Файл: Магистрлік жобаны рылымы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 67

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ата-ана мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынас стилдерінің ерекшеліктері


Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады.

Жеткіншек кезеңде ер балаларда да, қыз балаларда да, бір проблемамен кездеседі: ол ата-анамен, құрдастарымен, мұғалімдермен өзара қатынасы, сонымен қатар, алғашқы махаббат, мамандық таңдау т.б.

Жеткіншектерде кездесетін негізгі проблема- бұл «ата-аналармен» өзара қатынасы болып келеді. Жеткіншек жаста бала «балалық шақта» (детской) арылады, яғни олар өзара сенімді, сыйлауды және өзіне ата-анамен тепе-тең қарым-қатынасқа түсуді қажет етеді.

Жеткіншектік жас- отбас мүшелерін әлеуметтік, тұлғалық жағынан тексеретін уақыт болып келеді. Бұл жас дағдарыс және конфликтті болып өтеді. Осылай жеткіншек балалар өз ата-аналарынан бөлінеді, тіпті оларға қарсы да тұрады. Бала осы жаста дөрекі, қатыгез, өз ата-аналарын және басқа да үлкендерді сынайтын да болып кетеді.

Жеткіншек балаларды, ата-аналары кей кездері түсінбей де қалады, өйткені ата-аналар бұл балағанеге тиым салып, неге рұқсат ету керек екенін білмей қалады.Мұның бәрі оңай жағдай тудырмайды.

Осындай жағдайлардан кейін отбасы түрлерін бес топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Ата-аналар мен балалар арасында өте жылы, достық қатынас бар отбасы. Бұл атмосфера барлық отбасы мүшелері үшін жағымды, өйткені бұл отбасының ата-аналары балаларын түсінеді, қолдайды, сенеді. Мұндай отбасының ата-аналары балаларының заманға сай тыңдайтын әндерін, замани сәндерін оңтайлы қабылдайды. Ал балалар өздерінің жақын туысқандарына өте жақын. Бұл отбасындағы жеткіншектер белсенді, тәуелсіз, достық қатынаста болады.

  2. Тілектестік отбасы. Бұл отбасы ата- аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығущыаналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығушылық танытады. Бұл отбасында да конфликттер болып тұрады, бірақ бұлар ашық түрде өтіп, тез шешіледі. Бұл отбасындағы жеткіншектер ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, оларға сенеді. Мұндай отбасында үлкендер мен кіші арасында белгілі арақашықтық сақталады. Балалар мейірімді,ашық жүзді, тіл алғыш, болып өседі. Өздерінің тәуелсіздіктерін кейдк айтып та қояды.

  3. Көптеген отбасында ата-аналар балаларының оқуына, күнделікті өміріне көбірек зейін аударады. Тек осылармен ғана шектеледі. Мұндай отбасындағы балаларға өмірде керекті барлық заттары бар: киім, аудио-видео, құрал жабдықтар т.б. Және өздерінің бөлек бөлмелері, қымбат жиһаздары бар. Бұл отбасындағы бөлмеде кір жатпау керек. Мұндай отбасы ата-аналарының ұрандары мынадай: «басқалардан кем емеспіз». Мұнда анық ата-аналар мен жеткіншек арасында конфликт көрінеді. Мұндай отбасында балаларды материалдық қамту жеткіліксіз, оларды қанағаттандырмайды. Балаларға ең керегі өздеріне деген «үлкен зейін» аудару болып келеді.

  4. Балаларының соңынан аңдитын, оған сенбейтін, балаларына қол көтеретін отбасыларда бар. Мұндай отбасыларында өсіп келе жатқан жеткіншек пен ата-ана арасында конфликт болады. Кейде ол жасырын түрде де болып өтеді. Мұндай отбасындағы жеткіншектер ата-анасына деген өшпенділікті, үлкен адамдарға деген сенімділікті жоғалтады, сонымен қатар өз құрдастарына, қоршаған ортаға сенімсіз болады.

  5. Бұл отбасындағы атмосфера өте тығыз (критический). Үйде қысым өте көп, әлеуметтікке қарсы, мұндай отбасы ата-аналарының бірі ішкіш болып кетеді. Мұндай отбасының күйі, көбінесе жеткіншектердің қылмыс жасауына себеп болады [29].


Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, көбінесе жеткіншектердің жүріс-тұрыстары отбасындағы атмосфераға байланысты екен. Егер жеткіншек ата-ананың өзіне деген махаббатын сезінсе, оған деген зейін аударуды да сезінсе, онда бұл жеткіншектік кезең оңай өтпек. Егер жеткіншек үйде ешкімге керек емес сезімін, зейіннің жетіспеушілігін сезінсе, онда бала, өзімшіл, дұшпаншыл, балаларға деген агрессияны сезініп өседі екен.

Жеткіншек жастағы балалар мен олардың ата-анасының арасындағы конфликт қиындықтың болуы, яғни жеткіншектер өз бетімен әрекет еткісі келеді, ал ата-аналар бұрынғы кішкентай кездегідей біздің айтқанымызды бұлжытпай орындаса екен дейді. Міне осыдан барып қиын конфликттер пайда болады.

Жеткіншектер үшін болған проблемалар, олардың ата-аналары үшін түк емес, өйткені олар бұл проблемаларды кезінде бастан кешіріп, тіпті ұмытып та кеткен болатын. Жеткіншектер үшін жастық шақ, проблемасыз сияқты, яғни «идеалды уақыт» сияқты, бәрі оңай секілді болады. Ал, ата-аналар үшін маңыздысы, яғни балаларына алдын-алу, ескерулерін айтқысы келеді, ал балалар үшін бұл маңызды емес болады. Жеткіншектер мұндай 35-45 жастық жауапкершіліктен, тәжірибеден, үміттен әлі алыста еді.

Үлкендер мен жеткіншектер арасында, кіммен дос болу керек екендігін, қандай мамандықты таңдау керек екендігін, заманға сай (совреманная) әндер, кино, сән үлгілеріне келгенде пікірлері сай келмейді. Балалар өздерін шамданып ұстайды. Ата-аналарының заманға сай емес талғамдары, жеткіншектерді тітіркендіреді.

Нәтижесінде қатынас пен сыйластық жоғалады. Бәріне бұл жағдай жағымсыз тиеді. Кім болса да, бірінші болып қадам жасау керек. Көптеген жағдайда ата-аналар қарым-қатынасты жақсарту үшін бірінші болып қадам жасайды. Өйткені олар данышпан, сонымен қатар қарым-қатынаста да тәжірибелі болып келеді. Және де проблемаларын шешуге өзіндік сананың көмектесетінін ұғынуы олып келеді.

Көбінесе жеткіншек жастағы ер бала үшін де, қыз бала үшінде өз проблемаларын үлкендердің көмегімен шешкенді ұнатады. Ата-аналардың алдында өзінің әлсіз, қорғаусыз екенін жасырмайды, егерде отбасында эмоционалды қысым жоқ болса. Егер де қысым бар болса, онда конфликтіден бас тарта алмай қалады.

Ата-аналар!

  • Естеріңізде болсын, сіздерде адамсыздар. Өздеріңізге де демалыс жариялаңыздар.

  • «Өте жақсы» жасаймын деп әрқашан талпынбаңыз. Бұл неге алып келетінін ойланыңыз.

  • Әрқашан мейірімді болыңыз; өзіңізбен қатынасқа түскенде ортақтықты табуға көмектесіңіз.

  • Бір-біріңізді жақсы көріңіздер. Ұялмаңыздар өз махаббаттарыңызды сөзбен айтуға үйреніңіздер.


Барлық нәрсе бірге болу керек: қуаныш, күлкі, қайғы. Үміт күту, арманымыз қобалжуларымызды бірге бастан кешірсек, онда отбасын оданда жақсы тығыз қарым-қатынас болады. Жеткіншек отбасында шешім қабылданатын барлық кеңестерге тең құқылы қатысуы керек. Сонымен қатар, оның яғни, баланың да жүріс-тұрысы талқыланады.

Ата-аналар шешім қабылдағанда тек өзінің көз-қарастарын ғана ескермеу керек, яғни балалары үшін тиімді жағын қарастыру керек.

Ата-аналар мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынаста мынадай прициптер шығады:

  • Баланы қабылдау, яғни бала қандай болсада, дәл солай қабылданады.

  • Эмпатия- ата-ана проблемаларға баласының көзімен қарайды, яғни баланың позициясын қабылдайды.

  • Конгруэнтность. Болып жатқан жағдайға бала адекватты қатынаста сияқты ата-аналар үшін.

Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғыз басты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [28].

Отбасы нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметтік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.

Шындықтың бейнеленуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-құлқына ғылыми негізделген түрде енудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында аша алады. Отбасын әлеуметтік психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену процесінің негізінде жатқан және де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді

Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас –адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.


Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқасы ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үстемділігі мен нәтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақта әсер етеді, көп жылдар бойына жалғасады, байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалды қарым-қатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тәрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасызданыдырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатынын сезінуі туралы айтылады. Отбасы балалар өмір сүретін негізгі орта болып табылады. Отбасылық қарым-қатынас барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі, сезім мәдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі [8].

Ата-ананың міндеті-ескі өмірлік таптауырындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптауырындар жасау. «Жекеше » қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тәрбиеден басқа балаға отбасы ішілік атмосфера да әсер етеді. Бұл әсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.

Баланың кез-келген жастағы мінез-құлқындағы әлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі және өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Әрине, бұл тәуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі (өткен уақытта) және оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі әсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты әсер етеді.

Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның , мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алсау кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарымқатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген [30].


Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық-жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады. Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни, жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.

Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуына маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудыратын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесіндежеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік дастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталады, ол өз кезегінде рсы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буынында оқумен сәйкес келеді.

Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді бастан өткізеді және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше орындауға тырысады.

Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.

Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын білмеуді білдіреді.