Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 385
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білімдік қызметі студенттің іргелі білімін жалпыпедагогикалық дайындауда қалыптастыра отырып, педагогикалық теория мен мектеп практикасы негізінде жалпыпедагогикалық білімдер жүйесінде дағды мен қабілеттерін дамытудағы педагогикалық әрекеттің жетістікпен орындалуы. Бұл қызмет түрінде теоретикалықпен қатар практикалық жағы да маңызды, болашақ мамандардың теория мен практикалық әрекеттерінің бірігуіне көмектеседі.
Дамытушылық қызметі болашақ мұғалімді кәсіби бағытта жалпыпедагогикалық дамуына әсер етуі, олардың педагогикалық қабілеттерінің, әрекеттерінің шығармашылық бағытта қалыптасуына көмектеседі.
Идеялық-тәрбиелік қызметі жалпыпедагогикалық білімі мен қабілеттері жеке тұлғаның дамуымен байланысты, жалпыпедагогикалық дайындығының кәсіби сапасын арттыруға көмектеседі.
Мұғалімді дайындаудың жалпы жүйесінде жалпыпедагогикалық дайындау маңызды координациялық қызметін орындайды. Бұл педагогикалық пәндер психология мен мектеп гигиенасы мен жас ерекшелік физиологиясымен қоғамдық-саяси және жеке әдістемелік пәндермен объективті өзара байланысын көрсетеді. Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі теориясы мен практикасында бәрінен бұрын педагогикалық оқу орындарында мұғалімнің методикалық және педагогикалық дайындығының өзара байланысы көрінеді.
Педагогикалық, психологиялық және физиологиялық пәндер әрбір пәннің жеке ерекшелігіне сәйкес келетін балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі мазмұны мен жан-жақты даму заңдылықтарын қарастырады.
«Мектеп гигиенасы және жас ерекшелік физиологиясы» курсында студенттер анатомды-физиологиялық заңдылықтар дамуы әр түрлі жастағы топ балаларының организмінің қызмет ету ерекшеліктерін; нақты өмір сүру деңгейіндегі жүйкенің қызмет ету әрекеттерінің ерекшеліктерін; оқу-тәрбие үрдістерін ұйымдастыру, балаларды демалту мен еңбекке үйретудегі гигиеналық талаптары туралы білімді игереді.
Бұл білімдер болашақ мұғалімдерді балалардың анатомды-физиологиялық ерекшелігін ескере отырып, дамуына ғылыми негізде жетекшілік жасауына мүмкіндік береді.
«Жалпы психология» курсында таным құрылымы мен әлеуметтік- тарихи маңыздылығы, жеке тұлғалық құрылымын және оның негізгі психологиялық қасиеттері, жеке тұлғаның психологиялық үрдісіндегі, әр түрлі іс-әрекеттегі мінез-құлық әрекеттерінің сипаттық құрылымы, жеке тұлғаның сезімдік-күш саласындағы танымдық іс-әрекетінің психологиялық негізі, жеке тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін танып біледі.
Педагогикалық институттарда «Педагогикалық және жас ерекшелік психология» курсында студенттер балалардың психологиялық дамуының негізгі заңдылықтары туралы білімді кіші, орта, жоғары мектептердегі оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық мінез-құлқы мен психология білімін оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық әрекет психологиясы маңызды болып отыр.
Осылайша, педагогикалық оқу орнында жалпы педагогикалық дайындау маңызды әлеуметтік-кәсіби қызметтерді атқарады, яғни болашақ мұғалімнің жалпыпедагогикалық білімі мен қабілеттер жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, педагогикалық ойлаудың дамуы мен жеке тұлғаның кәсіби-педагогикалық сапасының қалыптасуы, студенттің кәсіби-педагогикалық дайындығына баса назар аударылады.
Қорытынды
Педагогикалық пәндер бойынша, оқу жоспары, бағдарламасы, оқу құралдарын талдау, педагогикалық оқу орындарының түлектерін жалпы педагогикалық білім мен қабілеттерін қалыптастыру деңгейін жаңа уақыт талабына сәйкес негіздеуде педагогикалық пәндерді жүргізудегі кемшіліктер орын алып отыр. Бұл кемшіліктер: 1) жалпы педагогикалық дайындық құрылымы; 2) педагогикалық пәндер құрылымы; 3) педагогика және педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша оқытудың түрі, әдістері мен құралдары.
Сондықтан, болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық дайындаудың бағыттарын жетілдіру құралы теориялық және практикалық ғылыми тәжірибеге негізделген болуы маңызды.
