ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәжілісте "НҰР ОТАН" парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия 88.41% дауысқа ие болды. "НҰР ОТАН" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.
-
1999 жылдың 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
-
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
-
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы бірінші санақ өтті .
2000 жыл.
-
2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. -
Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
-
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
- 1 2 3 4
2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
-
2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды. -
2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды. -
2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Облыстық әкімшілік Ленин ескерткішінің орнына Кіші жүздің ханы, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға ескерткіш орнату жайлы шешім қабылдады. Ескерткіш авторы - мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев. -
2000 жылы халықтан жиналған қаржыға Көтібар батыр Бәсенұлына кесене орнатылды. Оның авторлары - сәулетші Несіпбек Қожағұлов және суретші Әділғали Баяндин.
2001 жыл.
-
2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.
2001 жыл - осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
-
2001-2010 жылдары -Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.
-
2001 жылы 13 маусымда Алматыда І республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.
-
2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды. -
2001 жылы 7 қыркүйекте Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.
-
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды. -
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала - Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
-
2001 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті. Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен сипатталады. Еліміздегі конфессияаралық келісім мен ұлтаралық келісім бірін-бірі толықтырады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 22-24 қыркүйек аралығында католиктер мен христиандар, православиеліктер мен иудейлер бастарын қосып, барлық мәселелерді бірлесе талқылаған Әлемдік діндер съездерінің өткізілуі - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы. -
Орыс православие шіркеуі Қазақстанда дінге сенушілер саны жағынан алғанда екінші орында тұр. 1996 жылы орыс православие шіркеуі Н.Ә.Назарбаевты І дәрежелі Киелі князь Даниил Московскийдің орденімен марапаттады.
-
2001 жылы 18 мамырда астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
2002 жыл.
-
2002 жыл - «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
-
2002 жыл 4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.
АӨСШК екінші Саммиті Декларациясында Азиядағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық мәселелерінің жалпы жағдайы қарастырылды. Хатшылық
Алматы қаласына орналасты.
-
2002 жылы 25-26 қыркүйегінде - Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
-
2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті. -
2002 жылы 24-26 қарашада - Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында).
-
2002 ж. Евразияның кіндігі - Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан - шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара - «Бәйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды.Оның биіктігі 97 метр.
2003 жыл.
-
2003-2005 жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
-
2003 жылы Астана қаласындаӘлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды. -
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы - ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді. -
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
-
2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
2004 жыл.
-
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр. -
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
· 2004 жыл - Ресейдің Қазақстандағы жылы.
-
2004 жылы маусымда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттінде «Еуразиялық ықпалдастық: осы заманғы даму үрдістері және жаһандану сынақтары» деген тақырыпта халықаралық форум өтті.
-
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ мавзолейі, киіз үй тәрізді Қарағұл тамы республикалық бюджет қаржысы есебінен қалпына келтірілуде.
-
Байғанин ауданында б.з.д. IV-V ғ.ғ. Сармат дәуірінен қалған ескерткіш биіктігі 12 метр, қабырғасының қалыңдығы 7 метр болатын Қызылүйік, Тасастау ғибадатханаларында қазба жұмыстары жүргізілді. Археолог Зейнолла Самашев аталмыш нысандарды 2004 жылдан бері зерттеп жүр.
2005 жыл.
-
2005 жылы 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығына Н.Назарбаев , В.Путин, басқа да жаңа тәуелсіз мемлекет басшылары қазіргі демократиялық Германия көшбасшыларымен бірге фашизмді күйреткен Жеңіс Күнін Мәскеуде мерекеледі.
-
2005 жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді.
-
2005 жылы 2 маусымда Байқоңырдың 50 жылдығы аталып өтті.
-
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. -
2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді.
-
2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді. Авторлары - мүсіншілер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бақытжан Әбішев және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сергебаев.
2006 жыл.
-
2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев.
-
2006 жылы 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді.
-
2006 жылдың 17 маусымында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) екінші Саммиті болды.
-
2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
-
2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. Авторы - мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
-
2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
-
2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жыл.
-
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
-
2007 жылдың 21 мамырындағыҚазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді.
-
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
-
2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.
-
2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары бағдарламасы» -
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды