Файл: Таырыбы Туелсіздік шежіресі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шежіресі»

Мақсаты :

  1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.




  1. Қазақстанның  болашақ дамуына  өзіндік  үлес  қосатын

жеке  тұлға  екендерін  ұғындыру.

Оқушы  бойында  саналы  тәртіп,сапалы  білім  алуға  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру.Қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  адам  өмірі  мен   жақсы  тұрмыстыққұндылықтарын  ұғындыру, жауапкершілік  сезімдерін  ояту..

3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін   қалыптастыру, өткен тарихқа

деген қызығушылығын ояту.

Түрі: танымдық тәрбие сағаты

Әдісі: интерактивті әдіс

Көрнекіліктер: интерактивті тақтаслайд, газет-журналдар, т.б.

Мазмұны мен өту барысы:

Жоспар:

І. Ұйымдастыру. Кіріспе  сөз.

ІІ.    Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)

ІІІ. “Ой  додасы” (пікірлерін  айту)

Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

Кеше (өткен  тарихқа шолу)

Бүгін

1.  Біз кімбіз ? (таңбалау)

2. “Елдің  жастарға  жасауы”

Ертең

Болашақ біздің  көзімізбен

Оқушылар шығармашылығы (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)

ІҮ.Даналар деген екен Тәуелсіз ел туралы афоризмдер,  даналық сөздер, мақал-мәтелдер

ІV. Түйін.

Әнұран

І.Кіріспе  сөз

Мұғалім  сөзі: 

Құрметті ата –аналар мен ұстаздар.Бүгінгі «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Сан ғасырлар бойы ата – бабамыздың аңсаған арманы ел Тәуелсіздігі ата – бабаларымыздың ерен еңбектері, күш жігерлері , батырларымыздың білегімен , кешегі желтоқсанда қыршынынан қиылған қазақ қыздары мен ұлдарының қанымен келгендігін біз бүгінгі «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында өткелі отырған тәрбие сағатымызда айтып талқылағалы отырмыз. Әрбір қазақ баласы туған елінің, Тәуелсіздігінің шежіресін, тарихын білуге тиіс. Бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас ежелден азаттықты аңсап,азаттыққа жасаған қадамымыз болды.Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір «соқтықпалы» соқпақтағы ең ірі адым болды. «Мың өліп, мың тірілген» тәуелсіз қазақ елі өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды.


Осы желтоқсанда құрбан болған жастарымызды 1 минут үнсіздікпен есімізге алайық!

1-жүргізуші (Назым): Армысыздар құрметті ата –аналар мен ұстаздар!

2- жүргізуші(Нұрсұлтан): Ассалаумағалейкум құрметті қауым!

Ел Тәуелсіздігіміздің мерейлі мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші (Назым): Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.Бұл қазақ ұлтының тарихы үшін үлкен орын алатын мереке.

Балалар Қазақстан қандай мемелекет?

ІІ.Топтастыру  (интерактивті тақтада орындау)

Гауһартас: Қазақстан қандай мемлекет?

демократиялы

зайырлы

құқықты    

көпұлтты

әлеуметті                                          



біртұтас
1-жүргізуші (Назым): Ия, балалар «Ой додасы» айдары бойынша сендердің пікірлеріңді тыңдайық. Біз бүгін Қазақстанның  кешегі  күніне, яғни   тарихқа  шолу жасаймыз.

Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

ІІІ. Ой   додасы (ой  пікірлерін  тыңдау)

2- жүргізуші(Нұрсұлтан):

 Қазақстан-кеше…

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Кеше (өткен  тарихқа шолу)

Шолпан: Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан   соғысы,  1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, айтпаймыз. Себебі бұл – тарих.

1.Жоңғар  шапқыншылығы (Ақбаян)

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын.


1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.

Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.

Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.

Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады» - дейді.

2.Ашаршылық(Аяу)

1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне жоңғарлар тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді.

Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді. Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Ел-жұртынан айрылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, бағы заман,

Баяғыдай болар ма тағы заман!

Қарындас пен кара орман қалғаннан соң,

Көздің жасын көл қылып ағызамын.


«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

3.Репрессия(Бексұлтан)

Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары. Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін « Қазақстанға Ұлы Октябрь революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Октябрь » революциясын жасау керек » деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі интеллигенцияға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды. («Мінбер» бейнесюжет)
4.Ұлы Отан  соғысы(Нұргүл)

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыс жыл­да­рын­да Кеңес Ар­ми­ясы­ның қата­рына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстан­дықтар шақырыл­ды, 20дан ас­там атқыш­тар ди­визи­ясы мен басқа да әске­ри бөлімдер құрыл­ды. Май­данға 14,1мың жүк және жеңіл ав­то­мобиль­дері, 1,5мың шын­жыр та­бан­ды трак­тор, 110,4мың жылқы жіберілді.


Жүзде­ген мың қазақстан­дықтар ерлігі үшін ор­дендер­мен және ме­даль­дар­мен ма­рапат­та­лып, қазақстан­дық 500-ден ас­там жа­уын­гер Кеңес Одағының Ба­тыры атағын ал­ды, оның ішінде екі қыз – Әлия Мол­дағұло­ва мен Мәншүк Мәме­това бол­ды. Төрт қазақстан­дық Т. Би­гель­ди­нов, С. Лу­ганс­кий, И. Пав­лов, Л. Бе­да екі мәрте Кеңес Одағының Ба­тыры атағына ие бол­ды. Рей­хстаг­та Р. Қошқар­ба­ев жеңіс ту­ын тікті. Соғыс­тан кейін Ба­тыр жұлды­зы көрнекті әскер бас­шы­сы Б. Мо­мышұлы­на берілді.

Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді.

5.Желтоқсан  оқиғасы(Шолпан)

(Интернеттен алынған «Желтоқсан желі» өліңінің желісімен жасалған слайд көрсетіледі)

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.