Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 374
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Политехникалық білім беру» мақаласынан
Елдегі индустриализация мәселесі мен ауыл шаруашылығын қайта құру, жұмысшы күшін дайындау, оларға политехникалық білім берудің рөлін арттырып отыр.
Оқу-ағартушылар ортасында политехнизм жайлы пікірталас қайта жанданып, оны қалай оқыту керектігі төңірегінде мәселе қойыла бастады.
Осы мәселеге біз де тоқталғымыз келеді.
Партия елді индустриализациялау мәселесін кездейсоқ көтеріп отырған жоқ. Бұрынғы жер өңдеу әдісімен және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтаудан бас тарту, көпшілікті саналы ойландыра бастады. Ф.Энгельс Г.Штаркенбургке 25 қаңтар 1894 жылғы жазған хатында: «Егерде қоғамда техникалық қажеттілік пайда болса, онда ол ғылымды дамытады, тіпті бірнеше ондаған университеттер болса да. Барлық гидростатика (Торичелли және т.б.) Италияда ХIX – XVII ғасырларда таудағы тасқынды реттеу үшін өмірге келген. Біз электрдің техникалық тұрғыдан пайдасын білгеннен соң ғана пайдалана бастадық» дейді.
Техникадағы қажеттілік ғылымды алға жылжытады. Техникаға қажеттілік тек ғалымдардың ғана емес, көпшіліктің де қызығушылығын тудырып отыр. Көпшіліктің техникаға қызығушылығы басым. Оны тек пайдалы арнаға бұру керек. Ересектердің техникаға қызығушылықтары балалар мен жасөспірмдерді де ынталандырады.
Жақында мен әкесі инженер бес жасар баланы бақыладым. Баланың техникаға қызығушылығы басым. Ол ағаш күрекшемен тас еденді соғып көрді.
Оған: «Саняжан, оның не? Олай істеме! Еденді жарасың» деп ескерту жасалды. Сол кездегі оның жауабын тек есту керек еді: «Күрекше ағаштан, еден тастан жасалған ғой, мен оны қалай жаруым мүмкін?» деді.
Сол бала вентиляторға да таң тамаша болып қарап: «Бұл не?» - деді. Оған мүмкін болғанша вентилятор туралы түсіндірілді. Түнде ұйқыға кетіп бара жатқан ұйқылы бала, кенеттен көзін ашып, былай деді: «Мына вентиль диірмен, неге айналып тұр?»
Баланың техникаға қызығушылығын ерте жастан ояту керек. Оның техникалық танымы өзінен өзі дами бастайды, ал біз оған кедергі жасаймыз. Егерде мектеп политехникалық болса, онда отбасының да берері мол болмақ.
Егерде біз политехникалық білімді дұрыс жолға қойғымыз келсе, онда ата-аналарға арналған балалардың қызығушылығын техникаға қалай арттыру керектігін түсіндіретін хат жариялауымыз керек: ол үшін бала бақшаларының бағдарламаларын қайта қарап, баланың техникаға қызығушылығын ояту; осы тұрғыдан төртжылдық және жетіжылдық мектеп бағдарламаларын және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруды да қайта қарау.
Оқушыларды кез келген еңбекке оқыту кәсіби немесе политехникалық сипатта болуы тиіс.
Қарапайым тігуді үйретуге келсек. Тігуді түрлі жолмен үйретуге болады. Бірнеше сағат бойы бір сарында қарапайым тігіс тігу баланы жалықтырады. Бұл қарапайым нәрсе. Ал осы тігіс тігуді басқаша үйретуге де болады. Ол үшін өндірісте қолданылатын материал мен құралды пайдаланудың жолын көрсетуге болады: жұқа матаны инемен, ал қалың материалды бізбен тігу; қағазды желімдеу, ағашты шегелеу және т.б. Міне еңбектегі ерекшеліктер осындай. Оларға тек жеке тапсырмалар беріп қана қоймай, жұптасып, топтасып, жұмысты белгілі бір екпінмен жылдам, әнге қосылып та орындатуға болады. Машинамен тігуді үйрену де жан-жақты іс-әрекетті қажет етеді, машинаның құрылысын меңгертуге де болады. Сонымен тігуді қарапайым түрде емес, оған қолданылатын материалдың сапасын, құрал-жабдықтарды, двигательді қолдануды талдау және т.б. – политехникалық білім беруге болады.
