Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі "flash тегі анимация".doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 54
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3D Studio Mах осы заман маңызды программаларының бірі ол –дизайнерлер мен архитекторлар өз жұмысында кеңінен пайдаланады. Дүние жүзі бойынша мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды және Web-бетінің тамаша үшөлшемді графикалық элементтерін жасау үшін осы тамаша программа қолданылады [3].
Autodesk 3 DS Max Design 2012 визуалды эффектілер мен дизайн, арнайы түрлі ойындар аумағында 3D модельдеуді, анимациялауды және рендерингтің интегрирленген шешімінің арнайы кешенін ұсынады. Оның ерекшеліктері:
-
3D модельдеу мен текстурдың қосылуына эффектілі әрі жылдам жұмыс жасау үшін кеңейтілген құрал-жабдықтардың жиынтығы; -
бейнелерді анимациялау мен өңдеуде құрылымды құрал-жабдықтардың жиынтығы анимация мен кеңейтілген жүйені ұсынуы; -
3D Studio Max scan line мен mental ray® модулінің желілік бірнеше құрылымды рендерингі арқылы суретшілер стабильді әрі шынайы түрде жұмыс істей алуы; -
ағындағы өндірісте 3ds Max C++ пен .NET өңдеулерінің арқасында қосымша кеңейтілген өндірістік үрдістерді қолдауы; -
Autodesk 3DS Max анимация моделі мен құрылуы Autodesk® FBX® файлында экспорт және Unreal® Editor импорт жасай алады. Autodesk 3DS Max Design 2012 программасы түрлі визуализациялауда, конструкциялауда, архитектура мен құрылыс салаларында 3D модельдеуі мен анимациялауда өзіндік кешенді ұсынуы; -
3D Studio Max Design – табиғи жарықтандыру мен жарықты түсірудің эффектілі есебі мен талдауы үшін негізгі құралдарың бірі бола алады. Бұдан басқа нақты уақытта экран бетіне тікелей жарықтандыруды үйренуге болатындығы; -
жоғары сапалы визуализация ретінде толық тексерілген технология дизайнерлер мен мамандарға визуализацияның бейнелі киноматографиялық сапасын құрауы және келесілерге жетудің мүмкіндіктерін беруі: полигональді модельдеу үшін жіберілетін құрал-жабдық жиынтығы; бейне мен эффект құруда анимация ортасын тұрғызуы; mental ray көмегімен желілік рендерингтің шексіздігі.
1.4-сурет – Autodesk 3DS Max
CorelDRAW – векторлық графика программасы, яғни онда құрылған объекттер математикалық формулалармен берілген болуы мүмкін 1.5 – суретте көрсетілген. Ең алдымен мұндай объекттер өте жақсы масштабталады және редакцияланады, әдетте дискте көп орын алмайды. Дұрыс дайындалған болса сапалы баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан да дәл осы CorelDraw-да логотип, баннерлер және маңдайша жазуды шығаруға қолданады. Мысалы, CorelDRAW-да жасалған логотипті кішкентай визиткаға қолданумен қатар жол бойындағы үлкен жарнамаларға да суреттің сапасына нұқсан келтірмей қолдануға болады.
Программа өндірушісі Corel канадтық компаниясы болып табылады. Программада нақты сызбаларға және пропорциямен өлшеміне берілген формаларды салуда оны қолдануға рұқсат беретін дәлме дәл сызба салуға ыңғайлы мүмкіндіктері бар. Мысалы, фанерлерден дайындалатын жиһаздық өндіріске қажет сызбалар.
Сонымен қатар Corel DRAW веб-дизайнда кеңінен қолданылады: сайттың макетінен батырмалар мен навигацияға дейін. Экструзия, ашықтық, көлеңке, қабыршық сияқты арнайы эффекті қолдану, шынайы 3D-объектілерді жасауға мүмкіндік береді.
1.5-сурет – CorelDRAW векторлық графика программасы
CorelDRAW программасы бір жағынан өзінің қарапайымдылығымен, екінші жағынан шешілетін тапсырмалардың кең спектрімен ыңғайлы.
