Файл: Магистерлік жобаны рылымы Отбасындаы атаанамен жеткіншіктер арасындаы атыыстарды туындауыны психологиялы себептері жне оларды алдын алу жолдары кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 102

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ІІ ТАРАУ Отбасындғы ата анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстардың туындаының психологиялық негізін тәжірбие жүзінде талдау

Қазіргі жеткеншіктердің отбасы жанұямен арасындағы негізгі қатынастарды ата-ана жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жасап, толығымен жеткеншектерді тәрбиелеуде негізгі шешімге келу керек. Жеткеншек психологиялық тұрғыдан зерттеу кезінде жеткіншекпен пен отбасы мүшелерін әлеуметтік, тұлғалық жағынан тексеру келеді. Осылай жеткіншек балаламен өз ата-аналарының және отбасы мүшерінің арасындағы қарым-қатынас ең бірінше жеткіншектердің психологиялық дамуының бірінші сатысы болып келеді. Балаларды мектеп жасына дейінгі ортасыда көбінесе отбасылық орта.Ата-ана қай кездеде қанша баласы болсада оларды біріншеден бірдей ұстаукерек. 
Жеткіншек балаларды, ата-аналары арасында көбінесе қактығыстар болып тұрады, өйткені ата-аналар бұл балаға неге тиым салып, неге рұқсат ету керек екенін білмей қалады. Мұның бәрі ата-анамен баланың арасында түсінбеушілік баланың басқа ортаның айтуымен яғни баланы ата-анаға қарсы қойып, балаларды ата-анасынан алшақтап, жеткіншектердің жаман жолдарға түсіп кетуіне ықпалын тигізеді. Жалпы ата-анамен жеткеіншектің арасындағы қақтығыстыңдың позивтік қызмет жағдайларда жеткеншектердің психолгиялық көз қарастарына байланысты отбасыны бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Ата-аналар мен балалар арасында өте жылы қарым қатынас,достық қатынас бар отбасы. Бұл атмосфера барлық отбасы мүшелері үшін қолайлы, өйткені бұл отбасының ата-аналары балаларын түсінуге ықпал жасайды, қолдайды, жеткіншекке деген сенімділікті көрсетіп жеткіншекпен пікірлесіп достық қатынаста болады.Бұл отбасындағы жеткіншектер белсенді, тәуелсіз, достық қатынаста болады. 
2. Ата-ананың ықпалы жоғары отбасы. Бұл отбасы ата - аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне тікелей ықпал етіп жеткіншекпен пікірлеспейді сондықтан жеткеншектің өз пікірі болмайды және бұл отбасында да конфликттер болып тұрады,ата-ана жеткеншекті өз дегеніне көндіреді. Бұл отбасындағы жеткіншектер ата-аналарынан өз пікірлерін бүгіп ойын білдірмей жасырады. Мұндай отбасында үлкендер мен кіші арасында белгілі арақашықтық сақталады бірақ жеткеншектердің дамуына кедергі болады.

3. Көптеген отбасында ата-аналар жеткіншектердің күнделікті өміріне көбірек зейін аударады балаларының оқуына қатты көніл бөледі және соған жағдай жасайды, яғни киім, аудио-видео, құрал жабдықтар т.б, және өздерінің бөлек бөлмелері, қымбат жиһаздары бар. Мұндай отбасының жеткеншектері өз орталарында жоғады ұстайды және әрқашан материалды жеткіліксіз көріп қанағаттанбағандықтан ата- анадан тек талап қоюды ғана біліп ата-анамен баланың арасында конфликт туындайды да жеткеншектің ойында тек ата-ана біздерді барлық жағынан қамтамасыз ету керек деген ой қалыптасып,білімі болғанымен жеткеншек тәуілділікті қалайды.

4.Ата-анамен жеткіншектің арасындағы сенімсіздік, жеткеншекке қол көтерітін отбасы.Бұндай отбасында көбінесе жеткіншекпен ата-аналар арасында конфликті жие орын алады.Бұндай кезде жеткншектің үлкенге деген сенімсіздігі көп орын алып, ата-анасына деген өшпендігі жоғары болып, өз қоршаған ортасындағы кез келген жанға сенімсіздігі туып, жеткеншектің жетілуіне өте кері әсерін тигізеді.