Әрине, политехникалық тұрғыдан оқыту оқытушының кәсіби шеберлігіне, еңбек біліктерін қарапайым еңбек әрекеттерімен байланыстыра отырып, еңбек үдерісінің барлық элементтерін талдап көрсетуі маңызды. Тек машиналық өндірістің пайда болуына қарай еңбек үдерістерін талдап, олардың ортақ қасиетін түсінуге болады. Неғұрлым машиналық өндіріс дамыған сайын, әр еңбек үдерісінің мәнін түсінуге болады. Балаларды алдыңғы қатарлы фабрикаларға экскурсияға апарып, оның жұмысымен таныстыру қажет. Бірақта алдын-ала балалармен жұмыс жүргізіліп, олардың қызығушылықтарын арттырып, әр еңбек үдерісінің және әр машинаның атқаратын жұмысын саналы түсіндіру жұмыстары жүргізілмесе, ондай экскурсия ешқандай нәтиже бермейді. Екінші бір қырынан, нашар фабрикаға жасалатын экскурсия алдында оқушыларға дұрыс түсінік берілсе, онда балалардың политехникалық түсініктері дамиды. Политехникалық білім беру көпшілікке тегіс берілуі тиіс.
Политехнизм туралы
1.Біздің еліміздің өндірісі өте төмен. Қазір ол индустриализация жолында тұр, ғасырлар бойы жинақталған еңбек тәжірибесі ығыстырылып, оның орнына ғылымның соңғы жаңалықтарына негізделген ірі өндіріс орындары құрылуда. Барлық халық шаруашылығы да қайта құрылып жатыр.
2. Дейтұрғанмен де, біздің өндірістеріміздің артта қалуына қарамастан, біз бағыт алып отырған қазіргі ірі өндіріс те тұрақты емес. К.Маркс өз кезінде айтқанындай, өндіріс үдерісінің тұрақты өзгерісі, техникалық өндіріс негіздерінің өзгеруі – перманенттік, яғни өндірісті қайта құру. Қазіргі жұмысшының өндірістегі өзгерістерге үнемі бейімділігін, жаңа өндіріс әдістерін меңгеруін талап етеді. Біздің елімізде, өндірісті жедел социалистік өндіріске жақындату, оны өзгерту үшін тұрғындардың бірігіп қатысуымен, барлық халық шаруашылығы өзгертілуде, Ленин көрсеткендей, көпшіліктің политехникалық ой-өрісінің дамуы маңызды рөл атқарады.
3. Барлық халық шаруашылығын қайта құру көпшілікті, соның қатарында балаларды да техникаға қызықтыруы тиіс, ол политехникалық тәрбие беруге мейілінше жағымды алғышарт болып саналады, олардың қызығушылықтарын тереңдетіп, ғылыми негізге жетелейді.
4. Бала бақшаларынан бастап, олардың қызығушылықтарын өшірмей, керісінше түрлі деректер арқылы ғылыми түсінік беріп, қажетті кітаптарды оқытып, түрлі көрсетілімдерді, экскурсия, бақылау, өндіріс үдерістерін оқытуды жүзеге асырудың маңызы зор. Оқушыларды қазіргі техниканың романтикасына тарту қажет.
5. Қазіргі техникамен таныстыру мақсатында әр электр станциясын, темір жол шеберханасын, тракторды, тігін машинасын, шеберхананы, заводты, фабриканы пайдалану керек.
6. Политехникалық білім берудің мазмұны неде? Оның мазмұны белгілі бір дағдылар жиынтығы... емес немесе кейбіреулер ойлағандай түрлі қолөнерді меңгеру де емес немесе тек қана қазіргі жоғары техника формасын меңгеру де емес... Политехнизм - бұл тұтас жүйе, оның негізінде түрлі техника формаларын оқу және соларды қолдану жатады. Бұған Маркс атап көрсеткен тірі табиғат, яғни «табиғи технологияны», материалдар технологиясы, өндіріс құралдары, оның тетіктері және энергетиканы зерттеу қамтылады. Бұған қоса географиялық негіздегі экономикалық қатынастардың өндіріс тәсілдері мен қоғамдық еңбек формаларының өнімдері және соңғысының қоғамдық құрылысқа ықпалы қарастырылады.
