Файл: 20 " " 1 сыныпа арналан трбие жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Қарттарым асыл қазынам»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Қарттарым асыл қазынам»

Сабақтың мақсаты:

Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;Сол сөздерден өнеге алуға баулу

Құндылықтарды дарыту

Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

1.Аталар сөзі – ақылдың көзі. 2. Ата өсиеті. 3. Баталы құл – арымас. 4. Жарасып тұр дәстүрім

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

Жұмбақ шешу:

Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің, Білер оны сұраған, Ол кім? (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп, Мейірімді жүзі күлімдеп. «Тәтті-ақ» дейді немере, Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (әже)

Оқушылардың өлеңдері тыңдалады

Оқушылар өздері суреттер салады

Жұмбақ шешу:


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


« Мен атамның жалғасымын» Ата-бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты. Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.

«Ата-әжем мақтанышым»

Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды,іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық

іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады. ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру. Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы қасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.Өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана,перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін,жасөспірімді тәрбиелейді


Оқушыларға жеті атасын айтқызу.






Соңы

«Бабаларым, рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!


Ән: «Асыл әже» (хор)






Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ұстаздық ұлы қызмет»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ұстаздық ұлы қызмет»

Сабақтың мақсаты:

Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрену. Оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

Құндылықтарды дарыту

оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар мерекесі келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.
 Ұстаз сөзінің формуласы қандай

Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – тапқыр
А – ардақты
З – замандастай зиялы


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

( Ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Ұстаз мейірі мен ана мейірімі егіз
Ұстазы бейілді болса,
Шәкірті зейінді келеді
Өмірдің діңгегі—ұлы ұстаз.

Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты ,
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын жатты

Жайраңдап көктемім
Күледі көкте күн
Құшағын жайып
Аяулы мектебім
Санама нұр құйған
Ұстазым көп менің.

Сөз сөйлесе,жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызықөтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.

Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл
Ұстаздарым осындай.
Бір баланың өмірге танымын, оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген ұстаздың еңбегі сол баланың бақыты өмірімен де есептелмес! Ал біздің арамызда мұндай ұстаздар қаншама! Сондықтан да Сәбит Мұқанов:

«Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты» - деп жыр жазған.


Оқушылардың ұстаз туралы жыр шумақтары тыңдалады


Компьютер

 



Ортасы (20 мин)


Проблемалық сұрақтар: Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ. 1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?

2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.

3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер. Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдерме?



Оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап береді



Компьютер

Соңы

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.



«Ұстазым» әні



видеоролик




Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Біздің тілегіміз достық»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Біздің тілегіміз достық»

Сабақтың мақсаты:

Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


І. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері. Топқа бөлу.

Тақырыпты ашуға арналған үзінді.

Ертеде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары: - Достық нешеу деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Дұрыс-ақ. Енді оны қалай ажыратамыз дегендерге: Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады деп жауап берген екен.



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


Компьютер


Сабақ басы (13 мин)


«Екі дос» видеоролигі.

1.Достық деген ұғымды қалай түсінеміз ?

2. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

3. Дос қандай болу керек?

Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,

Жаман достан жамандық келеді екен
Ойлан, тап!

1-топ

1.доссыз адам кемшіліксіз дос қалады іздеген

2.жылатып күлдіріп дос айтады дұшпан айтады,

3.жаңасы киімнің достың жақсы, көнесі жақсы

2-топ

1.ақшаң көп досың болсын көп болғанша,

2.сырлас, досы жоқпен көппен сыйлас досы

3.басқа қарайды, дұшпан дос аяққа қарайды

3-топ

1.дұшпан артық ақылсыз достан ақылды

2.адам тең жоқ доссыз тамыры ағашпен

3.білімдімен болсаң, ақылын айтар. дос сасқанда

Достық әдеп сыйласым,

Дос өмірлік қимасым

Дос арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті, дей отырып
«Пазл» ойыны.

Сергіту сәті. «Жан досыма» әнін орындап, балалар сергіп қалады.

Кім жүйрік?

Дос туралы ұяшықпен сұрақтар, тапсырмалар беріледі.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушыларға конверттер беріледі. Конверттегі шатасқан сөздерді рет-ретімен орналастырып, мақал-мәтелді толықтырып оқиды.

сурет қиындыларын рет-ретімен орналастыру.


Компьютер

 



Соңы

Бағалау. Оқушылар шаңыраққа өздерінің «Дос» туралы ойларын ілу арқылы қорытындылайды.




Оқушылар жеке-жеке








Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Аналар асыл жандар»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Аналар асыл жандар»

Сабақтың мақсаты:

Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру

Құндылықтарды дарыту

. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы





Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат , аяулы жан-аналарымызды,қыздарды 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр , бақытты өмір , отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып «Арулар-асыл жандар» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

«Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық. »

«Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры»


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгелеңген дүниеде,

Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!
Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,

Қуанышқа кенеле бер, Анашым!
Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың,

Сен жомартсың, данасың!
Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам, Анашымды күнге ғана баласам. Жер бетінде ең жақыным - өзіңсің Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!

Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен

Құттықтаймын, анашым,

Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң ба екен?

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?!
Ойын « Ананның есімін ата» ананның есімі қай әріпке басталады сол әріппен ананды таныстырасын.

Олай болса бізбен бірге «Анамызды қаншалықты танимыз» сұрақ жауап ойының ойнайсың ба?

- Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына тас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім, балалар?




Оқушылардың құттықтауы

Оқушылар аналарының есімін айтады
Оқушылар

АНА, АНА,АНА

Компьютер

 

видео


Ортасы (20 мин)



 Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Ана дамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туып тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.


Оқушылар аналарына арнап салған суреттерін ұсынады


Компьютер

Соңы


Мұғалім: -Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп -Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді: -Әкеңе,-деді . Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.



«Ана туралы жыр»

Хор ән