5. Ата ананың өздерінің қоғам ортасындағы өз орындарын білмеуі және жағымсыз, яғни ішімдікке жақын болған отбасы. Бұл отбасындағы жеткіншектерге ата-ананың көңіл бөлмей,жеткеншектердің жаман жолға түсіп өздігінше тіршілік жасап, қылмыс жасауды мүмкін. 
Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, көбінесе жеткіншектердің жүріс-тұрыстары отбасындағы атмосфераға байланысты, жеткіншек ата-ананың өзіне деген махаббатын сезінсе, оған деген зейін аударуды да сезінсе, онда бұл жеткіншектік кезеңі қоғамдық ортада жүйелі түрде өздігінше шешім жасай алатын, жаман мен жақсына ажырата алып жақсы азамат болып жетілуіне жол ашылады.. Ал жеткіншек отбасында ешкімге керек емес сезімін, зейіннің жетіспеушілігін сезінсе, онда бала, өзімшіл, дұшпаншыл, балаларға деген агрессияны сезініп өседі екен. [20,156б.].
Жеткіншек өз бетімен әрекет етуіне отбасындағы ата-анамен жеткіншектің арасындағы көз қарастың қайшылығынан және конфликтінің болуы ықпал етеді. Көбінесе ата-аналар өзінің жеткіншек кезіндегі кемшіліктерін ұрпағы қайталамаса екен деп жеткіншекті өз еркінен қатты қысым жасап, жеткіншектің түйықтап ешкіммен араласпай, жатқаншақ болып өсуіне яғни өз ортасынан шектеліп жүруіне әкеліп соқтырады. Еш уақытта жеткіншекті қоршаған ортадан және болып жатқан жаңалықтардан шектемей соған бейімдеп тәрбиелеу керек.Ол үшін ата-аналардың өзі жаңа жетістіктерді өзі талқылап, оны тұжырымдап өз жеткіншегіне жеткісе біліп және талдағанда өз ойын жеткіншекке жеткізе алатындай дәрежеде жеткізу керек,яни ғасыр бойы үлкендерге жетістіктермен өздері бірінші жетіліп отыру керек, заманға сай әндер, кино, сән үлгілеріне келгенде пікірлері сай келуі, яғни жеткенше ата- анасымен пікірлесе алу керек. Ата-аналарының заманға сай емес талғамдары, жеткіншектерді тітіркендіреді және ата-анамен жеткіншектің ара қатынасы алшақтайды да ата-ана жеткіншектерді бақылап жол көрсете алмайды.Нәтижесінде жеткіншектің ата-анаға деген сенімділігі жоғалып, ата-ана мен санасуды, пікірлесуді жөн деп санауды қояды. Нәтижесінде қатынас пен сыйластық жоғалады. Бәріне бұл жағдай жағымсыз тиеді. Кім болса да, бірінші болып қадам жасау керек. Көптеген жағдайда ата-аналар қарым-қатынасты жақсарту үшін бірінші болып қадам жасайды. Өйткені олар данышпан, сонымен қатар қарым-қатынаста да тәжірибелі болып келеді. Және де проблемаларын шешуге өзіндік сананың көмектесетінін ұғынуы олып келеді.

 Көбінесе жеткіншек жастағы ер бала үшін де, қыз бала үшінде өз проблемаларын үлкендердің көмегімен шешкенді ұнатады. Ата-аналардың алдында өзінің әлсіз, қорғаусыз екенін жасырмайды, егерде отбасында эмоционалды қысым жоқ болса. Егер де қысым бар болса, онда конфликтіден бас тарта алмай қалады. Барлық нәрсе бірге болу керек, қуаныш, күлкі, қайғы. үміт күту, арманымыз қобалжуларымызды бірге бастан кешірсек, онда отбасын оданда жақсы тығыз қарым-қатынас болады. Жеткіншек отбасында шешім қабылданатын барлық кеңестерге тең құқылы қатысуы керек. Сонымен қатар, оның яғни, баланың да жүріс тұрысыталқыланады. 
Ата-аналар шешім қабылдағанда тек өзінің көз-қарастарын ғана ескермеу керек, яғни балалары үшін тиімді жағын қарастыру керек.Яғни ата-ана жеткіншектердің жүрген орта ықпалына еріп кетіп қалмау үшін күнделікті  жеткіншектермен ашық сөйлесіп,пікірін біліп бағыт бағдар беріп отырғаны жөн.Жеткіншек өсіп келе жатқан гүл сияқты гүлді күнделік қадағалап баптамасан, гүлді солдырып аласын ал жеткеншек бір күнгі қателіктен шығалмай адасады. Ата - ананың міндеті - ескі өмірлік таптауырындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптауырындар жасау. «Жекеше» қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тәрбиеден басқа балаға отбасы ішілік атмосфера да әсер етеді. Бұл әсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі. Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуына маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудыратын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталады, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буынында оқумен сәйкес келеді.
 [21, 21-22 б.].

Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде немесе өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді. Бұл жағдайда да әрбір кезеңде жеткіншектің жүрген ортасы ықпал етеді және ортасына қарап бой түзегісі келеді. Жеткіншектердің қарсы шығатын себебі, ата-ананың сенімсіз білдіргісі келмегеннен емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр», -дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік болып, бала ызаланып, ерегісуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады. 
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жанжалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі отбасыларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсаты үлкендердің абыройын төкпей, тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да, қайткенде де арашалау болып табылады. 
Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмірбаянын мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда шешіле бермейді.  Жеткіншекке ықпал етпей тұрып оның қабылдау психолгиялық қалпын анықтау керек өйткен бес саусақ бірдей емес сияқты жеткіншектермен пікірлескенде олардың қабылдауыда әр түрлі яғни кейбіреуі қатты айтқанды қабылдаса кейбіреуі жай ғана айтқанды қабылдайды.[22,104б.].



2.2 Отбасындағы ата анамен жеткіншектер арасындағы қақтығыстарды зерттеу, нәтижесін бағалау (сұрақ жауаптың нәтижесі арқылы)


Отандық педагогтар ата-аналық тәрбие стилінің келесідей классификациясын ұсынады: босаң (либералдық), авторитарлық және демократиялық. Біріншісі қандайда бір қарым-қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөлектенуі, бір - бірінің сезімдеріне немқұрайлы болуы. Авторитарлық стиль қатынас түрлеріне: Әрқашанда дұрыс. Отбасында ата-ананың бірі билік етеді. Тәкәппар, өрескел, үстірт, ресми, кейде дөрекі сөзбен де қатынасады.

Отбасылық тәрбие стратегиясына: Қатаң қадағалау, жазалау, «бастық бағынушы» стратегиясы қолданылады. Демократиялық стилдегі қатынас, ол отбасында баланың дербестігі дамиды. Мейірімді, сыпайы, әдепті, баланың қабілеті, мүддесі ескеріледі. Отбасылық тәрбие стратегиясы: Достық. Кейде өзара қамқорлық. Назар балаға аударылған: бала отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы, әйел мен еркетің түйісетін ортақ нүктесін табу құралы. Либералдық стилде бейтарап қатынас, индефференттілік тән. Отбасылық тәрбие стратегиясына: немқұрайдылық, кейбір көп балалы отбасында, ата-ана ішкіш, немесе жұбайлар отбасынан тыс құндылықтарға көңіл аударады, қайталама неке болып келеді. 9-11сынып, колледж жеткіншектері ата – аналарымен қарым қатынасын анықтауға байланысты «Мен және менің ата-анам» сауалнамасын жүргіздім. 
«Ата-анам мен жеткіншек» атты тест алу арқылы жеткіншектердің ата-анамен қарым-қатынасын нығайту жолдарын құрастыруға болады. Жеткеншектерге жүргізілетін сауалнаманың барлығы 20 сұрақтан тұрды. Тесттің сұрақтарына «Иә», «Жоқ» жауап беру қажет. Сұрақтар мәтіні төмендегідей: 
1. Ата-ана сіздің күнделікті қандай істермен айналысатынызбен хабардарма?
2.Ата-анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?
 
3. Сіз ата-анаңызбен ашық сырласып сөйлесесіз бе?, жеке сұрақтар бойынша кеңес аласыз ба? 
4. Достарыңыз үйіңізде жиі болады ма? 
5. Үйдегі өз міндеттеріңізді орындайсыз ба? 
6. Үйде жалығасыз ба?, үйден тыс жерден дем алуды жақсы көресіз бе? 
7. Ата –анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма? 
8. Сіз отбасылық мерекелердің дайындығына қатысасыз ба?