Файл: Таырыбы Болаша малімдерді ксіби рекетке психологиялы даярлыын дамыту жолдары Семей, 2016 жыл Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Іс- әрекеттің нақты бір түрлерінің мазмұнын меңгеруге, нақты бір кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын құрастыра алуды қалыптастыруға, фундаментальды теориялық түсініктердің (іс-әрекет, оның құрылымы, мазмұны) мазмұнын ұғынуға бұл тәсілдер мүмкіндік береді. 

Аталмыш ұғымдар дамушы білім берудің мазмұнының жетекші компонентін құрайтын әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін дербес құрудың негізі және алғышарты болып табылады. В.В.Давыдов өз зертеу жұмыстарында, мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін құрастыруды игеру білім беруде тұлғаны дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жағдай болып табылады. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы бастапқыда оқу зерттеу қызметі болып, кейініректе, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айналады.

Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеудегі мүше болып табылады.

Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл арқылы анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің негізге алынатын көп салалы қызметтерін табу жүзеге асырылады. Дәл осы тұста іс-әрекеттің қалыптасу кәсібилігі көрініс береді. Кейініректе кәсібилік нақты кәсіби-педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру барысында қалыптасады. Бұл нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, яғни ең маңызды қызметтің мазмұнын жобалауда, қызметтің мазмұнын оның операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады. Ең маңызды деп, іс-әрекеттің мақсаттылығына қарай есептеуге болады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің мәнін ашу механизмін ерекшелеу үшін қажет. Ол операцияның, мазмұнның негізделген сараптамасымен қоса, ал кейініректе оның пайымдалған құрылымын құрастыруымен бірге ескерліуі тиіс. 

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыру үрдісі алдымен оқу-зерттеу, содан соң кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке айнала отырып, жүзеге асырылады. Мұғалім тұлғасының қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші позициясына қояды, соған байланысты, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеуге қатысушы болады да, оның мәні тұтас әдіс тұрғысынан ғана анықталады. Осы кезеңде педагогикалық қызметтің мәнін қабылдай отырып, педагогикалық іс-әрекеттің алуан түрлі негізгі функцияларын бөліп көрсету жүзеге асырылады.

Кәсібилік оның нақты түрлерінде жалпыланған кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің өзгеру әдістерін іздеу үрдісінде одан әрі қалыптасады. Бұл құбылысты оның операциялық құрылымын бөліп көрсету арқылы, ең маңызды қызмет, нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекет мазмұнын түсінуді жобалауда жүзеге асыруға болады. Ең маңыздысы мақсатқа сай болуға байланысты қызметті жатқызуға болады. Бұл жағдайда іс-әрекет мәнінің ашылу механизмін түбегейлі мазмұндық сараптамасымен, операциялармен, содан соң оның жалпы құрылымын жаңа деңгейде құруды бөліп көрсету қажет.
 

1.2.Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мәні
Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.

Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады (А.Н.Леонтьев).

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.

Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі -тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту.



Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсаты – динамикалық құбылыс. Оның дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады.

Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.


Тәрбие жұмысы  –  жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).

Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік. Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.

Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.

Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау. Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі – білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.

Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.

Кәсіби іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады.


Педагогикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды. Бірақ, «педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары» ұғымын ғалымдар әр түрлі қарастырады. В.В.Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің ерекше бір түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке субъектілердің мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың мәнін ашады.

Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын анықтауда, бұл тәсіл, айқындалған заңдылықтардың түсіндірілмелі-теориялық қызметін жүзеге асырады. Педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары бойынша білім конструктивті-техникалық (нормативті) қызметін атқарады. Бұл жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық қызметті басқарудағы ұстанымдар мен талаптар заңдылықтардың мазмұны болып табылады. 

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы арқылы түйін анықталады.

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық мәселелерді шеше алуда жүзеге асқанымен, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуы бүтін ретінде жүзеге асады;

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функциональды үлгісі оны нақты мақсат қойғанда дара педагогикалық қабілет құрылымына айналатын пайымдалған құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық іс-әрекетті ерекшелік арқылы ортақтың ішіндегі дара ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру сәйкестік ұстанымын жүзеге асыруға құрылған бір-бірімен байланысты эвристика және алгоритм жүйесімен басқарылады. Сана қызметін алгоритм тұрғысынан алғанда мәселені шешудің ұтымды жолын қарастыруда жаңа эвристиканы туындатады.
1.3. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызды жағы болып табылады, себебі ол арқылы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы іске асып, өз мүмкіншіліктерінің толығымен жұмсалуы қамтамасыз етіледі. Тұлғаның ішкі позициясының дамуы көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен анықталады деуге болады. Адамның ішкі позициясы өзінің объективті бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрінеді.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу шарттары оның механизмі болып табылады. Қарастырылған шарттардың негізгі мазмұны мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің белгілі бір түрінің қалыптасуын қамтамасыз етеді: