Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 103
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Авторитарлық стиль қатынас түрлеріне: Әрқашанда дұрыс. Отбасында ата-ананың бірі билік етеді. Тәкәппар, өрескел, үстірт, ресми, кейде дөрекі сөзбен де қатынасады. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Қатаң қадағалау, жазалау, «бастық бағынушы» стратегиясы қолданылады.
Демократиялық стилдегі қатынас, ол отбасында баланың дербестігі дамиды. Мейірімді, сыпайы, әдепті, баланың қабілеті, мүддесі ескеріледі. Отбасылық тәрбиесә стратегиясы: Достық. Кейде өзара қамқорлық. Назарбалаға аударылған: бала отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы, әйел мен еркетің түйісетін ортақ нүктесін табу құралы.
Либералдық стилде бейтарап қатынас, индефференттілік тән. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Немқұрайдылық. Кейбір көп балалы отбасында, ата-ана ішкіш, немесе жұбайлар отбасынан тыс құндылықтарға көңіл аударады, қайталама неке болып келеді.
- 1 2 3 4 5
Ата -анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың обьективтік факторлар және ерекшеліктер.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы»- деп, отбасының міндеті ретінде нақты көрсетілген , «Қазақстан-2030»бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң және жоғары, орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасының өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының өзіне тән негізгі міндетін орындау қажеттілігі айқындала түседі.
Адамзат қауымының болашағы бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Жаңа қоғамға білімтар, белсенді, талантты, іскерде ізденгіш, өмірге құштар және еңбекке бейімді, өзі және басқада адамдардың эканомикалық, әлеуметтік ахуалына пайдалы, ұлты, Отаны үшін жауапкер адамдар қажет. Отанымыздың азаматтары ұзақ жылдары қалыптасқан масылдық психологиядан арылып әркімнің өз өмірі, күн көрінісіне өзі жауапкершілігін, сонымен бірге отан, халық алдындағы парыздылықтың да жаңа сипатын санаға салып ұғынып, сезіне бастады. Бұндай қоғамдық жаңғыру, оның азаматтарының ой-санасының жаңа деңгейге көтерілуіне шарт түзеді, іскерлікке итермелейді. Алайда, отбасы тәрбиесіне ықпалы мол өтпелі кезеңде қашанда пайда болатын кедергілер мен тосқауылдардың себептері жойылмайынша қоғамдық даму толыққанды болмайтыны да белгілі. Осы міндеттерді орындаудағы отбасының өзіндік орнын ескермей болмайды. Коммунистік идеологияны сылтауратып, тоталитарлы тәртіп орнатуды көздеген өткен кеңес дәуірінде бала тәрбиесі бала бақша, мектеп, жоғары, орта оқу орындарына сеніп тапсырылылды да, тәрбиеләк мәнділігі ескерілмеді. Әйелдердің табиғат сыйлаған ана болу, отбасының түтінін түтетіп, шаңырағын ұстап отыру міндеті маңызын жоғалтып, ерлермен тең саналып, үйдің ұйтқысы болудан аулақтап кетті. Мұндай жаңсақтық тәрбиедегі қателіктергеәкеліп соқтырды. Қоғамдық өзгерістерге байланысты қалыптасып келе жатқан әлеуметтік-эканомикалық ахуалдың субъективті-объективті шарттары да отбасы тәрбиесін күрделендіре түсті, «отбасын, әлеуметтік өмірдің басқа сфераларынан бөліп қарауға болмайды, керісінше, олардың ықпалы күшті». Әлеуметтік-эканомикалық, экалогиялық өзгерістердің ықпалы, отбасы құрылымы К.Маркс, Ф.Энгельс еңбектерінде және Ф.Энгельс отбасы өзінше бір мемлекет болғандықтан, соған тән барлық мәселелері болады деген. «Қалыпты отбасы (нормальная)» деген ұғымды М.Мид әр кімнің әр қалай түсінетіні және оның әр халықта, әр елде мемлекетте әр түрлі айқындалатынын айта келіп, «қалыпты» ұғымы шартты түрде ғана берілетін атау дейді. Ол мұндай отбасына мүшелерінің қажеттенулерін минимум қамтамасыз еткен, оларды қорғай алатын, балалардың психологиялық жетілуі, әлеуметтенуіне шарт түзе алатындары жатады деп белгілейді. Мұндай отбасына әкесінің толық жауап беретінін баса көрсетіп, осы талапқа сай келмейтін отбасы типтерінің барлығын аномалды отбасылар қатарына жатқызады.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне, жалпы отбасы тәрбиесіне болған көзқарасын жаңа тұрғыда қалыптастыру; отбасы тәрбиесінің педагогикасы, психалогиясымен қаруландыру; бала психологиясы, физиологиясының ерекшеліктерін меңгеру, отбасы мәдениетіне қатысты білімдерін жетілдіру, тәр биелеу әдіс-тәсілдерін меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұлармен қатар, мектеп пен отбасы байланысын нығайту, мәдени демалуды отбасымен бірге ұйымдастыруды насихаттау жеткіліксіз. Отбасы тәрбиесіндегі көптеген келеңсіздіктер ата-аналардың өз міндетін толық орындамауы, отбасы мәдениетін меңгермеуі, отбасы педагогикасы мен психологиясын білмеуінен болып отырғаны да белгілі. Отбасы тәрбиесін түп тамырынан өзгерту; әйелдердің үйде отырып, бала тәрбиесімен шұғылдануына шарт түзу; Ерлердің қоғамдағы беделін көтеру, әр ер адамның жұмыс істеуі, оған жақсы ақы төлеу; сөйтіп отбасындағы беделінің артуына шарт түзу жолдарын қарастыру секілді мәселелер өз зерттеушілерін күтуде.
