкпе тутас оталып тастал
• әртүрлі себептерден сурфактанттың азаюынан өкпеде ате- лектаз дамуын т.б. жатқызуға болады.
Рестрикциялық гиповентиляция дамытатын өкпесыртылык дерттік өзгерістерге: - окпекап куысында сұйық, қан, ауа жиналып қалуы (гидгемоторакс, пневмоторакс); кокірек орталыгында өспе өсуі; кеуде куысын тарылтатын дене пішіні өзгеруі (лордоз.кифоз, сколиоз);
- іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр улгаюы, іш шемені дамуы т.с.с. жагдайлар жатады. Бүл кездерде өкпе сыртынан
2. Рестриктивті тыныс алу жеткіліксіздігі үшін тән спирометриялық белгілер:
- өкпенің қалдық көлемінің азаюы (шамамен 1200 мл)
- өкпенің тіршілік сиымдылығының (шамамен 4600 мл) және басқа да өкпелік көлемдер мен сиымдылықтардың төмендеуі
- Тиффно индексі қалыпты көрсеткіш шектерінде болады немесе жоғарлайды
- рестрикция ТК (ТК=500 мл) және РКта (РКта=шамамен 3000 мл) азайтады.
Рестриктивті бұзылыстар диагностикасында ӨТС төмендеуі үлкен маңызға ие, себебі бұл көрсеткіш тікелей өкпенің ықтимал керілу шектерін сипаттайды.
Б) 1) Өкпедегі анықталған патологиялық үдерістің морфологиялық, бейнесіне сәйкес суретті таңдап, ұсынылған өзгерістерді сипаттаңыз, қорытынды жасаңыз.
А) Ошақты пневмония (бронхопневмония) абцедирленумен.Өкпе тінінің қимасында сұр-сары түсті,түйіршікті түрдегі көптеген ағызу ошақтары ,олардан іріңді сығылады.Бронхтардың саңылауында-шырышты ішіндегісі, бронх қабырғалары қалың.
| | |
| | |
ЛУЧКА
Рентген суретінде қандай өзгерістер?
Жауап: тік проекциядағы кеуде алаңының жалпы шолу рентгенограммасы. Оң жақ өкпеде ауалы бронхограммалы қараю. (Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы).
Пневмонияның «фокус» инфильтрациясының тікелей белгілері: 1.Дұрыс емес форма. 2. Бірмүшелі емес құрылым. 3. Контуры анық емес. 4. Ошақтың саны мен көлемі сегменттің шетіне қарай бағытта ұлғаяды. 5. Аурудың 2-3 күндері анықталады. 6. Диаметрі 5 мм кем емес.
Cұрақ 2: Рентген суретінде қандай өзгерістер бар?
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасында – өкпе суретінің қалыңдауы, күшеюі, перибронхиальды инфильтрация әсерінен оң жақ өкпенің базальды сегменттерінің мөлдірлігінің төмендеуі.
Өкпе түбірлері аз құрылымды, тығыздалған, ауыр. Жүрек қалыпты түрде солға қарай ұлғайған.
Қорытынды: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы
.БИОХИМИЯ
д) Бұл науқаста эритроциттердің газ алмасу және метаболизмінің қандай өзгерістері байқалады?
Гипоксия кезінде қандағы көміртегі диоксидінің ішінара қысымы артады. Бұл жағдайда HCO3 - эритроциттердің көмірқышқыл ангидриді өндірісінің өсуі байқалады. Бикарбонат иондары эритроциттердің цитоплазмасынан қанға ағып, оның белсенділігі гипоксиялық жағдайлар кезінде артады.
6. Пәні «Фармакология»
Науқасқа амоксициллин тағайындалды. Ампициллин мен амоксициллин аминопенициллиндер тобына жатады және әсер ету спектрі кең. Дегенмен, олардың біреуінің клиникалық маңызды айырмашылығы бар.
-
Амоксициллиннің ампициллиннен айырмашылығы неде?
Жауабы: Қазіргі таңда амоксициллин ампициллинге қарағанда көп қолданылады, себебі амоксициллин ампициллинге қарағанда АІЖ арқылы сіңірілуі жақсы. Амоксициллиндікі 75-80 пайыз болса, ампициллин 30-40 пайыз. Бұл амоксициллиннің құрамында гидроксил тобының болуының әсері. Осының арқасында амоксициллинді таблетка реінде ішке қабылдауға болады. Ал, ампициллин мәндетті көк тамырға енгізіледі. Амоксициллиннің ампициллинге қарағанда кең спектрлі. Ол аэробты грам оң және аэробты грам теріс микроағзаларға әсер етеді. , Ампициллин тезірек шығарылады және нашар сіңеді. Осыған байланысты оны амоксициллинге қарағанда жиі қабылдау керек - күніне 4 рет.
-
Амоксициллиннің әсер ету механизмі.
Жауабы: Ол транспептидазаны тежейді, бөліну және өсу кезінде пептидогликанның (жасуша қабырғасының тірек ақуызы) синтезін бұзады және микроорганизмдердің лизисін тудырады.
Бекетте емтихан тапсырушыға тапсырма (2 нұсқа)
40 жастағы науқас Т., дене қызуының 38,6 С-қа дейін жоғарылауына, кеуде қуысының сол жақ бөлігінде тыныс алу кезінде ауырсынуына, шырышты-іріңді қақырық бөлінумен жүретін жөтелге шағымданды.
Анамнезінен:5 күн бұрын салқын тигеннен кейін, қатты ауырған. Өздігінен аспиринмен, парацетамолмен, амбробенмен емделген – жағдайы жақсармаған. Осыған байланысты ауруханаға жатқызылған.Спирография деректері:ӨТС - 70%, ФДШ1 - 83%, ШКЖ 25 - 68%, ШКЖ 50 -74%, ШКЖ 75 - 94%, ФДШ / ФӨТС - 62%.
