Файл: Бекетте емтихан тапсырушыа тапсырма (1 нса) 20 жастаы, науас М.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

23 жастағы, К. науқас, жалпы әлсіздікке, дімкәстікке, бас ауруына, дене қызуының 37,5 0 С, -қа дейін жоғарлауына, құрғақ жөтелге шағымданып дәрігерге қаралған.

Анамнезінен:ауырғанына екі кун болған, ауруын суық тиюмен байланыстырады.

Объективті: дене қызуы 37,2 0 С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шеткі лимфа түйіндері үлкейген жоқ. Перкуссия кезінде өкпе алаңдарының үстінде перкуторлы айқын өкпе дыбысы.Тыныс алу қатты, шашыраңқы құрғақ тұншықтырғыш және ысқырғыш сырылдар. ТАЖ-16 минутына. Жүрек тондары айқын, ырғақты, ЖЖЖ — 72 мин, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Абдоминалдық патология анықталған жоқ. Кеуде қуысының перкуссиясы кезінде: өкпе алаңдарында перкуторлы айқын өкпелік дыбыс.Спирография деректері:ӨТС - 87%, ФДШ1 - 81%, ШКЖ 25 - 68%, ШКЖ 50 -74%, ШКЖ 75 - 94%, ФДШ / ФӨТС - 91%.

Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ-ның жоғарлауы.
ВКМ

Келтірілген пациенттің клиникалық синдромдарын анықтаңыз. Жетекші синдромды атаныз және оны дәлелдеңіз.

Жауабы: Бронхты-қабынулық синдром (Жіті брохит).
ПАТФИЗ

А) Бұл жағдайда өкпе гиповентиляциясының қандай түрі байқалады?

Жауаптар: Обструкциялық гиповентиляция тыныс алу жолдары тарылга- нында немесе бітелгенінде байқалады. Бұл кезде ауа козгалы- сына кедергі тыныс алу жолдарында пайда болады. Ол мына себептерден дамиды:

- тыныс алу жолдарынын кабынуынан;

майда кеңірдекшелердін тегіс салалы еттерінін, әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен, жиырылып қалуынан (бронхоспазм);

тыныс алу жолдары қою қақырықпен бітеліп қалуы- Нан

- тыныс алу жолдарында өспе дамуынан;

- тыныс алу жолдары сыртынан ісінген қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің өспесімен кысылып калуынан;
2. Бронхиалдық өткізгіштік бұзылуына тән спирометриялық көрсеткіштер:

- өкпенің қалдық көлемінің ұлғаюы (ӨҚК);

- ӨҚК/ӨЖС (өкпенің жалпы сиымдылығы) қатынасының жоғарлауы;

- ТӨС (тіршілік өкпе сымдылығы) көп уақыт қалыпты болып қалады;

- ТМК (тыныс алудың минуттық көлемі), ӨҚЖ (өкпенің қарқынды желденуі), ҚТшК1 (1 с қарқынды тыныс шығару көлемі), Тиффно индексі төмендейді;

- тыныстық көлем (ТК) тыныс алудың резервтік көлемі (ТаРК) жағына ығысуы.

ПАТАН

В) Берілген патологиядағы бронхтың макроскопиялық бейнесін сипаттаңыз

Макро: бронхының кілегейлі қабықшасына қан толып, ісінеді және қанды дақтар мен ойық жаралар пайда болады, саңылауына шырыш жиылады. Кілегейлі қабықша катарлы қабынып, фибринді немесе фибринді-геморрагиялы үдеріс өрістейді. Кейде бронхының кілегейлі қабықшасы ойылып, жараланды. Бронхиттің бұл нысаны деструкциялы-ойық жаралы бронхит деп аталады. Ал бронхиолалардағы жедел қабыну — бронхиолит — пролиферациялы да болуы мүмкін. Ондай жағдайда лимфоциттер, макрофагтар, плазмациттер шоғырланып, эпителийі көбейіп, бронхиолалардың қабырғалары қалыңдайды.

ЛУЧКА

С) Рентген суретінде қандай өзгерістер?

кеуде қуысы мүшелерінің шолу рентгенограммасында: өкпе алаңдарында ошақты-инфильтративті көлеңкелер жоқ. Өкпе түбірі тығыз, ауырлаған. Қойнаулар екі жағынан да кесілген. Жүрек ортада орналасқан.

Қорытынды: Рентген суреті бронхитқа тән.

4. Пәні «Фармакология»

  1. 50S рибоса суббірлігімен байланыса отырып, қабыну тіндерінде жақсы жиналады әсер ету спектрі кең қандай липофилді антибиотик пациентке ұсынылады?



  1. Ол антибиотиктердің қандай тобына жатады. Препараттарды атаңыз.

Жауабы: Кларитромицин макролид тобының жартылай синтетикалық антибиотиктеріне жатады. Макролидтерге бұдан басқа эритромицин, рокситромицин, азитромицин, диритромицин секілді антибиотиктер кіреді.


