Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 378
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогика оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесіне өз еңбектерінде назар аударғандар И.Т.Огородников, П.Н.Шимбиров, Р.Г.Лемберг, И.Н.Казанцев, М.А.Данилов және т.б. Олар оқыту үдерісі мен таным үдерістерінің ортақтығын (оқыту үдерісі таным элементтерін қамтиды) атай отырып, олардың мәнді ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Р.Г.Лемберг оқытудың ерекшелігін былай сипаттайды: оқыту білімге жеңіл жолмен апарады; оқыту тек білім беріп қоймай, тәрбиелеу қызметін де атқарады; оқыту ғылыми көзқарас пен моральдық іс-қылықтарды қалыптастырады; оқушыларды жан-жақты дамытады; практикалық әрекетке дайындайды; оқыту баланың жас және жеке бас ерекшеліктеріне қарай оқыту әдіс-тәсілдерін қолданады; оқыту білімді бекітеді, сақтайды және келешекте оны қолдана алады.
Ғалымдар оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесіне терең бойлаған сайын, олардың ортақ белгілеріне назар аудара бастады. Оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесін талқылау, зерттеушілерді оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарас пен коммунистік моральды қалыптастырудағы оқыту үдерісінің мәнін зерттеу мәселесіне әкелді.
Партия мен үкіметтің мектеп пен педагогика алдына қойған міндеттері оқыту әдістерін зерттеуді өзекті мәселеге айналдырды. Оқыту әдістерінің теориясын зерттеуді қолға алған алғашықы зерттеушілер М.М.Пистрак пен, П.Н.Шимбиров болды. «Оқыту әдістер жалпы мағынада деп жазды М.М.Пистрак, - білім беру тәсілдері және оқушылардың біліктері мен дағдыларының дамуы. Оқыту әдісі – мұғалім қолындағы қару, оның оқушыға қатысты әрекет тәсілі және мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушының әрекеті». П.Н.Шимбиров оқыту әдісін «мұғалімнің көмегімен оқушыларды ғылым негіздеріне бағыттайтын және ұйымдастыратын жол ретінде қарастырды». Бұл жағдайда мұғалімнің оқыту үдерісіндегі жетекші рөлі көрсетілді.
40-50 –шы жылдары «оқыту әдісі» түсінігі әр түрлі қолданылып келді. И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиров «Оқыту әдісі деп мұғалім оқушылардың саналылығы мен белсенділігіне сүйеніп, оларды біліммен, дағыдымен қаруландыратын құрал немесе жол» деп санады. М.Н.Скаткин әдісті «мұғалім оқушыларды білмсіздіктен білімге, біліксіздіктен білікке жетелейтін, баланың ақыл-ойын қалыптастыру жолының идеологиясы» деген анықтама берді. Д.О.Лордкипанидзе «әдіс - педагогикалық үдеріс жүретін, оқушыларды білімсіздіктен білімге жетелейтін жол» деп көрсетеді. Бірқатар жұмыстарда «оқыту әдістері» анықтамасында тек мұғалімнің ғана емес, оқушының да әрекеті ескеріледі. Осыны Н.М.Верзилин,Б.Е.Райков, Б.П.Есипов, Н.К.Гончаров, М.А.Данилов, Е.Я.Голант та мойындады. Оқыту әдістері туралы бинарлы көзқарас болды (50-шы жылдардың соңында «Мектептегі биология» журналында жарияланған пікірталас) - оқыту әдісі мұғалімнің оқушыларға білім беру тәсілі мен жолдары және мұғалім мен оқушының біріккен оқу әрекеттері ретінде қарастырылды. Осы көзқарас дамып, 60-шы жылдардың ортасында жетекші әдіске айналды. Әдістердің көптігі және бір әдіске әмбебаптық сипат бермеу туралы мәселе қойылды.
Сөз әдістеріне назар аударылып, оның сабақта білім беруде маңызды құрал екені айтылды.