Бұл құралдар оқу жоспары, бағдарламалары, оқу құралдарын педагогикалық пәндер бойынша оқу-тәрбиелік процесті, оқытудың мазмұны, әдістері және құралдарын күшейту, педагогикалық пәндердің қоғамдық-саяси психология, мектеп гигиенасы мен жас ерекшелік физиология пәндерімен өзара байланыста оқыту, педагогика және педагогикалық практика бойынша оқу-әдістемелік кешендерін өңдеу. Институттарда педагогика кафедрасының беделін жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізу, кафедра аралық, институттық жетекшілікпен өзара тығыз байланыс орнатып, мұғалімді жалпы педагогикалық дайындық үрдісіне тарту керек.
Бұндай бағыттың жүзеге асу жетістігі студенттің жалпы педагогикалық дайындығының жүйелілігі мен жалпылығына және оның тиімді қызмет етуіне алып келеді.
3.1.25 С.И. Архангельский. Жоғары мектептегі оқыту теориясына арналған дәрістер
(Лекции по теории обучения в высшей школе. –М. «Высшая школа», 1974, 384 с.)
Жоғары мектепте білім берудің кейбір теориялары мен оның
хал-жағдайы
Адамның адам болып қалыптасуына әсер ететін көп жағдаятардың ішінде педагогикалық қызметтің орны ерекше. Білім беру ісінде оқыту үрдісі қиын да күрделі. Бұл жолда ұстазға көп тер төгуге тура келеді. әрине, бұл мәселе жоғары мектептерге де қатысты нәрсе. Жоғары мектеп оқытушысы сегіз қырлы, бір сырлы болуға тиіс. Ол - әрі педагог, әрі өз саласындағы ғалым, тәлімгер. Жоғары мектеп ұстазы арқалар жүк аз емес. «Жүк ауырын нар көтереді» деген сөз осындай жандарға қарата айтылған болар.
Жоғары мектепте білім берудің өзіндік теориясы бар. Бірақ бұл теория да әлі толық қанды емес, шала-шарпы күйінде десек, артық айтқандық болмас. Осы жерде жоғары мектепте білім беру теориясының аз-кем хал-күйіне тоқталып өтейік.
Хал-күйі
Мәселен классикалық педагогика бойынша білім беру пирамида іспетті бейнеленеді. Оның ірге тасы, негізі, мектепге дейінгі оқыту мен тәрбиеде жатыр. Сосын орта мектепте бұл пирамиданың ең ұшар басы, шыңы есепті.
Шын мәнісінде, жоғары мектептің оқыту жағдаяты білім беру теориясында айқын да анық айтылмаған десе де болады. Білім беру теориясына, ол бойынша оқытудың әдіс-тәсілдеріне жоғарғы мектеп оқытушылары оған мән-мағынасыз, жадағай нәрсе ретінде қарап келеді. Ғылыми жағынан негізделген теориялық және әдіс-тәсіл әдебиеттерінің болмауы осыдан туындайды. Осыдан келіп жоғарғы мектепте білім беру теориясының болу-болмауына күмән келтіріледі.
Жоғары мектеп оқытушыларының арасында, күні кешеге дейін, жоғары мектеп дидактикасы төрт қана мәселелерден тұрады деген ұғым қалыптасты. Олар:
-
Өз пәнін керемет білу; -
Өз пәнін жан-жақты, жақсы білген педагогтың өз студент-шәкірттерін сол пәнге тартып, соңынан ерте білу; -
Пәнді іс жүзінде, күнделікті іс-тәжірибеде шәкірттерге жете танытып-білдіру; -
Оқытушының ғылыми негіздегі ой өрісі.
Жоғары мектеп педагогтарының ортасында мынадай бір көзқарас бар десек болады. Ол: білім беру жағдаяты студенттермен қосылып жасалған іс-тәжірибеге бағытталуы тиіс дегендей.
Жоғары мектепте білім берудің әдіс-тәсілдері жөнінде де белгілі пікір қалыптасқан. Мәселен, әр оқытушының өз бет бейнесі, өзіндік білім беру мәнері болуға тиіс. Ал барлығы да бірдей, бір әдіс-тәсілмен жұмыс жасаса, бұл бір ізділікке, сүреңсіздікке әкеліп маңдай тірейді. Белгілі оқымысты, профессор В.В Голубев былай дейді: «Университеттегі лекцияның мазмұнды да, мәнді және түсінікті болсын».
