Файл: Таырыбы Туелсіздік шежіресі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  • 2007 жылы КСРО және ҚР халық артисі Ғазиза Жұбанованың 80 жылдық мерейтойына орай филармония алдына ескерткіш мүсіні орнатылды. Авторы - мүсінші Жәдігер Кенбай.

  • 2007 жылы Ауғанстандағы соғыста шейіт болған интернационал жауынгерлерге арналған «Қақ жарылған құлпытас» атты ескерткіш орнатылды. Авторы - Ж.Кенбаев.

  • 2007 жылы «Қобыланды батыр» кешені салынды. Авторы - ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Бек Ыбыраев.

2008 жыл.

  • 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі»монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы - Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.

  • 2008 жылы қаңтар айында - Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы шықты.

  • «Самрұқ-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан Республикасының «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару холдингінің бірігуі туралы ҚР  Президентінің Жарлығымен 2008 жылы  13  қазан  айында құрылды. Қор қызметінің басты мақсаты мемлекеттік даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инфестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру болып табылады.
    Қор Директорларының Кеңесін Премьер-Министр басқарады.


  • 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам -  6 шілде  - Астана күні енді.

  • 2008 жылы шілде айында - 2008-2009 оқу жылына мамандықтар бойынша  жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік  білім беру тапсырысын орналастыру туралы ҚР Үкіметінің бұйрығы.

  • 2008 жылы тамыз айында  Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

  • 2008 жылы қазан айында - Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы қабылданды.

  • 2008 жылы 2 желтоқсанда - 2009-2011 жылдарға арналған  «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

  • 2008 жылдың 23 желтоқсанында   Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.

  • 2008 жыл - Украинаның Қазақстандағы жылы.

  • 2008 жылы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл - Қазақстанда әдеби шығарма кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш. Оның авторы - Ерік Жауынбаев.


2009 жыл.

  • Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.

  • 2009жылы қаңтар  айында -ҚР -да ұлттық халық санағы өтті.

  • 2009 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының білім ғылым министрлігінің № 224  Бұйрығымен - «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді.

  • 2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды.

  • 2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің  ІІІ съезі  өтті.

  • 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады.

Республика халқының санақаралық кезеңдегі саны 1022,9 мың адамға артты, алдыңғы 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі (1999 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-ге) 6,8%-ды құрады.

Қала халқының саны 8639,1 мың адамды, ауыл халқының саны 7365,7 мың адамды құрады.  Сонымен қатар, қала халқының саны 195,1 мың адамға немесе 2,3%-ға, ал ауыл халқының саны  827,8 мың адамға немесе 12,7%-ға артты. Еліміздегі қала халқының үлесі 54%-ды, ауыл халқының үлесі 46%-ды құрады, 1999 жылы олардың арақатынасы тиісінше 56,4% және 43,6%-ды құраған болатын. Анағұрлым урбанизацияланған өңірлерге Қарағанды (мұндағы қала халқының саны  77%-дан астам), Павлодар (67,9%) және Ақтөбе (61,1%) облыстары жатады. Ауыл халқы негізінен алғанда  Алматы (барлық халықтың 76%-ы), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Қызылорда (60,8%) және  Жамбыл (60,5%) облыстарында шоғырланған.

Еркектер саны 7722,8 мың адамды, әйелдер саны 8282,0 мың адамды құрады.   Алдыңғы санақпен салыстырғанда еркектер саны 507,1 мың адамға немесе 7%-ға; әйелдер саны 515,8 мың адамға немесе 6,6%-ға артты. Еркектер мен әйелдер санының арақатынасын қарастыратын болсақ, әйелдер үлесі еркектерден басым (тиісінше 51,7% және 48,3%). Егер 1999 жылғы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 еркектен келсе, 2009 жылғы санақ бойынша 932-ден келді.

Санақаралық кезең ішінде жекелеген этностар санының өзгеруі мынадай деректермен сипатталады:

Алдыңғы санақпен салыстырғанда қазақтар саны   26,1%-ға артты және 10098,6 мың адамды құрады. Өзбектер саны 23,3%-ға артып,  457,2 мың адамды, ұйғырлар 6%-ға артып,  223,1 мың адамды құрады. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3797,0 мың адамды; немістер - 49,6%-ға азайып, 178,2 мың адамды; украиндар - 39,1%-ға азайып, 333,2 мың адамды; татарлар - 18,4%-ға азайып, 203,3 мың адамды; өзге де этностар - 5,8%-ды азайып, 714,2 мың адамды құрады.


Еліміздегі халықтың жалпы санындағы қазақтар үлесі 63,1%-ды, орыстар - 23,7%-ды, өзбектер - 2,8%-ды, украиндар - 2,1%-ды, ұйғырлар - 1,4%-ды,  татарлар - 1,3%-ды, немістер - 1,1%-ды, өзге де этностар 4,5%-ды құрады.

2009 жылғы халық санағын ескере отырып, жедел деректер бойынша республика халқының саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 16196,8  мың адамға жетті. 2010 жылдың басына қазақтар үлесі 63,6%, орыстар - 23,3%,  өзбектер - 2,9%, украиндар - 2,0%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2%, немістер - 1,1%, өзге этностар - 4,5%.

 

  • 2009 жылы Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке өзінің атындағы Ақтөбе жоғары әуе институтының алдынан ескерткіш мүсіні қойылды. Авторы - мүсінші, Жастар Одағы сыйлығының иегері Марат Габдрахманов, сәулетшісі - Ж.Айнабеков.

2010 жыл.

  • 2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.  Қазақстандық  төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.

Біріншісі бірі-бірімізге деген  бізге аса қажетті сенімді білдіреді.

ЕкіншісіЕҚЫҰ -ның  негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда  барынша ашықтық пен транспаренттік.

Төртіншісі - әлемдегі мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті нығайту.

  • 2010 жылы 1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі - мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.

  • 2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті. 2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Оған Азианың 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды.


Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.

Азиада-2011 ресми сайтының ақпараты бойынша бұрынғы рекорд - 29 алтын белгі Жапония құрама командасына тиесілі болған. Ол 1986 жылы Саппаро қаласында өткен Алғашқы қысқы Азиада ойындарында алынған болатын. Ойындағы басты рекорд - Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мықты қарсыластармен болған күресте қазақстандықтармен алынған 32 алтын медаль.

Елбасының тапсырысы бойынша Азиаданың басталу кезеңінде халықаралық кластағы 10 спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде кейбірі әлемдік талапқа келмейді.

  • Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.

  • 2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, жауынгер жазушы, даңқты қол­басшы Бауыржан Момышұлы­ның туғанына 100 жыл толады. Осы орайда қаңтардың 9-ы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманкелді Момышев Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа депутаттық сауал жолдады.

Депутат сауалында дүние жүзіне белгілі тұлға, аты аңызға айналған батыр,

белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық ме­рей­тойын

ЮНЕСКО деңгейінде атап өту қажеттігін алға тартты.

 

2011 жыл

  • Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.