Файл: Таырыбы Болаша малімдерді ксіби рекетке психологиялы даярлыын дамыту жолдары Семей, 2016 жыл Мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 43
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- ең алдымен, оқу әрдайым белсенді болады, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы барысында мұғалім жеке тұлғасының қажеттілік-уәждемелік өрісі үнемі белсендіріледі. Студент алған білімі мен біліктерін тәжірибелік іс-әрекетте қолдана білуі керек. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатты қалыптасу процесінің өзі қажеттіліктерден іс-әрекетке көшу қажеттілігінен басталу керек;
- жеке тұлға іс-әрекеті арқылы көрінеді, ал жеке тұлғаның даярлығы іс-әрекеттің сәттілігін қамтамасыз етеді. Мұғалім іс-әрекетінің сәттілігі іс-әрекет мазмұнын түсінуіне тәуелді. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасу процесінің нысаналы сипаты, біздің ойымызша, студенттердің іс-әрекеттің мазмұны мен құрылысы туралы білімді меңгеруі арқылы көрінеді, яғни студенттердің оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың педагогикалық іс-әрекеті туралы метабілімдерді игеру мәселесін шешу арқылы;
- студенттер педагогикалық іс-әрекет мазмұнын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы игереді. Бұл әдіс-тәсілдерді таңдауда біз педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы мен мұғалім жеке тұлғасының өзін өзі жетілдіруі сәйкес болу керек деген ойға сүйендік. Болашақ мұғалім іс- әрекетінің бағыт-бағдар негізін (ӘБН) қатып қалған емес, керісінше әрекетті түсіну мен оны шығармашылықпен пайдалану арқылы үнемі дамып отруына мүмкіндік берді.
Н.В.Кузьмина кәсіби педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді:
- құрылымдық,
- ұйымдастырушы,
- коммуникативті.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда
іскерліктер мен қабілет қажет.
Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:
-
құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру), -
құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау), -
құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау).
Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.
А.И.Щербаков құрылымдық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік компоненттерді жалпы еңбек функцияларына жатқызады, яғни олар кез келген әрекетте көрініс береді.
Бірақ ол педагогикалық процесті жүзеге асыру кезеңінде мұғалімнің функциясын нақтылап, педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушы компоненттеріне ақпараттық, дамытушы, бағдарлы, мобилизациялық компоненттерін біріктіреді. Бұл жерде зерттеушілік функцияға аса көңіл бөлу қажет. Зерттеушілік функцияны жүзеге асыру мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденуді, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін игеруді, өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибесін талдауды талап етеді.
Педагогикалық әрекеттің құрылымдың компоненті өз ішінде аналитикалық, болжамдық және жобалау болып бөлінеді.
Іс-әрекеттің барлық компоненттері, функциялары кез келген педагог маманның жұмысында көрінеді. Оларды жүзеге асыру педагогтан арнайы іскерлігін талап етеді.
Сондықтан, педагогикалық әрекетті сипаттауда, оның құрылысы мен мазмұнын анықтау кезінде, біздің пайымымыз бойынша, психологиялық (әрекеттер мен операциялар) және педагогикалық-технологиялық (іс-әрекетті орындау механизмі) құрылымдарды бөліп қарастыру қажет. Психологиялық құрылымды айқындауда кейбір авторлар іс-әрекеттің ең жақын элементтерін әрекет деп атайды. А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, К.К. Платонов осылайша ойлайды. Басқалар болса, іс-әрекет дегенді процесс деп түсініп, оның кезеңдерін ең жақын элементтер деп қарастырады (Л.М. Фридман, Г.А. Балл, Д. Пойа, В.М. Глушков және т.б.).
Жүйе ретіндегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің дамуының табиғатқа ұқсас бағыттылығын іске асыра отырып, біз дамудағы дифференциация идеясына сүйенеміз. Сондықтан, оның іске асыруын біз алдымен қызметтік тұрғысынан қарастырамыз, мұнда біз іс-әрекеттің негізгі қызметтерінің бірізділігін көрсету арқылы мақсаттар жүйесін жасауға мүмкіндік беретін әрекеттерді айқындаймыз.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті сипаттауда оны дамитын жүйе екенін ескеру қажет. Сондықтан, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің (жеке әрекеттердің) қызметтері іс-әрекет нысанын түрлендіру және осы процесті басқару болып табылады, яғни оның екіжақты сипаты бар: нысанды түрлендіру және оны басқару.
II тарау.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары мен инновациялық мүмкіншіліктері
2.1.Кәсіби іс әрекетке бейімделудің педагогикалық-психологиялық жолдары
Студенттік шақтағы кәсіпке бейімделу кезінде үлкен нәтижелер көрінсе, соған орай студенттің мотивациясы жоғарылайды және кәсіп арқылы оның шығармашылық дамуы басталады, студенттің іс-әрекет мәнері, үлгісі, қарым-қатынасы, мінез-құлқы, қызығушылығы, құндылығы қалыптасады.