Оқыту үдерісін белсендіру және оқушылардың өзбетінше жұмыс дағдыларын дамыту, кеңес педагогикасының маңызды мәселесіне айналды. Педагогтар қайтадан зерттеушілік әдіске оралып, бұл әдістің мазмұнына түзетулер енгізілді. Онда, сабақ нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетінді, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтыны, балаларды ізденіске түсіретіні, оларға түсінікті формада берілетіні жайында айтылды. Зерттеушілік әдісті қолдану шекарасы туралы әр түрлі пікірлер болды. Мәселен В.В.Гурьянов, зерттеушілік әдістің шынайы қолданыс табатынын мектептегі өлкетану жұмысымен байланыстырды. Ал, М.Н.Скаткин зерттеушілік әдісті жаратылыстану, химия, қоғамтану пәндеріне кең ауқымда қолдануға болатынын көрсетті.
50-шы жылдардың екінші жартысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту бағыты дамыды. Осы кезеңде оқушылардың өзбетінше жұмысына жаңаша көзқарас дами бастады, ол кеңестік дидактикада 60-шы жылдардың ортасында көрінді.
Оқытудың негізгі формасы – сабақ, оның белгілі кестемен, тұрақты құрамы бар сыныппен жүргізілуі керектігі партияның қаулысында көрсетілген еді. Оқытушының жаңа сабақты жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өздігінен жұмыс істеуі, оқушылардың жазу мен сызу жұмыстары, лабораториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсия жүргізу талап етілді.
40-50-шы жылдары оқу-тәрбие үдерісіндегі сабақтың орны анықталды: сабақ – мектептегі оқытудың негізгі ұймдастыру формасы. Сабақ мұғалімнің жұмысын нақтылардырады, оның басшылығымен жүйелі білім, білік, дағды беріледі, уақыт үнемді пайдаланылады, оқушылар аз уақыт мөлшерінде білім, білік, дағдыны игереді. Сабақта түрлі әдістер қолданылып коммунистік көзқарасты қалыптастыру, теория мен практикалық әрекетті байланыстыру мүмкіндігін жүзеге асырады. Бұл қағида И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбирова, И.Н.Казанцев, М.А.Данилов, Б.П.Есипов пен Д.О.Лордкипанидзе еңбектерінде дамытылды.
Сабақтың құрылымына «сабақтың бөліктері мен оларға бөлінетін уақыттағы оны жүргізу тәртібіне назар аударылды.
Дидактика сабақтың нақты құрылысын, сабақтың құрылымдық бөліктерін, олардың бір-біріне тәуелділіктері мен байланыстарын талап етті. Ғылым мен педагогикаға «аралас сабақ» термині енгізілді. Б.П.Есипов аралас сабақтың құрамын анықтады: өткен сабақты қайталау; жаңа тақырыпты түсіндіру; оқылатын құбылыстың маңызды және нақты фактыларын қарастыру; тақырыпты қалай игергенін тексеру; білімін бекіту, білігі мен дағдысын дамыту. Сонымен, сабақтың төрт элементтік жүйесі (үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды өту, бекіту және үй тапсырмасы) бекітілді.
Осы элементтерге әмбебаптық сипат берудің жағымсыз тұстары да болды – төрт элементтік жүйені сақтау, жиі нұсқашылдық пен формалистікке, бір типтілікке жол берді. Педагогикалық теория мен педагогикалық практика осы қалыптан шығудың жолдарын, яғни сабақтың типтері мен классификациясын іздестірді. 1952 жылы С.В.Иванов «Сабақтардың типтері үлкен өзекті мәселе, сыныптық-сабақ формасының басқа элементтермен өзара байланысының ара қатынасының заңдылықтарын анықтау... Осы мәселенің дұрыс шешімін табу теория мен практика үшін маңызды» деп жазды. Ғылымға сабақты классификациялаудың өлшемдерін анықтау қажеттігі пайда болды. Ондай өлшемдер ретінде дидкатикалық мақсат пен міндеттер, сабақты оқыту әдістері, оқу материалдарының түрлері алынды. Сабақты таным үдерісінің заңдылықтарына, оқу үдерісінің логикасына, оқушылардың бұрынғы дайындығына негізделген классификация мүмкіндіктері қарастырылды.
Д.О.Лордкипанидза сабақты гносиологиялық, психологиялық, әдістемелік және жалпы педдагогикалық принциптерге жіктеді. Осылардың ішінен жалпы педагогикалық және жалпы дидактикалық принциптерді негізгі деп санады. Осы қағида алғаш рет Б.П.Есиповтың еңбегінде, сонан кейініректе П.Н.Груздев,И.А.Каиров, И.Т.Огородников, М.А.Данилов еңбектерінде дамытылды. Осы қабылданған классификация бойынша жаңа материалды түсіндіру, қайталау және жаттығу, білімді тексеру және бағалау сабақтары және аралас сабақ деп жіктелді.
