Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 303

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
беру ұйымдарының жұмысы үшін іс- әрекет түрлері мен формасы нақтыланады, ол өз кезегінде тәрбие мен әлеуметтендірудің қандай да бір бағытына басымдық бере алады. Бұл ретте, «Білім туралы» Заңға сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Тәрбие тұжырымдамасы білім берудің ең маңызды мақсаты ретінде тұлғаның азаматтық қалыптасуы контексінде рухани-адамгершілік дамуын белгілейтінін естен шығармаған жөн. Сондықтан тәрбие мен әлеуметтендірудің барлық бағыттары маңызды, олар бір-бірін толықтыра отырып, отандық рухани, адамгершілік және мәдени дәстүрлер негізінде жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсатындағы кез келген

іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбие нәтижелері туралы естен шығармау қажет.

Тәрбие нәтижесі – бұл қандай да бір іс-әрекетке қатысу нәтижесінде алған рухани-адамгершілік құндылықтар.

Оқушылардың кез келген іс-әрекетінің тәрбие нәтижесі үш деңгейге бөлінеді.

Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімді игеруі (қоғамдық нормалар, қоғамның құрылымы, қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік ұнамды-ұнамсыз түрлері туралы және т.б.), әлеуметтік ақиқат пен күнделікті өмір туралы бастапқы түсінік. Аталған деңгейдегі нәтижеге жетуде маңызды орын алатыны тәрбиеленушінің күнделікті тәжірибесі мен оң әлеуметтік білімді тұлға ретіндегі өз педагогімен қарым-қатынас орнатуы.

Екінші деңгей қоғамның басты құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) оң қарым-қатынасы мен оларға деген жанашырлық тәжірибесінің, жалпы алғандағы әлеуметтік ақиқатқа деген қарым-
қатынас құндылықтарының қалыптасуы. Аталған межеге жету үшін сынып, мектеп деңгейінде, яғни жолдастық, қауіпсіз әлеуметтенген ортада өзара қарым- қатынас ерекше орын алады. Осындай таныс әлеуметтік ортада бала ең алғашқы әлеуметтік білімдерді тәжірибеде қолданудың қадамдарын жасайды, оларды бағалай бастайды не теріс деп таниды.

Үшінші деңгей оқушының дербес қоғамдық іс-әрекет тәжірибесіне ие болуы. Аталған деңгейге жетуде оқушылардың мектептен тыс немесе ашық қоғамдық ортада әлеуметтік маңызды субъектілермен қарым-қатынас жасауы маңызды болып табылады.


  1. Білім беру жүйесіндегі педагог

Күн сайын білім беру үдерісіндегі заманауи педагог рөлі сан қырлы және түрлі образға ие болуда әртүрлі жағдайға сай ол білім беруші, психолог, тәлімгер, қорғаушы және ұйымдастырушы бола білуі қажет.

Осылайша, оқушыларымыздың дербес өмірге қалай енетіндігі мұғалімге тікелей байланысты. Заманауи педагог бала бойында жан-жақты жүйелі білім, білік пен дағды ғана емес, қазіргі заманға сай білім берудің сапасын анықтайтын басты құзыреттіліктерді оқушылардың дербес іс-әрекеті мен жеке жауапкершілігін де қалыптастыруы қажет.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі тұлғалық жеке қабілеттерінің үйлесімділігінен, түрлі нысандар мен құралдарға, педагогикалық еңбекке лайық сезімталдық және оқушы тұлғасындағы сапалы бастауларды дамытатын өнімді модельдерді құрастырудан тұрады.

Сыни ойлай алатын мұғалім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығарады.

Білім беру бағдарламаларын құрастыруда
және бейімдеуде, сабақтарды өткізу, білімді бағалау мен оқыту үдерісінің басқа да кезеңдерінде және оқушылармен сабақтан тыс қарым-қатынас жасауда әр оқушының денсаулығы, мінез-құлқы мен жас ерекшелігі есепке алынуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі заман оқушыларының барлығына тән ерекшеліктерін де жадыда ұстаған жөн. Ақпараттандыру заманы бала бойында «клиптік ойлау» - заттар мен құбылыстардың мағынасын үстіртін тануды қалыптастырды. Жақсы педагог тәлім

алушыларына оқу материалын терең меңгертумен бірге қоршаған орта шындығын танытып, олардың дүниетанымын кеңейтуді де жүзеге асырады.

Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қашықтан білім беру формалары да үлкен рөл атқаруда. Педагогтер компьютерлік технологияларды жақсы меңгеріп, бала ықыласын қашықтан, тікелей қарым- қатынассыз өзіне аударта алуы тиіс.


