Файл: Таырыбы Туелсіздік шежіресі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Желтоқсан желі әні.

Мұғалім сөзі : Ия балалар қазақ еліміздің тарихы көз алдымызда елестеп өтті. Енді сендердің пікірлеріңді тыңдайық.

Ақерке:Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Болат : Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.


Әсел:Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

1-жүргізуші (Назым):

Қазақстан-бүгін…

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..

Бүгін(бүгінгі  күннің  тарихына   шолу,слайд)
Сапар : Біздің туып – өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан.  Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді.


Әсел: Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.

1-жүргізуші (Назым):

- Нұрсұлтан сенің есіміңді ата- анаңның «Нұрсұлтан» қоюы бекер емес екен. Олай болса сол есімге лайықты болуыңа тілектеспін.

  1. жүргізуші (Нұрсұлтан):

- Мен өз есіміме де сонымен қатар Елбасыммен де мақтанамын.Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жетер еш елде президент жоқ деп айта аламын. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында Қазақстанның абыройын көрсете алды. Сонымен қатар ол ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында қазақстандық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болды. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.

- Балалар біз кімбіз?

1. Біз кімбіз ? (таңбалау)

Ахмет: Тәуелсіз  елдің  жастары

Мұхтархан: Ел  қорғаушы

Бақдаулет: Өз  Отанымыздың  патриоты

Талғат: Заңдарын  қорғайтын  ұландар

Ұланбек: Өз жолын анықтай  алатын  азамат

Жақсылық: Адамның  қадір – қасиетін  құрметтеушіміз

Ақбаян: Әлемдік  өркениетттердің   тоғысқан  жерінде  өмір  сүрген

әулеттердің  ұрпақтарымыз.

Келдібек: Ертеңгі күні ел үшін әр салада  еңбек ететін еңбекқор жастармыз.

Бағлан: Біз бақытты, Интернет жүйесіне    қол жеткізген білімге құштар

жастармыз

1-жүргізуші(Назым):

Ия балалар Тәуелсіз  елдің,Елбасымыздың жастарына  жасалып  жатқан шаралары көп. Осы мәселе туралы балалар сендер не білесіңдер?

2.“Елдің  жастарға  жасауы” ( топтастыру)

Аяу:

Бала  құқығын қорғау  конвенция

Үштұғырлылық – заман  талабы


Оқу  кабинеттері жасақталуда

Мектептер,балалбақшалар   саны  көбеюде

Интерактивтік  жүйе  енгізілуде

Халықаралық “Болашақ” степендиясы  тағайындалды

Жоғарғы  оқу орындарын   ашу

Жастар  саясаты  қолдау  алды

Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

2- жүргізуші(Нұрсұлтан):

Қазақстан-ертең…

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ертең(ертеңгі   күнге   болжау  жасау )

1-жүргізуші(Назым):

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа  қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.

Құрметті ата –аналар мен ұстаздар !

Енді сіздер «Болашақ  біздің  көзімізбен» айдары бойынша жалындаған жастарымыздың жүрек үнінен шыққан жалынды өлеңдері мен шығармаларын тыңдап, суреттерін көріп тамашалайсыздар.

Болашақ  біздің  көзімізбен(ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)

Балалар шығармашылығы.

Шолпан:

Мен өз елімнің тәуелсіз ұланымын. Мен Елбасымның біздің жастар үшін жасап жатқан саясатын қолдаймын.Менің мына жазған өлеңім оған дәлел.

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына,

Елбасым, айналайын, атқан таңым.

Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,

Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,

Төрткөл дүние әлемін сілкіндіріп,

Елімнің шығардыңыз биік үнін.

Елбасым, ер жүректі, ер мінезді,

Елімді айналдырған гүл күмбезге,

Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасшысы,

Жарқыраған қазағымның күні емес пе?

Қазғымның жарқыратқан маңдайын,

Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым,

Қақтырған талай дүниенің таңдайын.

Мен мақтанам Елбасыммен әрдайым.

Ақерке.

Мен Елбасыммен мақтанамын.Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жетер еш елде президент жоқ деп айта аламын. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында Қазақстанның абыройын көрсете алды. Сонымен қатар ол ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында қазақстандық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болды. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.


Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды». Бағзыдан бүгінге жеткен бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол, тайғақты кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, кеткен есемізді қайтарып, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Ақбаян.

Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі ұраны – Президент пен халықтың біртұтастығы. Біз қазіргі таңқаларлық жетістігімізді одан әрі баянды етуге ұмтылсақ, өзіміздің және келер ұрпақтың тағдырына сенімді болғымыз келсе, Қазақстанды Орталық Азияның ғана емес, еуразиялық ұлан-байтақ кеңістіктің қуатты да беделді мемлекеті ретінде көруді қаласақ, ішкі бейбіт өмір мен ұлттық рухани гүлденуді таңдасақ, жаңа ХХІ ғасырдың төріне Елбасымен бірге қадам басуға тиіспіз. Бұл қазіргі зымыран уақыттың талабы. Бұл – өркендеген, талғампаз да зерделі халқымыздың талабы. Бұл – барды бағалай білген, асылын ардақтай алған көкірегі ояу барша азаматтың мұраты.

Абзал ағамыз Бәйкен Әшімовтің: «Екі тізгін бір шылбырды қолына еркін бергеннің арқасында,ел бастаған еріміз деп бүкіл халық боп сененнің арқасында, азаматымыз алға апарады деп соңынан ергеннің арқасында Нұрсұлтан Әбішұлы елдің көшін бір белестен бір белеске биіктетіп алып бара жатыр. Ана талапты сақтаймыз, мына жердің көңілінен шығамыз деп жүріп, саяси тартыстарды қолдан ұйымдастырып, көш қарқынын қолдан кідіртетін,...халықты текке ырың-жырың ететін, жасампаздық істен алаңдататын қадамдардың ешқайсысының да қажеті жоқ. Елдің тізгіні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында барынша ұзақ болуы үшін біз қолда бар мүмкіндіктердің бәрін де жасауымыз керек ... Тоқсаннан жасы асқан мына маған енді ештеңенің де керегі жоқ. Тек елдің тыныштығы, жердің бүтіндігі, елдің мерейі керек. Соның бәріне халқымызды жұмылдыратын , алыс асқарларға ұмтылдыратын Азамат бізде бар. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен біздің алар асуларымыз әлі алда. Елбасымыздың бергені көп, берері одан да көп. Ендеше, азаматтың тілеуін тілейік»- деген сөзінде Елбасына деген үлкен сенім жатса, халқына Елбасына қолдау көрсету керектігін аманаттағаны анық көрініп тұр.