50-шы жылдардың басынан педагогика ғылымы мен педагогикалық практикада білімді тексерудің оқыту қызметіне мән беріле бастады. Б.П.Есипов «Дұрыс қойылған білімді есепке алудың бақылау үшін ғана емес, оқыту және тәрбиелеу үшін маңызы зор» деп жазды. Осы қағида кеңес педагогикасында бекіп, теориялық тұрғыдан М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Н.Г. Дайри еңбектерінде негізделді.
30-50-шы жылдарындағы оқыту теориясын талдау барысында мынадай қорытындылар жасауға болады: педагогика ғылымы оқушыларды ғылым негіздерімен қаруландыруға нақты бағыт алды. Оқушыларды белсендіру және өзбетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, мұғалімнің сабақты басқаруына арналған мәселелер жаңаша көзқарасты қажет етті. Мұғалімдердің педагогикалық озат тәжрибиесін зерттеу қолға алынды. Оқыту мәселесі мен оқыту әдістеріне назар аударылды.
Осы кезеңдегі дидактикада жетістіктермен қата, кейбір кемшіліктер де орын алды – сөздік әдістер көбірек қолданылды, оқытуды белсендіруге өз мәнінде көңіл бөлінбеді, аралас сабақты абсолттендіруге, т.б. жол берілді.
1960-1970 жылдар аралығындағы бiлiм саласындағы басты мiндеттер төмендегідей еді: жалпы мiндеттi орта бiлiм берудi жүзеге асыру; мектептегi бiлiм мазмұнын жаңарту; оқу үрдiсiн жетiлдiру және оқушыларға коммунистiк тәрбие беру. Жалпы мiндеттi орта бiлiм беру үдерісiн жүзеге асыру бiрнеше кезеңге бөлiнiп жүргiзiлдi.
Оқыту принциптері оқыту үдерісінің заңдылықтары және «дидактика ұғымдарын» тәрбие мен білім беру мақсатына сәйкес, оқыту заңдылықтарын қолдану қарастырылды. М.А.Данилов өзара байланысты жүйе жағдайында жетекші принцип туралы мәселе көтеріп, дидактикаға принциптер сәйкестігі туралы түсінік ендірді. Ол принциптерді белгілі жүйеде қарастырып мынадай сәйкестік принциптерін ұсынды: оқытудағы ғылымилық пен түсініктілік; жүйелі оқытудағы теория мен практиканың байланысы; білімді игерудің беріктігі және оқушының танымдық күшін жан-жақты дамыту; фронтальдық, ұжымдық және даралап оқытудың оптимальды сәйкестігі.
М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Т.Огородников, Т.А.Ильина, В.И.Загвязинский және т.б. оқыту принциптерінің өзара байланысы мен өзара себептестігін бір қатар жылдар бойы зерттеді. Бұл мәселе толық шешілмеген еді.
Л.В.Занковтың «дидактикалық жүйе» түсінігін енгізуіне байланысты, басқа да педагогтардың «дидактикалық жүйе» түсінігін қайта зерттеуі мен оны құрастыруы, дидактикалық принциптерге жаңа түсініктеме беруді қажетсінді. Мәселен, Л.В. Занков түсініктілік принципіне: «Бұл принципті қайтадан сын тұрғысынан қарастырып, оқыту үдерісін құруда оқушының жас ерекшеліктерін ескеру керек» деп көрсетті. Л.В.Занков оқыту жүйесін құрастыруда, үнемі оқушылардың танымдық қабілетін мейілінше дамыту қажет деген мәселені ұсынды. Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ғылымилық принципіне жаңаша түсініктеме беріп, оларды нақыты игерту үшін қорытындылау арқылы, теориялық білім беру қажеттігіне тоқталды. Проблемалық оқытудың теориясы мен практикасының дамуына қарай оқытуды белсендіру, оның түрлі деңгейі негізінде шығармашылықты дамыту және саналылық принциптерінің мағынасы қайта толықтырылды.