Отбасына жаңа көзқарас қалыптастыруда ата-аналарды, отбасы алғашқы тәрбиелеу институты – екеніне және ата-ана не істесе бала соны сөзсіз қайталайтынына нандыру, санасына сіңіру – қоғамды әлеуметтік, эканомикалық дамытудың, әлеуметтік парасаттылыққа жетудің басты шарттарының бірі.
Отбасы тәрбиесінің табысты болуы – ата-ананың баланы не нәрсеге, қалай тәрбиелейтіндігін анық білуі және оны іске асыруына байланысты. Отбасы тәрбиесін өмірге қосымша «хобби» емес, өмірдің мәні ретінде қарау және оған педагог маманы деңгейінде таяну қажет екенін мойындаған жөн. Әрине, әр отбасының ата-анасын педагогикалық кәсіби деңгейге көтеруге ұмтылу – іске асыру өте күрделі. Алайда, күнделікті деңгейге педагогикалық, психологиялық білімнің, іскерлік пен дағдылардың бүгінгі күні аса қажет екендігіне нандыра алсақ, ары қарай өздері де қарап отырмайтын шығар деген үміт өте әлсіз болса да жоқ емес. Бұл үшін алдымен әке мен шешенің бала алдындағы жауапкершілігін мойындаулары керек. Өсіп келе жатқан жас буындардың күн көріп өмір сүруі, қалыптасуына қоғам және тұлғаның өзінің жаратылыс нышандары, қоршаған әлеуметтік, табиғи ортаның ықпалын жоққа шығармай тұрып-ақ жақын ортаның әсерін мойындауымыз керек. Бұл ретте ата-аналардың алдынан шығып, бой көрсететін үлкен мәселе – қайткенде баланы әке-шешесінің теріс ықпалынан сақтау, еліктемеуге үйрету немесе шарт түзу.
Халқымыз «ұядан не көрсең, ұшқанда соны аласың» - дейді. Бұл сөздің астарында балалардың ересектерге елікпейтіні, солардай болғысы келетіні, солардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін басшылыққа алатыны, өздерінің іс-әрекетін солар ұстанған бағытқа дәлдейтініне меңзейді. Себебі, әке-шешесінің қылық жорығы олардың көзін ашып көргені, солардың жүріс-тұрысы бала үшін жүріс тұрыс үлгісі (моделі) болып, есейе келе өз өмірінде ұстанатын бағыты да соған сәйкес болады. Әке-шешесімен қарым-қатынасқа кіру арқылы балалардың қоршаған ортаға мәмілесі қалаыптасады, десек те, балаларды ата-аналарының дәлме-дәл қайталануы деуге әрине келмейді. И.С.Кон, баланың ата-анаға ұқсауына тосқауыл келтіретін тетіктері қатарында қазымырлық пен еріксіздіктен баланың қоныр не болмаса шексіз еркіндіктен, тиымсыздықтан, алаңғасарлық, ата-ананың асқан беделінен ырықсыз, ынжық, не жағымпаз, сараңдықты үнемі сезінеден «мал шашар» тағы сол сияқты мәлімелер салдарынан балалар ата-анасына ұқсамай, басқаша болуы заңды дейді. Кішкене бала үшін ата-ана не істесе де жақсы мұрат болса, өскен сайын олар бұл пікірден бас тартып, басқа эталон басқа мұрат іздейді. Сондықтан бала тәрбиесіндегі отбасының ерекше маңызын белгілей отырып, одан басқа факторлардың да бар екенін ескергеніміз жөн. Өйткені, отбасы тәрбиесіне баланың да ықпал ететін жайттар бар: мәселен баланың өз басының дамуы; оның ішкі жан дүниесі, мәміле және қарым-қатынас. Мәміле (отношение) – бір нәрсеге, тіпті қарым-қатынастың өзіне болған қарым-қатынаспен белгіленсе, общение – қарым-қатынас адамдар арасындағы не адамның басқа заттық әлем т.б. тікелей не жанама байланысын белгілейді. Сонымен тәрбиего ықпал ететін басты нәрсе – ересектердің жұмысқа (еңбекке), отбасы мүшелеріне, балаларға, қоршаған ортаға (әлеуметтік, заттық т.б.) болған мәмілесімен, отбасына енуші басқа да, ересектердің балалармен болған қарым-қатынасымен де белгіленеді.Отбасы тәрбиесі – дегеніміз әке-шеше мен баланың қоғамда қабылданған адамгершілік және құқықтық жүйедегі өзара қарым-қатынасы. Жеткіншіктер мен жас өспірімдер арасындағы қылмыс, балиғатқа жетпеген балалар арасындағы құқық бұзушылықтың басты себебі, отбасы тәрбиесінің кемшіліктері екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденіп келеді.
