Файл: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 427
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Өлшеулерді орындау әдістемелері
1971 жылға дейін КСРО-да метрологиялық қызметтер мемлекеттік және мекемелік салыстырып тексеру арқылы өлшеу құралдарының жарамдылығы анықталатын өлшеу құралдары- ның біркелкілігін қамтамасыз етуі бойынша жұмыстар жүргі- зілді. Өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру номенклатура бойынша анықталды.
1971 жылдан бастап КСРО Мемстандарты өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізе бастады. Өл- шем бірліктерін қамтамасыз етуге көшу нақты себептерден туындады. Өлшеу қателігі аспаптан кететін қателіктер, өлшеу құралдарының мерзімді қателіктері ғана емес, әдіс қателігі және операторлармен енгізілетін қателіктер де бола алады. Өлшеу қателігіне өлшемдерді жүргізу жағдайлары да айтарлықтай ықпал етеді.
Өлшеудің бірыңғайлығын қамтамасыз ету үшін алғашқы және мерзімді тексеруді сынау немесе метрологиялық іскерлік сараптаудан өткен өлшеу құралдарының қолданылуы ғана емес, аттестатты өлшеулерді орындау әдістемелерінің қолдануы керек. 1972 жылы ГОСТ 8.010-72 «МТЖ. Өлшеулерді орындау әдістемелерін стандарттау мен аттестаттауға жалпы талаптар» бекітілген. Метрологиялық ұғымдардың санында осы кезден бастап өлшеулерді орындау әдістемесі (ӨОӘ) пайда болды.
ГОСТ 8.010-72 қайта бекітілгеннен кейін өлшеулерді орындау әдістемесіне стандарттар мен әдістемелік құжаттар пайда болды. ӨОӘ аттестаттау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады.
1993 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігі туралы» заңы қабылданды және ӨОӘ мет- рологиялық
аттестаттау міндетті болды.
2000 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» жаңа заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасында ҚР СТ 2.18-2001 «Өлшеулерді орындау әдістемелері. Әзірлеу, аттестаттау және қолдану тәрті- бі» және ҚР СТ 7.6-2001 «Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі. Метрологиялық қызметтерді өлшеулерді орындау әдістемелерін аттестаттау құқығына аккредиттеу тәр- тібі» мемлекеттік стандарттары әзірленді.
ҚР СТ 2.18-2001 талаптарына сәйкес ұйым және кәсіпорын- дар төменде көрсетілген үлгі бойынша мемлекеттік бақылау аясында қолданылатын ӨОӘ құжаттарының тізімін жасау керек, ал ҚР СТ 2.18-2001 талаптарына сәйкес келмейтін ӨОӘ құжаттарды жеке бөліп көрсету қажет.
11-кесте
Мемлекеттік метрологиялық бақылау (ММБ) саласында қолданылатын ӨОӘ құжаттар тізілімі
(кәсіпорын атауы)
ӨОӘ регламент- телген құжаттың белгіленуі мен аталуы | Өлшем шамасының атауы | ӨОӘ тағайын- далуы | Цех, участок, техноло- гиялық үдеріс | Аттестаттау туралы ақпарат |
| | | | |
| | | | |
Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясында қолданыла- тын ҚР СТ 2.18-2001 талаптарына сай ӨОӘ құжаттары мүлдем алынып тасталуы немесе қайта қаралуы және аттестатталуы керек.
Кеңінен қолданылатын немесе аса жауапты өлшемдерді өлшеуге арналған ӨОӘ құжаттары ең алдымен қайта қаралып, аттестатталады.
Егер кәсіпорын ӨОӘ аттестаттауды өз күшімен жүргізетін болса, онда ӨОӘ аттестаттауды жүргізетін мамандарды да- йындауды және аттестаттайтын метрологиялық қызметтерді аккредиттеу шараларын жоспарлау қажет.