9 нұсқа
27 жастағы науқас К., ауруханаға тыныс алуының күрт қиындауына, көбінесе дем шығаруда, таңертең ерте уақытта тұтқыр шыны тәрізді қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелге шағымданып ауруханаға түскен.
Анамнезінен: Новокаинға, тағамдық аллергия-теңіз өнімдерін қолданғанда есекжем. Квинке ісінуі түрінде аллергиялық жауап болған. Зиянды әдеттер: 10 жыл бойы күніне бир қорабтан темекі шеккен. Сараптамалық анамнез: сырлаушы.

Объективті:Жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Қашықтықтан ысқырған сырылдар. Кеуде пішіні бөшке тәрізді.ТАЖ -24 минутына. Өкпе алаңдарында перкуторлы қорапты дыбыс.Өкпеде тыныс алу күрт әлсіреген, өкпенің барлық бетінен көп құрғақ ысқыратын сырылдар тыңдалады.ТАЖ- 20 минутына. Жүрек тондары ырғақты. ЖЖЖ - 100 минутына. АҚ - 120/80 мм сын. бағ. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған.
Зерттеу барысында: Жалпы қақырық анализі: шырышты, консистенциясы тұтқыр, лейкоциттер - 5-10 көру алаңында, эозинофилдер - препаратта 50-60. Куршман спиральдары, Шарко-Лейден кристалдары – препаратта бірен-саран.Эластикалық талшықтар, атиптік жасушалар, БК табылмаған. Спирография деректері:ФДШ1 – 38%,ФДШ1/ ФӨТС - 52%, ФӨТС - 73%, ӨТС – 71%,

ШКЖ 25 - 36%, ШКЖ 50 - 24%, ШКЖ 75 - 20%, СОС25-75 – 26%.
ВКМ

Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды тізіңіз. Басты (негізгі) синдромды анықтап негіздеңіз.


  • Бронхообструктивті синдром, өкпе тінінің кеңею синдромы,

  • тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы.


Жауабы: Бронхты-обструктивті синдром (аллергиялық брохиалды демікпе)

БХ

д)Бұл науқаста эритроциттердің газ алмасу және метаболизмінің қандай өзгерістері байқалады?

Гипоксия кезінде қандағы көміртегі диоксидінің ішінара қысымы артады. Бұл жағдайда HCO3 - эритроциттердің көмірқышқыл ангидриді өндірісінің өсуі байқалады. Бикарбонат иондары эритроциттердің цитоплазмасынан қанға ағып, оның белсенділігі гипоксиялық жағдайлар кезінде артады.
ПАТФИЗ

А) Науқас К. туындаған экспираторлық ентігудің даму механизмі қандай?

Бұл патология кезіндегі организмдегі үш негізгі биохимиялық ығысуларды атаңыз.
Жауаптар: 1. Экспираторлық ентігу дегеніміз дем шығару ұзарып,қиындаған ентугі түрі,оның даму механизмі: тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы → тыныс шығарғанда плевра қуысында қысым оң мәнге ие аймағына ауысады → өкпеішілік қысымның ↑ → ұсақ бронхтар, бронхиолалар және альвеолярлық жолдар деңгейінде тыныс алу жолдарының жабылуын туындатады → тыныс шығарудың қиындауы жүреді.

2. Гипоксия, гиперкапния, ацидоз.
ПАТАН

В) 1)Өкпедегі анықталған патологиялық үдерістің морфологиялық, бейнесіне сәйкес суретті таңдап, ұсынылған өзгерістерді сипаттаңыз, қорытынды жасаңыз.


А суреті. Өкпе тіні берілген. Өкпенің көлемі ұлғайған, жоғары дәрежелі ауалы. Кесіндідегі түсі қызғылт, ателектаздар көрінеді. Бронх қабырғалары қалыңдаған, тығыздалған, саңылауынан бозғылт-сары түстес шырышты көреміз. Инфекциялық-аллергиялық астма инфекциялық жедел немесе созылмалы бронхитпен, немесе пневмониямен сырқат адамның өкпесіне қосымша аллерген әсер еткенде дамиды.





В суреті. Өкпе тіні берілген. Респирациялық бронхиолалар мен альвеолалардың саңылауы кеңіген, альвеола аралық перделер жұқа, әр жері жыртылған, тұйықтайтын тәмсімдер күрзі тәрізді жуан, тамырлардың қабырғасы склерозды, қалың.







ЛУЧКА
С) Рентген суретінде қандай өзгерістер?
Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің проекциясында көлденең сұйықтық деңгейі бар сақина тәрізді көлеңке анықталады. Сыртқы контурлар анық емес. Оң жақ өкпе тамыры инфильтрацияға ұшыраған.


Қорытынды: Өкпеде қуыстану синдромы (Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде абцесс)

Фармакология

Науқасқа бронх демікпесін емдеуге арналған препарат тағайындалған ол қаңқалы бұлшықеттің жиырлуын күшейткен (тремор).

  1. Қандай препарат осындай әсер тудырады?