Отбасы тәрбиесінің өзгешелігі оның мүшелерінің қарым-қатынас формасы, сипаты, құқығы, міндеттерімен белгіленеді.
Отбасы мүшелері өздерінің тәрбиелік ықпалын бірізділікпен көздеген мақсат төңірегінде, бірі-біріне тосқауыл келтірмей жүзеге асырғаны абзал. Тек отбасы, ата-ана ғана баланың бойында әлеуметтік құнды қасиеттердің, қажеттенулер мен қызығу, әдет, дағдыларды қалыптастырады. Тек отбасында ғана алған алғашқы сабақтары оның кейінгі өміріндегі алған мағлұматтарды сараптап, керегін алып, керек емесін тастап, жақсы мен жаманды ажыратып, әділдік пен адалдықты, ар мен ұятты, не болмаса көргенсіздік пен рақымсыздықты т.б. ажыратып, ылғап дұрыс не бұрыс бағалануына негіз салады.
Отбасы мүшелерінің өзара мәмілесі және ондағы психологиялық тыныс, баланың көз алдында үлкен әлемнің кіші-гірім моделі ретінде қабылданады. Өмір тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, ата-анасының беделі, отбасындағы күнделікті айтылытын сөздер, ересектердің іс-әрекеттеріне қарап, балалар басқа отбасыларында да солай болса керек деген қорытынды жасайды.
Көптеген педагог, психологтар адамның 1-5 жас аралығында әлеуметтік қалыптасуының бітетіні, ал осы аралықта теріс тәрбие көрсе, оны қайта тәрбиелеуге тура келетінін айтып келеді. Отбасында алған тәрбиесі, көргені мен естігенін балалар алдымен жақын ортада әке-шешесі, бір туғандарына қолданып көреді, одан соң, есейе келе, оны қолдану шеңбері кеңейіп құрбы-құрдастарына қолданады. Азаматтық міндеті мен құқығы, көпқырлы әлеуметтік қызметіне, жақындары алдындағы парызы мен қарызына, Отан қоғам алдындағы жауапкершілігіне болған қатынасы, өмірлік мақсаты, оны жүзеге асырудағы іс-қимыл жолдары да әуелі отбасында қалыптасады. Олар ата-анасы ұстаған позиция, көзқарас, қағидалар, қарыз бен парыз, қайырым мен рақым секілділермен тығыз байланыста.
Отбасы педагогикасын зерттеуші ғалымдардың педагогика, психология, философия, әлеуметтану салаларындағы отбасы және ондағы тәлім-тәрбие проблемаларын зерделей келе, мынадай тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері мен ықпал ету түрлерінің бар екені айқындалды.
Қазіргі заман отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, эканомикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны силау, қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосып отыр, сол себепті олардың ролдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі – толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұтр, нағашы жұрт секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.
Отбасы үнемі кеңейіп отыратын құрбы-құрдас, көрші-қолаң, сынып, мектеп, басқа да оқу орындарында, еңбек ұжымдарында адамдармен түсетін қарым-қатынас әлемінде баланың өзіне ғана тән сипатын, (стилін) таңдап алуына шарт түзеді.