Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 386

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Педагогика әдіснамасының пәні кең мағынада оны педагогикалық болмыс пен педагогика ғылымындағы оның көрінісінің арақатынасы деп анықтайды. Педагогиканың әдіснамасының пәні – тар мағынада – педагогика ғылымы педагогтардың ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру сипаты мен ерекшеліктеріне тәуелді.

Педагогика әдіснамасының тарихын зерделеу, дамуының логикасы мен үдерістерін ашып көрсету педагогика ғылымының XIX ғ. соңынан және XX ғасыр бойы төмендегі жәйттерді мүмкін етуімен шартты байланыста болады:

-педагогика ғылымы мен практикасының негізіне жататын ғылыми-педагогикалық ізденістегі жаңа әдіснамалық негіздемелер мен бағдарламалардың пайда болу көздерін, олардың жаңа идеялармен немесе болжамдармен баюының көздерін нақтылау және ашып көрсету;

-ғылыми қауымдастықта танымал және мойындалған педагогикалық идеялардың, тұжырымдамалардың немесе теориялардың дамуының әдістері мен тәсілдерін жүйелеу.

Бұл педагогикада әдіснамалық дәстүрлердің – педагогикалық әдіснаманың кезеңдік даму тарихының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

XX ғасыр мен XXI ғасырдың басында педагогикалық әдіснаманың жеке ғылыми бағыт ретінде дамуының іргелі негіздері салынды. Олар:

  • педагогикалық әдіснаманың нысаны мен пәні (П.Ф. Каптерев, А.С. Макаренко, Ф.Ф. Королев, М.А. Данилов, В.В. Краевский және басқалар);

  • педагогикалық әдіснаманың мәні мен ерекшелігі, оның қызметтері және философиядан ұстанымдық өзгешелігі, ғылымдардың жалпы әдіснамасындағы орны (Ф.Ф. Королев, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, В.Е. Гмурман, В.И. Загвязинский, Г.В. Воробьев және басқалар);

  • педагогикалық зерттеулер әдістері және олардың даму логикасы (Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, М.Н. Скаткин, В.С. Шубинский және басқалар);

  • педагогикалық зерттеулер типологиясы және ұйымдастыру логикасы (В.И. Загвязинский, В.М. Полонский және басқалар);

  • педагогикалық болмыс туралы табиғатынан диалектикалық болып табылатын эмпирикалық және теориялық білімдер жүйесінің дамуы және жаңаруы (Н.В. Бордовская және басқалар).

  • педагогиканың әдіснамасының даму тарихы кеңестік кезеңде ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде 1960-жылдары қалыптаса бастауы (С.И. Колташ);

-педагогикалық зерттеулердің браысы мен нәтижелерінталдауда іргелі және қолданбалы қырларының арақатынасының сипатын анықтау (В.В. Краевский, Е.В. Бережнова және басқалар).

Бір ескерте кететін жәйт, әдіснамашы ғалымдардың басым көпшілігі әдіснамалық мәелелер бойынша тұжырымдарын педагогика саласындағы зерттеулері аясында жасады. Сондықтан М.Н. Скаткин, Ю.К.Бабанский, В.В. Краевский, В.И. Загвязинский және басқалар дидактикада да, әдіснама саласында да ғылыымға қомақты үлес қоса алды. Осы кезеңде дидактикалық зерттеулердің типтері мен әдістері жан-жақты М.Н. Скаткиннің «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі» атты монографиясында (1986), В.И.Загвязинскийдің «Дидактикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі» атты кітабында қарастырылды. Сол себепті біз бұл ғалымдардың еңбектерін саралағанда оларды әрі дидакт, әрі әдіснама саласының майталмандары деп таныдық.


1969–1991 жылдар аралығында өткізілген педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесіне арналған Бүкілодақтық әдіснамалық семинарларда педагогика теорисының жасалуы, педагогикадағы жүйелілік тұғыр, теориялық зерттеулердің тиімділігін арттыру, тәрбиенің әдіснамалық негіздері, педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру, озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, үздіксіз білім беру мәселелері кеңінен талқыланып, ғалымдар нақты тұжырымдарды ғылым мен практикаға ұсынып отырды. Осы тұста педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараты жасала бастады. Ғалымдар ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру мәселерін тиянақтады ( М.Н. Скаткин, В.М. Полонский және басқалар).