Күніне 3 темекі шегеді.
Тұқым қуалаушылыққа бейім емес.
Менеджер болып жұмыс істейді.
Объективті: бетінің цианозы, сол жақ жартысы тыныс алу актісіне үлгермейді, перкуторлы сол жақ жауырынның бұрышынан төмен - тұйық дыбысталған, аускультация кезінде – сол жақ жауырынның бұрышынан төмен бронхиалды тыныс алу естілген. Тыныс алу жиілігі минутына 25. Жүрек тондары ырғақты. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 90. АҚ 130/80 мм.сын.бағ.
Тексеру кезінде: Нв 145 г/л, эритроциттер – 5,3х1012/л, лейкоциттер 21х109/л, СОЭ 32 мм/сағ, фибриноген 6,0 г/л, С-реактивті ақуыз 20 мг/л. Оттегі сатурациясы 91%.
1.Пәні: «Клиникалық медицинаға ену-2»
Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды тізіңіз.Басты (негізгі) синдромды анықтап негіздеңіз.
Жауабы: Өкпе тінінің тығыздалу синдромы (Оң бөліктік ошақтық пневмония)
2.Патфиз
А) Науқас Т. сыртқы тыныс алу патологиясының қандай түрі дамыған?
Дамыған патология патогенезінің негізгі сатыларын атап өтіңіз.
Жауаптар: 1. Науқас Т. тыныс алу жеткіліксіздігінің рестриктивті түрі дамыған, даму негізінде тыныс алу беткейінің азаюы жатыр.Өкпе вентиляциясының рестрикциялық бұзылыстарының негізінде өкпеішілік және өкпеден тыс себептерінің нәтижесінде оның керілуінің шектелуі орын алады.
a) Альвеолалық гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің өкпеішілік себептері өкпенін тыныстық беткейлерінің көлемін азайтады және тіннің серпімділік қасиеттерін төмендетеді. Нәтижесінде тыныс алу терендігі төмендеп, ал тыныс алу жиілігі жоғарылайды. Беткейлік жиі тыныс алу пайда болады.
б) Альвеолалық гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің өкпеден тыс себептері кеуде экскурсиясы көлемінің шектелуіне және тыныстық көлемнің (ТК) төмендеуіне әкеп соғады.
2. Патогенезінің негізгі сатылары:
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы → тыныс алу кезінде өкпенің керілу мүмкіншілігінің↓ → өкпенің эластикалық қарсыластығының ↑ → нәтижесінде тыныс алу тереңдігі ↓ → тыныс алу жиілігі↑ → беткейлік жиі тыныс →ӨТС азаюы → рестриктивті тыныс алу жеткіліксіздігі.
3.ПАТАН
B) 1) Өкпедегі анықталған патологиялық үдерістің морфологиялық, бейнесіне сәйкес суретті таңдап, ұсынылған өзгерістерді сипаттаңыз, қорытынды жасаңыз.
| | |
А) | | |
4.ЛУЧКА
С) Рентген суретінде қандай өзгерістер?
Жауап: тік және сол жақ бүйір проекциядағы ұсынылған рентгенограммада:
алаңдарында ошақты-инфильтративті көлеңкелер жоқ. Оң жақ өкпе түбірі өзгеріссіз, сол жақ өкпе түбірі құрылымды емес, тығыздалған. Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде ашық ошақ анықталады. Қойнаулар бос. Cor - өгеріссіз.
6. Пәні «Фармакология»
Науқасқа антибактериалды препарат тағайындалды.
-
Пенициллиндер сияқты, бұл препарат антимикробты белсенділікке жауапты бета-лактамды сақинасы бар. Бұл қандай препарат?
Жауабы: Антимикробты бесенділікке жауапты бета-лактамды сақинасы бар препараттар қатарына пенициллиндермен қоса цефалоспориндер жатады. Осындай қасиетке әсіресе, цефалоспориндердің ІІІ-ІҮ ұрпақтары ие. Ондай препараттарға цефтриаксом, цефепим, цефотаксим, цефтазидим секілді препарратарды жатқызуға болады.
2. Барлық бета-лактамды антибиотиктерді атаңыз.
Жауабы: Бета-лактамды антибиотиктер- құрамында β-лактам сақинасы болуымен біріктірілген антибиотиктер тобы.
B-лактамдарға пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар жатады. Химиялық құрылымның ұқсастығы барлық β-лактамдардың бірдей әсер ету механизмін (бактериялық жасуша қабырғасының синтезінің бұзылуы) көрсетеді
Бекетте емтихан тапсырушыға тапсырма (3 нұсқа)
47 жастағы науқас С., кешкі уақытта дене қызуының 39 0С-40 0С -қа дейін жоғарылауына, үнемі көбікті, тот басқан түсті қақырықтың бөлінуіне жүретін жөтелге, тыныс алуының қиындауымен ентігуге, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке шағымданыпемхана дәрігерінің қабылдауына келген.
Анамнезінен: 3 күннен бері жөтелдің күшейуінен, жүргенде ентігудің, дене қызуының пайда болуынан бастап, өзін науқаспын деп санайды,. Темекі шекпейді.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежелі. ТАЖ 24 минутына. Тамақтануы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы құрғақ, сипағанда ыстық. Дене қызуы 38,6 0С. Кеуде қуысының оң жағы тыныс алу актісіне үлгермейді. Перкуссия кезінде кеуде қуысының оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің проекциясы аймағында тұйық дыбыс.Аускультация кезінде зақымдану аймағының үстінде патологиялық бронхиалды тыныс естіледі. Қалған бетінде тыныс везикулярлы