Файл: 1 орта мектебі кммні 20202021 оу жылына арналан оутрбие жмысыны жылды жоспары Бекітілді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 106

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән  бірлестіктерінің жұмысы

Пән бірлестіктері жылдық жұмыс жоспарына сәйкес  пән айлықтарын өткізді.  

     Айлық  барысында ашық сабақтармен қатар жоспар бойынша семинар,коучингтер, сабақтан тыс іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар өткізілді. Өтілген іс-шаралар мектеп сайтында жарияланды. Апталықтың өтілу барысы әдістемелік кеңесте қаралды.

Мұғалімдердің  біліктілік арттыру  курстарынан өтуі

     Біліктілікті арттыру жұмысының перспективалық жоспарына сәйкес  2019 - 2020   оқу жылында пәндік курстарға барып, өз білімдерін көтеріп қайтқан мұғалімдер саны 11. Курс тақырыптары: пән бойынша орта білім мазмұнын жаңарту, іс-әрекеттегі зерттеу, БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын дайындау тақырыптарында курстан өтті.

Мұғалімдердің  түрлі   семинарларға, байқауларға қатысу   деңгейі

     Жыл бойында педагогтардың  білімін жетілдіру курстарынан бөлек түрлі деңгейдегі байқауларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинар-коучингтерге, қашықтық олимпиадаларына, пәндік байқауларға қатысу деңгейі өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғары болды, аудан, облыс, республика көлемінде  жүлделі ІІ,ІІІ орындаға ие болды. Көптеген байқаулар қашықтан оқуға көшуге байланысты, он лайн режимінде өтілді. 

Жас мамандармен жұмыс

     Мектебімізде биылғы оқу жылында 6  жас маман    жұмыс атқарды, оларға тәлімгер тағайындалды.   Жыл басында жас мамандармен атқарылатын жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жыл бойында   жас мамандармен сұхбат өткізіліп, әдістемелік көмек берілді.Мектеп психологы Қарақожаева Ж «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Сонымен қатар жоспарға сәйкес коучингтер, ашық есік күндері, жас маман апталығы өткізілді. Жыл бойында жоспарланған отырыстар өткізілді. Отырыс барысында жас мамандарға  жоспарда көрсетілген тақырыптар аясында баяндамалар оқылды, сабақ беретін сыныптарындағы білім сапасы, өз – ара сабаққа қатысу дәптерінің жүргізілу барысы талқыланды. Жас мамандар жоспар бойынша   тәлімгерлерінің және басқа да мұғалімдердің сабақтарына қатысты, бірақ сабаққа қатысу сапасы төмен, саны аз. Жыл бойында  жас мамандар апталық уақытында ашық сабақ көрсетіп, сабақтан тыс іс-шаралар   ұйымдастырып өткізді. Мектепішілік   «Жас маман -2020» байқауы өтіліп, ол байқауға жас мамандар белсенді қатысты.Жас мамандарға ұсыныс: сабақтарға көптеп қатысып, тәжірибе жинақтау, түрлі деңгейдегі байқауларға қатысу, пәндері бойынша сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру.


Дарынды оқушылармен жұмыс

Оқу жылы басында  дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жыл көлемінде   оқушылар  түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтар болсақ, пән олимпиадасы бойынша тарих пәнінен облыс көлемінде ІІІ орынға ие болды, республикалық «Ақ бота», «Жаңа ғасыр таланттары», «Табиғат және адам», «Алтын тобылғы», пән бойынша қашықтық олимпиадаларына көптеп қатыстырылып, жүлделі І,ІІ,ІІІ орындар иеленді.

Деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдермен жұмыс

    Мектепте деңгейлік бағдарламаны меңгерген барлығы  22 мұғалім бар. Деңгейлік бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдерден құралған «Бастау» кәсіби қоғамдастығы құрылды, жоспары жасалып, жетекшісі бекітілді. Мектептің даму жоспарының құрылымы туралы кәсіби әңгіме өткізіліп, МДЖ жасалды. Жыл бойында  қоғамдастық жоспар бойынша жұмыс атқарды, мектепішілік ашық шеберлік сыныптарын, тақырыптық коучингтер өткізіп, жас мамандарға көмек көрсетті. Қаңтар айындаМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Гуманитарлық–әлеуметтік ғылымдар факультеті «Шет тілдері» кафедрасы оқытушылары Испанкулова Г.А, Капалбекова Л.Р, Оспанова П.А, Алтынбекова Д.А, Абилдаева А.С, Наурызбаева А.М, Садуакасова М.Б, Байтелиева М.А. «Орта білім беру жүйесі мен ЖОО арасындағы цифровизация үрдісінің байланысы» атты тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізіп, мектеп ұстаздарымен тәжірибе алмасты. Мектеп тренерлерінің ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу» тақырыбында мектепішілік курс ұйымдастырылды.