Әдіснамашы ғалымдардың ізденістерінің нәтижелері белсенді ғылыми-әрекет кезеңдеріне сәйкес педагогикалық әдіснаманың дамуының жалпы барысына енгізілді.

• 1960 жылдардың аяғы 1970 жылдардың басындағы педагогикадағы әдіснамалық үдерістің бірінші кезеңі педагогика әдіснамасының пәндік алаңын нақтылауымен, педагогика әдіснамасының құрылымы мен қызметтерін ашып көрсетумен, педагогиканыың философиямен әрекеттесуінің тиімді тәсілдерін анықтаумен ерекшеленеді. • Педагогикадағы әдіснамалық дәстүрдің қалыптасу үдерісінің екінші кезеңі (1980-1990-шы ж.ж). педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелерінің кеңейтілуімен және ол мәселелердің ғылыми қауымдастық мақұлдаған белгілі бір әдіснамалық бағдардың басым болуымен сипатталады. Бұл кезеңде педагогиканың әдіснамасының жүйелілік-әрекеттік табиғаты мен сипаты анық көріне бастады. Екінші кезеңде әдіснамалық талдаудың негізгі типтері – философиялық-педагогикалық бастауы (М.А. Данилов және басқалар) және әрекеттік-педагогикалық (В.В. Краевский және басқалар) пайда болды.

Үшінші кезеңде (XX ғ.соңы мен XIX ғ. басы) ғалымдар тағы да педагогика ғылымы мен прктикасының даму үрдісін талдауда әдіснамалық мәселелерге қайта оралды. Педагогиканың әдіснамасының дамуына М.А.Даниловтың, Ф.Ф.Королевтің, В.В.Краевскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы аса жоғары болды. М.Н. Скаткиннің, Я.С.Турбовскойдың, В.И.Журавлевтің, Ю.К. Бабанскийдің, В.И. Загвязинскийдің, А.В. Коржуевтің, Л.И. Новикованың, Я.Скалкованың, Н.Д.Никандровтың, В.Е. Гмурманның, В.С. Шубинскийдің, В.М.Полонскийдің, Б.С.Гершунскийдің және тағы басқа әдіснамашы педагогтардың еңбектерінде педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі жан-жақты көрініс тапты. Педагогикалық әдіснаманың даму тарихы, педагогика саласындағы әдіснамалық білім, педагогикалық әдіснаманың құрылымы мен қызметтері педагогикалық зерттеулер сапасын бағалау мәселелері ерекше ғылыми түрғыда талданып, Бүкілодақтық әдіснамалық семинарларда үлкен сынақтан өтіп, ғылыми кауымдастыққа ұсынылды.



Сонымен, қарастырылып отырған кезеңде педагогика әдіснамасы саласындағы жетістіктерге ғалымдар жаңа педагогикалық идеялар іздегенде және жаңа педагогикалық теория жасағанда, педагогика ғылымы мен практикасының байланыстарының жаңа типтерін қарастырғанда, педагогикалық жобалау мен модельдеудің жаңа әдістерін іздестіргенде сүйенеді. Педагогикадағы әдіснамалық дәстүрді талдау 1971-1991жылдары педагогика әдіснамасы белсенді дамыған және шын мәніндегі жүйелі әдіснаманың өрістеуіне кең жол ашты деуге әбден болады.

I. КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ

I. 1 Кеңес мектебі және педагогика ( 1917-1940)
Надежда Константиновна Крупская ( 1869-1939 )
Н.К. Крупская ВКП (б) Орталық Комитетінің мүшесі, коммунистік партияның ірі қайраткері, көрнекті совет педагогы, КСРО Жоғары Советінің депутаты және Президиум мүшесі, алғашқы педагогика ғылымының докторы, КСРО Ғылым академиясының құрметті академигі болып сайланған. Оның барлық өмірі партия ісі мен коммунизм үшін күреске арналды.