Micrografx Designer 7 – ірі программа болмаса да қолдануда өте жағымды, ол келесі 1.6 – суретте көрсетілген. Designer 7 FlowCharter 7 және Picture Publisher 7 программалары қатарында Micrografx Graphics Suite ядро комплектін ұйымдастырады, берілген программалар арасында қымбат саналатындардың бірі болып табылады. CorelXara тәрізді, Designer-де мәтінді WYSIWYG толық сәйкес келу режимінде үнемі түзетіп отыруға мәжбүрлейтін түзету терезісі қарастырылмаған. Қабаттар арасында орын ауыстыру қолайсыз, бірақ та әр түрлі форматтағы бірнеше беттермен жұмыс істеуге болады, ал беттер арасында объекттермен алмасу тек монтажды буфер арқылы іске асады.
Designer пакетіне тартымды растрлық фильтрлер және эффекттер кіреді, сонымен қатар ол PicturePublisher-де пикселдерді OLE технологиясының амалымен редактілеуге рұқсат берді. Сонымен қатар, Designer URL-ді Micrografx QuickSilver 3 браузерінің сыртқы модульімен бірге қолдану үшін объекттерге біріктіруге рұқсат береді. QuickSilver-дің айрықша ерекшелігі векторлық графикалық объекттерге айқын қасиеттер тағайындай алуға болатыны. Designer 7 қарапайым интерфейсінің көмегімен офиске тән көптеген графикалық жұмыстарды оңай жасауға болады, бірақ құралдардың принципиалды шектеулері және CMYK төрт түстік баспа үшін аса қолайсыз мүмкіндіктер профессионалды суретші график салушылар оны алудан тартынады. Егер сізге техникалық сызу үшін қуатты құрал керек болса немесе сіз интерактивті режимде жұмыс жасай отырып озіңіздің веб бетіңізге материалдар орналастырғыңыз келсе, онда өз таңдауыңызды осы пакетте тоқтатқаныңыз жөн.
Adobe Systems фирмасы Adobe Illustrator 7.0. пакетінің жаңа нұсқасын ұсынды. Жаңа нұсқа осы салада қарастырылып жатқан векторлық графиканың автономды программасы арасында қымбат саналатындардың бірі.
Adobe Illustrator (Иллюстратор) – векторлық графикамен жұмыс жасауға арналған редактор. Векторлық деп нүкте, түзу, көпбұрыш және қисық сияқты геометриялық примитивтеден құралған объекттерді айтамыз. Оларды кез келген өлшемге дейін масштабтауга және үлкен дәлдікпен редактірлеуге мүмкіндік беретін математикалық формулалармен сипатталады. Сонымен қатар мұндай объекттер көп жағдайда дискте үлкен орын алмайды.
Векторлық сурет салудың қарапайым идеясына қарамастан, Adobe Illustrator қолданудың спектрі өте кең. Онда тек логотиптер, сызбалар және макеттер ғана емес, әр түрлі формалармен, түстік өтулер, эффектер мен стильдері бар күрделі иллюстрациялар жасалады.
Растрлық және векторлық кескіндер бір жұмыста өте көп қолданылады. Photoshop суреттің түстік коррекциясын, фоннан бөлектеу, ретушьтауды жүзеге асырып Illustrator-ға импорттайды. Ал иллюстраторда макет жасауды жүзеге асырады: элементтерді орналастыру, фон қосу, декоротивті элементтер, мәтіндік ақпараттар.
1.6-сурет – Micrografx Designer 7
ArchiCAD Graphisoft (Архикад) – архитектуралық құрылыс жобалау жүйесі 1.7 – суретте көрсетілген. ArchiCAD-тың басты идеясы – виртуалды ғимарат. Бұл ArchiCAD Graphisoft программасында жұмыс процесі нағыз құрылыс процесін еске түсіреді дегенді білдіреді. ArchiCAD – архитекторларға, құрылысшыларға арналған программа. Бұл программа сонымен қатар, дизайнерлерге, риэлторларға, құрылыс және архитектураға байланысты жұмыстың барлығына пайдалы.
Архикад құралдарын қолдану интуитивті түсінікті. Бұлар виртуалды құрылыстың құралдары – қабырғалар, арқалықтар, мұнаралар және басқалары. ArchiCAD-та тігінен бөлу үшін қабат ұғымы қолданылады. ArchiCAD-тың көмегімен жасалған жобада мөлшерін тасуға болады. ArchiCAD презентациялық материалдарды – видео және фотосурет дайындауға рұқсат береді.
ArchiCAD программасын Graphisoft компаниясы шығарады, Венгриядағы алғашқы жеке кәсіпорындардың бірі. Graphisoft 1982 жылы негізделді. 2006 жылы Будапеште компанияның орталық кеңсесінде 300-дей қызметкерлер жұмыс жасады. Компанияның негізгі өнімі – ArchiCAD. ArchiCAD программасы 80 елде 22 тілде таралған.