Тұлғаның қалыптасуы мен кәсіпке бейімделу процесі үздіксіз болуы қажет. Сонымен қоса, кәсіпке бейімделу кезінде тұлғаның құндылықтар жүйесі, қызығушылықтары т.б. аялары бір-бірімен өте тығыз байланыста болады, сондықтан да оларды бөліп қарастыру мүмкін емес.
Кәсіпке бейімделу кезінде студентте ең негізгісі “осы кәсіп маған керек” деген сана қалыптасуы керек. Ол студенттің қабілетіне, индивидуалды психологиялық ерекшеліктеріне тәуелді.
Студенттік шақта студентте өте жоғары құндылық деңгейі қалыптасса, ол еңбек еткен кезде өте сәтті, тиімді жұмыс істей алатын болады. Бірақ, нақты жағдайда осылай болып отыр ма, жоқ әлде керісінше ме. Осы сұрақ бәрімізді де толғандырады.
Кәсіпке бейімделу дегеніміз - бұл студенттің кәсіби өзін-өзі анықтау жүйесінің соңғы буыны.
Кәсіпке бейімделу студенттің болашақ өміріне де өте үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан кәсіпке бейімделу кезеңін зерттеудің теориялық та, практикалық та маңызы зор.
Жалпы алғанда, кәсіпке бейімделу ұжымға бейімделу, жұмыс режиміне, міндеттеріне, ерекшеліктеріне төселу болатын көлемді процесс ретінде, одан сол кезде талап, тілектер мен нормалардың табысты іс-әрекетін қамтамасыз ететін процес ретінде қарастырылады. Толық бейімделген адам сол орта ерекшеліктерін қабылдайтын адам болып табылады. Ғалымдардың кейбірі кәсіпке бейімделуді өзара байланыс және қатынастардың дамуы ретінде қарайды.
Кәсіби анықталу процесінде кәсіби маман ретінде ішкі позициясының қалыптасуының бірнеше кезеңдерін бөлуге болады:
1) Позицияның қалыптасуының алғашқы кезеңі маманның болашақ кәсіби іс-әрекетіне деген жалпы жағымды эмоциялық қатынасымен сипатталады. С.Л. Рубинштейннің “қалаймын” “істей аламын” “жасау қажет” түсініктерінің арақатынасы туралы идеясына сүйене отырып айтатын болсақ, бұл кезеңде бірінші “қалаймын” компоненті өте айқын көрінеді, яғни мамандықты меңгеруге деген тілек жақсы дамыған, бірақ оның өзіндік қабілеттері мен қажеттіліктері енжар дамыған. Ал, үшінші компонент соңғы кезеңге тән жастардың қоғамдық қажеттіліктерді кейінгі орынға қоюымен шарттасады.
2) Келесі кезеңде “істей аламын” кезінде ішкі позицияның дамуы өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін саналау, өз іс-әрекеттерінің мазмұнды моменттеріне деген бағдар қалыптасу кезінде көрінеді.
Бұл “жасау қажет” кезеңінде өз кәсіби іс-әрекеті, өз қабілеттері жайлы барабар көзқарастар қалыптасады.
Бұл айтылған кезеңдер кәсіп иесінің ішкі позиция типтерімен сәйкес келеді деп айтуға болады [1].
Осы негізде, Т.А. Кухарева тұлғаны негізгі анықтайтын сипат белсенді позиция келесі жүйелерден тұрады деп көрсетеді: бағдарлар - субъект іс-әрекетінде жүзеге асады, әлеуметтік-психологиялық бейімделу тиімділігін анықтайды, барлық іс-әрекетте болады және әлеуметтік статус, кәсіби анықталу, тұлғалық сапа категорияларын қамтиды [2].
Н.А. Свиридов кез-келген жүйеде оның қызмет етуіне баса мән берілуі керектігін айтады. Әлеуметтік аспектілерде бейімделу қоғам дамуын қамтамасыз ететін тәсілдермен және құралдармен сипатталады. Әлеуметтік бейімделу заңды, қажетті қоғамдық құбылыс ретінде тұлға қалыптасуындағы жеке сипатқа ие феномен болып табылады [3].
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпке бейімделудің экологиялық, биологиялық, физиологиялық, операционалдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік және психологиялық аспектілері айтылады. Бұны, белгілі бір тәртіпке қою үшін Б.Г. Ананьев жұмысына назар аударамыз. Оның еңбегінде адам еңбек субьектісі ретінде тұлға мен индивидтің қасиеттерінің қорытпасы түрінде қарастырылады. Бұл кезде кәсіби бейімделу - индивидтің кәсіби ортадағы физикалық жағдайларға бейімделу бірлігі психофизиологиялық аспект деп аталынса, кәсіби міндеттерге, орындалатын операцияларға, кәсіби ақпараттарға бейімделу кәсіби деп аталатын екінші аспект ретінде, кәсіби ортаның әлеуметтік компоненттеріне бейімделу - әлеуметтік-психологиялық деп аталатын үшінші аспект ретінде түсініледі [4].