Н.К.Крупская 1869 жылы Петербор қаласында туды. Гимназияны бітірген соң Петербордағы әйелдер жоғары курсының математика бөлімінде оқыды. Осы кезден бастап студенттердің революциялық үйірмелеріне қатысады. 1891 жылы жексенбілік мектепке мұғалім болып орналасады. Өзінің мұғалімдік жұмысын жұмысшылар арасында революциялық идеяларды насихаттаумен ұштастырады. 1895 жылы В.И.Ленин құрған «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағына» кіреді. 1896 жылы Н.К.Крупская тұтқынға алынып, Енисей губерниясындағы Шушенское селосында В.И.Ленинмен бірге айдауда болады.

Кейінгі жылдары шетелдерде болып, жауапты партиялық қызметтерді атқарады. Большевиктік газеттер редакциясының хатшысы, Россиядағы партия ұйымдарымен жасырын хат жазу ісі, революциялық әдебиетті жасырын тарату және т.б. жұмыстармен шұғылданады.

Н.К.Крупская шетелде жүрген жылдарында Батыс Еуропа елдеріндегі оқу-ағарту ісімен танысты. Осы жұмыстардың нәтижесінде кеңес үкіметі орнағаннан кейін балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырды. Ол 1917 жылы жарық көрген «Халық ағарту ісі және демократия» деген еңбегінде оқу-ағарту мәселесін қолға алу керек деп жазды. Ол өз еңбектерінде бұрынғы педагогикалық идеяларды сынап, марксистік педагогикалық идеяны насихаттады.


Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін Надежда Константиновна Оқу-ағарту халық комиссариатының коллегия мүшесі, ал 1929 жылдан бастап Оқу-ағарту халық коммисарының орынбасары болды. Мемлекеттік ғылыми советтің ғылыми-педагогикалық секциясын басқарып, оқу жоспары, бағдарламалар және басқа да педагогикалық құжаттарды жасауға белсене қатысты. Бірнеше педагогикалық журналдарды басқарды коммунистік тәрбие академиясында дәріс оқыды, педагогикалық мәселелер жөнінде мақалалар мен кітаптар жазды. Оқу-ағарту қызметкерлерімен, пионерлермен тығыз байланыс жасап, хат алысып тұрды. Өзінің еңбектерінде коммунистік тәрбие, мектепке дейінгі тәрбие, пионер ұйымының жұмысы, политехникалық оқыту, дидактика, жеке пәндер методикасы және т.б. мәселелер жөнінде жазды.
Балалар мен жасөспірімдерге коммунистік тәрбие беру
Надежда Константиновна Крупскаяның жоғарыда көрсетілген аталмыш мақаласы «На путях к новой школе» журналының №7, 1930 жылы басылып шықты. Бұл Н.К.Крупскаяның «Балаларды қорғауға байланысты өткізілген III сьезінде 26 мамыр, 1930 жылы сөйлеген сөзі».

Төңкерістің бастапқы кезеңінде 1917 жылы кейбір тәжірибелік-көрсеткіш мектептер мен тәжірибелік-көрсеткіш балалар үйінде, балаларды жаңаша тәрбиелеу әдістемесі керек болды. Балалар үйлері жаңадан құрылды. Олардың санының арттыруы және шын мәнінде көрсеткіш тәрбие үйлеріне айналуы үшін, ондағы балалар нақты бір нәрсені үйренуі тиіс. Бұл мәселеге тұтастай қарайтын болсақ, бұл істе де кемшіліктер кездеседі.

Қоғамдық өмір мен халық шаруашылығының соңғы өзгерістеріне байланысты, барлық балаларды тәрбиелеу мәселесі пайда болды. Қазіргі кезеңде шаруашылықта болып жатқан өзгерістер, ол шаруалардың шағын жеке меншіктерінің ұжымдық механикаландырылған шаруашылыққа біріктірілуі, көп өзгеріс әкелді. Мен бұл жерде айтайын дегенім, тәрбиеге жаңа мүмкіндіктер ашатын кең көлемде жүргізілетін индустриализация туралы емес. Менің ойымша, балаларға коммунистік тәрбие берудің қазығы – олардың еңбегін тиімді ұйымдастыру. Жақсы ұйымдастырылған еңбектің, ересектерді қалай тәрбиелейтіні бәрімізге белгілі.