Сәуір айында мектепішілік «Ашық есік» күні өткізілді. 5 «Ә» және 7 «В» сыныптарында қараша және ақпан айларында сабақты зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмысы өз нәтижесін  берді, сыныптың білім сапасы жоғарылап,білім сапасы 2-3 пайызға көтерілді.Бірақ зерттеуге алынған сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері жауапсыздық танытты,топ мүшелері де өз жұмыстарын қажетті деңгейде өткізбеді. Алдағы оқу жылында зерттеу жұмысын одан ары жандандыру қажет. 

     Қорытынды: 

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару, жоспарға сай жұмысты ұйымдастыру кезінде төмендегі функциялар орындалды: Әдістемелік бірлестіктер, дарынды оқушылармен жұмыс, жас мамандармен жұмыс жоспары жасалып, бекітілді және жоспарға сәйкес жұмыс атқарды мұғалімдердің пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру мақсатында курстарға жіберілді, өздік білімін жетілдіруді ұйымдастыру мақсатында теориялық және практикалық әдістемелік бірлестіктердің отырыстары мен тақырыптық коучингтер өткізілді; жаңа нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқау хатпен танысу, жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйрену ұйымдастырылды; оқытудың жаңа белсенді әдістерін қолдануды ұйымдастыру коучингтері өткізілді; сыныптарды зерттеу сабақтары өткізілді.



Атқарылған әдістемелік жұмыстардың әлсіз жақтары: Тәжірибені жинақтауға, авторлық бағдарлама жазу жұмысына көңіл бөлмеуі, сайыстар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға тек аттестациядан өтуші мұғалімдердің міндеті деп есептеу. 9-11 сынып оқушылары мектепішілік пән олимпиадасына қатыстырылған және жүлделі орындарға ие болған, аудандық кезеңге жіберілген. Алайда аудандық кезеңде жүлделі орын иеленген оқушылар саны күткен нәтижеге сай болмады. Бұл тұста жетекшілерінің оқушыны сапалы дайындамауы, толықтыру жұмыстарына көңіл бөлмегендігінен қатысушы саны көп болғанымен сапаға кері әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар,ортаңғы және жоғарғы буынның пән мұғалімдері ғылыми жұмыс жазуға аса көп көңіл бөлмейтіндігі байқалады. 

Қашықтан оқуға көшуге байланысты бірқатар мұғалімдердің цифрлық сауаттылығының төмен екендігі байқалды.

2019-2020 оқу жылының басында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қылмыстың алдын алу мақсатында Жамбыл адандық ішкі істер бөлімімен бірлескен жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Құқықтық тәрбие кеңесінің құрамы бекітіліп, жұмыс жоспары нақтыланды. Құқықтық кеңес төмендегі құрамда бекітілді:

  1. Кеңес төрағасы: Б.А.Валиев мектеп директоры

  2. Төрағаның орынбасары: Б.Н.Шарипов ДҚТЖО

  3. Кеңестің хатшысы: Ж. Аман тәлімгер

  4. Кеңестің мүшесі: Ө.Ботаев ДТЖО

  5. Кеңестің мүшесі: А.Мауленова психолог

  6. Кеңестің мүшесі: М.Қапалбаева социолог

  7. Кеңестің мүшесі Ж. Қарақожаева психолог

  8.  Кеңес мүшесі ЖПҚ УПИ ЮПТ Т. Бейсекеев

Оқу жылы барысында құқықтық тәрбие кеңесінің 4 отырысы болып, күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралды. Биылғы оқу жылында Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекциясының профилактикалық тізімдік есебіне қаңғыбастығы үшін 8 «В» сынып оқушысы Кенжехан Ернар алынды. Оқу жылы барысында Кенжехан Ернарға мектеп тарапынан педагогикалық және психологиялық қолдау көрсетілді. Мектепішілік есепке  оқушы алынған жоқ. Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы туралы, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы   түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептің 8-11 сынып оқушыларынан бопсалау, ақша жинау дәйектерін анықтау мақсатында жасырын сауалнама жұмыстары алынды. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау, сексуалдық сипаттағы күш қолдану (педофилия) фактілерінің көбейіп кетуі себепті және суициттік мінез-құлықтың профилактикасы бойынша төмендегідей алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілді.


  1. 1-4 сынып оқушыларына үйінен мектепке немесе мектептен үйіне дейінгі жол аралығында қауіпсіздік шараларын сақтауды, белгісіз, беймәлім адамдармен қарым қатынас жасамауы туралы дәрістер оқу арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

  2. Ата-аналар арасында осы мәселеге байланысты құқықтық түсіндіру және алдын алу жұмыстарына арналған жиналыстар өткізілді.

  3. Оқушылардың қызығушылығына қарай сабақтан тыс кездегі бос уақыттарын тиімді өткізуін (яғни мектептің ішінде қосымша сабақ, спорттық және тағы басқа үйірмелерге қатысуын) қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылды. 

