Файл: Таырыбы Болаша малімдерді ксіби рекетке психологиялы даярлыын дамыту жолдары Семей, 2016 жыл Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КҚМК

Пәні: Психология
Тақырыбы: Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары


Семей, 2016 жыл
Мазмұны

Кіріспе 3
1. Кәсіби әрекет туралы ғылыми-психологиялық негіздемелер 6

1.1. Кәсіби іс-әрекет туралы жалпы сипаттама 6

1.2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мәні 9

1.3. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы 12
2. Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары мен инновациялық мүмкіншіліктері 14

2.1. Кәсіби іс әрекетке бейімделудің педагогикалық-психологиялық жолдары

2.2.Кәсіби әрекетке психологиялық даярлықты дамыту жолдары 18

Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе
«Қазіргі  әлемде жай  ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз  үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау  машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, әрбір адам үнемі дамып, жетіліп, үйреніп отыруы керек.

Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары қарастырылуда.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі  жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.

Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі  оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы.


Кәсіби мұғалім -  құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. «Мұғалім», «Педагог» мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады.

Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты.

Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.

Қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі. Оған білім беруді гуманизациялау сай келеді.

Зерттеудің объектісі. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындау жүйесі.

Зерттеудің пәні. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке даярлау негізінде оқыту үдерісі.

Мақсаты. Болашақ мұғалімдерді білім, білік, дағдыларды оқу және педагогикалық іс тәжірибе арқылы кәсіби іс әрекетке дайындауды теориялық негіздеу, оның әдістемелік жүйесін даярлау.

Зерттеудің болжамы. Егер, болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындаудың теориялық негізі анықталып, кәсіби дайындау әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негізделсе, онда олардың кәсіби дайындық үдерісінің тиімділігі артады және оқу үдерісінде маңызды міндеті кәсіби білімді, ақпараттық-компьютерлік технологияларды жетік меңгерген маман даярлау.

Зерттеудің міндеттері.

  1. Болашақ мұғалімдерді қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде кәсіби дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.

  2. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау тұжырымдамасын жасау.

  3. Болашақ мұғалімдердің кәсіби іс әрекетке дайындаудың сапасы ретіндегі даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.

  4. Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы барысында білім беруді психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу.

  5. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындаудың әдістемелік жүйесін негіздеу.

  6. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындауда арнайы пәндерді оқыту үдерісінде кәсіби дайындаудың педагогикалық технологиясын жасау.

  7. Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке дайындаудың тәжірибелерін эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.


Зерттеудің жетекші идеясы: негізінде оқыту үдерісінде кәсіби дайындау жүйесін теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.

Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері. Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Зерттеу жұмысының әдістері:

1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.

2. Баспасөз беттері, мерзімдік басылымдардан мақалаларды қарастыру.

3.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, 1-ші және 2-ші бөлімдерден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау.

Кәсіби әрекет туралы ғылыми-психологиялық негіздемелер
1.1. Кәсіби іс-әрекет туралы жалпы сипаттама
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Бұл іс-әрекет өркениет тарихында мәдениеттің пайда болуымен бірге, «өндірістік іскерліктер үлгілері (эталондарын) мен әлеуметтік мінез-құлық нормаларын жасау, сақтау және өсіп келе жатқан ұрпаққа беру» міндеті қоғамдық даму үшін маңыздылардың бірі болған кезде пайда болған. Бұл тіпті алғашқы қауымнан басталған, мұнда балалар үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында, оларға еліктеп, оларға ере отырып үйренген. Дж. Брунер оны «контексте оқыту» деп анықтайды. Дж. Брунер бойынша, адамзат «жас ұрпақты оқытудың тек үш негізгі тәсілін ғана» біледі: жоғары приматтарда ойын процесінде дағдының құраушы компоненттерін өндіру, туземдік халықтарда контексте оқыту және тікелей практикадан оқшау мектептегі абстрактілі оқыту [14, 386 б.].


Біртіндеп қоғам дамуымен бірге алғашқы сыныптар, мектептер, гимназиялар қалыптаса бастады. Түрлі елдерде түрлі сатыларда оқыту мазмұнында, оның мақсаттарында түрлі өзгерістерге түсе отырып, мектеп сонда да әлеуметтік институт болып қалды, оның арнаулы – мұғалімдер мен педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру. Әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру формалары мектептің даму тарихында өзгеріп отырды. Бұл әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика; шеберханалардағы жұмыс (қыш өнімдерін жасау, тері өңдеу, тоқу және өндірістік оқытудың басқа түрлі бағыттарының тәжірибесі), мұнда, шәкірттің технологиялық үрдіске жүйелі және мақсатты қатысуы, оның біртіндеп өндірістік операцияларды игеруі негізгісі болды; вербалды насихат (гувернерлер, «ағатайлар» институты, монастырьлар т.б.).

Я.А. Коменскийдің кезінен бері сыныптық-сабақтық оқыту бекіді, мұнда оның сабақ, лекция, семинар, сынақ, практикум сияқты формалары жіктеліп бөлінді. Соңғы он жылдарда тренингтер пайда болды. Оқытушылар үшін оның іс-әрекетінің ең қиын формаларының бірі лекция болып табылса, студент, оқушы үшін – семинар сабақтары, сынақтар екенін атап өту қажет.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет - адамзат іс-әрекетінің кез-келген түріне тән сипаттамаларға ие. Бұл ең алдымен, мақсаттылық, түрткілік, пәнділік. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің өзгеше сипаттамасы, Н.В. Кузьмина бойынша, оның өнімділігі болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:

«І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік.

IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген;
продуктивті.

V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік .

Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті қарастырғанда біз оның жоғарғы продуктивті сипаты жөнінде айтамыз.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, психологиялық (пәндік) мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пән, құралдар, тәсілдер, өнім мен нәтиже жатады. Өзінің құрылымдық ұйымдасуында педагогикалық іс-әрекет әрекеттердің (іскерліктер) жиынтығымен сипатталады, олар ары қарай қарастырылады.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет пәні ретінде дамудың шарты мен негізі ретіндегі оқытушылардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады. Кәсіби педагогикалық іс-әрекет құралдары ғылыми білімдер болып (теоретикалық және эмпирикалық), солардың көмегімен және солардың негізінде оқытылушылардың тезаурусы қалыптасады. Білімдерді «тасушы» ретінде оқулық мәтіндері немесе пәндік айғақтың фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайында (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері жатады. Техникалық, компьютерлік, графикалық және т.б. құралдар қосымша құралдарға жатады.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын жұмыс, оқушының тәжірибесі (зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі, оқушының бүкіл аксиологиялық, құлықтылық-этикалық, эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы құрастырушы-ларының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын жеке дара тәжірибесі болып табылады. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі емтихан, сынақ, оқу-бақылау жұмыстарын орындау критерийлерімен бағаланады. Кәсіби іс-әрекеттің нәтижесі оның негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъекті ретінде жетілуі, қалыптасуы болып табылады. Нәтиже, оқушының оқудың басындағы сапасы мен адамның жан-жақты дамуы тұрғысынан оның аяққы кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы диагностикаланады.