Жоғары мектепте мектеп оқушылары, сарауыз балапандар емес, студенттер оқиды. Олар дегенің үлкен азаматтар емес пе? Оларға лекция оқитындар анау-мынау емес, доцент, профессорлар. Өз ісінің жоғары деңгейдегі білгірлері. Жан-жақты білімдар, өмірдің отына түсіп, суына қақаталып шыныққан майталмандар. Ал олардың дені шешен лекторлар, туабітті дарынды педагогтар.
Жоғары мектептегі оқыту, білім беру ісі қалай десең де, іс-тәжірибеге сүйенеді. Сол іс-тәжірибеден шыққан нәтижеге, арқа сүйейді.
Жоғары мектептің мақсат-мүддесі
Жоғары мектеп алдында тұрған мақсат – білім беру ісін жетілдіру, ғылыми іс-әрекетті жетілдіру, оқыту теориясын жан-жақты өсіруді, жасауды талап етеді. Бүгінгі таңда ғылым ұлы мұхит сияқтанып, шетсіз-шексіз ғарышқа ұқсап тұрған шақта, оқыту, білім беру процесін теориялық бағыт-бағдар қажет-ақ.
Қазіргі заманғы жоғары мектепетегі оқыту, білім беру процесіне орай, білікті де білімді, кәсіби маман кадрлерді дайындау үшін, міндетті түрде мықты теория жасау керек. Оқыту білім беру бағытындағы ғылыми теория білім беру ісінің ғылымымен, техникамен, мәдениетпен, өндіріспен байланысын егжей-тегжейлі талдап, айқындап көрсетіп береді.
И. Лингарт оқу жүйесіндегі ғылыми теорияның бес мақсат-мұратын көрсетеді. Олар:
1. Оқыту жүйесін жөнге келтіріп, ұйымдастыру;
2. Ғылыми ұғым мен категорияларды қалай айқындау жолдры;
3. Ғылыми дамуды анықтау;
4. Ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерді айқындау;
5. Бұл теорияның ғылыми тұрғыда қалай пайдалануына жол көрсету /Лингарт И. Оқытудың үрдісі мен оның құрылымы. М. 1970 ж/.
Ғылым мен техниканың дамуын оқыту, білім беру процесінде жаңаша жұмыс жасауды, талмай ізденуді қажет етеді.
Жоғарғы мектептің оқытушысы ғылыми маман, ғалым, сонымен қоса, ол педагог. Жоғарғы мектеп оқытушыларына қойылар талап шаш етектен. Оған өз саласының мықты маманы болу-аз. Мұнымен қоса, білім беру ісін жан-жақты меңгеруі тиіс. Студентеріне тәлім-тәрбие беруі керек. Студент-жасты адам ету, азамат ету оп-оңай шаруа емес. Бұл жолда жатпай-тұрмай, ерінбей-жалықпай, шаршамай-шалдықпай тер төгуге тиіссің.
Мақсатымыз не?
Жоғарғы мектептегі оқыту, білім берудің негізін не құрайды? Ол қайдан бастау алады? Мәселе осында. Бұл жерде де біз оқыту, білім берудің классикалық үлгісінен қашып құтыла алмаймыз.
Классикалық дидактиканың бастауы Платон мен Аристотельде жатыр. Платон Адам мен бүкіл ғаламды қалай тану керегіне жөн сілтеді. Платон білім беру ісін екі ат жеккен арбаға теңеді. Ақыл мен сезім, бұл тұста, тең түсуі тиіс.
Аристотель тәрбие мен білім беру ісін адамның тұрмыс тіршілігі мен көңіл күйіне орайластыруды қолайлы көрді.
Ян. Амас Каменский ХVІІ ғасырда «Ұлы дидактика» атты еңбегінде оқыту теориясының негізгі бағыт-бағдарын жасады. Ол осы классикалық шығармасында оқыту қағидасының бір қатар ережелерін көрсетіп берді. Үлкен ғалымның сол кездегі айтқандары әлі күнге дейін аз құнын жойған жоқ десек, артық айтқандық емес. Мәселен, «Бір нәрсені танып-білу – оны түсініп-түйсінуден басталады». «Ешкімге ештеңені кеуде қағып тұрып жеткізе алмайсың, оны ақылмен, жақсы көңіл-күймен, тек нақты дерек арқылы ғана көкейіне құясың» ғалым сөзі болып келеді.
Я.А. Коменский жүйелі түрде оқыту, білім беру ісіне қаты көңіл бөлді. Оны маңызды деп тапты. «Біреу үй соқты дейік. Ол оны шатырын жабудан бастамайды. Қабырғасын тұрғызудан бастайды. Ол ең әуелім ірге тасын қалайды. Содан кейін барып басқа жағына кіріседі. Әр іс бірімен-бірі байланысты болса – игі. Рет-ретімен болса жарасады».