5-сурет. Өлшеулердің орындалу әдістемесі
Бұл құжаттарда өлшеулерді орындау талаптары тізімі бола- ды, бірақ өлшеулердің дәлдік көрсеткіштері туралы мәлімет- тер көбінесе болмайды. Ал МӨЖ талаптарына сәйкес ӨОӘ техникалық құжаттамасында міндетті түрде өлшеу дәлдігінің көрсеткіштері көрсетілуі керек.
ӨОӘ-сін конструкциялық және технологиялық құжаттарда рәсімдеу кезінде өлшеу әдісіне, құралдарға, шарттарына және алгоритміне талаптар ГОСТ 8.010-99 және ҚР СТ 2.18-2001 сәйкес болуы керек.
Өлшеулерді орындау әдістемесінің құжаттары
ҚР СТ 2.1-2000 «ҚР МӨЖ. Терминдер мен анықтамаларға» сәйкес өлшеулерді орындау әдістемесі - қабылданған әдіске сәйкес өлшеу нәтижелерін кепілденген дәлдікпен алуды қам- тамасыз ететін өлшеу кезіндегі белгіленген операциялар мен ережелердің жиынтығы (5-сурет).
Жоғары дәлдікпен және қателігі мүмкін шектен аспайтын өлшеу нәтижелерін алу өлшеулердің бірлігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Анықтамадан көрініп тұрғандай, өлшеулерді орындау әдістемесін өлшеудің технологиялық үдерісі деп түсінуге болады. Сондықтан ӨОӘ үдеріс ретінде де, ӨОӘ құжаттамасы ретінде де қарастыруға болады.
Барлық ӨОӘ-ері ӨОӘ құжаттарымен сипатталған және рәсімделмеген. Қарапайым құралдардың көмегімен тікелей өлшеулер үшін құжатталған ӨОӘ қажет емес. Мұндай жағдайда технологиялық немесе конструкторлық құжаттамаларда өлшеу құралдарының түрі мен негізгі метрологиялық сипаттамаларын көрсету жеткілікті.
ӨОӘ құжатта рәсімдеуді тапсырыс беруші өнімді немесе нысанды әзірлеу кезінде талап ете алады, ол туралы техникалық тапсырмада көрсетіледі.
Қазіргі кезде ӨОӘ әртүрлі техникалық құжаттамаларда: стандарттарда
немесе олардың тараулары, техникалық шарт- тардың «Бақылау (сынау, талдау, өлшеу) әдістері» бөлімінде, сынау бағдарламалары мен әдістемелерінде, бұйымдарды пайдалану бойынша нұсқауларда, технологиялық карталарда, технологиялық құжаттарда, фармакопеялық баптарда рәсімделеді.
Өлшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеу
Өлшеуді орындау әдісін әзірлеуде келесі операциялар орындалады (6-сурет):
-
ӨОӘ әзірлеу үшін бастапқы мәліметтерді қалыптастыру; -
ӨОӘ үшін әдістерді және өлшеу құрылғыларын таңдау; -
Өлшеуге дайындық және өлшеу кезіндегі, нәтижелерді өң- деу барысындағы операциялар тізімі мен мазмұнын белгілеу; -
Өлшеу қателіктерін бағалау және өлшеу қателіктерінің сипаттамаларын орнату; -
Нормативтерді әзірлеу және өлшеу нәтижелерінің қателікте- рін бақылау; -
ӨОӘ құжаттарын әзірлеу; -
ӨОӘ құжаттарының жобасын метрологиялық сараптау; -
ӨОӘ метрологиялық аттестаттау және өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі тізіміне енгізу.
Кейбір техникалық құжаттарда өлшеу құралдарын тех- нологиялық үдерістерде қолдану бойынша ұсыныстар келтіріледі. Машина құрылысында РД 50-98-96 «сызықтық өлшемі 500 мм дейінгі әмбебап өлшеу құралдарын таңдау».
6-сурет. ӨОӘ әзірлеу іс-шарасы