1.7-сурет – ArchiCAD Graphisoft
2.1 Adobe Flash технологиясы
Adobe Flash – веб-қосымшалар құру үшін арналған танымал мультимедиялық технология. Флеш 15 жыл бұрын пайда болған (FutureSplash Animator, кейінірек Macromedia Flash, 2006 жылдан бастап – Adobe Flash) және содан бері күшейе түсті.
Қазіргі кезде Flash растрлық, векторлық, 3-D графикамен, аудио және видео компоненттерімен жұмыс жасауға рұқсат береді және осы айтылғандардың бәрінен анимациялық сахна немесе интерактивті орта құру. Бүгінгі таңда флеште интернет-жарнама, ойындар, роликтер, қосымшалар және сайттардың үлкен көлемі жасалуда. Құру құралы Adobe компаниясының Flash Professional және Flash Builder қосымшалары болып табылады [13].
Ақпараттық технологиялар аясында жылдам прогресс дербес компьютерлерді оңтайлы оқыту құралы ретінде пайдалануға рұқсат береді. Білім беру үрдісін автоматизациялау компьютерлік оқыту программалары және интрактивті оқулықтар арқылы болады. Осыған байланысты өте маңыздысы әр түрлі оқу пәндері бойынша интерактивті оқулықты құрудың концепцияларын өңдеу. Қарапайым кітаптардың басты кемшіліктеріне дәстүрлі қолданатын сызықты ретті алға тарту және мәселерді баяндаудың жоқтығы. Мұндай кітапты оқу салдарынан оқушыда білім алуға деген құштарлығын тудырмайды. Оған қоса, қарапайым кітап пайдаланғанда кері байланыс ұйымдастыру және білім алу үрдісін басқару мүмкін емес.
Flash қолданбасы цифрлық мультимедиялық продуктілерді жасауға арналған универсалды тәсіл. Векторлық графикаға негізделген Flash технологиясы цифрлық технологиялар арасында әрқашан бірінші позицияны алады. Flash-тің негізгі мүмкіндіктері тығыз қолданушыға белгілі. Бірақ мұнымен оның мүмкіндіктері шектелмеген. Қолданбаның өсуімен қатар, оның қолдану ортасы да кеңеюде. Қазіргі таңда Flash интернетке және компьютерлерге, ойын приставкалары мен ұялы байланысқа арналған продуктілер жасау мүмкіндігін береді.
Adobe Flash құндылығы мультипликация, графика мен эффекттердің жоғары сапасы арқасында Flash-тегі сайттар өте тартымды көрінеді. Қолайлы және әмбебап. Flash технологиясының көмегімен алатын нәтижені ол технологияны қолданбай жасау мүмкін емес. Флеш технологиясы бәрін бір қосымшада Adobe Flash Professional-да жасауға мүмкіндік береді. Ақырғы файл контенттің кез келген түріне – мәтіндік, аудио, видео, векторлық және 3-D графикаға контейнер тәрізді болады. Сонымен қатар осы «контейнер» секілді орналастыру өте жеңіл.
Adobe Flash – барлық күрделіліктегі интерактивті қосымшаларды жасаудың ең оңай тәсілдерінің бірі. Шынында, соңғы уақытта көбі сайттың алға жылжуы үшін қолданушыларды қызықтыру үшін онлайн флеш ойындар жасаумен айналысып жатыр.
Adobe Flash қосымшасының басты кемшілігі – ауыр салмақтылық деп айтуға болады. Flash Player виртуалды машинасының тиімсіздігімен байланысты орталық процессорға шамадан тыс күш түседі. Бірақ та кей жағдайда олардың әзірлеушілермен Flash-қосымшаның «генераторлары» деп аталатын жеткіліксіз оптимизациясымен орны болатынын ескере кеткен жөн. Векторлық графиканың арқасында рұқсатына тәуелсіз суреттің жоғары сапасына қол жеткізуге болады, сонымен қатар файл размері шағын болып қалады. Флеш технологиясын қолдана отырып кескін сапасынан үнемдеу қабылданбаған [14].
Екінші кемшілік – қауіпсіздік. Flash-қосымшаның екінші маңызды кемшілігі қосымшалармен қоса браузердің де жиі бас тартуына алып келетін қателерді жеткіліксіз бақыламағаннан пайда болған.