Жауабы: Жалпы негізінен бронх демікпесін емдеу екі кезеңнен тұрады:бронхоспазмды азайту-бронходилататорлар қолданылады.
бронхтың шыршыт қабатының ұабынған қзгерісін төмендету-бұл мақсатта қабынуға қарсы препараттар қолданылады.Бронх демікпесінде қолданылатын, әрі науқаста троемор тудыратын препараттарға Бетта-2-адреномиметиктер жатады. Олардың ішінде сальбутамол қолдың бұлшықеттерінде тремор тудырады,бұл препараттың әсер етуі қысқа жылдам бастаплып 3-5 сағатқа ғана созылады,тікелей небулайзер арқылы тыныс жолына,одан басқа демікпе статусында көктамырға тамшылатып енгізеді..


  1. Оның бронхолитикалық әсер ету механизмін сипаттаңыз.


Жауабы: Олар адренорецепторлармен байланысып бронходилятация тудырады. Бета 2-адренергиялық рецепторларды жоғары талғаммен ынталандырады, жасушаішілік аденилатциклазаны белсендіреді. Бронходилататор әсері бронхтың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына байланысты.


10 нұсқа

46 жастағы Д. науқасдәнекерлеуші. Науқас мұрыннан көп бөлінді ағып, мұрынының бітелуінежәне орташа физикалық күш түскен кезде ентікпеге, аптасына 3-4 рет шырышты-іріңді қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелтыныс алудың қиындауын туғызатын ұстамаға шағымданып ауруханаға түсті.


Анамнезінен:20 жыл бойы бір тәулікте бір қорап темекі шеккен. Соңғы бес жылда ЖРВ –пен жиі ауырған. (жылына 3-4 рет). Екі ай бойы жағдайды нашарлаған, майлы бояуды қолданғаннан кейін алғашқы тыныс алуының қиындау ұстамасы пайда болып, өздігінен басылған. Дәрігерге қаралмаған.
Объективті:Тері жамылғысы боз, ылғалды. Кеуде пішіні бөшке тәрізді. Перкуссия кезінде барлық өкпе алаңдарында перкуторлы қорапты дыбыс.

Аускультация кезіндебарлық өкпе аландарында көп құрғақ ысқырықты және ызыңданған сырылдар естіледі.ТАЖ - 18 мин. Жүрек тондары ырғақты. ЖЖЖ - 86 мин, ырғағыдұрыс, шулар жоқ. АҚ - 140/80 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған.ӨТС - 52%, ФДШ1 - 47%, ШКЖ 25 - 26%, ШКЖ 50 -36%, ШКЖ 75 - 48%, ФДШ1/ ФӨТС – 100,7%.

ясы 91%.
ВКМ

Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды тізіңіз. Басты (негізгі) синдромды анықтап негіздеңіз.


  • Синдром бронхиальной обструкции(Хроническая обструктивная болезнь лёгких)

  • тыныс жетіспеушілік синдромы

БХ

Бұл науқаста эритроциттердің газ алмасу және метаболизмінің қандай өзгерістері байқалады?

Гипоксия кезінде қандағы көміртегі диоксидінің ішінара қысымы артады. Бұл жағдайда HCO3 - эритроциттердің көмірқышқыл ангидриді өндірісінің өсуі байқалады. Бикарбонат иондары эритроциттердің цитоплазмасынан қанға ағып, оның белсенділігі гипоксиялық жағдайлар кезінде артады.

ПАТФИЗ

А) Бронхөкпелік жеткіліксіздіктің жетекші механизмі қандай?

Сыртқы тыныс алу бұзылысының басты себебі қандай? Жауабынызды негіздеңіз.
Жауаптар: 1. Тыныс алу жолдары бойымен ауа өткізілуінің бұзылуы. Нәтижесінде көбінесе тыныс шығару фазасы бұзылады. Экспираторлық ентігу Экспираторлық ентікпе (тыныс шығару қиындаған) өкпе вентиляциясының обтрукциялық бұзылыстары кезінде байқалады. Экспираторлық ентігудің даму механизмі: тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы → тыныс шығарғанда плевра қуысында қысым оң мәнге ие аймағына ауысады → өкпеішілік қысымның ↑ → ұсақ бронхтар, бронхиолалар және альвеолярлық жолдар деңгейінде тыныс алу жолдарының жабылуын туындатады → тыныс шығарудың қиындауы жүреді.
2. Ауа өтетін жолдарда жолақ бұлшықеттердің жиырлуы + шырыштың існуі



Төменгі ауа өтетін жолдар саңылауының тарылуы



Тыныс шығарудың қиындауы



Альвеолярлы гиповентиляцияның дамуы (рО2 ↓, рСО2↑)



Обструктивті тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуы

ПАТАН

В) 1) Өкпедегі анықталған патологиялық үдерістің морфологиялық, бейнесіне сәйкес суретті таңдап, ұсынылған өзгерістерді сипаттаңыз, қорытынды жасаңыз.




Жауабы: Макропрепарат. Өкпе тіні берілген. Көлемі ұлғайған,ауа кернеген, консистенциясы жұмсақ, беткей бітімі тегіс емес ,кескен кезде қабыспайды, аз мөлшерде көпіршікті сұйықтық ағады.Түсі бозғылт. Қамтыған көлемі диффузды. Қорытынды: Созылмалы обструктивті өкпе эмфиземасы