7. Политехнизм жеке пән емес, ол барлық пәндерді оқытуда сол пәндердің (физиканың, химияның, жаратылыстанудың, қоғамтанудың) материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бірімен-бірі байланысты тәжірибемен ұштастырыла оқытылуға тиіс, әсіресе оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек. Политехникалық білім беруге тірі табиғатты, материалдардың технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың тетіктерін, энергетиканы білу, сонымен қатар экономикалық қатынастардың географиялық негізін білу жатады.
8. Политехникалық тұрғыдан құрастырылған бағдарлама оқушыдан басқа бағдарламаларға қарағанда мейілінше бақылай білуді, өз байқағанын тәжірибе арқылы тереңдетуді, бақылағанын тіркеп, қажетті қорытынды жасауды талап етеді.
9. Политехникалық мектепте еңбекке оқыту оқушыларға бір жағынан еңбек дағдыларын (өз атқаратын еңбегінің нақты мақсатын анықтауды, жұмысын жоспарлауды, оны есептеуді, сызбасын дайындауды, жұмысты өзара бөлісуді, ұжыммен жұмыс жасауды, материалды үнемді пайдалануды, жабдықтарды күтуді, жұмысты жасына сай тыңғылықты орындауды және т.б.) меңгеруді, екінші жағынан – техника тұрғысынан еңбек үдерістерін саналы түсіну, еңбекті ұйымдастыру, оның қоғамдық маңызын білу (әрине, жасы мен өмірлік тәжірибесіне лайық).
10. Мектептегі пайдалы қоғамдық жұмыстың қойылуын тереңдетіп, еңбек дағдыларымен қаруландырудың, ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызын және өз еңбегіне қоғамдық тұрғыдан қарауын тәрбиелеу.
11. Сурет және сызба сыныптары, зертханалар, шеберхенелер мен тәжірибе учаскелері мектеп үшін қажетті. Бірақта мектеп балалар еңбегін өндіріспен бірге ұйымдастыруы керек.
12.Политехникалық мектеп әр сатыда түрлі бейнеде болатыны белгілі. Бірінші сатыда еңбек тәрбиесі қоғамдық сипатта болады. Жетіжылдық мектепте белгілі бір өндіріс түрі алынады (мысал, жасөспірімдер мектебі, шаруа жастарының мектебі және фабрикалық-заводтық жетіжылдық мектеп). Жетіжылдық мектептерде арнайы мамандандыру әлі жоқ. Оның мақсаты - оқушылар өндіріс негіздерін саналы түсіне білуі тиіс, олар техникалық және шаруашылық өзара қатынастардың басқалармен байланысын түсіну, теория мен тәжірибені байланыстыра білу. Екінші концентрде арнайы мамандандыру жүргізіледі, дегенмен де арнайы мамандандыру белгілі бір кәсіби дағдыларды бере отырып, оқушының политехникалық ой-өрісін кеңейтуін қарастырады.
13. Политехникалық мектептің кәсіби мектептен айырмашылығы - еңбек үдерістерін саналы түсіну, теория мен тәжірибені байланыстыру, белгілі бір құбылыстардың өзара тәуелділіктерін түсіну, ал кәсіби мектепте оқушыларды еңбек дағдыларымен қаруландыру басты орын алады.
14. Қазіргі ірі өндіріс түрлі мамандарды талап ететіндіктен, жұмысшылардың өзгермелі өндіріс жағдайына бейімделе білулерін қажет етеді. Сондықтанда оқушылардың оқу дағдыларына да, кәсіби мектептерде де политехникалық базис жасалады.
15.Дұрыс ұйымдастырылған политехникалық тәрбие жан-жақты дамыған жұмысшыны капиталистке керексіз етеді... Міне сондықтан да капитализмде политехникалық мектеп кең ауқымда дами алмайды.