Әр студенттің дара ерекшелігі өмір бейнелерінің жаңа талаптарына әсер етпей қоймайды. Студенттің оқуға түсуі бейімделудің күрделі жүйесі басталғандығын білдіреді. Бұл жағдай кезінде біз студенттің бейімделуі деп тұлға мінездемелерінің негізгі параметрлері мен оқу процесінің жаңа жағдайлары арасындағы динамикалық тепе-теңдікті қарастырамыз. Сонымен қоса бейімделу бұл жерде нақты жағдайлар талаптарына белсенді икемделу және өз құндылықтары мен нормаларын ерікті іске асыру болып табылады.
Жоғары оқу орнындағы студенттің әлеуметтік бейімделуін келесі түрге бөлуге болады:
А) кәсіби бейімделу оқу процесінің мазмұнына,талаптарына, ұйымдасуына, сипатына бейімделу және ғылыми жұмыстардағы өз бетінше жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы;
Б) әлеуметтік-психологиялық бейімделу индивидтің топқа, олармен өзара қатынасқа бейімделуі, мінез-құлықтың өзіндік стилінің қалыптасуы.
М.И. Педаясаның көзқарасы бойынша, кәсіби бейімделу бір жағынан оқытушының субъективті қанағаттануымен байланысты болса, екінші жағынан басқа оқытушылардың бағалауымен байланысты болады [5].
Студенттің кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатын зерттеу нәтижесінде ғалымдар интегративті-матрицалық модель қалыптастырды. Оның негізгі кезеңдері мен элементтері:
-
бейімделу-диагностикалық - студенттердің жаңа оқу орнына бейімделушілігіне көмектесу, білімнің қалыптасқан деңгейін анықтау, дағды, білім, үйренуде жетіспеушіліктерді жетілдіру, білімге деген құндылықтар қатынасының профилін құру; -
жоспарлы-коррекциялық - студент іс-әрекет мақсатын анықтау, болашаққа деген дайындығын жобалау, жоғары оқу орнында оқу тапсырмалары мен мақсаттарын шешу іс-әрекет жоспарын жобалау, тұлғалық даму жоспарын құру; -
ақпаратты-іс-әрекеттік – студенттердің білімді меңгеру іс-әрекетімен тығыз байланысты, оқуға деген құндылықтардың құрылуы, оқу пәндерін меңгеруде керек құндылықтарды анықтау, белгілі меңгерілген пән бойынша іс-әрекет жасай алу, құнды білімдер мен дағдыларды түсіне алу; -
шығармашылық - өзін-өзі жетілдіру компоненті оқу барысында студенттердің өзін-өзі дамыту, көрсету, әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктеріне көмектеседі, шығармашылық сипаттағы өзіндік еңбек, мәселені шешу кезіндегі шығармашылық құндылықтарды сезіну; -
нәтижелі-бағалау – студенттердің алған білімдерінің болашақ іс-әрекеттегі құндылығының жалпы қорытындысы, оқу іс-әрекетін бағалай алуы
Бұл моделді іске асыру нәтижесінде студенттердің білімге деген құндылықтарының құрылуына, нақты мамандыққа деген көзқарасын өзгертуге өзі кепіл болады [5].
Кәсіби іс-әрекеттің бейімделу функцияларына тоқталып кететін болсақ, оларды төмендегіше қарастырамыз:
-
диагностикалық - бейімделу процесін басқаратын субъектілердің студенттің тұлғасын диагностикалық зерттеу; -
болжаушы – студенттің кәсіби оқу орнына бейімделуіне алғашқы және кешенді болжау жасауды іске асыру, бейімделу кезеңіндегі проблемаларды саналай алу; -
оқыту – болашақ кәсіби іс-әрекетіне және жоғары оқу орнындағы жағдайларға табысты көндіге алу және бұл процестің басқаратын оқытушы жұмысының әдіс-тәсілдерімен қамтамасыз етілуі; -
дамытушы – бейімделу процесін жүйелі басқаруды жүзеге асыратын педагогикалық ортаның және бейімделуші субъектінің шығармашылық дамуы. Бұл жердегі негізгі критерий - студент пен оқытушының дамуы; -
бағамдау – оқытушылардың жоғары оқу орнындағы іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын саналай алуы, студенттердің бейімделе алу мүмкіншіліктерін, әдіс-тәсілдерін, бейімделудің индивидуалды ерекшеліктерін саналауы; -
түзетуші – алғашқы және кешенді болжауларға сәйкес студенттердің жеке жақтарын түзету. Бейімделуші субъектілер бұл жұмысқа өздері белсенді, саналы қатысулары тиіс; -
теңгерушілік – студенттердің жоғары кәсіби оқу орнына табысты бейімделуін анықтайтын дамыған жеке қасиеттерін көрсету, бейімделу кезеңіндегі дағдарыстарды жеңілдететін әдіс-тәсілдерді пайдалану; -
ғылыми-әдістемелік - ғылыми-әдістемелік құрылым құру, осы сипатқа ие іс-шаралар өткізу.