  1. 2021-2022 оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастыру

Мамандандырылған білім беру ұйымының бүгінгі маңызды функциясы – шығармашылық, жобалық, зерттеушілікке бейім, талпынысы мен уәжі өте жоғары балаларды анықтау және қолдау. Жетекші ретінде көпаспектілі білім беру қызметін төмендегідей санаттар айқындайды:

  • қосымша білім беру пәндері бойынша берілетін білім;

  • кәсіптік білім берудің пропедевтикасы;

  • кәсіби өзін-өзі анықтау;

  • баланың танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын оқыту;

  • әлеуметтену.

Мамандандырылған ұйым бірқатар жүйелі міндеттерді шешуді көздейді. Олардың ең бастапқысы – білім алушыға заманауи сапалы білім алуға мүмкіндік жасау. Бұл оның ел дамуының заманауи өмірлік қажеттіліктеріне лайықтылығын
білдіреді. Педагогикалық тұрғыда – білімнің межелі қорын ғана меңгеріп қоймай, оның тұлғалық өсуі, танымдық және жасампаздық қабілеттерінің дамуына да бағытталуы.

Білім беру мазмұнын жаңарту мәдениет саласында, шығармашылықта, инновациялық әрекетте мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Бірақ барлық педагогикалық талпыныстардың негізінде білім алушы тұруы қажет, ол білім алу процесінде бейім, сыни көзқарасы қалыптасқан, кеңінен ойлайтын; өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын; өзгермелі өмір жағдайларына бейім; ұжымда жұмыс істей алатын; қиын жағдайлардың алдын алу және туындаған жағдайда шешу қабілеттерін меңгеруі қажет.

Дарынды балаларға арналған оқу бағдарламалары мыналарды қамтиды:

  • дарынды оқушылардың жалпы және тұлғалық қызығушылықтарын есепке ала отырып, жалпылама тұжырым жасауға, болашаққа талпынысын арттыруға және теориялық бағдарын айқындауға бағытталған ауқымды тақырыптар мен мәселелерді оқып-зерттеу;

  • білімнің түрлі салаларына тиесілі тақырыптар мен мәселелерді интеграциялау негізінде пәнаралық оқытуды пайдалану арқылы дарынды оқушылардың өз білімдерін кеңейте және тереңдете түсуге талпыныстарын арттыру;

  • зерттеушілік жұмыстың әдіс-тәсілдері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында зерттеушілік әрекетке жақын, оқуда проблема туындауы мүмкін оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын, «ашық типтегі» мәселелерді оқып- зерттеу;

  • мүмкіндігінше дарынды баланың қажеттіліктерін есепке алу, бала таңдау жасаған тақырыптарды тереңінен оқып-зерттеу;

  • оқуда өзіндік әрекетін дамыту және қолдау көрсету;

  • білім берудің әдіс-тәсілдері мен формалары, мазмұны тұрғысынан оқыту үдерісінің вариативтілігі мен икемділігін қамтамасыз ету, балалардың өзіндік іс- әрекетіндегі өзгермелі сұраныстарына және ерекшеліктеріне қарай түзету енгізулеріне мүмкіндік беру;

  • ақпарат алу жолдары мен түрлі ақпарат көздерін еркін пайдалану және олардың қолжетімділігін қарастыру;

  • мазмұнды критерийлерге сүйене отырып оқушыларды өз жұмысын бағалауға үйрету, көпшілік алдында шығармашылық нәтижелері мен идеяларын талқылау дағдыларын қалыптастыру.


Әртүрлі дарындылық санатындағы балаларды тиімді оқытудың маңызды шарты ретінде дарындылықтың нақты бір типіне сай сапалы спецификаға мейлінше сәйкес келетін және оның қалыптасуының ішкі психологиялық заңдылықтарын есепке алатын оқу бағдарламаларын құрастыру қажет.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының Типтік оқу жоспарының вариативтік бөлімінде «Таңдау пәндері» және «Элективті курстар» қарастырылған.

Вариативтік бөлім мамандандандырылған білім беру ұйымдарына оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру бағытына сай білім беру мазмұнының көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқу жоспарының «Таңдау пәндері» сағаттары жоспардың инварианттық бөліміндегі (оның ішінде тереңдетіп оқытуға арналған) білім беретін пәндерді оқытуға, сонымен бірге жаңа оқу курстары мен модульдерді (таңдау пәндері, бейіндік пәндер, факультативтер, қолданбалы курстар) енгізуге пайдаланылады.

«Элективті курстар» сағаттарын білім беруде жеке тұлғаға бағытталған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін жүзеге асыруға қолдануға болады.

Білім беру ұйымы элективті курстардың мазмұны мен өткізілуіне жауапты болады және шешім қабылдайды.

Типтік оқу бағдарламаларын негізге ала отырып, элективті курстардың авторлық және модификацияланған бағдарламаларын өз бетінше жасауға болады.

Модификацияланған бағдарламалар қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары