ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 38
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент
Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.
- 2003 ж.7 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085
Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-
теңіз күштері құрылды.
-
1992жылы 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды
-
1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
- Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде бірінше болып 56 мүше елді біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.
-
1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.
-
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайыөтті.
-
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды. 1991-1994 жылдар аралығында әлемнің 111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
-
1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
-
1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
-
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
-
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және мемлекет басшылары Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды.Өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады.
-
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рәміздер бейнелейді. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.
-
1992 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
-
ЮНЕСКО-ның келісімі мен тәртібі бойынша 1992 жылдың қазан айында тағайындалған «ЮНИТИ» («Бірлік») халықаралық сыйлығы «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға тапсырылды.
-
1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Екі елде өз елшіліктері ашылды.
-
1992 жылы Тама Есет батыр Көкіұлының кесенесі салынды. Бұл шараға 75 мың адам қатысты деген дерек бар. Бұл идеяның авторы, жалпы осы істің басы-қасында болған - тілші ғалым Мұхтар Арын. Ескерткіш авторы - Тоқтаған Жанысбеков.
1993 жыл.
-
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
-
1993 жылы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Т.О.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды
-
1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.
Қазақстан - әлемде аумағы жағынан 9-орынды иеленетін ірі мемлекет.
Шекарасының ұзындығы шамамен 14 мың шақырым.Мемлекеттілікті
құруға кіріскенде, ең алдымен мемлекеттік шекараны рәсімдеу мәселесі
назарға ілікті.
- Бұл біріншіден, ҚХР-сымен ұзындығы 1700 шақырымға созылған
шекараға қатысты еді. 1994 жылы Қазақстан мен Қытай шекара сызығына
қатысты ірі келісімдерге қол қойылды,
Орта азиялық көршілеріміз Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен екі жақты келіссөздердің барысында барлық мәселелер шешілді.
- Ресей мен Қазақстан арасындағы ұзындығы 7591 шақырым болатын заңды түрде рәсімделген шекараға иеміз.
-
1993 жылдың наурызында Қызылордада «Арал - ғасыр қасіреті» атты халықаралық конференция қатысушылары мемлекет басшылары атынан Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдады. Халықаралық Арал қорын құру жөнінде келісімге келді. Азиядағы ірі мемлекеттерді Аралды қорғау қозғалысына атсалысуға шақырған үндеу қабылданды. Аралды қорғау Халықаралық қорының төрағасы болып, Н.Ә.Назарбаев сайланды.
-
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді.
-
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. -
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
-
1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
-
Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді.Сол жылы парламент таратылды.
-
1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының 19-шы қатысушы мемлекеті болды.
-
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
-
1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
-
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл.
-
1995 жыл - Абай жылы болып жарияланды. -
1995 жылы 12 қаңтарында Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға -«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі -«Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді.
-
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
-
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган - Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты - қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды. -
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
-
1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
-
1995 жылы 19 мамырда Алматыда банкнот фабрикасының бірінші кезегінің ашылу рәсімі болды.
-
1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы шығарылды.
-
1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
-
1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.
1996 жыл.
-
1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды. -
1996 жыл - ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы. -
1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
-
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
-
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Авторлары:архит. Ш.Уалиханов(топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ә.Жұмабав, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б)
1997 жыл.
-
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
-
1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.
-
1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
-
1997 жылдың 20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы - астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
-
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
-
1997 жыл -халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жыл
-
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты. -
1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды. -
1998 жылы 10 маусымда тұңғыш ретжаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
-
1998 жылы 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған ресми делегацияның Ватиканға сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы өзара байланыс туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасында римдік-католиктік шіркеулердің 77 бірлестігі жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан мен Орта Азия католиктеріне арналған Қарағандылық епархия құрылды. Сонымен қатар, Республика аумағында 3 апостолдық әкімшілдік жұмыс істейді.
-
1998 жыл - Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы. -
1998 жылы 6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды.
1999 жыл.
-
1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы.
-
"НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Төраға - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.
Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында "НҰР ОТАН" филиалдары бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды.
Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жариялады.