Файл: Таырыбы Болаша малімдерді ксіби рекетке психологиялы даярлыын дамыту жолдары Семей, 2016 жыл Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ю.А.Александровский адамның бойындағы әлеуметтік, психофизиологиялық мүмкіншіліктердің сәйкес келмеуі жаңа ақпараттарды өңдеу кезіндегі бейім жағдайларда жүйкелі-психологиялық шиеленіске апарып соғуы мүмкін, ол адам іс-әрекетін жүйесіздікке алып келеді. Автордың айтуынша, бұл іс-әрекеттің тиімсіздігі қанағаттандырылмаған эмоция туғызып, ол тұлғаның бейімделмеушілігін көрсетеді [6].

Бейімделмеушіліктің салдары адамның әлеуметтік және тұлғалық байланыстарын бұзады, өз қылықтарының қорытындысын болжау мүмкіншіліктерін төмендетеді, өзін-өзі және жағдайды барабар бағалай алмайды. Сонымен, бейімделу кезінде бейімделмеушілік процесінің де орны бар. 

Кәсіпке бейімделу мамандығы бойынша еңбек талаптары мен ерекшеліктерін меңгеру болып саналады. Ол мамандықты меңгеру кезіндегі тұлғаның кәсіби қасиеттерінің қалыптасуынан, еңбек дағдыларынан көрінеді.

Кәсіпке бейімделу адамның ұжымға сіңуіне әсер етеді. Ол жаңа ұжымға, еңбек талаптарына, кәсіби іс-әрекетке қатысу процесінің, кәсіби қызығушылықтардың,  жеке сапалардың осы іс-әрекет талаптарымен арақатынасын көрсетеді.

Кәсіптік оқу орындарындағы бейімделу себептері мен қиындықтарын зерттеуде М.И. Дьяченко және П.А. Кандыбович жұмыстары мәнді орын алады. Авторлар жоғары оқу орнындағы негізгі қиындықтар қатарына:

  1. оқу материалдарының мазмұны, көлемі;

  2. сипаты және оқу процесі әдістерінің өзгеруі;

  3. оқу орындарындағы оқытушылардың біліктілік деңгейі;

  4. студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру дағдыларының қалыптасуы;

  5. оқу орнын таңдау дұрыстығына деген сенімсіздік;

  6. оқытушылармен конфликт;

  7. ұжымдағы қарым-қатынас қиындығы және т.б. жатқызды.

Олардың айтуынша, студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуі арнайы зерттеуді қажет етеді [7].


2.2.Кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары
Білім берудегі гуманизация да тұлғаның ақыл-ой, эмоциональдық, еріктік және адамгершілік әлеуетін  байыту, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дамыту шекарасын кеңейту және өзіндік қалыптасу үшін ақиқат жағдайлар туғызуды талап етеді. Мұны білім берудің гуманистік мақсаты деп санаған философ Э.В. Ильенков еді.  Аталған гуманистік мақсат әр адамның жеке дамуының адамдық мәдениетінің шегін, танылған және танылмаған, жасалған және жасалмаған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамды мәдениеттің жаңа деңгейін меңгеруге көшіру, оның әлемге, басқа адамдарға, өзіне деген қатынасын өзгерту, іс-әрекеті, оның әкелер жағдайына деген жауапкершілікті арттыру-білім беруді гуманизациялаудың басты нәтижесі. [4]

Ал білім берудің дәстүрлі жағдайында педагог тек педагогикалық әрекетті қатаң жүзеге асырушы ретінде болады. Осыдан келіп студенттік педагог ретіндегі кәсіби дайындығының да мақсаты өзгереді. Ол кәсіби білім, іскерлік, дағдылардан басқа (кәсіби құзыреттілік) педагогтың жалпымәдени дамуын, тұлғалық ұстанымдардың қалыптасуын (педагогтың педагогикалық іс-әрекетке мотивациялық-бағалы қатынасын) қамтиды. Бұл бірлік - қасиеттердің жиынтығы емес, сапалы жаңа білім ретінде көрінеді. Ол педагогтың тұлғасының даму деңгейін сипаттайды.

Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз - бұл «суперроль», «өсу», адамның өмірінің бейнесі мен стильін анықтау дейді. Адамның жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда іргелі қажеттіліктерінің қаншалықты болуына байланысты: шығармашылық өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі, қоршаған ортадағы референтті тұлғалардың жекелік құндылықтарын түсінуі мен мойындауы, өзін – өзі дамыту және даму қажеттілігі және тағы басқа.

Әр адам тек өз жұмысын орындауы  және «тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде белгілі орын алатындай мақсат қоюы тиіс. Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар болмайды, болашақта кәсіби іс – әрекетінде құнды қатынастарды күтуге болады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік байқалады.

Тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуі кәсіпте өсу үрдісінде (мамандық таңдау, кәсіби білім алу, педагогикалық әрекетті жүзеге асыру) қайшылықтарды мақсатқа бағытталған шешу жүзеге асқанда ғана шектеулі бірлік болады.

Кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлықта өзіндік даму мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше. Әр студент мамандығы бойынша өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. К.Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр.



Кәсіби өзіндік дамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Студенттердің өзін – өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен қайнар көзі – өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндікдамуда өзін – өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие.

Психологтар дұрыс өзін – өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: біріншісі – өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі – өз жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік бағалауда студент әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар болатынын көрсетті.

Қиындықтармен күресу педагогикалық – психологиялық жағдайды реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл педагогтарда кездесетін жағдай. Егер студент өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да педагогикалық кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет.

Егер өзіндік дамуды мақсатқа бағытталған әрекет деп қарасақ, онда оның негізгі міндетті бөлігі – өзіндік талдау болуы шарт. Педагогикалық әрекет  танымдық психикалық үрдістерді дамытуға ерекше талаптар қояды: ойлау, қиял, ес.  Әр педагог өз психикалық үрдістернің дамуын талдап, реттеп отырса, өзіндік дамуын байқай алады.

Өзіндік дамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші жағынан – тұлғалық даму мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан – өзіндік дамумен айналысуға қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден көруге болады: [4]

-  Мақсатқоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндікдаму міндеттерін қою;

-  Жоспарлау: өзіндік даму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;

-  Өзіндік бақылау: өзіндік дамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;

-  Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.

Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі іскерліктер мен уақытты талап етеді. Сондықтан зерттеушілер кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлықтың даму сатыларын бөліп көрсеткен:

Бастапқы сатысында кәсіби іс әрекетке өзін – өзі тәрбиелеуді меңгерудің мақсаты мен міндеттері нақты емес, мазмұны толықтыруды қажетсінеді. Құралдары мен әдістері толық анықталмаған.

Екінші сатысында мақсаты нақтылана бастаған. Алға қойылған мақсат пен міндеттер белгілі тұлғалық қасиеттерді керек етеді. Өзіндікталдау жүзеге асады.


Үшінші сатысында кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлықтың мақсат пен міндеттерді өзбетімен және негізделген түрде қояды. Сондықтан даму мазмұны жекеленген сапалардан маңызды және жалпы кәсіби мәні бар тұлғаның қасиеттерін қажетсінеді. Жұмысты жоспарлау, құралдарды таңдау, өзіндік әрекет жасау жүзеге асады. Өзіндікдамудың барлық негізгі әрекеттері – мақсат қоюшылық, жоспарлау, өзіндік бақылау, түзету күштеусіз, автоматты түрде жүзеге асады.

Қазіргі мектепке, соның ішінде зияткерлік мектепке оқыту мен білім берудің міндеттерін сәтті шеше алатын, оқушы тұлғасын дамытуда қажетті нәтижеге жете алатын мұғалім керек. Әр кәсіби маман жоғары өзін – өзі жетілдіруге, өзінің тұлғалық және кәсіби даму болашағын саналы сезінуге, кәсіби оқу мен педагогикалық шығармашылыққа дайын, білім берудің гуманизациялау қағидасын жүзеге асыратын, толеранттылық танытатын, психологиялық сауатты және құзыретті болуы тиіс. [3]

Студенттің кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлығын дамыту теориясының басты идеясы мынадай негізгі жағдайларда қалыптасады:егер оқу – танымдық үрдіс орын алса, онда оның даму үрдісі де орын алады. Сондықтан білім мен түрткілер тұлғаның кәсіби дамуының негізі болады. Әр тұлға өзінің білімін жетілдіріп, түрлі түрткілерден қуаттанып, әрекетке көшетіні анық дүние. Кәсіби тұрғыдан үнемі дамып отырған педагог психологиясы айқын сезіліп, жұмыстануға, өзгені де дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлық қызметі білім беру мекемелерінде оқуды жеңіл және тиімді етіп, жағымды эмоция қалдыруда үлесін тигізеді: өзін – өзі реттеу тәсілдерін үйретеді, хабарлама жасауға, реферат жазуға, конференцияларға қатысуға сөйлеу дағдыларын жетілдіруге тренингтер өткізеді, мазасызданудың, үрейдің, стресстің алдын алу шараларын ұйымдастырады.