Үшінші кемшілік – флеш контентті көру үшін арнайы плагиндер қажет Барлық виртуалды машиналарға тән, Flash-қосымшаны барлық уақытта іске қосу мүмкін болмайды. Мысалы, кейбір қолданушылар немесе администраторлар браузер баптауларынан Flash-контент ажыратып тастайды, бұл жүйелік ресурстарды экономдаумен байланысты, ақпараттық қауіпсіздікпен мазасыз жарнамалардан құтылу үшін жасалады. Бұл кемшілік Flash технологиясын әмбебеп болудан шеттейді және олардың веб қосымшаларда қолданылуын шектейді.
Төртінші кемшілік – іздеу оптимизациясының мүмкіндіктері шектеулік Flash қолдану мәтіндік ақпараттарды орналастыру үшін олардың іздеу желісінде индекстеу қиындық туғызады.
Бесінші кемшілігі – жанама менюдің болмауы. Flash-қосымшасы өзінің баптаулары үшін әзірлеушілермен кейінге сақталған тышқанның оң жақ батырмасын пайдалана алмайды.
2.2 Flash-тің құрылу тарихы
1980 жылы Калифорнияда бірнеше компаниялардың бірігуі нәтижесінде Macromedia компаниясы құрылды. Ол компаниялар: бірінші, Macromind – программалық қамтаманы өңдеуге негізделген Чикаголық компания, оның продуктілерінің бірі болған қолданба – Video Works. Екінші Paracomp – Macintosh-ға арналған SwivelSD SD қолданбасымен белгілі болған Сан-Францискодағы компания. Үшінші, Authorware компаниясы(Миннесота штаты) Authorware мультимедиялық қолданбасы шыққаннан кейін атақ алды. 1991 жылы Macromind және Paracomp компаниялары Macromind – Paracomp компаниясы болып бірікті, кейін оларға Authorware компаниясы қосылды. Төртінші компанияның негізін салушы Джонатан Гай. Оның еңбектері: Macintosh-қа арналған ойындар Dark Castle және Beyond Dark Castle. Ол 1993 жылдың қаңтар айында өзінің жұмыскері және программист Чарли Джексонды (Silicon Beach Software компаниясының негізін салушы) қаражатты инвестициялауға және Future Wave компаниясын құруға көмектесуіне көндірді. Жоба бойынша жаңа компания программалық қамтамаларды жасауға негізделген. Бірінші еңбегі Go деген атпен шықты. Өкінішке орай, планшетті компьютерлер қолдану аясында атаққа ие бола алмады. Оған қоса, корпоративті қарсылас AT&T атап кетпеу мүмкін емес. Осы себептерге байланысты Go қолданбасы қолданыста өз орнын таба алмады.
Сөйтіп, Future Wave компаниясы көптеген қиындықтармен кездесті: бір жыл өз қолданушысын таба алмаған программалық қамтаманы жасауға кетті. Компанияға ешқандай кіріс түспеді. Go қолданбасына қосымша ретінде жасалған SmallSketch шағын графикалық программасын шығарғанда, жағдайды өзгертуге мүмкіндік туды. Жаңадан жасалған жоба қолданушылар аясында Macintosh-қа, Windows-қа да арналған сурет салу программасы ретінде жүрді. Программаны құрушылардың бұдан кейінгі ең маңызды ісі деп SmallSketch-ті қолданбадан, статикалық суреттерді жасауға арналған анимацияларды дайындау программасына өзгерту шешімін қабылдағаны. Adobe және Fractal Design компаниялары бұл технологияны сатып алуға қарсылығын білдіргеннен кейін, Future Wave компаниясы FutureSplash Animator программасын дайындады. Программа 1996 жылдың жазында жарыққа шықты. Бұл қолданба векторлық графика негізінде сызықты анимацияларды салуға негізделген. Берілген еңбек щыққаннан-ақ өз қолданушыларын тапты. Қолданба MSN-нің (Microsoft компаниясы) Web нұсқасын және Disney Daily Blast-тің (Disney компаниясы) электрондық нұсқасын жасауға қолданылды. 1996 жылдың қараша айында FutureWave Macromedia компаниясынан бірігіп жұмыс жасауға ұсыныс алды. Бар болғаны алты адамнан тұратын шағын компания үшін, бұл жақсы мүмкіндік болды. 1996 жылдың қаңтар айында Macromedia компаниясы Future Wave-тан FutureSplash технологиясын сатып алды. 1997 жылдың басында Flash 1 нұсқасын щығарды. Эстафета Macromedia компаниясына берілгеннен кейін Flash-тің қарқынды өсуі басталды.