«Қарға баласын аппағым», дейді. Әр ата-ана баласын болашағым дейді. Ұстаз шәкіртін... Сол сенген бала, сенген шәкірт түн жамылып көше кезсе ше? Олардың бірі, бірде болмаса бірде қылмысқа бой алдырса кім жауап бермек? Ата-ана ма әлде ұстазы ма? Әрине ойланатын-ақ мәселе. Бүгінгі күннің тақырыбы осы. Осы мақсатта Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің, Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қаранғыны қақ жарған қара бала», «Түнгі қалада» атты түнгі рейдтер ұйымдастырылды. Рейд барысында №1 орта мектебінің оқушыларының тарапынан құқық бұзушылық дәйектері тіркелген жоқ. Жол көлік апаты, бақытсыздықтың алдын алу мақсатында  жолда жүру ережесінің іс-шара жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес  сынып сағаттары,кездесулер,сурет қөрмелері, Аса ауылы орталық көшелерде жол жүргіншілерге үнқағаздар таратылып, «Қауіпсіз жол» атты тақырыпта шеру өткізілді. 2019-2020 оқу жылында Аса ауылы темір жолдың арғы бетінен 176 оқушы тасымалданды. І ауысымда 87 оқушы тасымалданса, ІІ ауысымда 89 оқушы тасымалданады.Тасымалданатын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 24 мұғалімнен (сынып жетекші) кезекшілік ұйымдастырылды. 2019 жылдың 2 қазан айында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы ұйымдастырылды.

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстары бойынша іс-шара жоспарлары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес І  тоқсан белсенді дене қимылы таңертеңгілік жаттығу орындалды. Жоғарғы  сыныптар арасында футболдан, волейболдан, баскетболдан жарыстар ұйымдастырылса, бастауыш сыныптар арасында көңілді мәре, толағай отбасылық ойындары ұйымдастырылды. Кестеге сәйкес 4-7-9-11 сыныптардан президенттік сынамалар алынды. 5-6-7 сынып оқушылары арасында суициттің алдын алу мақсатында «Біз өмірді қалаймыз!» атты тақырыпта спорттық іс-шара ұйымдастырылды.


1 желтоқсан-Дүниежүзілік АҚТҚ / ЖҚТБ мен күрес күніне орай «Сақтан, ұрпақ СПИД деген қатерден!» атты тақырыпта 9 сыныптардың ұйымдастаруымен акция өткізілді. 24наурыз-Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай 8 сыныптар арасында «Туберкулезге жол жоқ» атты тақырыпта акция ұйымдастырылды. ІҮ тоқсан қашықтықтан оқуға байланысты 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай және 31 мамыр-Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орай онлайн форматта   семинар кеңес өткізілді. «Есірткі жайында не білесің?» атты тақырыпта 8-9 сыныптардың қатысуымен анкеталық жұмыстар жүргізілді. Тақырыптық видео роликтер көрсетілді. 1-4 сыныптар арасында «Салауатты әдеттер» бағытында танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. 5-8 сыныптар арасында «Темекі шегу-әлеуметтік дерт!» бағытында жасөспірімнің денсаулығына темекі шегудің тигізетін кері әсері туралы түрлі әдістегі (сұхбат, әңгіме, пікір-талас) жұмыстар жүргізілді. «Есірткі, темекі, ішімдік пе әлде денсаулықпа? Таңдау жаса!» бағыты бойынша 9-11 сыныптар арасында («Ашық күнде адаспайық!» эссе, «Дені сау ұрпақ жарқын болашақ!») шығарма жазу жұмыстары жүргізілді. 9-11 сыныптарда «Зиянды заттардан сақтанайық!» тақырыбында плакат байқауы өткізілді. 

Жыныстық тәрбие жұмыстарының және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде 2019-2020 оқу жылында мектепте «Қыздар кеңесі», «Қыздар клубының» жұмыстарын ұйымдастыру, ұлттық дәстүрге сай қыздар гигиенасы мен физиологиясының ерекшеліктері бойынша қыз балаларға кеңес беру ұйымдастырылды. «Қыз баланың ерте есеюі: маман кеңесі» айдарымен 7-11 сынып оқушылары арасында денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігер мамандарының  қатысуымен кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық   статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдарына сұраныс жолдау арқылы мектептегі қызметкерлердің соттылығы тексерілді. Сексуалды зорлықтың құрбандары болғандарды (болып жатқан) анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында  анонимді сауалнамалар жүргізілді. Жоғары сынып оқитын қыз балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне тоқсан сайын мониторинг жүргізілуде. Жасөспірімге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жалпы  ата-аналар жиналысының күн тәртібіне қойылды. Мектепке, сабаққа дәлелсіз себептер бойынша келмейтін немесе қатыспайтын мектеп жасындағы балаларды жүйелі түрде анықтауға және есепке алуға бақылау күшейтілді.