Психологиялық дайындықтан өткен студент ғана  өзін еркін және сенімді ұстап, ерекше ықыласпен, талпыныспен жұмыстанады.

Кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлық процесінің табысты болуының негізгі жағдайларын көрсетейік.

Біріншіден, кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлық кәсіптік оқу орындарындағы жас маманды дайындау сапасымен, олардың тәжірбиелік дағдыларды жинақтауларымен байланысты.

Кәсіпке оқыту және тәрбиелеу кезеңінде кәсіпке бейімделу басталады. Бұл жерде кәсіби іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, кәсіпке керек деген білімдермен қамтамасыз етіледі, еңбекке деген шығармашылық қатынас пайда болады, ұжымдық жұмыс дағдылары мен кәсіпке деген қызығушылық дамиды, яғни кәсіби іс-әрекеттің жағымды мотивациясы шыңдалады. Оқыту кезінде өндірістік және педагогикалық  практикаларға үлкен көңіл бөлінеді.


Екіншіден, кәсіпке психологиялық даярлық кезінде кәсіпті таңдау мотиві де үлкен орын алады. Адамдардың нақты мінез-құлықтары мен әрекеттерінен нақты мотивті көруге болады, ол іс-әрекет процесі кезіндегі  мақсатты көрсетеді. Мамандықты өз қызығушылығымен, құндылығына байланысты таңдаған кездегі кәсіпке психологиялық даярлық табысты болады.

Үшіншіден, кәсіпке психологиялық даярлықтың табысты болуы кәсіби іс-әрекеттің ұнамдылығымен, ұжымның психологиялық климатымен, қоғамдық белсенділік және индивидуалды ерекшеліктермен байланысты.

Төртіншіден, кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлық кезінде еңбек іс-әрекетінің еңбек мазмұны, ұжымдағы өзара қатынас, жақсы жағдайлар және еңбекті ұйымдастыру секілді параметрлері әсер етеді.

Сондықтан да айта кететін жайт, студенттердің оқу іс-әрекетінің табыстылығы, оған даярлық көптеген факторларға байланысты. Оған танымдық іс-әрекетін реттеу функциясы, өмірлік жоспары мен қызығушылықтары, мотивтердің, құндылық бағдарлаудың басым болатын түрі, ұмтылыс деңгейі, өзіндік бағалауы, мінез-құлықтарын саналы басқара алуы т.б. көптеген факторлар үлкен ықпалын тигізеді.

Студенттердің кәсіби іс әрекетке психологиялық даярлық келесі факторлар да үлкен ықпалын тигізеді: олардың дайындық деңгейі, құндылықтар жүйесі, оқуға деген қатынасы, жоғары оқу орны туралы ақпарат алуы, кәсіптің болашағы туралы ойлары. Бейімделу кезінде студенттің ортаға тез бейімделе алуы, оқу іс-әрекетінің жаңа құралдары мен әдістерін меңгеруге, нормалар мен ережелер жүйесін түйсінуге, оқуға, болашақ кәсіпке  деген құндылық жүйесінің қатынасы болуы керек. Бұл бірінші деңгейдегі факторлар қатарына жатады.

Кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлық факторлары объективті, субъективті және субъективті-объективті сипатта болуы мүмкін. Субъективті факторлар психологиялық сипаттың ішкі даярлық нәтижесімен түсіндіріледі. Объективті факторлар әсерімен даярлық нәтижесі сыртқы жағдаймен анықталады. Субъективті-объективті факторлардың  даярлық мағынасы бойынша детерминациялау нәтижесінде басты рөл бейімделушінің ішкі қасиеттерімен сыртқы ортаға беріледі.

Бейімделу факторларының әсерлілігі іс әрекетке психологиялық даярлық процесінің әр кезеңінде көрініс табады. Осыған байланысты оқуда және кәсіптендірілу кезеңдерінде әсер ететін психологиялық даярлық әрекеттерінің факторларын түрлі бөлімдерге бөлу қажеттілігі туындайды.

Студенттердің кәсби іс әрекетке психологиялық даярлық жүйесіне нәтижелі енуі үшін қажетті шарттар жасау қажет, ал олар өз алдына кәсіби іс-әрекеттің дамуына алып келетін психологиялық даярлық құрылуына кепілдік береді.