Мысалы, деревняны алып қарастырайық. Деревнядағы жеке ауылшаруашылық белгілі бір дүниетаным, мінез-құлық, әр түрлі нәрселерге өзіндік көзқарас қалыптастырады. Оны біз «жеке меншіктік психология» деп атаймыз. Ол не дегеніміз? Олай дейтініміз, адам жалпы құбылысты түсінбейді, тек өзіне жақын айналасына, өз шаруашылығына қарап, бәрін өз шаруашылығының ауқымында өлшеп түсінеді.


Деревняда бір жеке меншік иесі екінші бір жеке меншік иесіне жылы қабақ танытпайды, әйелдер түкке тұрмайтын нәрсе үшін ұрыс-керіске барып, ұсақ шаруашылық құру деңгейіндегі ойдан аса алмайды. Міне, кіші шаруашылықта бой көрсететін дүниетаным осындай. Қазіргі құрылып жатқан жаңа еңбек формасын ұйымдастыру барысында, олардың түсінбеушілігі байқалады.

Шаруа заводқа келгенде, үлкен механикаландырылған өндірісті, ұйымдастырылған еңбекті, атқарылатын еңбектің бөліктерін, оған жауапты адамдардың болуын бақылап, бір адамның еңбегін екінші бір адам жалғастыратынын түсінеді. Әр жұмысшы үлкен өндірістің кішкентай бір бөлшегі, жалпы тетіктің дөңгелегі екенін сезінеді. Заводқа келген шаруа, біраз уақыт өткеннен соң фабрика немесе завод қазанында қайнасып, бәріне басқа көзбен қарай бастайды. Ол ендігі жерде тек өз бас пайдасын көздемейді, жалпы ұжымдық тұрғыдан ойланатын болады.

Неліктен жұмысшы табы жетекші деп аталады? Өйткені үлкен өндірістегі жұмыс жағдайы оны ұжымшыл етіп тәрбиелейді. Бұрыннан келе жатқан жұмысшы мамандар дін мәселесіне байланысты діндарлық танытпайды, өйткені олар шикізаттың және темірдің өңделуін, еңбектің машинамен атқарылатынын көзімен көреді. Осыған орай, оның материалистік көзқарасы дамиды. ...Әсіресе мұндай жәйт өндіру салаларында, металдың өңделуін, машинаның атқатарын жұмыстарын бақылауы, оның дүниетанымын нығайта түседі. Адам өзінің көз алдында темірден өте нәзік құрал, машина жасалатынын көріп, техниканың, оны ұйымдастырудың және ұжымның күшін түсінеді.

Міне сондықтанда жұмысшы тап, қоғамдық қатынастарды жақсы түсінеді, сөйтіп жетекші жұмысшы табы жетіліп және нығайып шығады.

Қазір, не болып жатқанын қарастырайық. Елдің индустриализация лануы жұмысшы табының күш-қуатын шыңдайды. Шаруашылықты коллективтендіру, бұрынғы ата-бабаларынан қалған шағын жеке меншік шаруашылықтарды біріктіріп, шаруалардың дүниетанмын жаңа бағытта өзгерте бастады. Осылайша, қазіргі жас ұрпақтарға коммунистік тәрбие беруге қолайлы жағдайлар туды. Уақыт алға жылжыған сайын коммунистік тәрбие беруге жағымды жағдайлар туатыны анық. Бірақта, балаларға коммунистік тәрбие беруді қалай жүзеге асыруымыз қажеттігін білу үшін, оның құрамды бөліктерін ажырату шарт.

Бұрынғы шағын жеке меншік шаруашылықта қолмен жасалатын өндіріс, қолөнер отбасы үшін маңызды болып келген еді. Шаруа баласы жас кезінен ата-анасының еңбегін бақылап, соны игеруге машықтанатын. Оған не істеу керектігі көрсетіліп, табиғи құбылыстар түсіндірілмейтін. Сөйтіп, сегіз жасар бала белгілі бір еңбек дағдысын меңгеретін. Бұрын отбасында еңбек тәрбиесі жүргізілетін. Ал қазір жұмысшы мен шаруа, әсіресе колективті шаруашылықтың жоғары формасы (коммуна) үйден тыс болғандықтан, ендігі отбасы баланы шаруашылыққа үйретпейтін болды. Жұмысшы еңбегі өндірісте өтетіндіктен, бала ешнәрседен хабарсыз. Сонымен баланың анасы жұмыста болса, ол үйдегі қария - әжесі мен көшенің ықпалында болады.