Осы кезеңдегі дидактикада оқыту үдерісі біртұтас құбылыс ретінде зерттеліп, оның заңдылықтары мен негізгі сипаттары ашылды.
Оқыту үдерісінің маңызын түсіну үшін қарама-қайшылықты қозғаушы күш ретінде қарастыру мәселесі қойылды. Бұл мәселені көтерген және зерттеген М.А.Данилов болды. Ол «Кеңес мектебіндегі оқыту үдерісі» атты іргелі зерттеуінде «оқыту мен практикалық міндеттердің, оқушылардың білімі, біліктері және ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықтардың, оқыту үдерісінің қозғаушы күші» болатынын атап көрсетті. Осы қағиданы нақтылай отырып, қарама-қайшылықтың қозғаушы күшке айналу жағдайын сипаттады. Ол қарама-қайшылықтың
жасанды болмайтынын, оның оқыту үдерісінің барысында және ішкі логикасына байланысты туындайтынын көрсетті.
Оқыту үдерісі мен оқыту теориясының негізін біртұтас көзқарас тұрғысынан талдау негізінде оқыту үдерісін оптимизациялау бағыты зерттелді.
60-шы жылдардағы дидактикалық зерттеулер оқыту мен дамытудың арақатынасына ерекше назар аударды. Бұл зерттеулер көрнекті кеңес психологы Л.С.Выготскийдің оқыту дамытудың алдында жүреді деген тұжырымына негізделді. Оқыту, аяқталған даму циклының негізінде ғана құрылмайды, ол бәрінен де, әлі жетіле қоймаған психикалық қызметтің негізінде құрылып, оның қалыптасуын жылдамдатады. 1960 жылдардың соңында дидактикаға арналған Бүкілресейлік мәжілісте оқушыларды оқыту мен білімді игертудің және дамытудың ара қатысын зерттеу мәселесі кезек күтірмейтін шешімді талап етті. Осы мәселені шешуге М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Ш.И.Ганелин және т.б. көп еңбек сіңірді. Осы негіздегі дидактикалық оқыту жүйесін құру Л.В.Занковтың есімімен тығыз байланысты. Л.В.Занков өзінің эксперименттік жүйесінің негізіне оқу үдерісінде оқушыны жалпы даму деңгейін арттыру идеясының мүмкіндігін тексеруді алға қойды. Оның эксперименттік жүйесі мынаны анықтады: жоғары қиындық деңгейінде оқыту; жұмыстың екпінін арттыру; бастауыш оқытудағы теориялық білімнің жетекші рөлі; оқушылардың оқу үдерісін саналы түсінуі.
Оқыту теориясын дамыту ең маңызды мәселелер ауқымын қамтыды, олар оқушылардың белсенділігі мен өзбетінше жұмыс жасауын тәрбиелеумен байланысты болды. Осы мәселені шешуде М.А.Даниловтың еңбектерінің маңызы зор болды. Оқушылардың өзбетінше жұмыс жасауы мен белсенділіктерін арттыру, бұл бір арнайы құралдарды қажет ететін ерекше міндет емес. Бұл мектептің оқу-тәрбие жұмысында жүзеге асады. Оқушылардың белсенділігін арттыру және өзбетінше жұмыс жасауы үшін ең алдымен, ғылым негіздерін оқытуда танымдық міндеттер қойып, оқу үдерісінің нақты логикасын оқушының білімді игерудегі өзінің бірізді саналы жылжу жолына сай оқыту әдістерін қажет етеді. Осы мәселені зерттеушілер, онан кейінгі кезеңде, оқушылардың өзбетінше танымын қалыптастырудың шартын, таным жолы мен шығармашылық әрекет тәсілдерін оқушылардың өздерінің игеруімен байланыстырды.
60-70 жылдары кеңестік дидактикада оқыту әдістерін жетілдіру мәселесі орын алды. Оқыту әдістерінің теориясын анықтау оқытуды біртұтас үдеріс ретінде қарастырып, оқытушы мен оқушының өзара әрекеті зерттелді. Бұл жәйт оқыту әдістерінің анықтамасында «оқушылардың білімді, танымдық әдістерді, практикалық әрекетерді және коммунистік тәрбиені игерудің танымдық әрекетін ұйымдастыру жұмыстарында көрініс тапты».