16. Қеңес елінде политехникалық мектептердің дамуына ірі өндіріс орындарының нашар дамуы кедергі келтіреді. Дегенмен де жыл сайын бұндай кедергілер әлсіреп, кеңес мектебі біртіндеп политехникалық сипатқа толықтай ие болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мақаласынан
Біздің бірыңғай еңбек мектебі балалардың қабілетін дамыту үшін, не істеуі керек?– деген сұрақ туады. Балаладың қабілетін дамытусыз, олардан іскер жұмысшы шығуы мүмкін емес. Мұндай сұрақ бұрын қойылмаған еді. Көбінесе мектепте оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылып, олардың қабілеттерін дамыту туралы ештеңе айтылмай келді.
Біз осы сұраққа тоқталсақ, баланың қабілеті мектептен бұрын, мектепке дейінгі кезеңде дамитынын байқаймыз. Бұл кіші жастағы баланың сезімінің дамуына байланысты.
Мынадай жәйтті бақылауға болады: кішкентай балаға түрлі формадағы кубиктер сыйға тартылса, ол кубиктерді көлеміне қарай тізіп орналастырып салыстырады, одан өзінше бір нәрселер тұрғызады, ойын барысында оның кубик формаларына ынта – ықыласы ауады. Енді ол айналасынан түрлі формаларлды іздестіре бастайды. Бір қарағанда бала сырт көзге өздігінен дамығандай болып көрінеді. Жеті жасар бала ойыншық сарбаздармен ойнап, оларды түрлі қарсы топтарға бөліп, орнындарынан жылжытып атыс ұйымдастырады. Сөйтіп ұзақ уақыт ойнайды. Ата-аналар балаларының соғысқа құштарлықтары артып кете ме?- деген ой мазасыздандырады. Сондықтан баладан ойыншықтарды алып қойғысы келсе де, қызу ойын үстіндегі баласын жабырқатқысы келмейді. Осыдан баланың математикалық қабілеті артқанын байқауға болады.
Бұл қалай болғаны? - деп ата-аналары таңырқаса, бала қола сарбаздармен ойнау барысында сандардың ара қатынасын меңгереді. Балалардың ойынға қолданған ойыншықтарын дидкатикалық материалдар деп атауға болады. Біздің бала бақшаларымызда дидактикалық материалдарды пайдалануымыз нашар, ал ол болашақ ұрпақтың еңбекке қабілеттілігін арттыратын маңызды мәселе.
Тағы бір нәрсеге тоқталсақ. Жас баланың сезімталдығы өте күрделі екені белгілі. Оны өзінің ерте жастағы кезін есіне түсірген адам біледі. Мен 6 жаста едім. Жазда мен анаммен бірге ірі иеліктері бар таныстарымыздың үйіне қонаққа бардық, менің анам оларда гувернантка болып қызмет атқарған болатын. Мен жан-тәніммен иелік анасын жеккөріп, қарапайым шарауа балаларымен достастым, ал ол болса үнемі балаларды ұрсып, бақтан қуатын еді. Ол кездерде темір жол өте аз еді, сондықтан қыстыгүні әкем келіп, бізді үйге шанамен алып қайтты. Біз үсті жабулы шанаға отырдық. Алдағы жеке орындықта сол иеліктің ат айдаушысы отырды, оның үстінде кафтаны, қызыл бас киімі бар еді. Ол деревня ішімен қатты сырғып келе жатып, жинаулы тұрған шаруа отынына тиіп кеткендіктен, соның жанында тұрған адам жерлейтін бос ағаш жәшікке тиіп, бәрі шашылып қалды. Сол сәтте шарауалар шананы тоқтатып, ат айдаушыны орнынан жұлып алып, қанды соққыға жықты, барлық деревня тұрғындары бірігіп, оны суық суға батырмақшы болды. Осы оқиға менің жадымда қатты сақталды. Өмірімде бірнеше рет осы оқиға көз алдыма келді, мен таптық жеккөрушіліктің не екенін осыдан түсіндім.